Жаңалықтар
АТ ТҰЛДАУ |
Қазақ халқының дәстүрлі аза тұту рәсімі. Қаза болған адамның атына ерін теріс ерттеп, үстіне киім-кешегін жайып, қару-жарағын іліп, ең үстіне бас киімін қояды. Жоқтау айтып жүріп, аттың құйрық-жалын күзейді. Оны тұл ат, кейде қаралы ат деп атайды. Тұл ат жыл бойы мінілмей, бос жүреді. Бір жылдан соң марқұмның асына сойылады. Атты соярда да жоқтау айтылады. Мұндай салт қырғыздар, көшпелі өзбектер, осетиндерде де кездеседі |
Толығырақ... Оқылды: 921 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019 |
ӘЙЕЛ МЕН ЕРКЕКТІҢ МИЫ БІРДЕЙ МЕ? |
Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықты жұрттың бәрі жақсы біледі. Алайда «әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген қағиданы алға тартып, бүгінгі нәзік жандылары ешқандай да кемсіте алмайсыз. Тіпті олардың арасында билік бишігінде жуан жұдырықтылардан да мықты жұмыс істейтіндері жеткілікті. Соған қарамастан, арулардың ақылы ерлерге қарағанда, жан-жақты дамымағаны жиі сөз болуда. Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықты жұрттың бәрі жақсы біледі. Алайда «әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген қағиданы алға тартып, бүгінгі нәзік жандылары ешқандай да кемсіте алмайсыз. Тіпті олардың арасында билік бишігінде жуан жұдырықтылардан да мықты жұмыс істейтіндері жеткілікті. Соған қарамастан, арулардың ақылы ерлерге қарағанда, жан-жақты дамымағаны жиі сөз болуда. Лондон университеті жанындағы колледждің нейробиологы Нейл Барджесстің айтуына қарағанда, ерлер кез келген сынақтан «сүрінбей» өтеді. Мәселен, оларды бейтаныс жерге апарып тастасаң, үйге қайтатын... |
Толығырақ... Оқылды: 466 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019 |
Адамның өтірік айтып тұрғанын қалай білуге болады |
Британдық әлеуметтанушылар бірнеше жыл бұрын орташа есеппен алғанда, адам күніне 4 рет өтірік айтады деген тұжырымға келген болатын. Олардың пікірінше, ең көп таралған өтірік, «қалың қалай деген» сұраққа жауап ретінде айтылатын «бәрі жақсы» деген тіркес. Бүгінде белгілі психологтар әңгімелесушінің сізді қалай алдап отырғанын анықтауға болатынын түсіндіріп берді. Бетін ұстап, сипады Адамдар өтірік айтқан кезде, маңдайын сүртіп, шашын түзеп, мұрнын қасиды. Олар осындай жолмен қалай толқып тұрғанын жасыруға тырысады. Бәрінен де, өтірікті жасыру үшін қолданылатын ең көп таралған қимыл – ауызды қолмен жабу. Осылайша, адам сүзгіден өткізу секілді, өз өтірігін жеңілдетуге тырысады. Жиі жыпылықтап, көзін жасырады Жасыратын нәрсесі бар адам көзге тік қарай алмайды. Өтірік айтып тұрған адамның көзқарасы бір затта тоқтап тұрмай, жан-жаққа жүгіріп тұрады. Егер адам көзін жыпылықтатса, бұл да ойлануға себеп болады. Бұл – өтірікші өзін ыңғайсыз сезінед... |
Толығырақ... Оқылды: 426 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019 |
АДЫРАСПАН – БЕЛ АУРУЛАРЫНА ЕМ |
Адыраспан – түйетабандар тұқымдасына жататын, тарамдалған бұтағы мол, мыңжылдық шөптесінді өсімдік, оның жапырақтары кезектесе орналасады. Бозғылт-сары гүлдері жеке-жеке өседі. Жемісі қоңыр түсті, диаметрі 1 сантиметрдей шар тәріздес қауашақ. Биіктігі 30-60 сантиметрдей, мамыр-шілде айларында гүлдейді. Қазақстанда, еліміздің батыс өңірінде, Кавказ бен Орта Азияда кездеседі. Негізінен сортаң далаларда, елдімекендерге таяу алқаптарда, сонымен қатар, құрғақ, тасты беткейлерде өседі. Адыраспан құрамында улы гармин және гармалин алкалоидтары, гүлі мен бұтағында пеганин алкалоиды болады. Адыраспан – улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана пайдалануға болады. Кепкен адыраспан Емдік мақсатта адыраспанның шөбін яғни сабағын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінде Ибн Сина оны сегізкөз жүйкесі қабынуы кезіндегі шаншуды басатын дәрі ретінде пайдалануға кеңес берген. Халық медицинасында адыра... |
