Жаңалықтар

Алматы облысының орталығында бір адам вирус жұқтырды

Алматы облысында тағы 7 адам коронавирустық инфекция жұқтырды. Оның біреуі облыс орталығы Талдықорған қаласының тұрғыны екені анықталды. Кеселге шалдыққан адам полиция қызметкері екені мәлім болды. Қалған 6 жағдай Кеген ауданында тіркелген. Барлық науқастармен қарым-қатынас орнатқандардан зертханалық талдау жасалу үшін сынама алынған. Бүгінгі күнде Алматы облысында 190 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны ресми расталған. Ауру әлі күнге өршіп тұр. Оның өсу көрсеткіші 3,8 %-ды құрап отыр. «Қазіргі таңда облысымызда профилактикалық скрининг әдісі енгізілген. Бұл – коронавирус инфекциясын жедел әрі сапалы, дәл анықтайтын заманауи әдіс. Мұндай әдіс енгізілгелі бері, жасырын індет ошақтарын, СОVID – 19 симптомсыз формалары белсенді түрде, жедел анықтауға септігін тигізіп жатыр»,-деп айтты Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Қажыманұлы. COVID-19 инфекциясымен күрес әлі де болса басылған жоқ. Осы ретте, скринингктен өтетін тұлғалардың ті...
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.05.2020

Алматы облысында «5-10-20» пилоттық жобасын түсіндіру жұмыстары басталды

«Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде баспаналы болудың жаңа бағыты пайда болды. Мемлекет басшысы ұсынған «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы үйге қол жеткізудің алғы шарттарын ел арасында түсіндіру жұмыстары басталды. Баспанаға мұқтаж, мемлекеттік үйдің кезегінде тұрғандар үшін оңтайлы бағдарлама болғаны сөзсіз. Мемлекет тарапынан ұсынылған арнайы жобаға пәтері бар тұрғындар қатыса алмайды. « 5-10-20 пилоттық жобасы арқылы үй иесі атану үшін, ТҮҚЖБ-де депозиті, сәйкесінше пәтер құнының 10 пайызы көлемінде жинағы болуы міндетті. Несие мерзімі 20 жыл. Жылдық мөлшерлемесі 5%-ды құрайды»,- дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің директорының орынбасары Жасұлан Маратұлы. Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және келесі параметрлер ұсынылуда: Ең жоғары заем сомасы жеке құрылыс салушылар...
Толығырақ... Оқылды: 189 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.05.2020

Жаннатта нұрыңыз жарқырасын

Мен туған ағамнан айырылғандаймын! Қайрат Болатұлы менің жеке ағам еді, алғаш үйленгеннен қамқорына алып, тойымыздың төрінде отырып ақ батасын беріп еді... Туғаның жасамайтын жақсылықты дәл сол уақытта жасап еді-ау... Әттең, дүние жалған деген... Алғаш жұмысымды Дәулет ағадан бастаған жұмысымды Қайрат аға басқарған ауыр атлетикада 4жыл еңбек еттім. Қайрат ағам ауыр атлетика федерациясын басқарып тұрған кезеңдер федерацияның жұлдызды шағы деуге болады. Әлем алдында да, ел алдында да абыройы асқақ шақ еді... Туған күнінде «Бахабай Қыз Жібек 18,үйді білесің кел»-дегені әлі есімде. Аға: «Жібек 18»деңіз деп, қалжыңдайтын едім. Асыл ағам-ай, алтын ағам-ай!!! Жүрегімнің бір бөлшегі үзілгендей болды-ау... Ер Дәулетке әке едіңіз ғой! Жан ағам жанатта нұрыңыз жарқырасын! Бақтияр ҚАБАСОВ, Талғар аудандық газетінің редакторы
Толығырақ... Оқылды: 201 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2020

Қаһарман ұрпаққа тағзым

Жеңіс! Бұл сөздің астарында қаншама тер, қанша жанның қаны бар десеңізші. Мүмкін сол зұлмат соғыста жеңіс таппағанда, біз жеңіс деген сөзді білмеуші ме едік, кім білсін... Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрам-ды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз – өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың ор-нын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлай-ды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құр...
Толығырақ... Оқылды: 228 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2020

Туберкулез

Жалпы Көксу ауданы бойынша 2019 жылы туберкулез ауруының 15 жағдайы тіркелген. 2020 жылдың 2 айында 3 жағдайы тіркелді.Туберкулез қандай ауру?Туберкулез жұқпалы ауру. Туберкулез бактериясы ауа алма-суымен адам ағзасына еніп, өкпені зақымдайды. Басқа да ағзалардың - көз, ішек, бүйрек және зәр шығару жолдары, сүйек және тағы басқада органдардың зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін.Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реак-циясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық бақылаудан өткенде табылады.Туберкулездің негізгі жұғатын көзі: туберкулез микробтарын та-рататын науқас адам. Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде, қақырықпен әлденеше миллиард туберкулез микробтарын бөліп шығарады және олар 1,5 метрден 5 метрге дейін шашырайды, ең қауіптісі ол ауада таралып, сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар. Науқас адамның жерге немесе еденге түкірген қақыр...
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2020

Сіріңке оыншық емес!!!

