Жаңалықтар

Бірлігіміз сақталсын

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы шықты. Мақаласында Елбасымыз қазіргі халықтың басына түскен қиын жағдайда бірлігімізді сақтауымыз керек екендігін айтты. Осы сәтте бір-бірімізді демеп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қолдау көрсету керек деді. Осы мақсатта барша кәсіпкерлерді қолынан келгенше қайырымдылық жасауға шақырамын. Қиын сәттерде адамгершілігімізді жоғалтпай, елдің аман есен осы қиыншылықтан шығуына барынша үлес қосайық. Адетбеков Шакарым Байгужинович ЖШС «Балпық»
Толығырақ... Оқылды: 207 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020

Халық еңсесі көтерілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы қазақ халқының еңсесін бір көтерді. Себебі, Қазақ халқы мұндай ауыр күндерде ,әрине Тәуелсіздік таңы атқаннан бері бірге қадам басып келген Тұңғыш Президенті - Сізді, Сіздің үндеуіңізді күтеді. Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ халқының бүгінгі күнге жетуіне, ынтымақта өмір сүруіне ықпал еткен сындарлы саясаты мен ұтымды реформаларының арқасында, қазақ елі көптеген сынақтардан өтіп, биік белестерді бағындырып, бүгінде әлемді жайлаған ауыр індетпен күресуде. Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық болмысын жоғалтпай бірлікте жұмылып ауыр індетпен күресуі Нұрсұлтан Әбішұлының «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» баяндамасының жемісі деп білемін. «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» - деп Тұңғыш Президентіміз айтқандай, бүгінгі күні қымбат қазына – адамның өмірін ауыр індеттен арашалап қалу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып ж...
Толығырақ... Оқылды: 226 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020

Елбасы мақаласына пікір

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елде төтенше жағдай кезінде елді ауызбіршілікке жұмылдырып, індетті жеңуге бағытталған шараларға қолдап білдіріп, бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Алты құрлықты азуына алып, адамзатты әлжуаз хәлге душар еткен COVID-19 вирусы біздің елімізге де өз залалын тигізіп, баяғы тыныш қалпымызды бұзды. Әр ел бүгінде вирустың таралып кетуіне жол бермеу үшін өзінше әрекет етіп азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Біздің мемлекетіміз қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шараларын жасады. Санитарлық бекеттер орнатылып, тәртіп қатаңдатылды. Нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне жол бермеу үшін жауапты сала мамандары бар күшін аямай жылдам әрекет етуде. Індет адамзаттың тек тән саулығын сынап жатқан жоқ, бүйректен тиген соққы болып ғаламның экономикасы да секем алып, көптеген мемлекет абдырап отыр. Дегенмен ел билігінің тиісті уақытта тиімді шешімдер қабылдауының арқасынд...
Толығырақ... Оқылды: 220 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020

БІРЛІГІ МЫҚТЫ ЕЛ

Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “ Бірлесе білген ел бәрін жеңеді” деген мақаласын жприялаған болатын. Шындығында да, бірлігі мықты ел бәрін де жеңеді. Бұл коронавирус инфекциясы – өте ауыр індет, сол себептен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы дүние жүзі бойынша пандемия деп жариялады. Осыған байланысты президент Қасым- Жомарт Кемелұлы елімізге бірқатар жеңілдіктер жасап, өз Үндеуінде көптеген мәселелерді көтерді. Елбасының мақаласына сүйенсек, Қазақстан елі осы дерттің алдын алған бірден- бір елдердің бірі болып келеді. Соның нәтижесінде, әр облыста карантин жарияланып,ахуал тұрақталуда. Кезіндегі Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінгі күні өзге мемлекеттер өздеріндегі жағдайға қарамастан елімізге көмек қолын созуда. “Саламатты Қазақстан” бағдарламасы аясында елде көптеген нысандар салынды, соның арқасында індеттің алдын-алу шаралары үдеді. Осы орайда дәрігер өздерінің біліктілігін көрсетуде. Әрине, мына жағдай еліміз үш...
Толығырақ... Оқылды: 198 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020

Бірлесе білген ел бәрін жеңеді

Тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде мен кез келген мәселені қадірменді отан­дас­та­рыммен бірге бүкпесіз, ашық талқы­ға салып, туған халқыммен үнемі ой бөлі­сіп келемін. Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазір­гі сәтте де баршаны сабырға, байсал­ды­лыққа шақырып, тағы да жұртыма ақ тілеулі сөзімді арнағалы отырмын. Тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Қазірдің өзінде дүние жүзі бойынша 1,4 миллионнан астам жан осы сырқатқа шалдығып, ондаған мың адамның өмірі қиылды. Сондықтан әлем мемлекеттері қатерлі дертке бірлесе дауа іздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуа­тын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің же­тістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұ­мыл­дырып, ынтымақтаса әрекет етуде. Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаул...
Толығырақ... Оқылды: 196 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020

