Жаңалықтар

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫНА АРНАЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағаты өтті. Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды. Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды. Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен бар бітімімен халықтың қайнар көзін сіңірген дарын өз халқының ең сүйікті ақыны болды. «Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» деген Мұқағали ақынның өлеңдері ең әуелі адамдарды адалдыққа, тазалыққа, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға, қарттарымызды қадірлеуге және дәл осындай бейбіт күннің қадірін білуге шақырады. Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның патриотт...
Толығырақ... Оқылды: 1236 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.02.2021

Толығырақ... Оқылды: 1643 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.02.2021

Нұр Отан

"Nur Otan" Партиясының Көксу аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын табыстауға арналған марапаттау шарасы өтті. Карантин талаптарын сақтау арқылы ұйымдастырылған шараға "Nur Otan" Партиясының Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, білім саласының үздігі, зейнеткер Сағымбала Төкенова, штабта қызмет атқарған партия белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. Марапаттау шарасында 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін сайлауға атсалысып, қызмет атқарған барша белсенділерге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты табысталды. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз және ел болашағы үшін жүзеге асырылатын жұмыстарды алдағы уақытта да «Nur Otan» партиясымен бірлесе атқарады деп сенеміз.
Толығырақ... Оқылды: 1177 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 03.02.2021

ЖШС-ны қалай жабамыз?

Қайырлы таң, оқырман! Біз әдеттегідей аптаны #oqy&toqy айдарынан бастамақпыз. Бүгін ЖШС-ны тарату жолдарын айтатын боламыз.
Толығырақ... Оқылды: 1110 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 03.02.2021

Толығырақ... Оқылды: 1935 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.01.2021

Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады. Заң жобасына депутаттар 2019 жылғы Президент Жолдауынан кейін бастама көтерді. Ол бойынша елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының өсуі туралы айтылған. Заң жобасы 10 айдан астам уақыт Парламентте талқылануда. Жұмыс топтары тоқтамай заңнама аясында жұмыс істеуді жалғастырды. Көпті алаңдатқан заң жобасына Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірді. Президенттің айтуынша, өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс. «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау"-, деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter парақшасында....
Толығырақ... Оқылды: 1923 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.01.2021

ЖШС тіркеуі

Сәлем достар! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің (өкілдіктерді) есептік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы айтып бермекпіз.
Толығырақ... Оқылды: 1952 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.01.2021

Алматы облысы Дін істері басқармасы ескертеді

Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату орын алған кезде 453 баптың 1бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 20 АЕК (58340 тенге), лауазымды адамдарға – 25АЕК(72925тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК(145850тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (291700тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК (583400тенге)мөлшеріндеайыппұл салуға әкеп соғады. 2 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 20 АЕК(58340 тенге), лауазымды адамдарға – 25 АЕК(72925тенге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК(145850тенге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК(291700тенге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК (583400тенге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3 бөліміне сәйкес, жеке тұлғаларға – 100 АЕК(291700тенге), лауазымды адамдарға – 1...
Толығырақ... Оқылды: 2071 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.01.2021

Көксу ауданы әкімінің Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті

Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы мен Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Өмірәлинов Бақытжан Кендірбекұлы 2021 жылдың 21 қаңтарында Мұқаншы ауылдық округі тұрғындарының алдында 2020 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жиын «Zoom» бағдарламасы арқылы өткізілді. Есептік жыл табысты болып, округте бірқатар келешегі бар жұмыстар атқарылды. Қазақстанның 50 жылдығы ауылында ауысымына 30 адам қабылдай алатын жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, қолданысқа берілді. Көксу бекеті мен Мұқаншы ауылында көшелер жөндеуден өтті. Қазақстанның 50 жылдығы ауылында спорт алаңы салынды. Өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында Көксу бекетінде өрт сөндіру бекеті орнатылып, қолданысқа берілді. Көксу бекетінде балалар ойын алаңқайы орнатылды. Жетіжал ауылындағы Кәкенов көшесінде суағар жүйесі орнатылды. Ауылдың сыртында тұрмыстық қатты қалдықтар жинайтын полигонға қоршау орнатылды. Алдымыздағы жылы ауылдарымыздың көшелерін жөндеу, көше жарықтарын орнату, арықтар жүйесін ағымды жө...
Толығырақ... Оқылды: 2061 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.01.2021

Мұқаншы ауылдық округ әкімінің округ тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті

Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Бақытжан Өмірәлинов 2021 жылдың 18-19 қаңтар аралығында округке қарасты Қазақстанның 50 жылдығы, Жетіжал, Мұқаншы, Нәдірізбек ауылдарының тұрғындары алдында округтің 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Жиындар карантин талаптары сақтала отырып өткізілді. Ең алдымен, жиында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалды. Жолдаудан кейін округ әкімі тұрғындар алдында округтің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы және 2021 жылда атқарар жұмыстары жайлы баяндамасын оқыды.Әсіресе«COVID-19» пандемиясына қарсы округте атқарылған карантин жұмыстары, аз қамтылған отбасыларға көрсетілген қайырымдылық көмектер, тұрғындарды жұмыспен қамту туралы айтылды. Тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтар бақылауға алынып, ауыл азаматтары округ әкіміне оң баға беріп, ауылдарымыздың жылдан - жылға...
Толығырақ... Оқылды: 2012 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.01.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.