Жаңалықтар

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса:
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Адалдық пен адамдық қоғам айнасы

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес құрылған Текелі қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының "Адалдық пен адамдық" тақырыбында кезекті тікелей эфирі өтті , деп хабарлайды «Jetisy Media». Сәрсенбілік сұхбатта Текелі қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының төрағасы Сері Болысбайұлы онлайн эфир арқылы жастармен тілдесіп, жемқорлықсыз қоғам құру, адалдық пен адамдық ұстанымдары жайлы ой тарқатты. Жиынға қатысқан жастар тарапынан да тақырып шеңберінде көкейтесті сұрақтар қойылып, жас буын өкілдері ойларын ортаға салды. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық...
Толығырақ... Оқылды: 302 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Текелі қаласында 202 нысанға арнайы рейд жүргізілді

Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы «Тіл және ономастика» жұмысшы тобымен қаладағы халыққа қызмет көрсететін орындардағы яғни 8 дәмхана, 123 дүкен, 7 шаштараз, 6 дәріхана, 58 мекеме, кәсіпорындарға жалпы саны 202 нысандағы көрнекі ақпарат тілдерін зерделеу үшін 6 рейд жүргізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media» . Қалада ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен диагностикалық тестілеу өтті. Аталған шараға 50 қызметкер қатысқан. Сонымен қатар, «Ұлт тарихындағы маңызды бетбұрыс», «Қанекей, жаңа әліпбиді үйренейік» тақырыптарында дөңгелек үстел, «Ел ертеңі үшін қажетті қадам» тақырыбында тапқырлар сайысы, «Латын қарпіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» атты жастармен кездесу, «Жырдың сұлу шебері» тақырыбында латын қарпінде эссе жазу байқауы, «Латын қарпі: бі...
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2020

Бюджет қаражаты қайда жұмсалады? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алма

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасые құру мақсатында "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде. Бүгінгі күні Карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды. Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек. Аталған Карта нақты уақыт режимінде бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді халыққа қолжетімді нысанда көрсетеді, осылайша мемлекеттік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Алматы облысының мемлекеттік органдары мен ұйымдары жұмсалған 1 трлн. теңге бюджет қа...
Толығырақ... Оқылды: 276 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы «Antıkor Ortalyǵy» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сервистік орталығына барды

Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Бұл тәсіл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуы мен мемлекеттік аппараттың азаматтардың сұраныстарына ден қоюын арттыру жөніндегі одан әрі жасайтын қадамы. Осыған орай, Президент Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә. Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының сервистік үлгісімен танысып, оның арнайы мониторингтік тобы, ақпараттық – ағарту штабы, ардагерлер кеңесі мен «Астана-Адалдық алаңы», «Protecting Business and Investments», «Ашық бюджет» жобаларының жетекшілерімен және қоғам өкілдерімен кездесті. Қоғам өкілдері қолданыстағы жемқорлыққа қарсы жобаларды жетілдіру, азаматтық қоғамды, сондай-ақ белсенді жастарды тарту жоспарла...
Толығырақ... Оқылды: 257 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020

Ынталы ауылында ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған

Бүгін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-маслихаты Ынталы ауылдық округінің әкімі Рамазан Мамырбековпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы. Ынталы ауылында ауыл шаруашылығы саласы бойынша, 2020 жылы 3485 гектар суармалы жер игерілген. Оның ішінде, мақсары - 45 гектар, арпа-320 гектар, картоп-12 гектар, көкеніс-12 гектар, қант қызылшасы 57 гектар, бақша-19 гектар, (көп жылдық шөп) 370 гектар, алма-бақ-6 гектарға жуықтаған. 2650 гектарға Майбұршақ себіліп, 40 000центнер жоңышқа шабылған. Сонымен қатар, 6400 центнер арпа өнімдері алынған. Ал, мал шаруашылығы бойынша, барлық ірі-қара (бұқа) 2702 бас, сиыр (аналық) 1297 бас, қой-ешкі 6017 бас, аналықтары 3141 бас, жылқы 532 бас, 225 (аналық) бас болған. Құстар саны 5118-ге жеткен, оның ішінде жұмыртқалайтын құстардың саны-3758-ді құраған. Білім беру саласы бойынша мектеп оқушыларының саны 158-ге жетк...
Толығырақ... Оқылды: 271 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2020

