Жаңалықтар

ІРІ САУДА НЫСАНДАРЫ САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары туралы баяндады. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін 7 негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасы әзірленуде. Бұл қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексерулерді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Бірінші бағыт бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын синхрондау шеңберінде кәсіпкерлер үшін теңгелік қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру көзделетін болады. Біріншіден, несиелендіру 1 трлн теңгеге дейін 400 млрд теңгеге ұлғаятын болады. Қаражат, ең алдымен, импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерг...
Толығырақ... Оқылды: 237 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020

ҮКІМЕТ КРЕДИТ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙТЫН БОЛДЫ

Бүгінгі Үкімет отырысында коронавирустың тарауына байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік жасалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ⠀ Жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады. ⠀ "ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген кепілсіз тұтыну несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз қарызы бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады", - дейді Әбілқасымова. ⠀ Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың несие тарихын түзеуге мүмкіндігі болатынын айтты. ⠀ "Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы үшін 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50 пайы...
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020

Алматы облысында коронавирусқа шалдыққандар жоқ

Шеттен келген індеттің құрсауынан құтылуға жауаптылар барын салуда. Осы орайда барлық медициналық ұйымдарда сақтық шаралары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Қауіп –қатер айтып келмесі анық. Осындай да састыратыны тағы бар. Жер жүзін жаулаған эпидемия халықтың сабырлығын сынаса, биліктің біліктілігін сын садағына ілетіні бар-ды. Қас-қағым сәтте қасымыздан табылған кеселдің жолын кесу үшін Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы қолдарынан келгенін істеп бағуда. Соған байланысты облыс аумағындағы барлық ауруханалар басшылықтың жіті бақылауында. 13 наурыздағы есепке жүгінсек, бүгінгі таңда облыс бойынша жұқпалы ауруға арналған 550 адамдық төсек-орын бар. Оның ішінде 237 балаларға, 313 ересек адамдарға лайықталған. Медициналық ұйымдарда қосымша жұқпалы ауруға 479, провизорлық 517 және 1161 карантиндік орындар ашылған. Ауру алқымыңнан алғанда ақ халаттылардың көмегі ауадай қажет емес пе? Еліміздің кей аймағында дәрігерлер тапшы болса, мұндай мәселе Ал...
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2020

маңызды ақпарат

Төтенше жағдайлар кезінде Алматы облысындағы нысандар төмендегідей жұмыс істейтін болады: - ірі сауда, сауда-ойын сауық орталықтары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеулі уақыттарда жұмыс істейді (азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерден басқалары); - азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары қалыпты режимде күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шараларды атқара отырып жұмыс істейді; - киім-кешек базарлары сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектеулі уақыттарда күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шараларды атқара отырып жұмыс істейді. Барлық сауда нысандарында санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар тұтақты ұйымдастырылады. Қоғамдық тамақтану орындарында, соның ішінде СОО-лардағы фуд-корттарда дезинфекция жасалатын болады; - азық-түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын үздіксіз жеткізу мен оның бағасын тұрақтандыру қамтамасыз етіледі; - қоғамдық көлік соңғы аялдамалық пункттерде жә...
Толығырақ... Оқылды: 417 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2020

Алматы облысында «Жетісу идеологтарының» слеті өтті

Алматы облысында «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жетісу идеологтарының III слеті өтті. Алқалы отырысты Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстық «Талдау және болжау» орталығы ұйымдастырды. Аталған шараға аймақтағы ішкі саясат басқармаларының басшылары мен әр ауданның баспасөз-хатшылары арнайы шақырылған. Шақырту алған қонақтардың қатарында Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Қарбозұлы, Қазақстан халқы ассамблеясы филиалы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ғалиасқар Төлендіұлы да бар. Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын, қоғамдық келісімнің сақталуына атсалысып жүрген азаматтардың басын қосқан слетта Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы модератор қызметін атқарды. Жиын барысында билік басында жұмыс істеп жүрген тұлғалар сөз алды. Баяндамашылардың ішінде А...
Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2020

