Жаңалықтар

«Адал» партиясы сайлауалды бағдарламасымен Жетісуға келді

Елімізде мәжіліс және мәслихат сайлауына 5 партия бағын сынап жатыр. Соның ішінде «Адал» партиясы да бар. Әділеттілік пен бірлікті, батылдық пен кепілдікті басшылыққа алған сенімді қоғам қалыптастыруды көздеген партия мәжіліс депутатығына 20 үміткерді ұсынып отыр. Олардың қатарында қаламы қарымды журналист Мақсат Толықбай, елдің байрағын халықаралық аренада көтерген спортшы Ардақ Назаров, «Баспанаға бағыт» деп әр қазақтың үйлі болуына бағдар беріп жүрген блогер Дәулет Мұқаев, Қазақстанның қой шаруашылығы қауымдастығының жетекшісі Алмасбек Садырбаев сынды белсенділер бар. Депутаттыққа үміткер азаматтардың жас шамасы 27 мен 41 –ді құрайды. Оларды біріктірген ортақ мақсат. Баршашы алты алшатың жай-күйінің жақсаруын қалайды. Сондықтан да, сайлауалды бағдарламаларына базыналы елдің басты мәселелерінің шешу жолын қосқан. Қоғам белсенділерінің мінберге шығып, дабыл қағып айтып жатқан кемшіл тұстарды қарашаның өзі «сүт бетіне шыққан қаймақтай»...
Толығырақ... Оқылды: 1003 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

Алматы облысы әкімінің «ASYL JÚREK» сыйлығы өз иесін тапты

«Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған» дархан елдің қанына қайырымдық жасау ісі біте қайнасқан. Қазақ қашанда сүрінгенге демеу, сүйенгенге тіреу болған. Бұл әсілі халықтың тектілігімен тікелей байланысты болса керек. Атамзаманнан бауырын жұртта қалдырып, жұтқа тастамаған бабалар ұстанымы бүгінге дейін жалғасып келеді. Замана өзгерседе адамзат кісілік келбетін жоғалта қоймады. Онысы елім деген ерлердің «әр қазақ - менің жалғызым» деген ұстанымды ұстанып, қысыл-таяң сәтте қол ұшын созғандығынан көрініс тапса керекті. Тіпті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта бір-бірімізге деген бауырмалдық сезімінің отын өшірмейік деп, волонтерлік қозғалысты дамыту мақсатында «2020 жыл – Волонтерлар жылы» деп жариялады. Аталған бастаманы қолдағандар саны есепсіз болды. Оған дәлел, өңірдің әр түкпірінен өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарамайтын азаматтардың бас көтеруі. Жасы мен жасамысы күш біріктіріп, арнайы қайырымдылық қорын құрып, кейбірі жекелей қол...
Толығырақ... Оқылды: 1013 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

«Жанұя» орталығы өмірлік қажеттілкке сай мамандықтарға оқытады

Бұқараны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде іске асуда. Базыналы елдің заңды тұрғыда сауатты болуы тек жеке басқа қатысты емес. Азаттығын алған, жеке дара мемлекет үшін ондағы тұратын халықтың да жан-жақты білімді болуы аса маңызды. Осы ретте Алматы облысының орталығы, Талдықорған қаласында «Жанұя» орталығының жұмыс жасайтынын атап өткен жөн. Аталмыш орталықтың жұмысын жандандыруға «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі» қолдау көрсетіп отыр. «Жанұяның» негізгі мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жәрдем көрсету. Орталық барлық қызметті «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынады. Білікті мамандар мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан ұсынылып отырған арнайы әлеуметтік бағдарламалардың шарапатын көрудің жолдарын көрсетіп, бағыт береді. Осы арқылы олар Талдықорған қал...
Толығырақ... Оқылды: 1005 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

