Жаңалықтар
“КАНДИДАТ- ҚОНАҚТА” |
| Сайлаушылар назарына елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарда өтетінін қайталап сала кетсек, биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі-бұрынғы өткен сайлауларда қолданыста болмаған саяси терминдердің қалыптасуында. Мәселен, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы «канвассинг» ұғымын негізге алды. Канвассинг – бұл- тұрғындармен бейресми кездесу, партия жақтастарын жекелеп тарту немесе «Кандидат – қонақта» деген ұғымды білдіреді. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. “Кандидат қонақта” кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныс... |
| Толығырақ... Оқылды: 2360 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021 |
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» |
| «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағытталған сайлауалды бағдарламасын Көксу ауданы тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында «Есіктен-есікке», «Кандидат қонақта» және экспромт-кездесу секілді үгіт-насихат жұмыстары жүзеге асырылуда. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарлама аса ауқымды әрі нақты мақсаттарға бағытталғандықтан, халықтың оң көзқарасын қалыптастырып, жүйелі жұмыстарға негіз болып отыр. Осы негізде үміткерлер 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Көксу ауданы және оған қарасты елді мекендердің тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы халықтың сапалы өмір сүруіне бағытталған 7 басым бағытымен таныстырып, тұрғындар тарапынан ұсыным тілектерді тыңдауда. Үгіт-насихат шаралары ауданға қарасты елді мекендерді толық қамтумен қатар түсіндірме парақтары таратылып, 8 қаңтарға дейін үгіт жұмыстары жалғасын табатыны жоспарланған. Қаңтардың бесінші жұлдызында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер... |
| Толығырақ... Оқылды: 2234 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021 |
Тәуелсіздік бәрінен қымбат |
| Бағдар мен белес Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет. Тәуелсіздіктің отыз жылы... |
| Толығырақ... Оқылды: 2040 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021 |
Сайлау барысын бақылаушылардың міндеттері түсіндірілді |
| Алдағы сайлау науқанына дайындық қызу. Тіпті бұл жұмыстар қарашаның 4 жұлдызында бастау алған. Бұл жолғы сайлауды Қазақстан Азаматтық Альянсы жанындағы партиялық емес, дербес байқау орталығы бақылайтын болады. Жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы облысының аудан, қалаларындағы 20 үйлестіруші арнайы оқудан өтті. Сайлау барысын бақылаушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау тұрғысынан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен танысуды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының экс-мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы жүргізді. Сондай-ақ, 10 желтоқсанда аймақтық штаб өкілдері Алматы облысының Азаматтық Альянсының басшысы Жанар Нұрмұхановамен, кәсіподақтардың облыстық аумақтық кәсіподағының басшысы М.Төлепбергеновпен кездесу өткізді. Кездесу барысында бақылаушыларды даярлау мәселелері қарастырылып, бақылаушылардың толық ынтымақтастықта жұмыс жасайтындығына сенім білдірілді. Сонымен қатар, «НұрОтан» партия филиалы... |
| Толығырақ... Оқылды: 1954 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021 |
КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ |
| Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұқыры ауылына арнайы барып қайтты. «Қайнар» шаруа қожалығындағы басқосуға Алматы облысының «Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы, «Қыдырәлі» шаруа қожалығының басшысы Секенбай Шеңгелбаев, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы, жекпе-жек өнерінен Азия ойындарының чемпионы және алтын жүлдегері, ҚР спорт шебері Күрішбаева Ділдаш Нариханқызы қатысты. Олар аталған қожалықтағы ұжымның еңбеккерлерімен және ауыл тұрғындарымен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында жолыққан болатын. Облыстық депутаттыққа үміткер ретінде олар өздерінің де алдағы уақытқа дайындаған жұмыс жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар кездесуге қатысқандар өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін де білдірді. Атап айтар болсақ, тұрғындар Мұқыры ауылдық округіне қарасты елді-мекен 10 жылдық Қазақстан ауылының ескірген білім ордасын қайта жаңартып н... |
| Толығырақ... Оқылды: 2517 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.12.2020 |
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР |
