Жаңалықтар

ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ - ТОҚАЕV

Бәрімізге белгілі, 9 маусым күні еліміз үшін өте маңызды әрі жауапты кезең - кезектен тыс президенттік сайлауы өтті. Бұл сайлау - біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Сол себепті де, біз - жастар, өз дауысымызды ҚР-ның президенті болуға әбден лайықты деген үміткерге дауыс бердік. Ол - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Және сол кісінің жеңіске жеткеніне қуаныштымыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы - осы уақытқа дейін еліміз үшін елеулі еңбек етіп келді. Премьер министр болған жылдары ел экономикасы айтарлықтай жақсарды. Шет мемлекеттермен де байланысымыз тұрақты түрде орнады. Алғаш президенттік қызметке тағайындалған уақытта өзінің білімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Халықпен кері байланысты орнату мақсатында әкімдер мен министрлерге әлеуметтік желіде аккаунт ашуды тапсырды. Себебі, қазіргі жаһандық заманда интернет - таптырмас құрал. Тіліміздің мәртебесін де назардан тыс қалдырмады. «Бұл— өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс...
Толығырақ... Оқылды: 395 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

Ұйым жұмысы қорытындыланды

Кезектен тыс сайлау кезінде Алматы облысы бойынша төрт құқық бұзушылық анықталды. Оның екеуі ұйымдастқан түрде өткен. Бұл туралы облыстық «Аманат» платформасының жетекшісі Қайрат Жаңабаев айтты. Баспасөз мәслихаты барысында алда атқарылатын жұмыс барысы да баяндалды. Сонымен қатар маңызды кезеннің әділ өтуін қамтамасыз еткен. Ұйымның мақсаты сайлау үдерісіне мониторинг жүргізіп, ашықтықты қадағалау. Жалпы бірлестікте штаб бірлестіктермен қатар, сарапшылар мен жастар да бар. Айта кетсек, «Аманат» платформасы 15 мамырдан бері 5 басты бағыт бойынша өз жұмысын жүргізді. «Болашақта платформамыздың үлкен жоспарлары бар. Оның біріншісі әлеумет жағынан үлкен проектіні қолға алмақпыз. Жастарға көмек көрсету, жұмыспен қамту. Бизнес центрлерді ашу сияқты жобалар жүзеге асырылады»,-деді облыстық «Аманат» платформасының жетекшісі Қайрат Жаңабаев.
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

Көксу ауданында қырық жылдан аса күрделі жөндеу көрмеген мектеп қайта жаңғыртылудан өтеді

Аудан басшысы Алмас Әділ Злиха Тамшыбай ауылындағы З.Тамшыбай атындағы орта мектепке барды. 640 оқушыға арналған білім мекемесінде қазір 302 бала оқып жатыр. Мектеп директоры Гүлмира Садырбаеваның айтуынша, ғимарат 1974 жылы салынған. 1998 жылы мектеп терезесі, 2004 жылы мектеп жабындысы ауыстырылған. Содан бері білім мекемесіне бірде бір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Қазір тозығы жеткен мектептің демонтаж жұмыстары аяқталып, іргетасының, қабырғаларының сесмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мектептің күрделі жөндеуіне 502 миллион теңге бөлінген. Мердігер компанияның айтуынша жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жылыту және желдету, су және кәріз жүйелерін, ішкі электржүйелерін, өртке қарсы дабл жүйелерін, балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйелерін орнату қарастырылған екен. Мердігер «Жібек Жолы құрылыс сервис» компаниясы мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын 20-тамызға дейін аяқтауды уәде етіп отыр. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысып шыққан а...
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 маусым

Бүгін - Гавай аралдарында Камеамеа патшасының күні. Бұл мейрамды 1871 жылы патша V Камеамеа өз атасы, Гавай аралдарында Ұлы Камеамеа ретінде белгілі - I Камеамеаның құрметіне қабылдады. Алғаш рет мереке 1872 жылы тойланған. Сонымен қатар, бүгін Ресейде шашыраңқы склероз күні аталып өтеді.Шашыраңқы склероз дертіне шалдыққанда ми мен жұлындағы жүйке талшықтарының миелин қабықшасы зақымданады. "Шашыраңқы склероз" деген атаудың кәрілік кездегі склерозға қатысы жоқ. Мұнда "склероз" - "тыртық" дегенді, ал "шашыраңқы" көптік мағынаны білдіреді.Жүйке талшығы құрылымының үздіксіз бұзылуы науқасты мүгедек адамға айналдырады. Алғаш ретшашыраңқы склероз күні Ресейде 2010 жылы аталып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 422 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.06.2019

