Жаңалықтар
АКТИВ ЖИЫНЫ |
| Ағымдағы жылдың 24-ші қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттерді орындау жоспарын түсіндіру мақсатында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Мұқатайқызы және онлайн режимде ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Талғат Молдахановтың қатысуымен актив жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Алмас Әділ, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аудан басшысы Алмас Қабдулұлы төрағалық еткен жиында күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде Ләззат Мұқатайқызы мен Талғат Мұратұлы баяндама жасады. Ең алдымен кездесуге қатысушылар онлайн режимдегі Талғат Молдахановтың баяндамасын тыңдады. Содан кейін Ләззат Мұқатайқызы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында: мемлекеттік қызмет &nda... |
| Толығырақ... Оқылды: 269 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020 |
ПРАЙМЕРИЗ ҮМІТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ |
| Қазақстанның саяси тарихында бірінші рет көшбасшы партия тізімі ашық іріктеуден өткен адамдардан құралатын болады. Елбасының бастамасымен «Nur Otan» партиясының праймериз өткізуі – отандық партиялық жүйедегі демократияландырудың жаңа кезеңі бастау алғанын куәландырады. Аз күндерден соң, аталмыш партияның ішкі сайлауы да басталмақ. Осыған орай, сәрсенбінің сәтті күні аудандық Мәдениет үйінде праймеризге байланысты пікірсайыс өтті. Кездесуге аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Алмас Әділ, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы,аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Рғайбекұлы, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, кандидаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл праймериз нағыз мықтыларды анықтайтын дода. Тұңғыш Президент, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризді әділ, әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Праймеризге қатысушылардың барлығы елдің ертеңіне сеніммен қар... |
| Толығырақ... Оқылды: 266 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020 |
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі |
| Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 75-сессиясында өткен жалпысаяси дебаттарында бейнебайланыс форматында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-жылдығы аумалы-төкпелі әрі күрделі сын-қатерлерге толы кезеңде өтіп жатқанын атап өтті. Президенттің пікірінше, қазіргі кезеңдегі ең басты проблема – жаһандық экономикаға орасан зор зиянын тигізген COVID-19 пандемиясы. Бұл індеттің ауыртпалығынан әлем халқы зардап шегуде. – Адамзат тарихындағы осындай нәубетке қарсы тұрып, бізді ауыр індеттен қорғау үшін алғы шепте болған дәрігерлерге барша отандастарымның атынан шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сауда протекционизмі мен саяси ұлтшылдықтың белең алуы халықаралық ынтымақтастыққа кері әсер етіп, «жаһандық тоқыраудың» күшейе түсуіне алып келді деп санайды. Бұл жағдай орнықты дамудың келешегіне нұқсан келтіріп, миллиардтаған адамның жарқын әлемге деген үмітін үзді. Қасым-Жомарт То... |
| Толығырақ... Оқылды: 233 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |
Улы газды анықтау үшін 1621 құрылғы қойылған |
| «Қатер аяқ астынан» демекші тілсіз жаудың құрсауында қалу әп сәтте. Ал, аталған келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды. Жылыту кезеңінде өткізілген арнайы іс-шаралардың арқасында тұрғын үй секторындағы өрттердің санын едәуір азайтуға және улы газбен улану жағдайларына жол бермейді. Оған дәдел, өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда өрт саны 47% - ға азайған. Биылғы жылы 21 мың 200 үй (2018-2019ж. – 20 483) көлемінде жеке тұрғын үйлер тексерілген, жұмыс барысында 36 мың 536 азаматқа нұсқамалар берілген. Бұдан басқа, қала бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі барлық үйлерде назардан тыс қалмаған. Осы ретте 15 мың 106 азаматқа нұсқаулықтар таратылған. Өрттің және улы газбен уланудың негізгі себептері халықтың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады, бұған улы газбен... |
| Толығырақ... Оқылды: 209 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |
«Adal kómek» - шексіз құқықтық көмек |
| Ағымдағы жылғы 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы мемлекеттік аппарат пен азаматтар арасындағы диалог сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын проблемалық салаларды және қоғамның наразылық көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Күнделікті мәселелерді шешу және сындарлы диалог құру үшін халықтың өз құқықтарын ең аз білуі және экономикалық немесе техникалық салада білімді болуы қажет. Осыған байланысты, Агенттік адам құқықтары жөніндегі сарапшы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Умаровамен бірлесіп, "Еріктілер жылы" шеңберінде жыл басынан бері "Adal kómek" волонтерлік жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, сапалы қызмет көрсету үшін қажетті қызметтердің бо... |
| Толығырақ... Оқылды: 277 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2020 |
РЕЗУЛЬТАТЫ АНТИКОРМОНИТОРИНГА ОРГТЕХНИКИ ДЛЯ ДИСТАНЦИОННОГО ОБУЧЕНИЯ |
