Жаңалықтар

Әкімдер есебі онлайн және офлайн режимдерде өткізіледі

Алматы облысында қаңтардың 18-інен ауылдық, кенттік округтер мен аудан, қала әкімдерінің есеп беруі басталды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасындағы есеп беретін мемлекетті қалыптастыру міндетіне, сол сияқты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына сәйкес әр деңгейдегі әкімдер жыл сайын тұрғындар алдында есеп береді. Осыған орай облысқа қарасты 17 аудан мен 3 қалада 18 қаңтар мен 5 ақпан аралығында 800-ден астам есепті жиындар өткізу көзделген. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты аталған жиындардың 300-дейі онлайн режимде ұйымдастырылады, қалғаны барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн форматта өткізіледі деп жоспарланған. Есепті кездесулер облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиынымен қорыт...
Толығырақ... Оқылды: 1372 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 21.01.2021

ТЖБ

Өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі электр желісіндегі қысқа тұйықталу болып табылады. Бұл желіге ақаулы электр құралының қосылуына немесе сымның оқшаулануына байланысты болуы мүмкін, бұл екі өткізгіштің қосылуына және олардың температурасының күрт өсуіне және одан әрі жануына әкеледі. Сонымен қатар, қысқа тұйықталу нәтижесінде ұшқын жиі пайда болады, олар жақын орналасқан жанғыш материалдарды тұтатуы мүмкін. Электр қондырғыларына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, мұндай жағдайды толығымен болдырмауға болады. Мұндай жағдай туындаған жағдайда кәсіпорында бекітілген Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрекет ету қажет. Үйде болса өртке қарсы қарапайым ережелерін басшылыққа алу ұсынылады: желіге ақаулы құрылғыны қоспаңыз және элетроқондырғыларын жөндеу үшін маманға жүгініңіз.
Толығырақ... Оқылды: 1636 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.01.2021

Алматы облысында індеттің қарқыны 1,1% құрайды

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021 жылдың 20 қантарына сәйкес коронавирустық инфекцияның 8376 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 3325 белгілері бар. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Бүгінгі күні, Облыстық көрсеткіштің артуы Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалаларында және Көксу, Қаратал, Ескелді, Ақсу аудандарында байқалады. «Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,8% - дан 1,0% - ға дейін ұлғайды. Коронавирустық инфекцияның R саны 1,19, ал Республика бойынша 1,14 құрады, облыстар арасындағы сегізінші орында тұр. Соңғы тәулікте КВИ-дің 92 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны - 1,1%»,- дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшының орынбасары Асхат Чарапиев. 2021 жылғы 21 қаңтардан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу жоспарлануда: 1. Елді мекендер ішіндегі қоғамдық көлік...
Толығырақ... Оқылды: 1625 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.01.2021

Алматы облысында 2020 жылы 277 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді

2020 жылы Департаментпен 277 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 84% - дан астамы, яғни 232-сі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 4,9 млрд.теңгені құрады, 4,4 млрд. теңге өтелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов «JETISÝ MEDIA»алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, департамент жұмысы 52% немесе 142 құқық бұзушылық орын алатын ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтауға бағытталған. Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар – бұл парақорлық – 196 қылмыс (пара алу – 75, пара беру – 117, парақорлыққа делдал болу – 4), лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану – 10, қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық – 7, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан – таражға салу-6, билікті асыра пайдалану-10. «Сыбайлас...
Толығырақ... Оқылды: 1662 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.01.2021

COVID-19 індетіне шалдыққан 93 жағдай анықталды

Алматы облысы бойынша осы уақытқа дейін коронавирустың 8284 жағдайы тіркеліп, оның ішінде 6215 адам емделіп шығарылды. Коронавирус инфекциясының белгілері 3268 адамнан анықталған. Қазіргі таңда облыстағы 617 пациенттің 177-сі инфекциялық бөлімшелерде, 440-ы үйде оқшаулау жағдайында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Соңғы деректер, 18 қаңтар күні облыста 93 жағдай анықталып, тәулігіне өсім – 1,1% құрап отыр деп көрсетуде. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің бақылауында 2472 адам бар. Инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек саны 1138 - ден 1300-ге дейін артты. Облыстағы медициналық мекемелерде 1300 инфекциялық төсек бар. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 124-тен 135-ке ұлғайтылды»,- дейді Алматы облысының бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков. Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен...
Толығырақ... Оқылды: 1611 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.01.2021