Толығырақ... Оқылды: 508 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019 |
КҮМІСТІҢ ҚАСИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ? |
Күміс – адам денсаулығына өте пайдалы. Иммунитетті нығайтады, микробтардан тазартады, жүректің қызметін жақсартады, қан қысымын төмендетеді, ісіктің жойылуына көмектеседі, сондай-ақ оны тері аурулары бар адам тағып жүруі керек. Сондықтан оны медицинада да қолданады, кейбір құрал-жабдықтардың құрамына күміс қосылған. Қазақтың ұғымында күміс тазалықтың, адалдықтың белгісі. Тек әшекей бұйымдар ғана емес, тұрмыс заттары, жиһаз, ер-тұрмандар да күміспен күптелген. Қазіргі кезде де әрбір үйде күмістен жасалған бұйымдар бар. Кішкентай сәбиді қырқынан шығарарда дені сау болсын деген ниетпен күміс салынған суға шомылдырады. Осы күміс бұйымдар уақыт өте келе қарайып кетіп жатады. Ол неліктен? Күміске су, иісмай, тамақ, кір жуғыш құралдар тигенде, кейде сөреде жатып-ақ өзінен-өзі күңгірттеніп кетеді. Қалай тазарту қажет? 1-тәсіл. Зергерлік дүкендерден арнайы күмістерді тазартқыш құралдарды сатып алып қою қажет. 2-тәсіл. 1 стақан суға 1 шай қасық мүсәтір, 1–2 тамшы сұ... |
Толығырақ... Оқылды: 444 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019 |
Ілу |
Қазақ халқы ежелден-ақ салт-дәстүрі, жөн-жоралғысы мол халықтардың бірі. Сан алуандығы, әр түрлі болуының өзі тамсандырмай қоймайды. Шет елден елімізге келген қонақтардың салт-дәстүрімізге тамсанып, әдемілігі мен көркіне көздері тоймай қызығатындары да сол болар. Сан алуан ұлттық киімнің түрлері, ұлттық тағамдары, салт-дәстүрі, ұлттық ойындары, тіпті бір киіз үйінің өзіндегі текеметі мен алашасы, уығы мен шаңырағы, кестелі жіптері, ағаш тостағандарының өзі неге тұрады. Көркіне көз тоймайтын кең даласы мен табиғатының сұлулығы бір бөлек. Осындай керемет жерде тұратын қазақ халқының қалыптасуы, әрине мәнді-мағыналы дәстүрдің туындауына себепші болады. Дәстүрлердің біздің заманымызға жеткені бар, жетпегені бар. Қалай болған күнде де бүгінгі күні орындалып жүрген салт дәстүрлеріміз заман талабынан қалмай өз болмысын сақтап қалған рәсімдер. Не дегенмен де салт-дәстүрлердің бізге жетуі, оның орындалуын, барысын өз көзімен көрген қариялардың айтуымен, жалғастырумен, мұра етуімен жеткен. Мы... |
Толығырақ... Оқылды: 447 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019 |
Ерулік |
Көшпенді халықтар негізінен қонақжай болып келеді. Қазақтардың тарихи деректеріне жүгінсек Ғұн, Түркі, дәуірлерінен бері қарай қонақжай халықтар көп болған. Бұл дәстүр қазақтарда жалғасып қалған. Қазақ халқы да қонақжай болып есептеледі. Қонақ келсе ішкен асын жерге қойып, қонағын күтуге кірісіп кететін халық. Біздің халық қонақты өте қатты қастерлейді. Қонақжайлық конақтың келетін жайлы хабардан басталады. Бұны білген үй иесі қонақты қарсы алады. Қонақты қарсы алудың түрі өте көп. Бұрынғы кезде төрелерді, патшаларды, үй иелері өз үйлерінен алыс болған жерде қарсы алатын. Оларды үлкен дайындықпен, ас-сумен, арнайы жақсы тағаммен қарсы алатын. Ал жеке қонақтарды есік алдында үй сыртында қарсы алатын болған. Сондай ақ тағы қонақты қарсы алудың, қонақ шақырудың бір ерекше дәстүрі бар. Бұл дәстүрдің аты - Ерулік. Бір ауылды жерге, басқа жақтан көшіп келген отбасы болса, оларды бірден көршілері міндетті түрде қонаққа шақырады. Көршілер бір жағынан қонақжайлығын көрсеткісі келсе, екіншіден б... |
