Жаңалықтар

ӘЖЕМ АЙТЫП ЕДІ...

1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді. 2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа. 3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл. 4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ЕРІМ, БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӘКЕСІ, БОЛАШАҒЫМ деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды. 5. Оны қадір тұт. Бар жақсы сөзіңді арна. Жұрттың, балаларыңның көзінше құшақтап, сүйме. Өзіңнің де, оның да қадірін қашырасың. Оның барлығы оңашада қылар іс. Ал басқа уақытта көз қарасың мен оған жасар жақсы ісің де жетіп жатыр. 6. Оның жасар ісіне араласпа. Ақылды әйел сен араласпай-ақ қажет ақылын өзі келіп сұрап алады. 7. Оны қызған. Тек жөнімен болғаны дұрыс. Ал шамадан артық қызғану...
Толығырақ... Оқылды: 392 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 07.06.2019

Келін қай қылығымен сүйкімді

Қазақ халқында келіннің отбасындағы рөлі мен орны өзінше бір бөлек. «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» дейді ата-бабаларымыз. Ұлын ұяға қондырып, шаңыраққа келін түсіру өмірдің ең маңызды ісі саналады. Өйткені ұл өсірген ата-ана үйге келіп түсер келіннің қандай боларына қам жейді. Бойжеткен сүйгені өскен шаңыраққа бас сұғып, табалдырығын аттаған күннен бастап өзінің келін екенін сезінгені дұрыс. «Қызымдай көремін» деген сөзге мастанбай, келіннің қыздан да адал боларын дәлелдеңіз. Осы себеппен біз бүгін cіздерге болашақта өнегелі де, ибалы келін болсын деген мақсатпен «Келін қай қылығымен сүйкімді?» деген тақырыпты ашпақпыз. Келіннің бойыннан қандай жағымды қылықтар табылуы керек? Келін ашық-жарқын мінезді болуымен сүйкімді. Оның жайдары, ақкөңіл, әрі ашық-жарқын болғаны жақсы. Енді ғана танысып жатқан жаңа туыстарымен дұрыс қарым-қатынас орнатып, жаңа ортаға оңай сіңісіп кетуі үшін мінезінің ауыр болмағаны жөн. Кез келген адам келіннің қабағына қ...
Толығырақ... Оқылды: 429 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 07.06.2019

Хасан Әл-Басридің өнегелі сөздері

Көп сөйлеуді тастаған адамға даналықбберіледі де, басқалардыңкемшілігін іздеуді тастаған адамғаөз кемшіліктерін түзеуге мүмкіндік беріледі. 1. Адамдар ортасында сұрақ сұралмаса, жөнсіз сөйлеме! 2. Жастық шағыңда білімге ұмтыл. Өйткені жастық шағың – көңіл-зейінің таза болатын сәт. 3. Әрдайым Алладан қорық, аманатты орында. Адамдарға үгіт-насихат жаса. 4. Ешкімді өзіңнен төмен санама. Өз орныңды білгеніңдей, басқалардың да орнын, қабілетін тани біл. 5. Білімсіз адамдармен, әсіресе, діни тақырыптарда талас-тартысқа түспе. 6. Пікірталас ережесіне бағынбайтындармен және таластан пайда көздейтіндермен тартыспа. 7. Біреу сенен сұрақ сұраса, нақты жауап бер. Көп мәлімет бермек болып сөзіңді шашыратып алма. 8. Кәсіпсіз-нәсіпсіз он жыл қалсаң да, білімнен бет бұрма. 9. Шәкірттеріңе өз балаңдай мейірлен, олардың білім-ғылымға ынтасы артсын. 10. Адамдардың айыбын іздеме, керісінше жақсылықтарын көр. Тек діни тақырыптарда қателері көрінсе, көргендеріңді басқа адамдарға одан сақта...
Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 07.06.2019