| 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты. 2006 жылғы ҮЛГІДЕГІ БАНКНОТА Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады. Аймақ бойынша банкноталар Талдықорған қаласы Төлебаева 58/64 адресі бойынша Ұлттық Банктің Алматы облыстық филиалы кассасында айырбасталады. Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады. Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады: +7 (728) 2 55-95-09 e-mail: www. tald_80@nationalbank.kz |
| Толығырақ... Оқылды: 2440 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.12.2020 |
Онлайн жүздесу |
| Бүгін «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов "Уыз май" ЖШС-нің еңбек ұжымымен онлайн форматта Skype бағдарламасы арқылы кездесу өткізді. Онлайн жүздесу барысында Мәлік Аманбайұлы партияның сайлауалды бағдарламасымен бөлісті. Сонымен қатар ол онлайндық үгіт-насихат жиынына қатысқандардың тарапынан келген сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін қойын дәптеріне түртіп алды. 10 желтоқсан күні болатын сайлауға шақырып, партияға дауыс берулерін де сұрады. Зауыт туралы айтар болсақ, бұл жерде заман талабына сай батыс еуропалық құрылғылар орнатылған, олар соя бұршақтарын өңдейді. Зауытта жарманы сақтайтың екі ірі қойма, салқын орын бар. Сояның сапасын тексеру үшін арнайы лаборатория жұмыс жасайды. «Компания ең жақсы шикізатты таңдап алады. Оны жоғарғы технологиялық құрылғыда өңдеп, серіктестеріне экологиялық таза, пайдалы өнімді жіберіп отырады. Тұрақтылық, қаржылық сенімділік және жоғары технологиямен соя өндіру -... |
| Толығырақ... Оқылды: 2289 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.12.2020 |
ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер "Жәрдем" БПҰ-мен кездесті |
| ҚР Парламент Мәжіліс депутаттығына үміткер Каримов Досан Елжанұлы «Жәрдем» БПҰ-мен кездесті. Жәрдеммен өткен жарқын жүздесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды. Досан Каримов бастауыш партия ұйымымен өткізген еркін форматтағы кездесуі аясында сөз сөйлеп, партия тарапынан атқарылып келе жатқан ілкімді істер жайлы және де алдағы уақыт еншісіндегі байырқалы бастамалары туралы баяндады. Аталған БПҰ-ның мүшелері үміткерге ауыл мен ауданға қатысты маңызды деген халық көкейіндегі қадау-қадау мәселелер төңірегінде өз сауалдарын қойып, екі жақты пікір алмасты. Сондай-ақ, ел дамуының алдағы жылдардағы жоспары жайлы ойларымен бөлісті. Келелі кездесу соңында аталған БПҰ-ның мүшелері Досан Елжановқа алдағы сайлау сәтті өтсін деген тілектерін айтты. |
| Толығырақ... Оқылды: 2085 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.12.2020 |
Ұлттық экономика министрлігіндегі парасаттылық тәжірибесі |
| Тараптардың бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі басшылығының кездесуі өтті. Негізгі күн тәртібі министрлік жетекшілік ететін салаларда жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне бағытталған. Бейнеконференция байланысы арқылы өткен іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, ҚР ҰЭМ, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің және «Микрография ғылыми-зерттеу институты» РММ аумақтық бөлімшелері де қатысты. Кеңесті ашқан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде органның қағидаттық ұстанымды ұстанатынын атап өтті. «Бұл бағытта жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті экономикалық ведомство басшысы. Бизнес-үдерістерді функционалдық талдаумен және оңтайландырумен байланысты негізгі шаралармен қатар, қызметкерлер арасында адалдық және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамашылық жобалар іске қосы... |
| Толығырақ... Оқылды: 1548 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2020 |
Жетісу өңірінде соңғы тәулікте 61 жағдай тіркелген |
| Алматы облысында коронавирустық инфекциямен күресу жұмыстары жалғасуда, осыған сәйкес қажетті шектеулермен карантиндік режим сақталуда. Облыста қазан, қараша, желтоқсан айларында індеттің өсу қарқыны үдеп отыр. Денсаулық сақтау министрінің айтуы бойынша елімізде аурудың максималды өсуі 2021 жылдың қаңтар, ақпан айларында орын алады деп болжануда. Жетісу өңірінде соңғы аптадағы мәліметтер бойынша коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,7% құрап, соңғы тәулікте 61 жағдайы анықталған. Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирустың 6725 жағдайы тіркелді, оның 5758-і емделіп шықты. «Стационарлық емдеуде 328 адам жатыр, реанимация бөлімшесінде 22, ИВЛ аппаратына 1 адам қосылған. Талдықорған қаласындағы жаңа облыстық инфекциялық ауруханасында 58 пациент ем алуда.Науқастарға барлық медициналық көмектер көрсетілуде. Өкінішке орай осы айда 12 адам осы індеттен көз жұмды. Қайтыс болған азаматтардың көпшілігі дәрігерлердің көмегіне кеш хабарласуы болып отыр»,-деді облыс әкімінің... |
| Толығырақ... Оқылды: 1507 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2020 |