Толығырақ... Оқылды: 497 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019 |
Жаңа туған нәрестені тымаққа салу |
Бұрыңғы заманнан бері қазақ халқы келешек ұрпақтың болашағы жақсы болуына және бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Ұрпағының аман сау жетілуі үшін түрлі тиымдар мен дәстүрлерге жүгінген. Сол себепті болашақ ана болайын деп жатқан келіннің денсаулығына, оның туған туыстары, жақындары қатты мән берген. Оған ауыр жұмыстар жасатқызбаған. Дұрыс тамақтандырған. Кейбірде, жақсы күтімге қарамастан, аяғы ауыр болған келін, мерзімінен ерте босанып қоятын болады. Бұндай жайттар қазіргі таңда да жиі кездеседі. Бұл құбылыстың мәнін дәрігерлер, қазіргі жаңа технологиялар заманында да толықтай меңгерер емес. Ерте туылған нәрестерлер, уақытында туылған сәбилерден қарағанда әлсіз болады. Бұндай балаларды қазақ халқы «шала», немесе «шала туылған бала», деп атаған. Біздің ата-бабамыз ерте туылған балаларды тымаққа салып қоятын. Тымаққа салу ертеден келе жатқан дәстүр болып есептеледі. Ел арасында шала туылып тымаққа өсірген перзентім деген сөздер жиі айтылған. Тымақ - қазақ халын... |
Толығырақ... Оқылды: 865 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019 |
ЖЫЛЫ ЖИНАУ, АСАР |
Қазақ халқы туралы сөз болғанда қай жерде болмасын ең алдымен қонақжай халық екендігі айтылады. «Таспен атқанды, аспен ат» деп айтқандай кім болмасын алдымен қонақ ретінде күтіп алып, төріне шығарып күткен. Қаншалықты жоқтықта отырса да келген құдайы қонағын қорасындағы жалғыз малын сойып қанша болса да «кет» демей, қара су берсе де ақ ниетімен берген. Құдайындай сыйлап, бар жоғын алдына төсеп ерекше ілтипат көрсеткен. Осыдан-ақ халқымыздың қонақжай, кең пейіліне, ізеті мен ілтипатына тәнті болуға болады. Бұл туралы деректерді тарихта да, шежірелерде, ескерткіш пен естеліктерден кездестірсе болады. Сондықтан болар, ата-бабымыздан дарыған бұл қасиет бүгінде бойымызда сақталып қалған. Елімізде тұрып жатқан жүз отыз ұлттың қай-қайсысы болмасын бұны қуана қолдайды. Елімізге келген әрбір өзге ұлт өкілдері қонақжайлығымызды, бауырмалдығымызды ескермей, таң қалмай өтпейді. Бұл аталған қасиеттердің барлығы әрине, бізге ата-бабамыздан дарыған, тәрбиемен келген. Ал, тәрби... |
Толығырақ... Оқылды: 473 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019 |
«АТ ТЕРГЕУ» ДӘСТҮРІ |
Әр ұлттың өзіне сай ата дәстүрі, әдет-ғұрыпы және ырымдары бар. Ол сол ұяттың жан дүниесін көрсетіп тұрады. Қазақ халқының да өзіне сай ерекшеліктерінің бейнесі секілді салт-дәстүрі бар. Олардың мән-мағынасы, берер тәрбиесі мол. Қазіргі таңда осы дәстүрдің бірін білсек, бірін білмейміз. Қазақ халқында бұрыннан келе жатқан дәстүр бар. Бұл дәстүрдің атауы «Ат тергеу». Үйленуге дайындалған жігіт, өзінің болашақ жарын таңдап болғаннан кейін, оны өзінің туыстарымен таныстыру үшін, сол әулеттің шаңырағына алып келеді. Келін шаңыраққа түскен кезде, сол әулеттегі адамдарға сәлем беру үшін, олардың аттарын тікелей атамай астарлы теңеулермен айту керек. Бұл дәстүр келіннің қайын жұртына білдіретін сыйластығы.Бұрында келіннің шешендігін, сөз тапқырлығын,әзілқойлығын анықтау үшін, қазақтар осы дәстүрді ойлап тапқан. Қайын аға, қайын әпке-сіңілерінің, қайын інілерінің келбетімен, түр тұлғасына, қызмет бабына қарай: «мырза жігіт», «үлкен ата», «кенже бала... |
Толығырақ... Оқылды: 629 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 22.04.2019 |