Жаңалықтар
Кадыров Магруф |
Ұлты татар, білімі жоғары, Алматы облысы, Панфилов ауданы Жаркент қаласы, Лепсі көшесі, 12 Кадыров Магруф Гапбасұлы 1957 жылы қыркүйек айының 12 жұлдызында өнегелі, тәрбиелі отбасында дүниеге келген. 1964 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Алдабергенов ауылында Матай Байысов атындағы орта мектепке барып, 1974 жылы тәмамдап шықты. Қарағанды қаласындағы Коопертивтік институтты зооветеринар мамандығы бойынша және Алматы қаласындағы Ұлттық аграрлық университетін тауартану және орман шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. Мектеп қабырғасынан бастап кәсіпке бейімделіп өскен Магруф Гапбасұлы еңбек жолын 1975 жылы Алакөл ауданы, Киров атындағы орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады. 1976 жылдан бастап 1978 жылға дейін Отан алдындағы борышын өтеп келіп, Алакөл ауданы оқу ағарту бөлімінде автокөлік жүргізушісі ретінде жұмыс істеді. 1980-1993 жылдар аралығында Талдықорған қалалық тұтынушылар қоғамында... |
Толығырақ... Оқылды: 277 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.05.2020 |
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен майдангер ұрпақтары |
Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күніне 75 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! 9 мамыр Жеңіс күні – әр адамды толқытатын ерекше, аса құрметке ие айтулы күн. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер - қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана... |
Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020 |
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым |
Соғыс – бұл адам санасына қайшы келетін оқиға. Соғыс әлемдегі ең жаман нәрсе. Ол қанша, қайғы-қасірет әкеледі.Соғыс кісі өлтіру, қан төгіс, қатыгездікке толы. Тіпті ұзақ жылдар өтсе де, соғыс адамдардың жадын да қорқынышты суреттерді елестетеді. Биыл біз Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 – жыл толған мерейтойды атап өтеміз. Жыл сайын 9 мамырда еліміз өз батырларын еске алып, олардың құрметіне құрмет көрсетеді. Мерекелік концерттер дайындайды және ардагерлерді құттықтайды, олардың саны онша көп емес. Біздің мемлекетіміз жыл сайын біздің бейбіт тіршілігіміз үшін өмірін қиған, бізге тағы бір «бейбіт көктемді» берген батырларды еске алуға қосылады. Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамдардың өмірін алды, бірақ соғыста жеңіске жету ең басты мақсат болды. Соғыстың алғашқы айларында республика өнеркәсібін қайта құру басталды. Оның шикізат базасы толықтай қатысты. КСРО-ның еуропалық бөлігінің табиғи ресурстарын жау жаулап алған жағдайда, Қазақстан майданның қуатты а... |
Толығырақ... Оқылды: 362 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020 |
9-мамыр Жеңіс күні |
Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл 75 жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ. Құрметт... |
Толығырақ... Оқылды: 641 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020 |
Алматы облысында 238 ҰОС ардагерлеріне ескерткіш жөндеу жұмыстары және абаттандыру жұмыстары басталды. |
Қалпына келтіру жұмыстары Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында орындалады. 119 ескерткішті ағымдағы және күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 150 млн.теңге бөлінді. Сонымен, зақымдалған ескерткіштердің бөлшектерін қалпына келтірілетін болады. Қажет болған жағдайда мамандар жаңа қаптаманы жасап, стеланы бояйды. Бүгінгі таңда облыс бойынша 35 ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Батырларды мәңгі есте сақтау үшін біз Ұлы Отан соғысы құрметіне салынған ескерткіш пен монументті әр дайым қарғауымыз керек! |
Толығырақ... Оқылды: 181 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.05.2020 |
9-мамыр Жеңіс күні |
Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл75жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі менгүлденуі– осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ.... |
Толығырақ... Оқылды: 278 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020 |
223 сел қауіпі бар аймақ Алматы облыстық ТЖД бақылауында |