ТЖ кезінде микроқаржы ұйымдары жұмысын жалғастырады

Алматы облысы бойынша мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Қайрат Қажыманұлы тағы да қаулы шығарды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз – мәслихатында белгілі болды. Облыс аумағына коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Алматы облысы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау үшін, "азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚР Заңына, "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес қаулы қабылданған. Жаңа қаулы 10 негізгі пунктен тұрады. Төтенше жағдай түптеп келгенде кәсіп иелерін әуреге салғаны анық. Дерттің өршуіне жол бермеу үшін жауаптылар бірқатар нысандардың жұмысын уақытша тоқтатқаны баршаға мәлім. Ал, елдегі жағдайға қарамастан кімдерге қызмет етуге рұқсат етілгендігі қызу талқыға түсіп жатыр. №5 қаулы да қандай нысандардың жұмысын жалғастыратыны 5.1 п...
Толығырақ... Оқылды: 243 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.04.2020

ОЙЛЫ ЖАСТАРҒА ОН КЕҢЕС

«Заманына қарай адамы» демекші, қазіргі уақыт – құндылықтар, мақсаттар және«приоритеттер»өзгерген уақыт. Өзгергені соншалықты, қазір «приоритет» деген сөзді қолдана бастадық. Осы сөзді маған біреу осыдан 10 жыл бұрын айтса, «бұл немене?» деп күлетін едім. Қазір олай емес, қазіргі жасөспірім ақылды, алғыр әрі зерек. Бұның бәрі – жаһанданудың белгісі. Ешкім де, ештеңе де оның әсерінен сырт қалған жоқ. Алайда, жаһанданудың өзі бәріне бірдей әсер етпейді. АҚШ, Еуропа елдері мен Азия, ТМД елдерінің жастары екі басқа. Кейбір елдер жас ұрпаққа айтарлықтай қаражат және көңіл бөлуге қабілетті болса, ал кейбірінің ондай қауқары да, ниеті де жоқ. Сондықтан әрбір елде осы аспектіні ескеретін өз жастар саясаты немесе соған ұқсас құрылымдар бар. Әл-Фараби бабамыз: «Кез-келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Олай болса, қазақстандық жастарды олардың өмірлік тала...
Толығырақ... Оқылды: 365 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 07.04.2020

ТЖ кезінде салықтық рақымшылық жарияланды

Елімізде кеселдің кең таралуына байланысты мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай енгізгені белгілі. Осы ретте Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті президент жарлығының аясында бір қатар жеңілдіктер енгізген. Шағын және орта бизнес өкілдері 20 - 31 наурыз аралығында салықтан босатылды. Сонымен қатар, Үкіметтің 27.03.2020 жылғы №141 қаулысына сәйкес 2020 жылға туризм, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметі саласында қызмет атқаратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін "0" коэффициенті белгіленген. Және де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшінде жеңілдік қарастырылған. Ал, 27 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген тауарларды сату мен әкелу үшін төленетін құн салығын 8% мөлшерлемесімен өтейді. Аталған тізім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген және 19 атаудан тұрады: Бірінші сортты бидай ұны, Бірінші сортты ұннан жасалған б...
Толығырақ... Оқылды: 210 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2020

Әлеуметтік төлем алудың қандай тәсілі бар?

Төтенше жағдай режиміне байланысты табысынан айрылған азаматтарға мемлекет тарапынан 42500 теңге төленеді деп хабарланған болатын.Осыған байланысты әлеуметтік төлемдерін тағайындау ережелеріне өзгеріс орнады.Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезінде қызметі шектеліп , табысынан айрылған жағдайда ақысыз демалысқа жіберілген шағын және орта бизнес жұмысшыларына , карантин кезінде ірі кәсіпкерлік субьетілерінің жалақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлерге, жалдамалы еңбек күшін пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге , жеке ісімен айналысатын азаматтарға және мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда, ақысыз демалысқа шыққан коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкелеріне берілетін болады. Қазіргі таңда әлеуметтік көмекке тағайындалғысы келіп жүрген азаматтар документтеріне мұқият болуын сұраймыз.Өйткені әрбір толтырылған тараулар өте маңызды болып келеді.Егерде қате кеткен жағдайда ақша азаматтардың карталарына түспей қалуы мүмкін-деп атап өтті Алматы облысы бойынша жұмыспен қамтудыүйлестіру...
Толығырақ... Оқылды: 225 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.04.2020

42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет.
Толығырақ... Оқылды: 228 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.04.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.