Жаңалықтар

Шынықсаң – шымыр боласың

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл – күйі көтеріңкі болып, денсаулығы жақсарады. Ал, спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын бәріміз білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында футбол, баскетбол, волейбол, тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы, шаңғы тебу т. б. мектептегі дене- шынықтыру пәнінің бағдарламасына енгізілген. Иә, спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Сондықтан, «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы әрі күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге, яғни сананың саулығына жетелейді екен. Аман МАЙКЕНОВ, Жеңіс негізгі орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Толығырақ... Оқылды: 1363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

МЕКТЕПТЕГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ

Мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулы – маңызды мәселенің бірі. Ол – балалардың дарындылығын дамытуға, үлкен зерттеушілік ізденістің бастау алуына апарар алғашқы қадам. Мектептегі ғылыми зерттеу – өскелең ұрпақтың кез келген дүниеге терең үңіліп, білуге деген құштарлығы жан-жақты дамып, өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал ететін рухани-ғылыми ізденістің қайнар көзі. Бұл бағытта бүгінгі таңда білім саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сөзімнің айғағы, таяуда ғана І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті оқу үдерісінің сапасын жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру және қосымша білім беру базасы орталығында колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн біліктілікті арттыру курсын өткізді. Аталмыш курсты Айгүл Тәңірбергенқызы ұйымдастырды. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессорлары– Сарбасова Қарлығаш Базарбекқызы мен Гүлнар Төребекқызы екі а...
Толығырақ... Оқылды: 1355 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

Тәрбие – тал бесіктен

Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс. Балаға сөйлей бастағанынан-ақ ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, ел қамын ойлайтын, тілін, дінін құрметтейтін, өз ұлтымен қатар өзгелерді сыйлай алатындай етіп шығару ата-ананың басты мақсаты болуға тиіс. Қазіргі қоғамның алдында тұрған мәселенің бірі – бүгінгі жас жеткіншектің бойына бәсекеге қабілетті құндылықты қалып...
Толығырақ... Оқылды: 1347 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігі

«Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Н.Назарбаев. Алматы облысы бойынша Өрлеу АОПҚБАИ филиалының аға оқытушысы, тренер Жайна Саметованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» идеялары негізінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту мәселелері» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарға Алматы облысы бойынша 20 -ға жуық педагог мамандар қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар барысында бағдарламаның негізгі принциптеріне тоқталдық. Олар: Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айттық. Прагматизм. Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеологияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсындық. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетімі...
Толығырақ... Оқылды: 1262 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

ПРЕЗИДЕНТ БЕС БҮЛДІРШІННІҢ ӨЛІМІН БҮКІЛ ЕЛГЕ ОРТАҚ ТРАГЕДИЯ ДЕП АТАД

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында өрт салдарынан қаза болған балалардың ауыр оқиғасын бүкіл елдің басына түскен трагедия деп атады. Президент қайғыға ортақтаса отырып, қара жамылған отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Facebook парақшасына жазды. «Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғысын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. Еске салайық, 19 ақпан күні түстен кейінгі уақытта Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт тіркелді. Өрт салдарынан 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған бес бүлдіршін түтінге тұ...
Толығырақ... Оқылды: 669 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 25.02.2021

Қазақ қонақжай халық

Депортацияға ұшырау әрбір ұлт, әрбір тұлға үшін қиынға соққандығы жасырын емес. Қиын-қыстау кезеңінде қазақ халқының қол ұшын созып, соңғы нанымен бөліскендігі бәрімізге белгілі. Өздерінде болмаса да, өзгеде болсын деген ниеттегі қазақ халқына алғысым шексіз. Мен өзге ұлт өкілдерінің жастарының атынан барша қазақ халқына басымды иіп алғысымды білдіремін. Барша қазақстандықтарды шын жүрекпен Алғыс айту мерекесімен құттықтаймын. Өмірлеріңіз көктемдей жарқын, аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын! Александр СОН, Балпық би ауылы.
Толығырақ... Оқылды: 1258 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

АЛҒЫС АЙТУ –ДӘСТҮРІМІЗ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыз – «Алғыс айту» күні деп белгілеуінде үлкен негіз бар. «Баталы ел –арымас, батасыз ел жарымас» деген халқымыздың қашан да бір-біріне тілеулес болуы – ықылым заманнан қалыптасқан ұлттық құндылығымыз. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың қоғамға бейімделіп, тұлға болып қалыптасуында ұстаздардың ролі зор. Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады. «Ұстаздық еткен, жалықпас үйретуден балаға» дегендей болашақтың басшысын да, данасын да ғалымын да, еңбекқор егіншісін де тәрбиелейтін – ол ұстаз. Ұстаз – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік қасиеттерін баланың бойына дарытуға бар саналы ғұмырын арнайтын жан. Биылғ...
Толығырақ... Оқылды: 1295 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

АУДАН ӘКІМІ ӘДІЛ АЛМАС ҚАБДУЛҰЛЫНЫҢ 1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті аудан тұрғындары! Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! Сіздерді келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек. 1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құнд...
Толығырақ... Оқылды: 1270 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021

Арнаулы мониторингтік топ әлеуметтік қызмет сапасын тексерді

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі сапалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 стандартқа сәйкес, 8 арнаулы әлеуметтік қызмет бекітілген. Аталмыш құжатта, бұқараға көрсетілетін қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыру, тұлғаның жеке басына қол сұғылмауы, қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау көзделген. Алматы облысы бойынша, балаларға арналған екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Біреуі, Талдықорған қаласындағы «Қамқор», екіншісі, Талғар ауданында орналасқан «Аяла» орталығы. Өткен жылы аталған екі мекемеде мемлекеттік органдардың мамандары мен қоғам өкілдерінің қатысуымен мониторингтік жұмыс жүргізілді. «Мониторингтік топтың жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесі ағымдағы жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған ведомствоаралық кеңестің отырысында, 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізге...
Толығырақ... Оқылды: 668 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 25.02.2021

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, сондай-ақ Алматы облысы бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының және оның бағыныстағы мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен спорт саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға бағытталған семинар-кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Агенттіктің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, облыс әкімінің орынбасары, Жетісу-адалдық алаңы жобалық кеңсенің кураторы Рустам Әли және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев қатысты. Жиын барысында Жандос Жұмабаев спорт саласының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіріп, 2020 жылы Департаментпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыс нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, Департамент басшысының бірінші орынбасары қатысушыларға облыс аумағында ISO—37001, комплаенс-қызме...
Толығырақ... Оқылды: 1231 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.02.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.