АҚЫЛ АРТЫҚ ЕТПЕЙДІ

☆. Ерте тұруға үйрен! ☆. Майда нәрселерді дерт етпе! ☆. Барлық кезде жаңа нәрсе үйренуге бейім бол! ☆. Қызмет етуді әдетке айналдыр! ☆. Қарсыласқан әрбір нәрседе Жаратқанның ізін назардан қалдырма! ☆. Жете алмай жүргеніңді емес, қолың жеткен нәрсені ойла! ☆. Ешкімнің сөзін бөлме, сөйлемін аяқтама! ☆. Басқа пікірлерден аз да болса дұрыстық үлесін ізде! ☆. Істеген жақсылықтарыңды жасыр! ☆. Қайтпай ұстанатын пікірлеріңді жұмсартуға тырыс! ☆. Адамдардың әртүрлі болатын түсін, сыпайы бол! ☆. Анда-санда болса да, көңіл-күйіңнің түсуіне рұқсат ет! ☆. Барлық нәрселерді иемденуге тырыспа! ☆. Кемшіліксіз бола алмайтыныңды мойында! ☆. Күнде алғыс пен рахмет айтуға да , уақыт бөл! ☆. Бір уақытта бірнеше нәрсе жасауға тырыспа! ☆. Адамдарды сынға алудан тыйыл! ☆. Қазіргі жағдайыңмен бақытты болуға тырыс! ☆. Өзіңнен басқалардың бәрін білімді деп ойла! ☆. Жақсы не жаман ой қар сияқты барған сайын үлкейіп таудай проблема шығаратынын естен шығарма! ☆. Сезімге адал бол, серігің секем...
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 07.06.2019

Ер мен әйел тең бе?

Заты ер адам әйелдің қожайыны болып есептелінеді. Осы себепті де әйел ерін өзінен жоғары қоймағы ләзім. Тіпті, ол әйел нәпіл намаздарын да күйеуінің рұқсатынсыз жасай алмайды. Одан бөлек, ерінің ешбір рұқсат-қалауынсыз өздігінен бір нәрсе істеуге құқы жоқ. Бұл енді әйелдің барлық құқығынан айырып, не оны басқарылатын тетік деп қарау емес. Мұнда үлкен бір хикмет, ерекше құрмет пен ізет жатқандығын білуге тиіспіз. Адамдардың бір-біріне құрметі көбіне-көп жасының жасамыстығына, яғни үлкендігіне қарай екшеліп, аражігі айқындалып жатады. Бұған талас жоқ енді, мұны құптағаннан басқа теріс көремесіміз анық. Алайда ер мен әйел тең құқықты дегенге толық келіспейміз. Негізі ер мен әйелдің арасында бадырайып көрінер айырмашылықтан тыс, олардың бір-бірінің алдындағы талайлы міндеттерін бажайлай келіп, билігін сөзсіз жүргізуге құқықты ер адамның орны өте-мөте жоғары деп білеміз. Бүгінде базбір еркектер бір нәрсе сұрай қалсаң, " үйдегі біледі немесе кемпірім шешеді" дегенді жасырмайды....
Толығырақ... Оқылды: 467 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 07.06.2019

Алматы облысында оқыс оқиғадан екі бүлдіршін көз жұмды

Кеше Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында, сағат 17.30 шамасында, екі бірдей бала тоққа түсіп мерт болды. Үй алдында ашық тұрған құдыққа құлаған баланың бірі 4 сынып, бірі 2 сынып оқушысы. Оқыс оқиға орын алған уақытта әкесі мал алдына шығып кеткен. Ал, анасы жұмыста болған. Кешкі сағат 19.00-де үйіне келген анасы балаларын тауып, өзі шығарып алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері бүлдіршіндерді құтқару мүмкін болмағандығын айтады. «Кешкі сағат 20.00 шамасында жеке тұрғын үй ауласынан тоққа түскен екі бала табылды. Құдықтан шығарылған балаларды құтқару мүмкін болмады. Себебі ұрған тоқ күші көп болған, әрі оқиға 2 сағат өткенен кейін хабарланды. Қазіргі уақытта ата-ана балаларын патологоанатомиялық тексеруден бас тартты» , - дейді жергілікті аурухана дәрігері А. Калдарбекова. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қара жамылған ата-анаға, туған-туыстарына көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыру шаралар өз мойнына алды.
Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2019