РЕНАТ БЕКТҰРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді. Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді. Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі. Қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. Ол ТМД аймағындағы сукук (ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан. Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген, сондай-ақ сертификатталған қаржы аналитигі дәрежесіне ие (CFA Charter Holder). Президенттік жастар кадр резервінде бірінші орынға ие болды. Р.Бектұров өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы»...
Толығырақ... Оқылды: 248 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.09.2020

Жайпақ ауылдық округінде 2376 гектарға егін егілген

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Жайпақ ауылдық округінің әкімі Ерік Табеевпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы. Өткен жылмен салыстырғанда жеке шаруа қожалықтарының саны 73 болса, биылғы жылы 4 жеке шаруа қожалықтарының саны бірнеше есеге артқан. Жалпы, суармалы жер игеру көлемі 61 гектарға ұлғайып, нәтижесінде 4 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, егін себілген жер көлемі 2376 гектарды құраған. Оның ішінде: мал азық даққылдары (көпжылдық шөп) 280 гектарға, дәнді дақылы 100 гектарға, майлы дақылы 1896 гектарға, бақша дақылы 63 гектарға, қант қызылшасы 10 гектарға ұлғайған. Ал, мал шаруашылығы бойынша ірі қара 1396 бас, сиыр 498 бас, қой ешкі 5800 бас, аналық 2145 бас, жылқы 1159 бас, бие 295 бас, құс 905 басқа жеткен. Сонымен қатар, білім беру саласы бойынша округте 1 орта мектеп жұмыс істеуде. Барлық оқушылар саны 258. 1-4 сын...
Толығырақ... Оқылды: 255 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.09.2020

АЛИК ШПЕКБАЕВ АЛМАТЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН СӨЙЛЕСТІ

Алик Шпекбаев Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарымен дәстүрлі кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары мен Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері таныстырылды. Достық үйіне жиналған үкіметтік емес және еріктілер ұйымдарының танымал өкілдері, құқық қорғаушылар, журналистер, сарапшылар Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үш пакетімен; мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған трансформациялық үдерістермен; бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі алдын алу жұмысының нәтижелерімен; елде парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі жаңа тәсілдермен жан-жақты танысты. «Белсенді азаматтық қоғамсыз жемқорлықты барынша азайту мен жою туралы айтудың өзі жөнсіз. Сондықтан біз қоғамдық серіктестерді таңдауда және оның санын арттыруда өзімізді шектемейміз. Бүгінгі таңда Агенттікті 80 мыңға жуық жемқорлыққа қарсы белсенділер мен еріктілер қолдап отыр. Олардың тегін қызметі азаматта...
Толығырақ... Оқылды: 255 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.09.2020

АЛИК ШПЕКБАЕВ ТРАНСПАРЕНСИ ҚАЗАҚСТАН ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

25 қыркүйекте Алматы қаласының сервистік антикор-орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы «Транспаренси Қазақстан» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесін және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі новеллаларымен таныстырды. Кездесу барысында Алик Шпекбаев сарапшыларға Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасының ажырамас бөлігі болып табылатын жемқорлыққа қарсы реформалардың үш пакеті жөнінде жан-жақты айтып өтті. «Реформалардың бірінші пакеті биылдан бастап табысты іске асырылған бірінші басшылардың қол астындағыларының жемқорлығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылу мен отставкаға кету институттарына, сондай-ақ НҚА жобаларына жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіруге негізделді. Таяуда ғана Парламент мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар беруге толық тыйым салуды, сыбайлас жемқорлық қылмыстар субъектілерінің аясын кеңейтуді, квазимемлеке...
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.