Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенге жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхенге жұмыс сапарының бірінші күні жемісті өтті, деп хабарлайды « Jetisu Media» ақпараттық алаңы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының ресми ашылу рәсіміне қатысты", - деп мәлім етті Берік Уәли. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады. Айта кетейік, Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Мемлекет басшысы германиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар, ҚР Президенті Мюнхенде Германияның үздік компанияларының...
Толығырақ... Оқылды: 276 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020

Қордайдағы қақтығыс: айыптылар анықталуда, жағдай бақылауда

Жұма күні кешқұрым Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылы тұрғындарының арасында топтық төбелес орын алды. Полицияның күшімен ауылдағы төбелес тоқтатылып, жағдай бақылауға алынды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыстық Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды « Jetisu Media» ақпараттық алаңы egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар аударып, өзінің Twitter-дегі парақшасында «Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», деп жазған болатын. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы қақтығыс кезінде қаза болған азаматтард...
Толығырақ... Оқылды: 265 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туркфильм» фестевалі өтеді

Ұлттық саясат ұлттың рухани жаңғыруына негізгі басымдылықты беріп отыр. Еліміздің эволюциялық дамуын қамтамасыз ету жолында қоғамдық сананы жаңғырту үшін жалпыұлттық құндылықтарды тереңдетуге мән бере отырып, рухани саланы түпкілікті түрлендіру «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ел перзенттерінің алдына қойған тапсырмасы деуге толықтай негіз бар. Мемлекеттің жүктеген міндеттерін айрықша екпінмен орындау ұлттың ұландарына парыз. Туған топырағынның қадірін түйсіне білетін азамат үшін рухани құндылықтарды дәріптеп, жаңғыру жолындағы жаңа қадамдарға аяқ басу бұл еліне деген өлшеусіз құрметі болып табылмақ. Бүгінгі таңда тұтас елдің болашағын бағдарлауға арналған, бағытын айқындаған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы біз сөз басында айтып өткен ұлттық сипаттағы саяси сарынды саралау мен сапалы қызмет атқаруға шақырады. Осы тұста Алматы облысыда қалыс қалмақ емес. Мәселен, 2019 жылы «Рухани ж...
Толығырақ... Оқылды: 253 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2020

Есіңізде болсын!

Егер сіз шетелге жол жүретін болсаңыз, міндетті түрде паспорт жасатуыңыз керек! Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қалаған уақытта рәсімдеуге болады. Бұл құжатты алу үшін ХҚО-дағы миграция қызметінің мамандарына келесі құжаттардың бірін ұсынасыз: ✅ туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк); ✅ҚР азаматының паспорты (паспорт ауыстыратын кезде); ✅ жеке куәлiк ✅ iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама; ✅ Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi; ✅ еркін түрдегі жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде). Егер балаға паспорт рәсімдейтін болсаңыз:
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2020

Облыстық жоғары спорт мектебі республикада топ жарды

Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі "Үздік спорттық ұйым 2019" Республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нүркен Қанатұлы мәлімдеді. Негізінде спорт мектебінде жалпы саны 67 жаттықтырушы 56 топпен, контингенті 378 спортшымен жұмыс атқарды. Мектепте спорттың 19 түрімен шұғылдануға болады, соның ішінде 13 олимпиадалық спорт түрлері, 4 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрі бар. Өткен жыл аталған ұйым үшін жемісті болды. Үміт артқан спортшы ұл-қыздар бірталай атақ-дәрежелерге қол жеткізді. Енді «Жоғары спорт мектебінің» шәкірттерінің қатарында «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», 4 бірдей «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 18 «ҚР спорт шеберлері» тәлім алады. Мұнымен жетістіктер таусылмақ емес, бұл мекетептің баптаған сайып қырандары Қазақстан республикасының құрама к...
Толығырақ... Оқылды: 266 Санат: СПОРТ Уақыты: 14.02.2020

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ: КІМ КІНӘЛІ...