Білім және медицина саласы қызметкерлеріне жарнасыз пәтер беріледі

Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге бастапқы жарнасыз берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында екі жыл ішінде 3 000-ға жуық дәрігерлер мен мұғалімдер пәтерлі болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ министрліктер мен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлеріне «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жалға беру туралы келісімге қол қойды. Белгілі болғандай, бағдарламаны қаржыландыруға шамамен 40 млрд. теңге бөлінеді және бұл қаражат мемлекеттік бюджеттен алынбайды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айутынша, алғашқы жылы республика бойынша 1500 медицина қызметкері пәтермен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам дәрігер меншікті тұрғын үйге мұқтаж. «Денсаулық сақтау саласында 400 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Олардың арасында 170 мыңы мейірбике және 60 мың дәрігер бар. Баспана тапшылығы...
Толығырақ... Оқылды: 480 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 11.06.2019

ӘДІЛ САЙЛАУ - ӘДІЛЕТТІЛІК НЫШАНЫ

Президенттік сайлау– елдегі демократияны нығайту жолындағы үлкен қадам. Сол қадамның дұрыс жасалуы - әділ өтуіне байланысты. Әділ сайлау - әділеттілік нышаны. 9 маусым - Қазақстан халқының тағдырын шешетін күн. Бұл күн біздер үшін өте маңызды. Сол себепті де, мен де айтулы күнге өзімнің сүбелі үлесімді қосуға тырыстым. Таңның атысымен өзімнің тұрақты мекенімнен сайлау уческесіне бардым. Бұл менің ең алғашқы дауыс беруім. Елімнің болашағын ойлайтын, Тәуелсіздігіміздің айбынын асқақтататын азаматты мемлекет басшысы ретінде ұсыну мен үшін абыройлы іс болды. Сайлаудың әділ әрі тыныш өткеніне қуаныштымын. Еліміз жасасын! Президент жасасын! Диляра Юсупова, "Нұрлы Көксу" газетінің тілшісі. Мен Абдыкалыова Айдана Жандарбекқызы сайлау ашық әрі әділ өтті деп ойлаймын. Себебі, сайлаудың әділ, ашық, заңды түрде ұйымдастырылып, өткізілуін бақылаушылар бақылауында болды. Олар сайлау процессін жіті бақылап, оның әділ де ашық болуын, заңдылықтың сақталуын қадағалады....
Толығырақ... Оқылды: 454 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 маусым

10 маусымда қандай қызықты оқиға болды Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік балмұздақ күнін атап өтеді. Бұл дата АҚШ-та алғаш рет жаппай балмұздақ сатылған күнге (1786 жылы) орайластырылған, алайда балмұздақ одан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған. Оның алғашқы "үлгісі" мұз немесе қармен араластырылып жеміс-жидектен жасалатын қытайлық десерт болды. Ежелгі гректер мен римдіктер де салқын шырындар мен сүт өнімдерін сүйсіне жеген. Аңыз бойынша Еуропаға балмұздақ рецептін Қытайдан Марко Поло әкелген. XVII ғасырдың соңында Жерар Тирсен (франциялық аспаз) сүт және кілегей қосылған мұздатылған ваниль кремінің рецептін жасады, ол "неаполитандық балмұздақ" деп аталды. Сондай-ақ бүгін "Союзмультфильм" киностудиясының туған күні. Бұл атақты киностудия Мәскеу қаласында 1936 жылдың 10 маусымында ашылғанын біреу білсе, біреу білмес. Алғашқы мультфильм ақ-қара форматта көрсетілгеніне қарамастан бұл кинематография саласында ұлы серпіліс болды. Ол туынды "Африкада күн ы...
Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 10.06.2019

