Жаңалықтар

Талдықорғанда «Жылдың үздік мұғаліміне» автокөлік кілті тапсырылды

Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы облыстық драма театрында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай «Ұстаз аты –ұлы, әрі мәңгілік » атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облысымыздың аудандары мен қалаларының білім саласының басшылары, мұғалімдер, оқу орындарының оқытушылары қатысты. Аймақ басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов жиналғандарды құттықтап сөз сөйледі. — Қадірменді білім саласының қызметкерлері! Мұғалімдер күні – орны бөлек, дәрежесі биік мереке. Барша ұстаздарды төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Елбасы Н.Назарбаев білімнің сапасын, мектептің жай-күйін, мұғалімнің жағдайын назардан тыс қалдырған жоқ. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізде жаңартылған білім жүйесі, мықты материалдық-техникалық база, білікті кадрлар қатары қалыптасып үлгерді. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдау қажет деп ұйғарды. Қазір де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кеме...
Толығырақ... Оқылды: 390 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Өздеріңізге белгілі аудан әкімі Алмас Қабдулұлы өңірімізде атқарылып жатқан барлық жұмыстарды, ауданның тыныс-тіршілігін назардан тыс қалдырмай күн сайын жеке аралап бақылауында ұстап келеді. Күні кеше ғана өңір басшысы бір күндік жұмыс күнін, аудандағы құрылыс алаңдары мен бірқатар нысандардың жұмысымен танысуға арнады. Жауапты сала жетекшілерімен бірге Т.Исабаев көшесіндегі Елбасының «Құтты мекен» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 50 және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын бақылап қайтты. Нысандарды аралау барысында аудан әкімі жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысының және жолдардың орташа жөнделуіне баса назар аударып, тиісті сала мамандарына тапсырма берді. Ескере кетсек, бұл 50 пәтерлі үйдің құрылысы 15-ші сәуірден басталған. Күрделі жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі күні есік пен терезелері салынуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сомасы 465 миллион 950 мың теңгені құрайды. Желтоқсан айының 16 жұлдызы мерекеге орай тапсыру көзделіп отыр. Ал, 20 пәтерлі үй...
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019

Қазақстандағы ең тапшы мамандық – күзетші екен

2019 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша күзетшілер электрондық еңбек биржасында түйіндемелер мен бос жұмыс орындар санының ара-қатынасы бойынша Қазақстандағы ең тапшы мамандықтардың көшбасшысы болып тұр,деп хабарлайдыZakon.kzЕңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары атап өткендей, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші жұмыс орны бос қалған. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мыңнан астам бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиешілердің көмекшілері (1,2 мың) кірді. Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына: санитарлар, жүк автокөліктерінің жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол жұмысшылары, сатушы-кеңесшілер кірді. Республика бойынша еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді, ал күзетшілердің жалпы бос орындар санының үштен екісі 2 өңірге тиесілі екендігін айта кету керек. Қостанай облысында (1050 бос жұмыс орны...
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 09.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 қазан

9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні (World Post Day). Сондай-ақ бұл күні Оңтүстік Кореяда корей әліпбиін жариялау күні (Hangul Proclamation Day) атап өтіледі. Корей тілінің байырғы әліпбиі Хангыль (Hangul) деп аталады, 1446 жылы 9 қазанда король Ұлы Седжон құжатты қолданысқа енгізген.
Толығырақ... Оқылды: 434 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 09.10.2019

Жаһандық сауалнама жүргізу туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 11 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ересек тұрғындарға темекі өнімдерін қолдану туралы маңызды сауалнама жүргізілетінін хабарлаймыз. АЕО қызметкері үй шаруашылығын (пәтер, үй, жатақхана) ғылыми іріктеу жолымен анықталған болады және электронды құрылғы (планшет) көмегімен үй шаруашылығының (отбасының) бір тұрғынынан темекі өнімдерінің әр түрлерін пайдалану (пассивті темекі шегу, экономикалық аспектілер, білім және темекіге қатысты) мәселелер бойынша сұрайтын болады. АЕО қызметкерінде өзімен бірге фотосуреті және аты-жөні (бейдж) бар интервьюер куәлігі, АЕО-ның темекіні пайдалану бойынша сұрау туралы ақпараттық хаттарының көшірмелері бар. Бұл жобаның табысы үшін әрбір таңдалған респонденттің сауалнамаға қатысуы өте маңызды. Сауалнамаға қатысушы ұсынатын ақпарат толық құпиялылық жағдайында сақталады. Жеке ақпарат басқа біреуге, оның ішінде отбасының басқа мүшелеріне хабарланбайды. Сауалнама нәтижелері ҚР Д...
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ДӘСТҮРЛЕР

