Жаңалықтар
Жастар ел болашағы |
| Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Осы ретте 23 қазан күні аудандық жастар саясатының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбиновтың ұйымдастыруымен аудандық әкімшіліктің ғимаратында "Жастар ел келешегі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін ояту және отансүйгіштікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Атаулы тақырып төңірегінде жиынға қатысқан жас буын өздерінің ойын ортаға салып, ашық аңгіме жүргізді. |
| Толығырақ... Оқылды: 239 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.10.2020 |
«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Алматы облысы көлемінде дәріханаларға мониторинг жүргізуде |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың азаймайтын қорын қалыптастыруды тапсырған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі "СК-Фармациямен" бірлесіп, стационарларда, әсіресе, жұқпалы аурулар ауруханаларында дәрі-дәрмектердің болуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Осыған орай, пандемияның екінші толқынына даярлығын «мониторинг жүргізу» аясында Талдықорған қалалық дәріханалардың дәрі-дәрмек қорына, медициналық бетперде мен қолқаптың сатылымда болуына "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері мен Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерімен бірлесе мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері және фармацевтикалық қызмет бөлім басшысы - Қадырбайқызы Айымгүл Талдықорған қаласы бойынша дәріханалардың пандемияның екінші толқынына даярлық кезеніңіне мониторинг... |
| Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020 |
Ортаны қорғау - ортақ міндет! |
| Ортаны қорғау дегеніміз – өзіміз өмір сүріп жатқан қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи заттарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен адамзаттың өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі болып табылады. Қазақстан республикасында «Қоршаған ортаны қорғау туралы» арнайы Заң жобасы 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, әртүрлі биологиялық қалыптарды сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан республикасын экологиялық қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа ала отырып Қоршаған... |
| Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.10.2020 |
COVID-19: ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ |
| ЖАҚЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ. ЖИЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЕЛДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛҒА ТОҚТАЛЫП, ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ. ЕНДІ ЕЛІМІЗДЕ БҰЛ КЕҢЕСТЕН СОҢ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛМАҚ? Әлемнің кейбір елдерінде коронавирустың екінші толқыны басталып кеткені бізге дайындықты күшейтуге бірден бір себеп. Елдегі тұрақты ахуалға қарамастан, бұрын жіберілген қателіктен сабақ алып, екінші толқынды мейлінше оңай еңсеру – Мемлекет басшысының басты тапсырмасы. Ол үшін ең алдымен тест жұмыстарын жүргізу. Мәселен, елдегі зертханалар күніне 40-60 мың талдау жұмысын жүргізуге қауқарлы болса да, бізде тәулігіне тек 18 мың тест тапсырылады. Биылғы 5 қазанмен есептегенде 100 мың тұрғынға шаққанда Қызылорда, Алматы облысы мен Шымкент қаласында тест тапсыру саны ең аз. Ал Атырау мен Батыс Қазақстан облысы сынама тапсыруда максималды көрсеткішке жеткен. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұның басты себебі – тесттің... |
| Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.10.2020 |
КОРОНАВИРУС: КӨКСУДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ |
| «Жаман айтпай, жақсы жоқ»,- дейді дана халқымыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаққан дабылы бойынша алдағы уақытта пандемияның екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған байланысты аудандық аурухананың мәліметі бойынша өңірде жүйелі дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өңірде коронавирус індеті мен пневмонияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты провизорлық стационар жабық. Тек жұқпалы аурулар ауруханасы ғана жұмыс істеп тұр. Бұған қоса күзгі толқынға дайындық шаралары жүріп жатыр. Коронавирустық инфекциямен күресу үшін 65 төсектік провизорлық бөлімше дайын. Сондай-ақ, аталмыш инфекцияға ұқсас белгілері бар науқастарды қабылдау үшін екі сүзгі-кабинеті дайындалған. Барлық медицина қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияны анықтау және емдеу алгоритмдерінің нұсқаулары мен диагностикалау және емдеу хаттамалары бойынша оқыту жүргізілді. Жеке қорғану құралдарының және дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы... |
| Толығырақ... Оқылды: 267 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.10.2020 |
ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАҢА ЗАҢНАМА ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ |
| Бүгін Jetysu медиа орталығында СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ НОВЕЛЛАЛАР тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажановтың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг аясында Ернар Мақажанов 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға енгізілген ұсыныстар бойынша баяндады. Департамент басшысы Ернар Мақажанов атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижесі 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспа... |
| Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
Поправки в законе: родственникам госслужащих запрещено принимать подарки |
| 6 октября Глава государства подписал закон по вопросам противодействия коррупции, разработанный Агентством во исполнение Плана законопроектных работ Правительства на 2020 год. На основе данного закона внесены поправки в 3 кодекса и 10 законов. Об этом в ходе пресс-конференции рассказал руководитель Департамента Агентства по противодействию коррупции по Алматинской области Ернар Макажанов. По его словам, теперь закон запрещает госслужащим и иным лицам, принявшим на себя антикоррупционные ограничения, получать подарки, материальное вознаграждение, услуги, предоставляемые за их действия в пользу дарителей. Следовательно, расширен и круг лиц, которым запрещено дарить подарки за действия в пользу дарителя. Это – депутаты, судьи, политические служащие, госслужащие корпуса «А», управленцы квазигосударственного сектора, а также члены их семей. «Под членами семьи лица, принимающего на себя антикоррупционные ограничения, понимаются его супруга, родители, дети, в том... |
| Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.10.2020 |
Мемлекеттік қызметте туыстық қатынасқа орын жоқ |
| Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тосқауыл қоюға бысым назар аударылған. Құзырлы органдар бұл ретте заңнамалық тұрғыдан өзгерістер енгізуде. Құқықтық негіздегі бір қатар қабылданған қатаң шаралар «бармақ басты, көз қыстылықты» жоюдың тетігі болмақ. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға мемлекет басшысы 6 қазан күні қол қойған еді. Бас құжаттағы 3 кодекс пен 10 заңға түзетулер енгізілді. Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Ең әуелгі заңдағы өзгеріс, мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге және аталған тұлғаларға сыйлық алуға тыйым салынып отыр. Сыйлық алуға тыйым салынған тұлғалар қатарына депутаттар, судьялар, саяси қызметшілер, "А" корпус... |
| Толығырақ... Оқылды: 297 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
АНТИКОР ЖӘНЕ БҰҰДБ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТАДЫ |
| А.ж. 20 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесті. Кездесудің негізгі күн тәртібі – БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша ынтымақтастықты талқылау болды. «Қазіргі жағдайда пәрменді қылмыстық-құқықтық құралдармен қатар жүйелі алдын алу жұмысының да маңызы зор. Бұл тұрғыда парасаттылық, ашықтық, есептілік және тұтынушыға бағдарлану арқылы мемлекеттік аппаратты трансформациялау шешуші рөл атқарады», – деп атап өтті Алик Шпекбаев. Өз кезегінде БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш ведомствоның қызметіне жоғары баға беріп: «Былтыр Агенттіктің құрылуы – елдің жемқорлықты жеңуге ұмтылысының тікелей көрсеткіші. Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халықаралық стандарттар мен рейтингтер тұрғысынан жан-жақты, жүйелі жұмысын көріп отырмыз. Орталықта және өңірлерде БҰҰ-ның саясатына сәй... |
| Толығырақ... Оқылды: 228 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТУЫНДАУЫН БОЛДЫРМАЙТЫН – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУДЫҢ ЖЕТІ ТӘСІЛІ |
| Бүгін Алматы облысының жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы мен көтеріп отырған, шешімін іздеуді талап ететін мәселе, халықтың әлеуметтік осал топтарының - отбасы мүшелерінің алименттік қатынастарының мүдделерін қозғайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты - азаматтардың неке-отбасы қатынастары болып табылатыны белгілі. Дамудың қазіргі кезеңінде отбасы-әлеуметтік және рухани институт ретінде өзгерістерге ұшырады, тіпті отбасылық дағдарыс туралы айтуға болады. Заңды түрде бекітілмеген ажырасулар мен заңсыз өмір сүру саны өсуде. Неке заңды күші жоқ және тиісті құқықтық салдарлар туғызбайтын діни жоралар бойынша жасалады. Бір ата-анасы бар отбасылар мен некеден тыс туылған балалар көбейіп жатыр. Соңғы жылдары Қазақстанда, посткеңестік кеңістіктегі басқа республикалардағыдай, неке қию деңгейінің тұрақты төмендеуі және ажырасу санының артуы байқалады. 2019 жылғы бірінші тоқсанның статистикалық деректеріне сәйкес ҚР бойынша жасалған нек... |
| Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
