Жаңалықтар
"ТОБЫҚ ТЫҒУ" ҚАЗІР БАР МА? |
«Тобық тығу» «Қазақ дәстүрінде қыз бен жігіттің тобық алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі жастың өздері ғана түсінетін бір терең сыр бар» (І. Есенберлин). Бұл – серттесіп ойнаудың бір түрі. Мысалы, жігіт пен қыз тобық тығып алатын сағатқа немесе қалы кілем беруге серттеседі. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе тобықты тығуға алған жігіт кез келген уақытта, кез келген жерде «тобығымды бер» дегенде қолына ұстата беруі қажет. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса – ұтылғаны. Ол уәде бойынша серттескен затын беруі керек. Тобықты тығуға жігіттер де қатыса алады. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бір сөзділікке тәрбиелейді. Мұның арты қыз бен жігіттің сүйіспеншілігіне, қосылуына жалғасады. Тобық тығуда қызықты оқиғалар да кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысында бір жігіт сүйген қызына тобық ұсынған. Бірақ жігіт көп ұзамай Ұлы Отан соғысына аттанады. Үйіне «хабар-ошарсыз кетті» деген хат ке... |
Толығырақ... Оқылды: 662 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
ҚЫЗОЙНАҚ САЛТЫН БІЛЕСІЗ БЕ? |
Қызойнақ – тұрмысқа шығатын қыз құрбыларымен оңаша бас қосатын кеш. Сөйтіп босаға аттағалы тұрған бойжеткен балалық шағымен, тентектігімен, еркелігімен қоштасады-мыс. Құрбылар сырласып, әңгімелесетін көрінеді. Бұл кеш таңға дейін жалғасып, таңертең бірін-бірі қимай тарқасады екен. Ал, бүгінгі таңда бұл дәстүр "девичник" деп аталып кеткен... |
Толығырақ... Оқылды: 416 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
БІЗ ШАНШАР ДӘСТҮРІ |
Еліміздің өткеніне бойлап, тарихына көз жіберсек, көптеген тағылымды, ғибратты, үлгі-өнегеге толы салт-дәстүрлермен таныса түсеміз. Олардың бірі қолданыста болса, бірі шығып қалған, ал енді бірі мүлде ұмыт болған. Бірі білсе, бірі біле бермейтін, қолданыста мүлде жоқ, тарихи ұғымға айналған салтымыздың бірі – біз шаншар. Деректерге сүйенсек, кең байтақ жеріміздің оңтүстік, шығыс жақтарында «жаушы» орнына «біз шаншар» салты жүрген. Ол салт бойынша, ауылдың үлкен ақсақалдары бір топ болып жиналып, бойжеткені бар үйге құдайы қонақ болып барады. Түс кезінде барған қонақтар қандай шаруамен келгенін айтпайды. Ауыл-аймақ амандығын, ел, жер жайын әңгіме етіп, түнеп, ертеңгісін түскі уақытта ләм деместен аттанып кетеді. Әдеп бойынша, ол кезеңде қонақтар шайын ішіп, өз сыбағасын жеген соң, баратын жері, ауылы алыс болмаса, түнемей, қайтып кетеді. Сондықтан да бұлайша келіп, үн-түнсіз, бұйымтайын айтпай кеткен қонақтан соң, үй иелері яғни отағасы мен анасы мұның сыры... |
Толығырақ... Оқылды: 707 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
21 мамыр |
21 мамыр - елімізде шығармашылық адамдарының мәртебесін айқындайтын, маңызы ерекше Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл атаулы күн 2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген болатын. Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты. Құрметті мәдениет, өнер саласының қызметкерлері! Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер! Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстанның, Мәңгілік Елдің келешегін кемел, болашағын жарқын ететін, ұлттық бірегейлігімізді танытуға үлес қосатын жақсы күн болсын дегіміз келеді. Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұл... |
Толығырақ... Оқылды: 543 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.05.2019 |
Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін ала алмайды |
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу және емтихан бөлімін жояды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл бөлімнің функциялары барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-лар қарайтын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі. Қазір арнайы ХҚКО-ларда көлікті тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және автокөліктерге мемлекеттік нөмір алуға құжат қабылданады. Ал полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінен теориялық және практикалық емтихандарды қабылдайды. Сондай-ақ олар азаматтар мен көлікті іздестіру базасынан тексереді, шектеулердің бар-жоғын және құжаттардың шынайылығын анықтайды. 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және практикалық емтихандарды ХҚКО қызметкерлері қабылдайды. "Көлік құралдарын тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты полицей салықтық, кедендік және басқа билік органдарының деректер базасынан қашықтан тексереді. Яғни жүргізуші куәліктер... |
Толығырақ... Оқылды: 331 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.05.2019 |
20 мамыр қандай күн? |
