Жаңалықтар
Саяси бюро отырысы |
| Бүгін, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалында аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы А.Әділдің қатысуымен Саяси Кеңес Бюро отырысы өтті. Күн тәртібінде ауданның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» талқыланып бекітілді. Отырысқа Саяси Кеңес Бюросының мүшелері, аудандық мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген бұл «Жол Картасы» өңір дамуына жаңа серпіліс беріп, ауданымыздың әл-ауқатын көтеру жолында орасан зор септігін тигізбек. Әділет АЙТҚАЗЫ, «NUR OTAN» партиясы Көксу аудандық филиалының эксперті. |
| Толығырақ... Оқылды: 1216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.02.2021 |
«Самұрық-Қазынада» «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды» |
| «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекбаев пен Қордың төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылуы өтті. Жобалық кеңсе сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жою, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және Қор компаниялары тобының корпоративтік басқаруындағы қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында құрылған. Мемлекет басшысы «Samruk Business Forum» отандық кәсіпкерлерді қолдау форумы барысында Қор нысандарын 2025 жылға дейін тиімді және ашық жекешелендірудің міндетті құралы ретінде қоғамдық бақылауды атап өтті. Бірлескен іс-шараларды талқылау барысында А.Есімов Қор мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға белсенді қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын барлық бизнес процестерге егжей-тегжейлі талдау жүргізетінін атап өтті. Холдинг осы салада үлкен тәжірибе жинақтады. Қор басшысы атап өткендей, сатып алулар әрқашан ең сыба... |
| Толығырақ... Оқылды: 1378 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021 |
МӘМС бойынша ЭКҰ: 6,2 млрд теңгеге 7 мың циклды қаржыландыру жоспарланған |
| 2021 жылы медициналық сақтандыру қоры алдын ала сомасы 6,2 млрд теңгеге 7000 ЭКҰ циклын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізуге квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 7 есе өсті, өткен жылы 960 млн теңгеге 1105 ЭКҰ қызметі көрсетілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында тегін ЭКҰ-ға кім өтініш бере алады, қайда жүгіну керек және процедураға арналған көрсеткіштер туралы айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды, оның мақсаты - қосалқы репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ) көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу. Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ЭКҰ бағдарламасы аясында 2018 жылы ТМККК шеңберінде 902 циклды және 2019 жылы да дәл осы көлемді қаржыландырған. ДДСҰ мәліметтері бойынша, репродуктивті технологияны жүргізу нәтижесі 45-60% жетеді. ЭКҰ жүргізу тиімділігі біздің елімізде орта есеппен... |
| Толығырақ... Оқылды: 1318 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021 |
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫСЫ ТУРАЛЫ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ |
| Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды. Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған. Олардың қатарына «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» сияқты тағы да басқа туындыларын жатқызуға болады. Бұл өлеңдерінд... |
| Толығырақ... Оқылды: 1293 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021 |
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және (немесе) барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін талап қою мерзімін айқындауға қатысты |
| «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 3 тармақ 48 бапқа сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріліп, салық төлеушілердің мынадай: 1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын; 2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратындар. Салық кодексінің 1 бабы 2 тармағының 22 тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға... |
| Толығырақ... Оқылды: 1148 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.02.2021 |
Жылжымайтын мүлікті нотариуссыз, ХҚО арқылы тіркеу |
| Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында сатып алынған жылжымайтын мүлікті нотариуссыз, яғни ХҚО арқылы тіркеп көретін боламыз. Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз; ХҚО операторына келесі құжаттарды ұсыну: сатып алу- сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз: Мүліктің техникалық паспорты; Мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан); Некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі; Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша: Сату жөніндегі шешім; Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі; Есіңізде болсын ХҚО-ға дайын келісімшартпен келулеріңіз қажет. Келісім-шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс. Жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкілі к... |