Алматы облысында жыл басынан 3 адам суға кеткен

Қылышын сүйретіп келген қыспен бірге қауіп-қатердің де артатыны тағы бар. Әсіресе айнала көк мұзға оранғанда түрлі келеңсіздіктер орын алады. Бұл кезеңде ойын баласы жалтыр мұзда сырғанауды, ересектер балық аулаудың қызығына кіреді. Көңіліңді көтеретін әдеттер әпсәтте қиындыққа душар етпесіне кім кепіл. Сондықтан да, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Алматы облысында жыл басынан бері 3 балықшы суға кеткен. Қайғылы жағдай Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында орын алған. Ең өкініштісі үлкендердің қарауынсыз қалған 2014 және 2016 жылы дүниеге келген қос бөбек ажал құшқан. Мұның барлығы жеке бастың қауіпсіздігіне салғырт қараудың салдары. «Ата-аналар балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаса екен. Бүгінгі күні облыс аумағындағы мұздың қалыңдығы адам салмағы үшін жеткілікті берік емес, осыған байланысты азаматтардан қатпаған мұзға шықпауды сұраймыз»,-дейді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департам...
Толығырақ... Оқылды: 964 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

Қаламы қарымды, жазғаны жалынды журналистер «Самғады»

«Арқалағаны алтын, жегені жантақ». Бұл тілші қауымға қаратылып айтылатын сөз тіркесінің астарындағы ақиқаты қалам ұстаған қауымның бар ғұмырын айшықтап тұрғандай. Сансыз жылдары жұрттың жоғын түгендеумен өтетін журналистердің еңбегінің еленетін күні сирек. Ал, Жетісу өңірі аталған олқылықтың орнын толтырды. Ол жылсайын өтетін Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы. Тілшілер додасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын Қазақстан мемлекеттілігінің негіздері ретінде дәріптеу, облыс аумағында Тәуелсіздік жылдарында ақпараттық-имидждік жетістіктерін жария ету, және «Рухани жаңғыру», «Covid-19» сондай-ақ мемлекет басшысының басқа да тапсырмаларын жариялауды нысанаға алған. Тұлпардың тұяқтысы ғана шыдайтын аламан бәйгені ұйымдастырушылар Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы. Жетісудың жауһарларын тізіп, жетістігін жазып, сара жолын саралайтын сұрмергендер ақпарат таратудан артта қал...
Толығырақ... Оқылды: 955 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

«Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурсы жарияланды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылында 7-сыныпта оқуға үміткер оқушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялады. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. Білім грантына өтініш қалдыру мерзімі ағымдағы жылдың 2 желтоқсанынан 2021 жылдың 23 қаңтарына дейін жалғасады. Карантиндік шектеулер кезінде санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына Конкурсқа қатысу үшін өтініш беріп,сауалнама толтырып, үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесін, заңды ө...
Толығырақ... Оқылды: 977 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

Алматы облысында 131 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

9-желтоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні. Мемлекеттік тұрғыдан маңызы бар іс қоғамның әр саласындағы салмақты орнын жоғалтқан емес. Бұл ретте Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті де қарқынды жұмыс жасауда. Аталған департамент сәйкесінше, 11 айыда жүргізілген жұмыстың аралық қорытындыларын «Jetisy Media» ақпараттық алаңында баяндады. Депатрамент көбіне көп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша мемлекеттік сатып алу саласында мониторингтік жұмыстар жүргізуге басым назар аударған. Жүргізілген мониторинг аясында Департамент облыстық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау бойынша тиісті шаралар қабылдады. Соның арқасында Алматы облысының бюджеті бүгінгі күні 2 млрд.448 мың 480 теңге сомасында үнемделді. Жыл басынан бері Департаментпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 12 сыртқы талдау жүргізіліп 194 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 17 мониторинг жүргізілді. Оның шеңберінде сыба...
Толығырақ... Оқылды: 833 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2020

