Жаңалықтар
Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаяды |
Аймақтағы барша әкімдердің есебі аяқталғанан кейін, жылдағы дәстүр бойынша өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы халық алдында есеп берді. Облыстың әл-ауқатының көрсеткіштеріне тоқталған аймақ көшбасшысы болашақтың айқын бағдары болар білім саласындағы жетістіктер мен жоспарлар туралы өз есебінде баяндады. Бүгінде білім саласының төңірегіндегі басты мәселе ол үш ауысымды мектептердің санын азайту болып табылады. Осыған орай облыста қарқынды жұмыс жүргізілуде. Соңғы бес жылда Алматы облысында 75 мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген. Оның 55-і үш ауысымды мектепті жою үшін 30 мың орынға арналып салынған. Соған қарамастап мектеп қабырғасындағы үш ауысымды оқыту мәселесін түбегейлі шешу мүмкін болмай тұр. Өйткені былтырғы жылы 48 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған. Назарға алған түйіткілдің күрмеуін шешу жолында жұмыстар жалғасын таппақ. Биылғы жылы жалпы сомасы 11,2 млрд.теңгені құрайтын 13 мектеп бой көтереді деп жоспарлануда. «Бірақ бұл жеткіліксіз, сондықтан біз... |
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.02.2020 |
Алматы облысында 3600 отбасы баспаналы болмақ |
2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда тұрғы үй құрылысы 25 % артқан. Жалпы алғанда 894 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламаларының аясында облыс көлемінде 2 443 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 1 779 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады. Халықты баспанамен қамтамасыз етуде кәсіпкерлердің көмегі өлшеусіз. Олар былтырғы жылы қолдауға мұқтаж жандарға 170 пәтер алып берген. Ал, өткен аптада атымтай жомарат азаматтар Қапшағай қаласынан 30 пәтер алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарды табыстап, көптің қошаметіне бөленді. Бірақта, үй кезегінде тұрғандардың саны мұнымен азаймасы анық. Бүгінде 50,7 мың адам, оның ішінде 20- сы әлеуметтік осал топ өкілдері, 5527-сі көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр деп айтты өңір басшысы өз баяндамасында. Сондықтан да биыл тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына қажетті қаражат мөлшері 1,6 есеге артып, 32,6 млрд. теңгені құрады. Барлығы... |
Толығырақ... Оқылды: 270 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020 |
АБАЕВ БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕ АЙТЫП БЕРДІ |
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен азаматтық қоғаммен кездесуде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңы туралы айтты, деп хабарлайды « Jetisu Media» ақпараттық алаңы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Мен бірінші кезекте бұл жерге сіздерді тыңдау үшін келдім. Сосын сұрақтарыңызға жауап беріп, пікірлеріңізді тыңдағым келді. Екі сөзбен айтқанда, 1995 жылы қабылданған заңға өзгеріс енгізсек пе деп ойладық. Бірақ, талқылау мен талдау кезінде өзгеріс енгізгенше жаңа заң қабылдаған дұрыс екендігі анықталды. Нақты өзгеріс енгізу мүмкін болмай шықты. Жаңа концептуалды заң қабылдау керек», - деді Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңын талқылау кезінде. Министр жаңа заңның күшті тұстарын да тіл... |
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020 |
Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенге жұмыс сапарымен барды |
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхенге жұмыс сапарының бірінші күні жемісті өтті, деп хабарлайды « Jetisu Media» ақпараттық алаңы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының ресми ашылу рәсіміне қатысты", - деп мәлім етті Берік Уәли. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар бағдарламасы аясында Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады. Айта кетейік, Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Мемлекет басшысы германиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты. Сонымен қатар, ҚР Президенті Мюнхенде Германияның үздік компанияларының... |
Толығырақ... Оқылды: 284 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020 |
Қордайдағы қақтығыс: айыптылар анықталуда, жағдай бақылауда |
Жұма күні кешқұрым Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылы тұрғындарының арасында топтық төбелес орын алды. Полицияның күшімен ауылдағы төбелес тоқтатылып, жағдай бақылауға алынды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыстық Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды « Jetisu Media» ақпараттық алаңы egemen.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша назар аударып, өзінің Twitter-дегі парақшасында «Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», деп жазған болатын. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы қақтығыс кезінде қаза болған азаматтард... |