ТҮТІНІҢДІ ӨШІРМЕ: ОТҚА МАЙ САЛУ. БИЕ ҚЫСЫРАМАС Сиреп кеткен қазақ салтын білгіңіз келе ме? Қазақта келін түсірер алдында оның енесі қандай іс-әрекет жасаған? «Түтінің өшпесін» деп жиі айтады. Оның түпкі мәнісін білесіз бе? Келіннің бетін ашқан соң, қандай ырым істеледі? Жалпы, келін түсіргенде нені білу қажет? Баяғыда іске асырылып келген салт-жоралғының қандай тәрбиелік, қасиетті мәні бар? ОТҚА МАЙ САЛУ Келін табалдырықты аттардың алдында, енесі маздап тұрған отқа май салғызады. Бұл – қазақта сонау шаман дінінен – отқа табынудан бері келе жатқан салт. Аталмыш салтты қазір өте сирек істейтін болды. Бұл кейбір көнекөз қариялары бар үйде ғана істеледі. Мұнысы бір жағынан – отқа табынудың белгісі болса, екінші жағынан – түтіні өшпесін дегенді білдіреді. Түтін өшті деу – қазақта бір шаңырақ бітті, күйреді деген сөз. «Пәленшеден ұрпақ қалмады, арты тозды» деп осындайда айтады. БИЕ ҚЫСЫРАМАС Отқа май салынып, келіннің беті...
Толығырақ... Оқылды: 392 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 07.10.2019

Қазақстандық каратэшілер Мәскеуде 4 медаль жеңіп алды

Өкінішке қарай, отандасымыз Ермек қарсыласына 1:0 есебімен есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. Мәскеуде каратэден Karate 1 Премьер-лига жарысы аяқталды. Қазақстандық каратешілер бір күміс және үш қола жүлде жеңіп алды, деп жазады prosports.kz. Финалдық кезеңде қазақстандық Ермек Айназаров бес дүркін әлем чемпионы, әлем рейтингінде үшінші орында тұрған әзірбайжандық Рафаэль Агаевпен кездесті. Өкінішке қарай, отандасымыз Ермек қарсыласына 1:0 есебімен есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдесіне ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін қос қазақстандық спортшы бірге шықты. Дархан Асаділов пен Дәулет Шымырбеков арасындағы кездесу Дәулеттің еншісіне шешілді. Сондай-ақ 67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірали грузиялық қарсыласын 8:0 есебімен жеңіп, қолаға қол жеткізді. Әйелдер құрамасынан 68 келiден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева түркиялық Хокалгу Мелтемді 7:4 есебімен жеңіп, ел қоржынына үшінші қола жүлдені салды.
Толығырақ... Оқылды: 329 Санат: СПОРТ Уақыты: 07.10.2019

Головкин Деревянченконы жеңіп, әлем чемпионы атанды

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылды, айқаста орта салмақтағы IBF және IBO титулдары сарапқа салынды Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO титулдарына ие болды. Қос боксшы арасындағы кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:55-те басталды. Жекпе-жекте орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы титулдары сарапқа салынды. Кездесудің алғашқы раундында қазақстандық былғары қолғап шебері Сергей Деревянченконы нокдаунға жіберді. Екінші раудта Геннадий Головкиннің жойқын соққысынан украиналық боксшының қабағы жарылып, жарақат алды. Қалған раундтарда украиналық боксшы жиі шабуылға шығып, басымдықты өз қолына алуға тырысты. Головкин де қарсыласына есесін жібермей, жойқын соққылар жасады. Бірақ қарсыласын алғашқы раундтағыдай нокдаунға түсіре алған жоқ. Қос боксшы арасындағы кездесу өте тартысты өтіп, 12 раундқа созылд...
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: СПОРТ Уақыты: 07.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 қазан

Бүгін сыпайы жандардың күні. Алғаш рет "мәдениетті адамдар" сөз тіркесі 2014 жылы 28 ақпанда Борис Рожиннің блогында пайда болды. Ол бұлай 2014 жылы ақпан-наурыз айларында Қырымды қоршау кезінде өздерін таныстырмастан тұрғындармен сыпайы сөйлескен жандарды атаған болатын. 2014 жылдың 16 наурызында Қырым жартылай аралының статусына қатысты референдум өтті. "Мәдениетті адамдар" осы референдумға қатысып, еркін пікір білдіргілері келгендерді қорғады. Саяси шолушы А. Кондрашовтың "Қырым. Отанға апарар жол" фильмінде "мәдениетті адамдардың" қайдан пайда болғандары және олардың мақсат-мұраттары туралы айтылды. Сондай-ақ, 7 қазан— жылы заттарды еске алатын күн. Әсіресе, бұл үйінде от қосылмаған жандар үшін өзекті болмақ. Мұндайда жылы сөздер айтып қана қоймай, сандықтан жылы пальто, етік, бас киім және мойынорағышты шығарған жөн. Келесі мереке айнаның алдында ұзақ тұрғанды немесе суретке түскенді ұнататын жандарға арналмақ— адамның ө...
Толығырақ... Оқылды: 438 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 07.10.2019

«Мектепке жол» республикалық акциясының өтілуі туралы

Көксу ауданында 2019 жылдың 5 шілде - 30 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы № 3-15-3/2717-И тапсырмасына және Алматы облысы әкімінің 2019 жылдың 5 шілдедегі «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы» № 78 –ө н/қ өкіміне негізінде республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияны ұйымдастырып өткізу жөнінде аудан әкімінің 5 шілдедегі № 112-ө н/қ өкімі мен аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 304/1 –б н/қ бұйрығы қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Көксу ауданының білім беру ұйымдарында акция жөнінде билборд жасалып, орнатылды. Сонымен қатар, барлық елді мекендерде акция туралы және акцияға шақыру хабарламалары ілінді. «Мектепке жол» акциясы аясында әр мектепте «Жүректен жүрекке» ұранымен қайырымдылық шаралары бекітілген кестеге сәйкес өткізілді. Шара барысында аудандағы жек...
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.