Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ АЙТҚАНДАРЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхбатында халықаралық қоғамдастықтың алдында кемшін ұлт ретінде көрінбеу үшін қандай қадамдар жасау керек екендігін тізбектеп берді. Соның ішінде ең бастысы мемлекеттік қызметке қазақ тілін жетік білетіндер тағайындалуы керек, тілге деген қажеттілікті арттырған жөн деуі қуантады. Сонымен қатар, еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылдап жатыр. Тағы бір айта кетер жәйт дәл қазір cоvid19 үдеп тұр. Той деген пандемияны шарықтататыны анық. Сондықтан той асабасы, әншілер халықтың тарапынан шақырылған болса саналы түрде бас тарту керек. Денсаулығымызды ең алғашқы орынға қойсақ, індетті де азайтатыныз анық қой. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халық болып осы мәлімдемедегі Президент айтқан талаптар мен қарапайым ережелерді бұлжытпай орындап, қатерден аман шы...
Толығырақ... Оқылды: 169 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.06.2020

АУДАН ҮНЖАРИЯСЫНА БИЫЛ – 75 ЖЫЛ

Құрметті «Нұрлы Көксу» газетінің ұжымы! Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз — аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің жарыққа шыққанына 75 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Ауданның саяси айнасы әрі рухани шамшырағы «Нұрлы Көксу» газетінің алғашқы нөмірінің жарық көргендігіне биыл 75 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, оның оқырмандары үшін мерейлі мереке іспеттес. Өйткені осы жылдарда жергілікті ел-жұрттың шежірелі жылнамасын, тағылымды тарихын, жалпы тыныс-тіршілігін кеңінен насихаттап келеді. Атап айтқанда, соғыстан кейінгі жылдарды, халық шаруашылығын қалпына келтіруді, тың игеруді және тағы басқа да толып жатқан елімізді елең еткізген елеулі жайттарды жариялап отырды. Әсіресе еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде де ел тынысы мен тіршілігін таспалап отырды. Қысқасы, «Нұрлы Көксу» газетінің оқырмандар сүйіспеншілігіне бөленіп, олармен бірге қуана білгендігін, кейде қабырғасы қайысқандығын архивтерде сақт...
Толығырақ... Оқылды: 218 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 25.06.2020

Газет шығару - үлкен өнер

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Ұлт жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынов айтқан осы айқындама ақпараттық қоғам қанша жерден цифрланғанымен құндылығын жойған жоқ. Өйткені, газет – жұртшылықты жағымды жаңалықтармен сүйіншілеп, руханиятқа бойлататын, билік пен халық арасын байланыстыратын саяси, қажетті құрал. Ал қажеттіліктен ешкім де бас тартпайтыны анық. Ескі жылдың есіркеуін, жаңа жылдың жарылқауын тілеп, 2020 жылды жұрт болып қарсы алдық. Соңғы екі жыл ауданымыз үшін тарихи жыл болмақ. Себебі, өткен жылы бабамыз Балпық әулиенің туғанына 325 жыл толса, биыл жаңалық жаршысы болып, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп ауданымыздың үнжариясы болған «Нұрлы Көксу» газетіне 75 жыл толмақ. Айтулы мерейтой газет ұжымы үшін айрықша қуанарлық жәйт. Осы тұста, аудандық басылымның тарихына бойлап, шежіресіне қысқаша тоқталуды жөн санадық. Ауданымыздың тыныс тіршілігін аудан тұрғындарына жеткізіп, насихаттап, дәріптеп жүрген төл тума «Нұрлы Көкс...
Толығырақ... Оқылды: 381 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 25.06.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДА ТҰР

(Мемлекет басшысының республикалық «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұхбаты) – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған індет, өкінішке қарай, біздің елімізге де оңай тиген жоқ. Пандемия алғаш басталғаннан-ақ, Өзіңіздің басшылығыңызбен мемлекет көптеген әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды қолға алды. Одан жалпы жұрт хабардар. Елімізде жарияланған төтенше жағдай екі айға жуық мерзімге созылды. Карантин шаралары әлі де жалғасып келеді. Жалпы соңғы кезде карантин шараларына қарамастан елімізде індет тез таралуда. Қазірдің өзінде дерт жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Жүзден аса адам осы науқастан қайтыс болды. Жұрт кәдімгідей үрей құшағында қалды. Бұл індет түрлі деңгейдегі билік өкілдерін де айналып өткен жоқ. Ел арасында «Үкімет індеттің таралуын бақылаудан шығарып алды, сондықтан ауруханаларда орын жетіспейді» деген секілді әңгімелер де аз емес. Дүрліккен жұртқа қандай басу айтасыз? Расында да, осы індеттің таралуына...
Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.06.2020