Алматыоблысыбойыншақаркөшкіні,ауылжәнеөзенарналарыныңбойындасутасқынықаупібараймақтарғатексеружүргізілді.1-тоқсанда 13ауданда56тілсіз жау алатын аумақ тексерістен өтті.Бұл туралы "Jetisy media"ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатындаАлматы облысы ТЖД бастығыныңорынбасары полковник Асқар Тойшыбеков хабарлады. Тексеру нәтижесінеадамдар баратын және автокөлік жүретін жерлерде қар көшкіні қаупі бар ауданында Сарқан, Есік, Түрген, Қорғас өзендері бойынша 24 ақпараттық-ескертуорнатылды.Қазгидрометтен қар көшкіннің болу қаупі туралы дауылды ескерту алған кездеҰлттық парктің бақылау - өткізу бекеттерінде Қаскелең, Есік, Түрген өзендерінің шатқалдары бойынша адамдар мен демалушылардың кіруінеуақытшашектеулер салынды»,- деді ол. Облыста төтенше жағдайлар департаментінің бақылауындағы 223 сел қаупіжәне 185көшкін қаупі тіркелген аумақ бар. Баспасөз-мәслихатыбарысында Асқар Тойшыбеков орман өрттерінің шығу себептерін айтты.Оныңайтуынша, 2020жылдыңбасынанберіауарайыны... |
Толығырақ... Оқылды: 216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.05.2020 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады |
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің Президент ретіндегі алғашқы сұхбатыңыз былтыр «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған еді. Ең алдымен, қазіргідей күрделі кезеңде ой-толғамдарыңызды тағы да біздің газетіміз арқылы оқырманға жеткізуге келісім бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз. – «Егемен» – елдің үні, ұлттың мінбері. Қазақ тарихының жүз жылдық жылнамасы. Сондықтан бас басылым арқылы ел-жұртпен тілдесудің маңызы зор. – Ендеше, сұхбатты бастайық. Өткен аптада коронавирус індетіне қатысты мәлімдеме жариялап, жұртшылықты толғандырған көптеген мәселені ашық айттыңыз. Осыған дейін де телевизия арқылы үндеу және мәлімдеме жасаған болатынсыз. Жалпы, еліміздің қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз? Бұдан кейінгі бағыт-бағдарымыз қандай болмақ? – Пандемия бүкіл әлемнің қалыпты тіршілігіне айтарлықтай әсер етті. Індеттің салдарынан дүние жүзінде экономикалық белсенділік күрт төменде... |
Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.05.2020 |
Бейбітшілік өтемі, ер жанымен өтелді |
Отты жылдар алаулаған жастардың тағдырын қыршыннан қиды. Қанша уақыт өтседе адамзат баласының көңіліне көлеңке түсірген, осынау жылдар мәңгі есте. Бабалар қанымен өтелген, бейбітшіліктің бесегін тербеткен, бүгінгі күннің қаһармандары қандай құрметке болса да лайық. Жаңа ғана жарқын өмірге жолдама алған 16-17 жастағы өрімдей бозбалалар мен бойжеткендер, көңілдері көлдей шалқып, алда қан майдан күтіп тұрғанын сезінбеген еді… 1941 жылдың 22 маусымы.Тұтас елдің басына қара бұлт үйірілген кез. «Неміс басқыншылары елімізге тұтқиылдан соғыс ашты» деген қаралы хабар радиодан дүркін-дүркін беріліп жатты. Еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін бойларын үрей алып, жүректері аузына келді. Сол күннен бастап елден тыныштық кетті. Олар қуаныштың орнына қайғы шекті. Қос жанарларына уайымның жасы үйірілді. Балалықтың бал шағымен ерте қоштасқан балғындар мен аһ ұрып, аңырап қалған жауынгерлердің аналары күн-түн демей тыным таппастан еңбек етті. Оқ қарша бораған айма... |
Толығырақ... Оқылды: 293 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.05.2020 |
Жетісу жерінде ірі өнеркәсіп іске қосылды |
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының идустриалды аймағында«ЖетісуМажико» агрокешені ашылды. Жетісу өңірінің экономикалық әл-ауқатыныңартуына үлес қосатын бұл кәсіпорын майлы дақылдар соя, жүгері, күнбағыс өңдеп, өсімдік майын шығаратын болады. Аймақтағы ірі кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы арнайы келді. Өз кезегінде ол барша жетісулықтарды 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, ауқымды жобаны қолға алған азаматтарға алғысын білдірді. "Менбүгінгі мерекеменқатар ірі зауыттың ашылғанына қуаныштымын. Бұл жетістіктергедостық, бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністіктіңарқасындақол жеткіздік. Бұл біздің аграрлық облысымыз үшін өте маңызды кәсіпорын. Инвесторларға шын жүректен алғысымды білдіремін. Қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемі 950 млрд.теңгені құрады, биыл 1 трлн. теңгеден астам болады деп күтілуде.Жыл сайындақылдардың көлемін ұлғайтуға басымдық береміз.Бү... |
Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.05.2020 |