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНДЕ ТАЛДЫҚОРҒАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні аясында ағымдағы жылдың 09 желтоқсанында Jetysu Media алаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілері мен бағыттары және Департаментпен ағымдағы жылдың 11 айында жүргізілген жұмысының аралық қорытындылары жеткізілді. Жандос Жұмабаев брифинг барысында "бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл тек тұтқындау, ұстау және қылмыстық істер ғана емес. Сотталушылар орындығында мемлекеттік қызметші немесе жоғары лауазымды тұлға отырған кезде-бұл бүкіл мемлекеттік қызмет пен қоғам үшін төтенше жағдай. Бұл жүйенің өзінде көптеген олқылықтар, кемшіліктер, сыбайлас жемқорлық алғышарттары бар екендігінің дәлелі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - заңнаманы жетілдіру, заңсыз байыту және басқа да игіліктер алу ме...
Толығырақ... Оқылды: 785 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2020

Бейсен Құранбектің қолының табы қалған жәдігерлері музей бұрышынан орын алды

Журналистикадағы аққан жұлдыз атанған дара тұлғаның бүгін дүние есігін ашқан күні. Оның үні де, болмысы да туған елімен бірге астасып жатыр. Ол ақпарат әлемінің темірқазығы болатын. Көзі тірі болғанда 49 жасқа толар еді. Жүрегі соғысын тоқтатқанша қазағым деп өткен нар тұлға әрине, Бейсен Құранбек. Бар алаштың қабырғасын қайыстырған қаралы хабар ел арасында тарағаннан бері жартыжылдан астам уақыт өтсе де, оның бес күн жалғанда жоқ екеніне ешкім нанар емес. Бейсен Абайұлының кісілігі мен кішілігі бір төбе. Бар қазақты бауыр тұтып, қараша халықты хан көріп, төбесіне көтеріп жүрді. Сонысынан болса керек, қалың елі Бейсен ұлдарын ерекше құрметтеді. Кеудесіндегі жұдырықтай жүрегінен орын берді. Абай ағаның ұлының сонау, спорт газетінде журналистиканың алғаш табалдырығын аттап, тұңғыш туындыларын бастап, кеше ғана ақсұңқар болып мәңгілік сапарына аттанған кездегі бар ғұмыр жолы көптің назарында болды. «Бейсеннің артықшылығы неде десек,ол әуелден басқаларға бақыт сыйлауға ұмтыл...
Толығырақ... Оқылды: 802 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2020

Жаңа жыл шыршасы мерекесіндегі жаппай отшашулар кезінде петардалардан, бенгал оттарынан өрт шығу қаупі ұлғаяды.

Жаңа жыл шыршасы мерекесіндегі жаппай отшашулар кезінде петардалардан, бенгал оттарынан өрт шығу қаупі ұлғаяды. Осыған байланысты Өрт сөндіру қызметі мейрам кезінде балаларды қараусыз қалдырмай, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, отқа абай болуға шақырады. Жыл сайын Жаңа жылды қарсы алу барысында отшашулардың салдарынан қаншама өрт шығып, көңілді басталған мереке қайғылы оқиғалармен аяқталып жатады. Жаңа жылдық және Рождестволық мерекелерді әрбір отбасы бұрынғыдан да қызықты, ұмытылмастай етіп жасауға тырысады. Ол үшін бенгал оттары мен петардаларды көптеп сатып алып түрлі-түсті отшашулар жасайды. Пиротехникалық бұйымдар қас-қағым сәтке ғана жарқырап көрініп, балаларға қуанышты көңіл күй сыйлайтыны рас, бірақ қауіпсіздік ережесін сақтамаған жағдайда денені жарақаттап, денсаулыққа зиян келтіріп қайғылы жағдайға душар ететінін және өрт қауіпін тудыратынын ұмытпаған жөн. Сондықтан пиротехникалық заттарды қолданғанда қарапайым қауіпсіздік ережелерін бір сәтке де естен шығармау...
Толығырақ... Оқылды: 731 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.