| Антикоррупционный мониторинг сферы государственных закупок, осуществляемый Агентством, направлен на недопущение коррупционных проявлений и эффективное расходование бюджетных средств. Посредством прямой работы с администраторами бюджетных программ Антикоррупционной службой предотвращены нерациональные расходы государства порядка 7,7 млрд тенге, оптимизированы бюджеты 1,5 тысяч заказчиков на стадии планирования. Индикатором эффективности проводимой работы является обращение Министерства образования и науки о сопровождении закупа местными исполнительными органами компьютеров, ноутбуков и планшетов для дистанционного обучения школьников. Техника предназначается для временного пользования учащимися из социально уязвимых категорий. Из резерва Правительства на эти цели были выделены более 70 млрд тенге. В рамках общественного контроля в работу комиссий по распределению выделенных средств были включены представители региональных проектных офисов «Адалдық алаңы», специал... |
| Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 23.09.2020 |
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН КЕҢСЕ ТЕХНИКАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ |
| Агенттік жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу саласының жемқорлыққа қарсы мониторингі жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және бюджет қаражатын тиімді жұмсауға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тікелей жұмыс істеуі арқылы мемлекеттің 7,7 млрд теңгеге жуық тиімсіз шығындарының алдын алып, жоспарлау сатысында 1,5 мың тапсырыс берушінің бюджеттері оңтайландырылды. Білім және ғылым министрлігінің жергілікті атқарушы органдардың оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуын сүйемелдеу туралы өтініші – жүргізіліп жатқан жұмыс тиімділігінің көрсеткіші. Техника әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың уақытша пайдалануына арналған. Бұл мақсатқа Үкімет қорынан 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қоғамдық бақылау аясында бөлінген қаражатты бөлу жөніндегі комиссиялардың жұмысына «Адалдық алаңы» өңірлік жобалық кеңселерінің, арнайы мониторингтік топтарының және Агент... |
| Толығырақ... Оқылды: 223 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2020 |
Алакөл ауданында инженерлік инфрақұрылым объектілері қалыпқа келтірілуде |
| Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округінде «Жұмыспен қамту жол қартасы -2020» бағдарламасының бірінші бағыты «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша ауыл округінде 3 жоба және 1 сметалық жұмыстар іске асырылуда. Игіліктің істің аясында ауылдағы көп қабатты үлердің ауласына 3 балалар ойын алаңы, 3 ересектерге арналған спорттық және тұрмыста қажетті құрылғылар орнатылған. Одан өзге «Ауыл Ел Бесігі» инвестициялық жобасы да жандануда. Мәселен, инженерлік инфрақұрылым объектілері қалыпқа келтірілуде. Оған дәлел, Заготзерно поселкесінде орналасқан орталықтандырылған су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Көлік инфрақұрылымы да назардан тыс қалмаған. Округте орналасқан елді мекендердегі он көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу және Бұлақты ауылының көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату және ауыстыру жоспарлануда. Ауылдың әлеуетін арттырудан бөлек, тұрғындардың цифрлық сауттылығын арттыруда жолға... |
| Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2020 |
Алакөлдік 510 жас тұрақты жұмысқа тұрған |
| "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жанындағы "Адал көмек" жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты бүгін Алакөл аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мақсұт Жексенбаймен өткізілді, — деп хабарлайды "Jetisy media" ақпараттық алаңы. Алакөл ауданындағы жастар саны 15564 болса, оның 5937-қала жастары, 9627-ауыл жастары. Сондай-ақ, жұмыссыз жастар саны-150 құрап отыр. Сонымен жұмыссыздық деңгейі-1,3% -ға жетіп отыр. "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының көрсеткіші бойынша 875 азамат өтінім берген. Оның ішінде: " Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету" бағыты бойынша 116 азамат және азаматшалар оқытуға жіберілді деп мәлімдеді Мақсұт Жексенбай. Кәсіпкерлікті дамыту бағыты аясында "Бастау бизнес" жобасымен 108 жас кәсіпкерлік негіздерінде оқытылып, 7-... |
| Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.09.2020 |
18 жасқа толған адамдарға мүгедектік 5 жылға белгіленеді |
| Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі төңірегіндегі сыбайласжемқорлықтың алдын алу тақырыбы бүгінде өзекті. Осы ретте Алматы облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон Комитетінің Алматы облыы бойынша департаменті жағдайды бақылауға алған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қорғау шаралары бекітілген. Мүгедектік белгілеу рәсімі науқас тіркелген медициналық ұйымнан басталады. Медициналық ұйымдар, толық диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, негіздемелер болған жағдайда, белгіленген мерзімде, дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша медициналық - әлеуметтік сараптамаға жолдайды. Қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну (мәліметтерді алу) кезінде, медициналық - әлеуметтік сараптама маманы өтінішті қабылдаудан бас тартып, құжаттарды қабылдаудан бас тарт... |
| Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.09.2020 |
