Жаңалықтар
Амандық Баталов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысының дамуы туралы баяндады |
3 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Елбасы өңірде болып жатқан оң өзгерістерден хабардар екенін айтты. Ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды сұрап білді. Облыс басшысы дер кезінде қабылданған шаралар вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мұнда жұмыстар «Nur Otan» партиясымен бірлесіп атқарылуда. Волонтерлар «Біз біргеміз» акциясының аясында аурудың алдын алуға елеулі үлес қосып келеді. Елбасы көктемгі дала жұмыстарының дайындығына ерекше тоқталды. Бұл ретте Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығы саласында көшбасшы аймақ екенін де еске салды. «Биылғы жылы 1 миллион гектарға жуық егіс алқабы игеріледі. Яғни өткен жылмен салыстырғанда алқап көлемі 5 мың гектарға ұлғайтылды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес біз қант қызылшасының бұрынғы даңқын қайта к... |
Толығырақ... Оқылды: 217 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.04.2020 |
Азаматтарға арналған үкімет халыққа алаяқтықтың жаңа түрлері жөнінде ескертеді |
Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады. Сондай-ақ кейбір «пысық» азаматтар бұл жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынады. Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды мұндай қызметтерге жүгінбей, олардан бас тартуын сұрайды. Жеке мәліметтерін, соның ішінде ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға беру арқылы азаматтар өздері жеке деректері мен мүліктеріне қауіп төндіретінін түсінуі керек. Оның үстіне, аталған төлем азаматтардың шотынан өздерінің «қолғабыс етуімен» ұрлануы мүмкін. Электрондық цифрлық қолтаңба мен оның құпиясөзін алған алаяқтар азаматтың egov.kz-тегі барлық жеке мәліметіне қол жеткізе алады. Оған қоса, олар жалған келісімдер жасасу үшін оның атына кәсіпкерлік ашып, бас... |
Толығырақ... Оқылды: 211 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.04.2020 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА "ANTIKOR ORTALYǴY" АШЫЛДЫ |
Талдықорған қаласында 2020 жылдың 01 сәуірінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы Open Space форматында жұмыс істейтін "ANTIKOR ORTALYǴY" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығы ашылды. "ANTIKOR ORTALYǴY"-ның ашылуы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың және Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Е. Мақажановтың қатысуымен өткізілді. Антикор орталығы – Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында салынған жаңа форматтағы және де барлық талаптарға сәйкес келетін фронт офис. Ескерту: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталықтарды ашу Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А. Ж. Шпекбаевтың бастамасы болып табылады. Өз кезегінде, Алматы облысының әк... |
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.04.2020 |
Үлкен қолдау болмақ |
Бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады. Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Осыған орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесін тыңдап шықтым. Инфляцияның артуына байланысты ел Президенті зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға көбейтіп отыр. Мұндай қолдау халқымыздың әл-ауқатын арттыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда әлеуметтік көмекке жүгінетіндердің қатары аз емес, ал бүгінгі Президент мәлімдемесі көмекке зәру жандарға үлкен қолдау береді. Айгүл Шаяхметова жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы |
Толығырақ... Оқылды: 330 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2020 |
Ел еңсесі көтерілді |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына бір қиын шақта жасаған мәлімдемесі ел еңсесін бір көтеріп тастады. Батпандап кірген індет барша қазақстандықтарға өте ауыр тиді. Осыған байланысты, көптеген жұмыс орындары тоқтап, кейбір қалалар карантинге жабылды. Бұл еліміз үшін үлкен бір сынақ деп білеміз. Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы осы ауыр кезеңде халыққа барынша сеп болып, бірнеше келелі істерге келісті тұжырымдама жасады. Атап айтсақ, жұмыссыз қалған жандарға ең төменгі жалақы төлеуді, азық-түлік алу мақсатында қаражат бөлуді,МӘМС жүйесін үш айға ұзартуды тапсырды. Осы мәлімдемедегі бізді ең бір қуантқаны- ауылшаруашылығымен айналысатын жандарға көрсетілетін қолдау. Мемлекет қаражатынан 75 млрд теңге және көктемгі егіс үшін үшін 100 млрд теңге бөлінбек. Оған қоса, жанармай бағасын төмендетуі қарапайым халық үшін қуанышты жаңалық болды. Осы шаралардың барлығы азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін жасалынып жатыр. Біздің Көксу ауданында ауылшаруашылығы қарқынды дамуда. Өз... |
Толығырақ... Оқылды: 289 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2020 |
Бірлік бар жерде тірлік бар |
Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай енгізілді. Карантинді енгізу халықтың денсаулығын қорғау және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шара болып табылады. Президент татулық пен тұтастықтың арқасында кез - келген қиындықтан шығуға болатынын айтты. Мұндай шара елімізде тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет қабылданып отыр. Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Өкінішке орай, осы жағдай біздің елімізде де тіркелді. Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауы үшін атсалысса, жеке гигиенаны сақтап, негізсіз көшеге шықпай, адам шоғырланып жатқан орындарға бармай барынша сабыр сақтап, темірдей тәртіпке бағынса, қауіпті вирустың таралуына жол бермейміз. Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Осындай ауыр кезеңде мен барлықтар... |
Толығырақ... Оқылды: 284 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2020 |
Президент Үндеуі сарқандықтарға серпін берді |
«Егін ексең-ебін тап, ебін тапсаң – жерін тап» деген қазақы тәмсіл бар. Бұл сөз Сарыарқаның сайын даласында, ащы терлерінің арқасында тәтті жемістерін көрген шаруашылық өкілдеріне қаратып айтылғандай. Жері құнарлы аймақ болса, ол – Алматы облысы. Бүгінде аргарлы аймаққа айналған өлке де агро өнеркәсіптің тасын өрге домалатқандар жетерлік. Оның барлығы мемлекеттің меншік иелеріне деген қолдауының арқасы. Күні кеше екінші мәрте халық алдына үндеумен шыққан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына аса басымдылық бергенін атап өтті. Қазынадан қыруар қаржы бөлгені тек жеке тұлғаның емес, тұтастай аумақтың ахуалын жақсарту үшін жасалған жақсылық деп қабылдау қажет. Мемлекет басышысының мәлімдемесі Жетісу жерінің айшығына айналған, сыры саусақпен санарлық жанға белгілі, шарушылық иелерінің төбесін көкке жеткізді десе артық емес. Оның ішінде фермерлер үшін жанар-жағармай бағасын 165 теңгеге төмендеткені аталған салаға ден қ... |
Толығырақ... Оқылды: 202 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2020 |
Үндеу өркендеуге бастайды |
Алматы облысы тәтті түбірдің отаны. Бүгінде құт дарыған мекенімізде екі бірдей қант зауыты жұмыс істейді. Бізді асырап отырған қант қызылшасы екені жасырын емес. Аймақ халқы «ақ алтынға» теңейтін бұл өнімді эспорттау қамбаны қампайтып отыр. Дайын затты алудың артында қара тер мен қызу еңбек жатқаны баршаға мәлім. Еңбек табысты болуы үшін заман талабына сай жаңа технологияның күші де қажет. Бұдан біз кенде емеспіз. Осының барлығы Үкіметтің қолдауының арқасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Үндеуінде ауыл шаруашылығы саласына басымдылық бергені бізді қатты қуантты. Бұл өңір экономикасының дамуына ықпал ететіні анық. Кешегі Үндеу халықтың үніне құлақ асатын мемлекет екендігінің айқын көрініс болды. Себебі, барлық назар қараша халықтың әлеуетіне аударылған. Бұған дейінде аталған шаруашылыққа көңіл бөлінді соның арқасында гектарына 600 центнер өнім алдық. Бұл мемлекеттің сенімі мен қолдауының және ұлттың бірлігінің арқасында қол жетк... |
Толығырақ... Оқылды: 219 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2020 |
Жетісулық еңбеккерлер Президент бастамасын қолдайды |
Коронавирус індеті жаһандық экономикаға қатты ықпал етуде. Қазір ғаламның экономикасы секем алып, көптеген мемлекет абдырап отыр. Осындай ауыр кезеңде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына мәлімдеме жасап, Үкімет тарапынан іске асырылуы тиіс шұғыл шараларды тапсырды. Мәлімдемеде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетіні де айтылды. Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге, көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлінетіні белгілі болды. Өңір басшысы Амандық Баталов ауыл шаруашылық саласына ерекше көңіл бөлуде. Тиісінше, Алматы облысы агросекторда көш басында келеді. Осы орайда, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері аграрлық сала экономиканың драйвері екенін ескере отырып, бұл маңызды шешім деп біледі. «Асыл тұқымды сиырды өсірумен айналысатын «Тәжікеев» ШҚ басшысы Жеңіс Тәжікеев «Қызығы мен қиындығы мол кәсіппен айналысатын шаруаларға бұл ү... |
Толығырақ... Оқылды: 200 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2020 |
"Электрондық үкімет" порталы арқылы 1 ЕТЖ беру |
"Электрондық үкімет" порталы арқылы 1 ЕТЖ беру 1-қадам: өтінішберуші ЭҮП (электронды үкімет порталы) авторизацияланады 2-қадам: "ТЖ кезеңіне 42500 төлеу" қызметінтаңдайды» 3-қадам: өтінішнысанынтолтырады, қызметкерлердіңдеректерін/өздеректерінкөрсетеді. Өтінішке ЭЦҚ немесе СМС арқылыжіберілгенбірреттікпарольгеқолқояды 4-қадам: өтініш "еңбекнарығы" АЖ-не түседі, штаб тексеруденөтеді1 күнішіндеқорытындышығарады. 5-қадам: Өтінішті1 күнішіндеқарауүшінқорытынды "Е-Макет" АЖ-не келіптүседі.. 6-қадам: ЗЕЙНЕТАҚЫ мен жәрдемақытағайындауүшін.ҰАҚ-ның АК-ніңөтінішжолдайды 7-қадам: ЭҮП әлеуметтіктөлемдітағайындау/бастартутуралыжауапжіберіледі. 8-қадам: Төлемдіжүзегеасыру ЕДБ-ғаалушыныңесебінаударуарқылыжүргізілетінболады " TelegramBot»Мессенджеріарқылы 1 ЕТЖ беру 1-қадам: өтінішберушітелеграммағакіріп, " EgovKzBot2. 0»іздептабады 2-қадам: "ТЖ кезеңіне 42500 төлеу" қызметінтаңдайды&raqu... |
Толығырақ... Оқылды: 271 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2020 |