Дүниежүзілік метрология күні Бұл күн өркениетті елдердің бәрінде арнайы түрде аталып өтіледі. Атап айтқанда түрлі кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер түрінде көрініс тауып, әр ел өздерінің метрология саласында жүргізген жұмыстарының қорытындысын шығарады. Сондай-ақ өзара тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды деген мәселелер талқыға түсіп отырады. Метрология (грек тілінде metron - өлшем және logos - сөз, ілім) - өлшеу туралы өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөніндегі ғылым. Метрологияның күрт дамуына 1975 жылы Метрикалық конвенциясының (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі метрология физика, химия т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірбиенің жоғарғы дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернияларындағы т... |
Толығырақ... Оқылды: 453 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 20.05.2019 |
Тони Меммел: Мені бір адам ғана тыңдаса да ол үшін ән айтуға дайынмын |
Танымал американдық әнші, бірнеше әннің авторы, композитор Тони Меммел мен оның тобы Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін концерт өткізді. Тони Меммел сол білексіз дүниеге келген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі. Алайдатағдыр тауқыметіне бой алдырмай, алға қарай ұмытылып гитарада ойнауды үйренген. Тіпті, 2013 жылы Wisconsin Area Music Industry премясының бас жүлдегері атанған. Тони Меммел 1986 жылы Техас штатының Нэшвилл қаласында дүниеге келген. Балалық шағынан шығармашылыққа жақын болған ол, 12 жасында гитараға деген ықыласы артады. Алайда ата-анасының оған гитара әперуге мүмкіндіктері болмағанына қарамастан Тони Меммел өз арманына шектеу қоймаған. Талпынысының арқасында гитараны теренінен зерттеп, жинаған қаржысына алынған гитарада ойнауды өз еркімен үйренген. Бүгінде танымал музыкант 160-тан астам ән мен 6 альбомның авторы. Оның өмірге деген құштарлығы, талпынысы мен табандылығы тағдырдың жазуымен мүмкіндігі шектеулі жан атанғандар үшін үлгі бола... |
Толығырақ... Оқылды: 314 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 17.05.2019 |
Алматы облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 615 грант беру көзделген |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдан бастап іске асырылуда. Тоқсаныншы жылдардан бастап әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындап алған елімізде жұмыссыздықты азайту мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» сынды түрлі бағдарламалар қабылданып, «Қазақстан – 2050» стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау бағытына басымдық берілді. «Еңбек» бағдарламасы осы секілді ірі бастамалардың заңды жалғасы болып есептеледі. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар санын арттыру, ауылда және қалада микрокредит беру арқылы азаматтардың өзін өзі жұмыспен қамтуын ынталандыру. Сайып келгенде, бұл еліміздегі кә... |
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.05.2019 |
Талдықорғанда Үкіметтік емес ұйымдарға тегін қызмет көрсететін орталық ашылды |
Алматы облысында үкіметтік емес ұйымдардың өз мүмкіндіктерін толық пайдалану, интелектуалдылық, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жаңа орталық бастама алды. Жаңа мекеменің ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлымен қатар АҚШ бас консулдығының өкілі Карли Ван Орман да қатысып, лентасын қиды. «Social center» деп аталатын әлеуметтік орталық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың одан ары дамуына үлкен септігін тигізеді. Себебі, әлеуметтік жаңа бастама аясында барлық жағдайлар жасалынған. Осы орталықтың бастамасымен креативті жобаларды қолдау көзделген және кез-келген қызмет тегін көрсетіледі. Сонымен қатар, түрлі шаралар мен жиындар өткізіп, ортақ жобаларды талқылайды. Бұдан бөлек ұйым жетекшілері шет тілдерді оқып, компьютерлік сауаттылығын арттырады. Әрі әлеуметтік мәселелерге қатысты идеяларын жүзеге асырады. Оларға менеджерлер жан-жақты көмек көрсететін болады. Жалпы, Алматы облысында 1012 Үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 4... |
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.05.2019 |
Талдықорғанда «Аманат» азаматтық алаңының семинар- кеңесі өтті |
Алматы облысында сайлаудың әділ өтуі үшін қолға алынған жұмыстарымен таныстыру мақсатында, журналистер үйінің мәжіліс залында «Аманат» азаматтық алаңының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Алматы облысының «Аманат» Азаматтық платформасының жетекшісі Қайрат Тұрсынғалиұлы мен «Аманат» Азаматтық платформасының мүшелері Лепсібаев Шыңғыс, Тұрсынов Аким және аудан, қалалардағы мобилді капитандар қатысты. Баспасөз мәслихатынан кейін аудан, қалалардан келген мобильді капитандардың қатысумен семинар-тренинг өтті. Семинар барысында платформа мүшелері аудандар мен қалаларға бекітілген мобилдьді капитандардың жұмыс бағыттарын айтып, сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың бес негізгі бағытын түсіндірді. Сонымен қатар, сайлау бөлімшелеріне бекітілген бақылаушылардың құқықтары мен жүктелген міндеттерін түсіндіру, олардың жұмысын қадағалауға басшылық жасау бойынша дәрістер өтті. Сондай-ақ, сайлау күні сайлаушылардың дауыс беруі кезінде заңсыздықта... |
Толығырақ... Оқылды: 589 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.05.2019 |