Жыл басынан бері ХҚО-ларда 270 мың ЭЦҚ берілген

ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсімдеушілер саны қаңтар айында күрт өсті. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдеген, бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда 30 % көп. Бұл зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлердің декларация тапсыру уақытының басталғанымен байланысты. Цифрлық қолтаңбаны рәсімдеушілер арасында Алматы, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көп, көшбастап тұрған мегаполис – Алматыда 27 мың болса, қалған екеуінде 23 мыңнан қолтаңба алынған. ЭЦҚ-ны ХҚО арқылы ең аз рәсімдегендер саны Батыс-Қазақстан облысында – не бары 7 мың. Мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Кожиховтың айтуынша, ЭЦҚ-ны онлайн түрде рәсімдеуге болады, сондықтан пандемия уақытында халық көп жиналатын жерге барудың қажеті жоқ. «Біз әр тұрғынның денсаулығына алаңдаймыз. Бүгінде ЭЦҚ-ны үйде отырып-ақ, бірнеше минуттың ішінде рәсімдеуге болады»,– дей...
Толығырақ... Оқылды: 1374 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.01.2021

Балалар, коронавирус және дәрі-дәрмектер туралы: ӘМСҚ халықтың арасында жиі кездесетін сұрақтарға жауап берді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын медициналық көмек көрсету және МӘМС жүйесіне қатысу тәртібі туралы жүздеген сұрақтар келіп түседі. Сіздердің назарларыңызға жиі қойылатын сұрақтарды таңдадық. -Медициналық сақтандыру бойынша қандай клиникалар жұмыс істейтінін қайдан көре аламын? Мен өзім емделетін клиниканы таңдай аламын ба? - ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізімімен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында танысуға болады. Әркімнің дәрігер мен емхананы еркін таңдауға құқығы бар. Тіркеу науқаны кезінде медициналық мекемені жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе өзі жататын емхана қайта ұйымдастырылса ауыстыруға болады. - Коронавирустық инфекциядан кейін оңалтудан өтуді қалаймын. Ол үшін не істеу керек? - Ең алдымен, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабар...
Толығырақ... Оқылды: 1397 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 19.01.2021

«Жетісу ертегілері» байқауы өтеді

Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ «Жетісу ертегілері» атты 1-ші ертегілер байқауын жариялайды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. Байқауға өңірдегі 71 этномәдени бірлестіктер қатысады. Сонымен қатар, жетісулық тұрғындар жас шамасына қарамастан бірегей туындыларын жібере алады. «Ертегілер жинағын құру идеясы әжемнің немерелеріне айтқан қызықты ертегілерінен бастау алған еді. Әңгіме барысында әжем оларға отбасылық құндылықтар, достық, бейбітшілік пен бірлік туралы біліммен түсінік беретін. Бұл ұрпаққа мұра болатын құндылық.Сондықтан уақыт өте ұмытылған халық ертегілерін жандандыру мақсатында біз осы жобаны іске қосамыз»,- дейді Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директоры Сандуғаш Дүйсенова. Мазмұны мен тақырыбы бойынша үздік шыққан ертегі аудио форматқа ауыстырылып, PlayMarket және AppStore қосымшаларына орналастырылып, ашық қол жетімді болады. Бірегей қосымшаны өз саласының мамандары,...
Толығырақ... Оқылды: 1392 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 19.01.2021

Мобильді азаматтар базасы

Құрметті достар! Мобильді азаматтар базасы (МАБ) – eGov қызметтерін пайдаланушының жеке мәліметтері жинақталып, сақталатын база. Азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) базаға енгізілген телефон нөмірімен байланысты болады. Сәйкесінше, базаға тіркелген азаматтар eGov-тың мобильді қосымшасы мен Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн ала алады. eGov порталына ЭЦҚ-сыз бір реттік пароль арқылы кіруге болады. Мобильді азаматтар базасына Қазақстанның жеке куәлік алған (16 жастан асқан) азаматтары тіркеледі.
Толығырақ... Оқылды: 1641 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021

Мүгедектігі бар азаматтардың санаторлық-курорттық емі

Қайырлы күн, оқырман! Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтінішті ХҚО-арқылы да рәсімдеуге болатынын білесіз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз.
Толығырақ... Оқылды: 1613 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.