Толығырақ... Оқылды: 273 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2020 |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туркфильм» фестевалі өтеді |
Ұлттық саясат ұлттың рухани жаңғыруына негізгі басымдылықты беріп отыр. Еліміздің эволюциялық дамуын қамтамасыз ету жолында қоғамдық сананы жаңғырту үшін жалпыұлттық құндылықтарды тереңдетуге мән бере отырып, рухани саланы түпкілікті түрлендіру «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ел перзенттерінің алдына қойған тапсырмасы деуге толықтай негіз бар. Мемлекеттің жүктеген міндеттерін айрықша екпінмен орындау ұлттың ұландарына парыз. Туған топырағынның қадірін түйсіне білетін азамат үшін рухани құндылықтарды дәріптеп, жаңғыру жолындағы жаңа қадамдарға аяқ басу бұл еліне деген өлшеусіз құрметі болып табылмақ. Бүгінгі таңда тұтас елдің болашағын бағдарлауға арналған, бағытын айқындаған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы біз сөз басында айтып өткен ұлттық сипаттағы саяси сарынды саралау мен сапалы қызмет атқаруға шақырады. Осы тұста Алматы облысыда қалыс қалмақ емес. Мәселен, 2019 жылы «Рухани ж... |
Толығырақ... Оқылды: 262 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2020 |
Есіңізде болсын! |
Егер сіз шетелге жол жүретін болсаңыз, міндетті түрде паспорт жасатуыңыз керек! Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қалаған уақытта рәсімдеуге болады. Бұл құжатты алу үшін ХҚО-дағы миграция қызметінің мамандарына келесі құжаттардың бірін ұсынасыз: ✅ туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк); ✅ҚР азаматының паспорты (паспорт ауыстыратын кезде); ✅ жеке куәлiк ✅ iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама; ✅ Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi; ✅ еркін түрдегі жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде). Егер балаға паспорт рәсімдейтін болсаңыз: |
Толығырақ... Оқылды: 253 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2020 |
Облыстық жоғары спорт мектебі республикада топ жарды |
Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі "Үздік спорттық ұйым 2019" Республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нүркен Қанатұлы мәлімдеді. Негізінде спорт мектебінде жалпы саны 67 жаттықтырушы 56 топпен, контингенті 378 спортшымен жұмыс атқарды. Мектепте спорттың 19 түрімен шұғылдануға болады, соның ішінде 13 олимпиадалық спорт түрлері, 4 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрі бар. Өткен жыл аталған ұйым үшін жемісті болды. Үміт артқан спортшы ұл-қыздар бірталай атақ-дәрежелерге қол жеткізді. Енді «Жоғары спорт мектебінің» шәкірттерінің қатарында «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», 4 бірдей «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 18 «ҚР спорт шеберлері» тәлім алады. Мұнымен жетістіктер таусылмақ емес, бұл мекетептің баптаған сайып қырандары Қазақстан республикасының құрама к... |
Толығырақ... Оқылды: 275 Санат: СПОРТ Уақыты: 14.02.2020 |
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ: КІМ КІНӘЛІ... |
«Бала тәрбиесі – өнер,жекебірғылымиесіболудытілейтінөнер», - дегенекенМ.Жұмабаев. Қандайтауып айтылғанданалы сөз. Тәрбие арқылыадам тағдырышешілетінін,оныңбілімді тұлға болып қалыптасатынын, елдіңберіктірегіболатынын көрсетеді. Тәрбие – қашан да отбасынан басталады.Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Ұлт тәрбиесінің сезімдік әсері зор. Сондықтан халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар.Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты - әкеде, қыздың ұяты - шешеде» деп бағалағандықтан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Қазаққа тән игілік пен ұлтт... |
Толығырақ... Оқылды: 2442 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 13.02.2020 |
Хабарландыру!!! |
Балпық ауылдық округі бойынша газ тарту жұмыстарын «BSP GROUP LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Округ бойынша 2020 жылдың басынан бастап тұрғын үйді газға қосылу құны 320 мың теңгеден 250 мың теңгеге түсіп, жеңілдіктер жасалуда. Бұл жеңілдіктер ағымдағы жылдың 1-ші наурыз айына дейін жалғасын табатын болады. Сонымен қатар бұл жеңілдіктің ішінен тағы бес санат бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Олар, 1. Ұлы Отан соғыс ардагерлері және оған теңестірілген адамдар-100 % 2. Атаулы әлеуметтік көмек алатындарға-20% 3. Ауған соғысының ардагерлері және чернобыльға қатысқандарға-20% 4. 1-топ мүгедектерге-20% 5. 2-топ мүгедектерге-15% Бұл санаттағы адамдардың тұрып жытқан тұрғын үйлері өз жекеменшігінде болуы шарт. |
Толығырақ... Оқылды: 320 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.02.2020 |