«Бала тәрбиесі – өнер,жекебірғылымиесіболудытілейтінөнер», - дегенекенМ.Жұмабаев. Қандайтауып айтылғанданалы сөз. Тәрбие арқылыадам тағдырышешілетінін,оныңбілімді тұлға болып қалыптасатынын, елдіңберіктірегіболатынын көрсетеді. Тәрбие – қашан да отбасынан басталады.Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор. Сондықтан халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар.Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде» деп бағалағандықтан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Қазаққа тән игілік пен ұлтт...
Толығырақ... Оқылды: 2399 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 13.02.2020

Хабарландыру!!!

Балпық ауылдық округі бойынша газ тарту жұмыстарын «BSP GROUP LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Округ бойынша 2020 жылдың басынан бастап тұрғын үйді газға қосылу құны 320 мың теңгеден 250 мың теңгеге түсіп, жеңілдіктер жасалуда. Бұл жеңілдіктер ағымдағы жылдың 1-ші наурыз айына дейін жалғасын табатын болады. Сонымен қатар бұл жеңілдіктің ішінен тағы бес санат бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Олар, 1. Ұлы Отан соғыс ардагерлері және оған теңестірілген адамдар-100 % 2. Атаулы әлеуметтік көмек алатындарға-20% 3. Ауған соғысының ардагерлері және чернобыльға қатысқандарға-20% 4. 1-топ мүгедектерге-20% 5. 2-топ мүгедектерге-15% Бұл санаттағы адамдардың тұрып жытқан тұрғын үйлері өз жекеменшігінде болуы шарт.
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.02.2020

Қазақ күресінің атауы өзгеретін болды

Қазақ күресінің атауын өзгертуге қатысты бірнеше ұсыныс түсті, олардың арасында "балуан күресі", "күрес", белдесу", "тік күрес", "бас күрес", "бәс күрес" деген атаулар бар Жыл соңына дейін қазақ күресінің атауы өзгереді. Осыған орай арнайы ғылыми топ құрылды. Негізгі мақсат – ұлттық спортымызды халықаралық дәрежеге көтеріп, Олимпиада бағдарламасына қосу. Ол үшін қазақ күресінің бейтарап бір атауы болуы қажет. Профессордың ұсынысы Қазақ күресі киімінің авторы, профессор Елемес Әлімханұлы қазақ күресінің халықаралық атауына атүсті қарауға болмайды деп отыр. Оның мағынасына терең үңіліп, ғылыми тұрғыда таңдаған жөн. Әйтпесе, бүгінде негізсіз ұсыныстар жоқ емес. "Енді, кез келген ұсыныстың нақты бір негізі болуы керек деп ойлаймын. Дәлелі де салмақты болған жөн. Мысалы, өткенде біреу "тік күрес" болсын депті. Ал сондай атау бола ма екен? Ондай ұсыныстарға дәлел келтіру керек", - дейді Әлімхан...
Толығырақ... Оқылды: 266 Санат: СПОРТ Уақыты: 13.02.2020

Президент тағы бір жарлыққа қол қойды

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні жазылған. Қаулының мәтіні Ақорда сайтында жарияланды Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралыАқорданыңбаспасөз қызметі хабарлады. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан республикасының қарулы күштері, ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында қарулы күш...
Толығырақ... Оқылды: 219 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.02.2020

Көксу ауданында Президенттің аттасы тұрады

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды. Ал көксулық жас отбасы Нұрсұлтан мен Жұлдыз Досымбековтер дүниеге келген тұңғыштарының есімін азан шақырып, Президенттің құрметіне Қасым-Жомарт деп атаған. Отағасы тұңғышынабелгілі себептермен қойылған есімнің тарихын айтып, ұқсатып қойған адамның жақсы жетістіктерін айтса, бала соған еліктеп өседі дейді. Айтуынша, өзінің Нұрсұлтан деген есімін Елбасы құрметіне атаған екен. "Адамның тағдыры атына сай қалыптасады дейді. Сондықтан ұлыма есім таңдарда көп ойландым. Кішкентай Қасым-Жомартым биікке қарыштап, қазақтың атына сай ұл болуын тілеймін, - дейді нәрестенің әкесі. Періште сәби өскенде атына заты сай болсын дейміз.
Толығырақ... Оқылды: 238 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.