Балалардың отпен ойнауын және өрт кезінде балалардың қаза болуын болдырмау үшін, үлкендер балаларға мұқият болулары қажет, әсіресе кішкентай бүлдіршіндерге және нақты заттарға көңіл бөлу қажет: егерде Сіздің балаңыз отқа қызығушылық білдірсе, сіріңкемен немесе тұтатқышпен ойнаса, үлкендер балаларға бұл қызығушылық қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру қажет. Балалар әртүрлі себептермен өрттерді тудыруы мүмкін:әлемді танып келе жатқан баланың отқа қызығушылығымен ұмтылысы жәй құбылыс болып саналады;кейбір балалар өздеріне көңіл аудару үшін өртті тудыруы мүмкін, басқа балалардың ықпалымен қасақана өрт қоюы мүмкін;кішкентай ғана оттың қауіпті өртке айналып кететінін балалар біле бермейді;Балалар отпен ойнауын болдыр-мау үшін не істеу қажет:- сіріңке және оттықты қолжетімсіз және сенімді жерде сақтаңыздар, бала-лар жоғарыға мініп алу керек болса да, оларды алып алады;- баланы үйретіңіз, от – ол ОЙЫНШЫҚ емес екендігін, жылы-ту және тамақ дайындау үшін құрал екендігін және осы құралме...
Толығырақ... Оқылды: 332 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2020

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай

Рамазан - игілік, береке, кешірім, мейірім және қайырымдылық айы, осы айда шайтан шынжырланып, ел ішінде игі істер жасаушылар өзара жарысқа түсетін ай. Міне, бұл - жер жүзіндегі күллі мұсылман аңсап күткен үммет айы! Бұл айда исламның бес парызының бірі – ораза ұстап ауыз бекітеміз. Ораза араб тіліндегі «саум» сөзі «алыстау» деген мағына берсе, шариғаттағы мағынасы - мұсылман адамның шын ниетпен таң атқаннан, күн батқанға дейін ішіп-жеуден бас тартып, ауыз бекіту және құмарлық сезімдерден өзін тиюы. Қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендер-ге де парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят) – деп бұйырылған. Хадис-шарифте: «Ислам бес тірекке негізделген: Алладан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылық және рамазанда ораза тұту», деп ораза ұстау исламның шартынан екендігі...
Толығырақ... Оқылды: 320 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2020

Оқуға қабылдау

Қазақстан Республикасы ІІМ – нің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту» туралы бұйрығына сәйкес, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына күндізгі оқу факультетіне түсетін 16 жасқа толған орта және арнаулы орта білімі бар 25 жасқа дейінгі, әскери қызмет пен оқуға денсаулығы жарамды, ұлдардың бойы – 170 см, қыздардың бойы – 165 см азаматтар қабылданады. ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының күндізгі оқыту факультетінде – «Сотқа дейінгі тергеу, жедел-криминалистикалық қызметі» мамандықтары бойынша қабылдайды, Академияда оқу мерзімі 4 жылды құрайды, білім беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Курсанттар толықтай мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Академиядағы әр курсы шұғыл әскери қызметті өтеумен тең болады. Оқу процесінде курсант...
Толығырақ... Оқылды: 448 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.05.2020

Алматы облысында карантин режимін жеңілдетудің үшінші кезеңі басталды

Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында төтенше жағдай режимінің алынып тасталғаны жөнінде хабарлады. Дегенмен, бірқатар аймақта карантин шаралары сақталатын болады. Оның ішінде Алматы облысы да бар. Карантин уақыты мамыр айының соңына дейін созылады деп күтілуде. ТЖ кезінде Алматы облысы бойынша арнайы штаб тәулік бойы қызмет атқарды. Олар күніне 500 электронды түрде өтінім мен 100 қоңырау қабылдап отырды. Сонымен қатар, Call- орталықта елмен етене қызмет жасады. Ондағы мамандар әлеуметтік сауалдарға жауап беріп отырды. Осы күнге дейін 6 мың сұрақ келіп түскен. Барлығына тұшымды жауап қайтарылған. Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен ТЖ кезеңінде табысынан айырылған адамдарға әлеуметтік төлем тағайындалған еді. Алматы облысы бойынша аталған көмекке 658 мың адам қол жеткізген. Ал, тегін азық-түлік жиынтықтары 11 мың адамға таратылған. Ол үшін жалпы сомасы 618 млн. теңге қаражат игерілген. « Біз біргеміз» қоғамдық қоры да халықтың осал топтарына көмек...
Толығырақ... Оқылды: 191 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.05.2020

Алматы облысында 3352 жұмыс орны құрылды

Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 22,8 мың жұмыс орны құрылатын болады. Бұл туралы «Jetisy Media ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Аталған жоба шеңберінде 977 жоба жүзеге аспақ. Бұл ретте, қазынадан 109,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Игілікті істің шарапаты жұмыссыз азаматтарға тиеді. Өйткені, алдағы уақытта 1,8 мың тұрақтыжұмыс орны ашылса, 10,5 мың адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылады. Бүгінгі күні өңірде 20 мобильді рекруттық пункттер құрылып, жұмыс істеуде. «Қазіргі таңда 294 жоба бойынша 3352 жұмыс орны құрылды. Ал, 1676 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде 137 жоба бойынша 410 адам жұмысқа тартылды»,- Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Тоқтарқызы. Алматы облысы бойынша 5 бірдей орта білім ордасы құрылысшы мамандығына жастарды бау...
Толығырақ... Оқылды: 206 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.05.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.