Талдықорғанда Рәміздер күні аталып өтті

Рәміз - халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі боп саналады. Осы орайда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында рәміздер күніне арналған шара өткізілді. Кез-келген мемлекеттің көркейіп, гүлденуі сол мемлекеттің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбиді. Осыған орай «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Базарұлы мен Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов жастарға елді сүю, тіл мен тарихты білу, рәміздерді құрметтеу тақырыбында әңгіме өрбітіп, жастарды патриоттыққа тәрбиеледі. Әр елдің халықтары өздерінің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтады. Өз елінің Елтаңбасының, Туының бейнесін және Әнұранын біліп қана қоймай, олардың маңыздылығы мен мазмұнын білу қажет. Ол үшін олардың пайда болу тарихы туралы түсінік болу керек. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні – біздің отанымыз үшін маңызды мереке. Өзінің еліне деген сүйіспенші...
Толығырақ... Оқылды: 366 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2019

Алматы облысында «Аманат» азаматтық платформасының жұмысы қорытындыланды

Талдықорғанда жаңадан ашылған «Social center» әлеуметтік орталығында «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебін берді. Жалпы, Алматы облысы бойынша 25 мобильді капитандар, 1040 тәуелсіз бақылаушылар бекітілген. Облыс бойынша «Аманат» азаматтық платформасымен 32 іс-шара ұйымдастырылды. «Аманат» азаматтық платформасы штабының жетекшісі Қайрат Темірғалиұлы мен штаб мүшелері 17 аудан, 3 қала бойынша оқыту тренингтерін өткізіп, Жетісу Мемлекеттік университетінің белсенді жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Аманат» азаматтық платформасының жұмысы туралы түсіндірілді. 27 мамыр күні «Аманат» Алматы облыстық штабында Нұр- Сұлтан қаласының бас штабымен онлайн конференция өткізілді. Сонымен қатар, Президенттікке үміткер 7 партияның штаб-пәтерімен кездесу өтті. «Біз бұл сайлаудың заңды әрі өте әділетті өтуін қадағалаймыз. 9 маусым күні &...
Толығырақ... Оқылды: 468 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2019

Панфилов ауданындағы су тасқынына байланысты арнайы комиссия жұмыс жасауда

Панфилов ауданының Пенжім ауылдық округінде орын алған сел салдарын жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді. «Қазселденқорғау» мекемесі, әскери қызметкерлер мен басқада құзырлы мекемелермен бірге 200-ге тарта адамдар мен 40 техника көшелер мен ауладағы қалдық суды сорғызып, шағыл төсеу жұмыстарын жасауда. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімі, арнайы сала мамандары әр үйлерді тексеріп, материалдық шығындарды анықтау үстінде. Еске сала кетейік, 3 маусым күні Пенжім ауылында ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашын салдарынан сел жүрген болатын. Салдарынан 270 үйдің ауласына су кірген. Бастысы адам шығыны мен қираған үйлер тіркелмеген. Қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлер отбасыларға азық-түлік, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауылда жарық, су инфрақұрылым барлығы қалыпты жұмыс жасауда.
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2019

Алматы облысында шомылу маусымына дайындық пысықталды

Суға шомылу маусымы басталды. Бұл суға түсу кезіндегі қауіпсіздік туралы ойлайтын уақыт. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері жаз маусымына әзірлікке келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Адамдар суда қауіпті жағдайда болатын себептерінің бірі - жүзе білмеуі немес өз күштерін дұрыс бағаламауы, жеке құтқару құралдарысыз балық аулау, жабдықталмаған жерлерде суға шомылу. «Судағы жазатайым оқиғаны болдырмау үшін тек жабдықталған шомылу орындарына бару, суға түсу үшін тұрақты орынды анықтау, өз жақындарыңыз бен достарыңыздың қауіпсіздікке көзқарастарын тексере отырып, оларға арнайы жабдықталған орындар туралы хабарлаңыз. Алысқа жүзер алдында арқаға жатып суда демалуды үйрену керек. Бір-бірінің үстіне мініп, қолдары мен аяқтарынан ұстап суда ойнауға тыйым салынады. Өзендер мен көлдерді жүзіп өтуге тырыспаңыз, себебі сіз өз күшіңізді есептей алмай қалуыңыз мүмкін»...
Толығырақ... Оқылды: 444 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.