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тақырыптық марка шығарған алғашқы құқық қорғау органы. Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған. Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңаруға ұмтылуды; көк түс – сенім мен қауіпсіздікті бейнелейді. Пошта маркасына естелік белгі соғу салтанаты Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Сакен Сарсеновтің қатысуымен өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығын атап өтті. «Жемқорлықпен күрес өзгеріске ұшырады. Бұрынғы қорқынышты, жазалау шараларына берілген басымдық енді құқық бұзушылықтардың алды...
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2020

Алматы облысында 47 түлек ҰБТ –ден шектетілген

Мектеп бітіруші түлектің кезекті рет білімін сынайтын сынақ басталды. 21 маусымнан бастап өңірде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуде. Биылғы жылы Алматы облысында 15 526 адам мектепті аяқтаса, соның ішінде 11 589 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген. Облыста 16 ҰБТ өткізу пункттері жұмыс істейді. Жаһанды жайлаған коронавирус инфекциясына байланысты ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық сынақтан өтушілер залалсыздандырудың 5 кезеңінен өтеді. «Білім сынағына тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Олардың құрамында арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым өкілдері кіреді», - дейді Облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова. ҰБТ өткізілген үш күнде 4093 оқушы өтініш берген, оның 98-і тестен өтуден бас тартса, 15- сырқаттанып қалған екен. Үш күннің ішінде сынақ тапсырушылардың 47-і ереже бұзған. Осылайша тестен шеттетілген. Соңғы үш күннің ішінде 3933 оқушы білім сынағынан өткен. Маусым а...
Толығырақ... Оқылды: 193 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.06.2020

ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АНОМАЛИЯСЫ (ДАМУ АҚАУЛАРЫ)

Егер балаңызда туа біткен жүрек аномалиясы анықталған болса, онда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде (ТМККК) толық және тегін медициналық көмекке ие болады. Соның ішінде, міндетті зертханалық және диагностикалық зерттеулерге қол жеткізе алады. Кардиолог дәрігерінде қаралу жиілігі үш айда бір реттен кем емес болуы қажет. Егер де, дәрігерлер баланың денсаулық жағдайында оң нәтижелі өзгерістерді байқайтын болса, онда екі жылдан кейін диспансерлік тіркеуден шығарады. Тексеруден өту жиілігін және зерттеу түрлерін ұсынылған инфографикадан көруге болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.06.2020

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ 5 АЙЫНДА ЖЕДЕЛ-ТЕРГЕУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Ағымдағы жылдың 5 айында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментімен 105 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 70%-і немесе 75-і сыбайлас жемқорлық болып табылады. Ауырлық дәрежесі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар көбінесе ауыр және аса ауыр қылмыстар ретінде сараланады, оларға 65% немесе 68 қылмыс келеді. Жедел-тергеу тәжірибесіне талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың үлесі көбінесе парақорлықпен байланысты (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366, 367,368 баптары бойынша), оларға әрбір екінші тіркелген қылмыс 56% немесе 42 қылмыс келеді, 18,7% немесе 14 - лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактілеріне келеді, 3% немесе 2 - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету, 6,7% алаяқтық немесе 5, билікті асыра пайдалану 8% немесе 6. Есептік кезеңде (2020 жылдың 5 айында) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке 42 адам тартылды, оның ішінде әртурлі деңгейдегі 18 бірінші басшыл...
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.06.2020

ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ТӘРТІП САҚШЫСЫ

«Ешкім де іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады». Бауыржан Момышұлы. Қиын сәттерде, ауыр кезеңде еліне демеу болып, аудан тұрғындарының қасынан табылатын Көксу аудандық Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлерінің құқықтық тәртіп пен қоғамның қауіпсіздігі үшін тәулігіне 24 сағат қалтқысыз қызмет атқарып, арыз-өтініштерін қанағаттандырып, алғыстарына бөленіп жүрген жайы бар. Күнделікті атқаратын жұмыстарының қиындығына қарамастан, полицейлердің табандылығы, төзімділігі, қырағылығы, қарапайымдылығы, өз істеріне деген сүйіспеншілігі кімді де болса қайран қалдыратыны анық.Олардың қызметі уақыт таңдамайды. Күн - түн демей тынымсыз еңбек етеді. Ал, соңғы бірнеше айда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты полицейлердің қызметі тіптен ауырлады. Пандемияның алдын - алу мақсатында карантин жарияланып, әр облысқа блок бекеттер қойылды. Дәл осындай ауыр кезеңде ел алдында ант берген бүгінгі күннің батырлары отбас...
Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.06.2020

КӘСІБІҢЕ МЕН СЕНІҢ БАСЫМДЫ ИЕМ...

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда. Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер дегім келеді....
Толығырақ... Оқылды: 266 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.06.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.