Коронавирус

Толығырақ... Оқылды: 335 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2020

ҒАСЫРЛАР ӨТСЕ ДЕ, БАБА РУХЫ ӨШПЕЙДІ

Биыл ауданымызға Ескелді би Жылкелдіұлының есімі берілгеніне 20 жыл толды. Кеңестік дәуірдің 1928 жылына дейін Қаратал, Көксу, Қоғалы, (Гавриловка) Қапал ауданының бірер елді мекендері Ескелді болысына біріктірілген болатын. Кейіннен ауданның орталығы Қарабұлақ кенті деп ауыстырылды. Сол тұста ауданымызды басқарған ел ағалары ауданымызға батыр бабамыздың есімін қайта қоюды жөн көреді. Олар Төле бидің қызы Ұланбикеден туылған Ескелді бидің тарихта алған салмақты орнын бағалап, Жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы елі үшін сіңірген еңбегін ескеріп, аудан жұртшылығымен ақылдасып, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа ұсыныс хат жолдап, баба есімінің ауданға қайта берілуін сұраған болатын. Елбасы бұл ұсынысты қолдап, 2000 жылдың 10 наурызында жарлық шығарып, ауданымызға Ескелді бидің есімін қайта берді. 1991 жылы Мәскеудегі ГКЧП-ның меншігімен Кеңес үкіметі ыдырап, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді. Кеңес идеологиясы ыдырағаннан кейін, ел басқарған қөсем В.Лениннің ескерткіштері құлатылған к...
Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.03.2020

Бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігіне қатысты

2019 жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өткен кездесуде Мемлекет басшысы бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орнынан түсу институтын енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын. Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметшілер – министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек. «Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті». (ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңы 43-бабы 4-тармағы жә...
Толығырақ... Оқылды: 305 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.03.2020

Балық ресурстары басты назарда

"JETISÝ media" ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысының су айдындарында уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынғаны мәлім болды. Су асты тіршілік иелеріне залал келтірілген жағдайда, балық аулауды әдетке айналдырған тұлғаларға заң тұрғысында бір қатар шаралар қолданылатын болады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабына сәйкес уылдырық шашу кезеңінде балық аулағаны үшін құқық бұзушы жеке тұлғаға10 АЕК, шағын бизнес субъектілеріне 30 АЕК, орта бизнес өкілдеріне 50 АЕК және ірі бизнес иелеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. «Егер аталған қылмыс бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғалар екі есе мөлшерде айыппұл төлесе, бизнес субъектілерінің 10 - нан 50 АЕК-ке дейін қалталары жұқарады» - деп атап өтті Аян Бахиянов. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігіне сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею к...
Толығырақ... Оқылды: 296 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.03.2020

«eGov mobile» қосымшасын пайдаланып үлгердіңіз бе? ...

Халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне күндігіне жүздеген адамдар жүгінеді. Сансыз кезектер, сырғып жатқан сағаттар мұның барлығы бір ғана анықтаманы алуға кеткен уақыт өлшемі. Енді бұл мәселе өз шешімін тапты. «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасы арқылы есепсіз қағаздарды әп сәтте қолға түсіре аласыз. Еріктілер жылы аясында облыстың жастары «eGov mobile» жүйесін насихаттау, оның қолданушыларының санын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыру үстінде. Алматы облысы, жастарға қызмет көрсету орталығы ХҚО қызметкерлерімен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Дәлірек айтсақ, аптасына бір рет, әр сейсенбі сайын арнайы мамандармен семинар-тренинг өткізіледі. Халықты ақпаратпен толық қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін жастарға қызмет көрсету орталығында «Egov-сынып» ашылған. Мұндағы мақсат - Елбасының цифрлы Қазақстан жобасын насихаттау және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Бүгінгі таңда ХҚО-да 634 мемлекеттік қы...
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.03.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.