| Толығырақ... Оқылды: 1190 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.02.2021 |
А.Баталов: «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудағы «Жол картасы» Жетісу өңірінің дамуына үлес қоспақ |
| Бүгін, Алматы облыстық мәслихатындағы «NurOtan» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтіп, күн тәртібінде «NurOtan» партиясы Алматы облысының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы қаралды. Отырысқа облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов және әкім орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаевоблыстық партия филиалының басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары, департамент, басқарма басшылары қатысты. Жиналысты облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық депутаттық фракция жетекшісі Гүлнәр Тойлыбаева ашып жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті. «Барлықтарыңызға мәлім, «NurOtan» партиясы республика бойынша әр аудан-қала мен облыстық сайлауалды бағдарламасын әзірлеп, қалың бұқараның талқылауынан өткізген болатын. Ерекешелігі бұл бағдарлама әр өңірді жеке қамтып, аймақтың дамуы жолында өз рөлін а... |
| Толығырақ... Оқылды: 1258 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.02.2021 |
МӘМС мүмкіндіктері: жүкті әйелдерді, мигранттарды және БЖТ төлеушілерді не мазалайды? |
| Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз өзектілігін жоғалтпайтын тұрғындардың сұрақтарына жауап беруді жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, өтінішті кез келген кері байланыс арнасы - 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот @SaqtandyryBot және ресми сайт арқылы қалдыруға болады fms.kz. - Ай сайын БЖТ төлеймін, сонда да «сақтандырылмаған» деген мәртебе беріледі, неге? - Сірә, өтініш берген сәтте ағымдағы ай үшін БЖТ төленбеген немесе алдыңғы үш ай ішінде олқылықтарға жол берілген. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, сақтандыру мәртебесін алу үшін БЖТ-ны үш ай қатарынан төлеу қажет. Сонымен бірге, егер ол төртінші айда медициналық көмек алуға ниет білдірсе, онда ол ары қарай БЖТ төлеуі керек. Мүмкін, адам техникалық себептермен жүйеден «шығып қалған» шығар. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет. Егер мамандар барлық жарналардың бар екеніне көз жеткізсе, мәр... |
| Толығырақ... Оқылды: 1279 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2021 |
Жетісуда 1,1 млрд. теңгеге демалыс базалары салынады |
| Аламты облысы табиғаты көз тартар көрікті мекен. Жетісу өлкесі туристік нысандарға бай. Сол себепті, бұл аймаққа туристер ағылып келеді. Алайда, пандемияға байланысты былтыр аса жоғары көрсеткіш тіркеле қоймады. Салдарынан, келуші туристер саны 42 пайызға төмендеген. Дегенмен, туризм саласы тұралап қалған жоқ. Соңғы жылдардағы ішкі туризмнің дамуы оң нәтиже көрсетіп отыр. Сәйкесінше, келушілерге қызмет көрсететін нысан саны 803-ке жеткен жайы бар. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 21,0 млрд.теңгені құрады, бұл республикалық көлемнің 14,5% - ын құрайды. Оның ішінде, 2020 жылы облыс картасында 24 жаңа нысан пайда болып, осы салада еңбек еткен халық саны – 27 мыңға жетті. 2021 жылы инфраструктуралық жобаларды іске асыруға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 29,2 млд. теңге бөлінуі көзделген. Сонымен қатар, 171 жұмыс орнын құрумен құны 1,4 млрд.теңгеге 10 инвестициялық жоба пайдалануға беріледі. &laq... |
| Толығырақ... Оқылды: 1257 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.02.2021 |
«Жас маман» жобасына өңірден 5 колледж қатысуда |
| Білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту, сапалы кәсіптік мамандар даярлау мақсатында 2019 жылы «Жас маман» жобасы бекітілген еді. Бұған республика көлемінде 180 колледж іріктеліп алынға. Алматы облысынан 10 колледж осы жобаға енгізілген болатын. «Жас маман» жобасы аясында колледждерде теориялық оқыту кабинеті мен өндірістік оқыту шеберханалары халықаралық «Worldskills» стандарттарына сай замануи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Кабинеттер мен шеберханаларда қажетті коммуникациялар мен инфрақұрылымдар жүргізіліп, тиісті жиһаздармен қамтамасыз етілді. Ол үшін облыстық бюджеттен 5% көлемінде қосымша қаржыландыру үшін 80,2 млн.теңге қаражат қарасырылды. Биылғы жылыда аталмыш жоба өз жалғасын таппақ. 2021 жылы «Жас маман» жобасына енген 5 колледжге республикалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қарастырылды. «Жоғарыда аталған колледждердің базасында «Аспаз», «Кондитер», «Нан пісіру,... |
| Толығырақ... Оқылды: 1372 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021 |