Бай адамдардың ең басты 4 мотиваторы

Дүниеге келгеннен кейін адамның жетістікке жетуге толық мүмкіндігі бар. Алайда байлық, мансап әркімнің уысына түсе бермейді. Себебі қалағанына қол жеткізу әр адамның құлшынысында жасырулы. Құлшыныстың оянуы, тұрақтауы үшін әлбетте жігер керек. Әлемдегі жетістікке жеткен адамдардың барлығына ортақ мотиворлар болған. Олар жайлы білгіңіз келе ме? №1. “Қажет екендігіңді” сезіну Егер жұмыста сізден біреу келіп ақыл-кеңес сұраса, сізден дұрыс бағыт ала білсе, көңіліңізге жағады. Бұл – ешқандай да менменсу, тәкаппарлану емес. Адам өзінің қоғамға, әлемге керек екендігін сезінуі керек. Сондай-ақ қоғамның қандай өкіліне болмасын өзгелердің пікірі маңызды рөл атқарады. Егер адам өзгелерге қажет екендігін сезінетін болса, ол ешқашан қолды бір сілтеп, күйзеліске түспейді. Өйткені ол “керек адам” әрі оның қызметі – қоғамның маңызды бөлшегі. Бұл тек қызметкерлерге ғана емес, үйбикесі болып отырған әйелдерге, барлық адамдарға тән болуы тиіс ерекшелік....
Толығырақ... Оқылды: 379 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 10.06.2019

Жақсы пиар маман болудың 10 ережесі

Қоғаммен байланыстың кез-келген салада алар орны ерекше. Пиар маман бұл саланы меңгеріп қана қоймай, біз ұсынғалы отырған қағидаларды да ұстануы өте маңызды. Олай болса, сіздерге жақсы пиар маманы атанудың 10 ережесін ұсынамыз. Аңыз адам ретінде қалыптасыңыз Егер сіз белсенді болғыңыз келсе, әуелі өзіңіз қызықты бола түсіңіз. Өмірбаяңызға өзіңіз туралы қызықты деректерді қосыңыз. Мысалы, жетістіке қалай жеткеңізді, ата-анаңыздың махаббаты қандай екенін айтып беріңіз. Бауырларыңыз бен өмірде кездескен қиындықтарыңыз туралы да жазыңыз. Көп жетістке жеткен жандар аула сыпырушы болғанынан бастап, қалай байығанына дейін баяндап отырады. Өзіңнен ештеңе аямаңыз Танымал тележүргізуші Андрей Малахов: «Егер менде қосымша ақша болса, мен оны өзіме жұмсаймын» дейді. Киген киіміңізбен сыртқы болмысыңызға аса мән беріңіз. Айналаңызды адал жандармен толықтырыңыз Спортшы, музыкант немесе сахнаға шығатын адамдардың жанында әркез менеджері, баспасөз өкілі немесе PR...
Толығырақ... Оқылды: 414 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 10.06.2019

ЖАЗҒА АЙНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР

Жаз–ересектердің де, балалалардың да демалысқа шығып, тынығып, жан мен тәнді сауықтыратын ғажайып жыл мезгілі.Бұл кезең – ағзаның керегін түрлі дәруменге толы жеміс-жидек, көкөністермен толықтырып, денені қыстың суығына арнап дайындау үшін таптырмас қолайлы уақыт. Сонымен бірге, күн сәулесін мөлшерден көп қабылдау немесе демалыс уақытына тиімді жоспар құрмау көңіл-күйіңізді түсіріп қана қоймай, жыл бойы асыға күткен демалысыңыздың шырқын бұзуы мүмкін. Төмендегі кеңестерге назар аударсаңыз, аталмыш қателіктерге бой алдырмасыңыз анық. Жазда жеміс-жидек пен көкөністіңмол болады.Бағасы да қолжетімді, өте жиі қолдана аламыз. Сондықтан белгілі бір уақытқа ет өнімдерін өте аз мөлшерде қолдансаңыз жетіп жатыр. Тағы да айта кетейік, жазда ағзаға молынан дәрумен жинау–қыстың қамы. Жаттығудан соң міндетті түрде суға шомылыңыз.Жаттығу кезінде терлейтініміз анық, ал термен бірге денемізден токсиндер бөлініп шығады.Сол себепті, тез арада жуынып алған жөн. Егер душ қабылд...
Толығырақ... Оқылды: 439 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 10.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.