Жаңалықтар
Үздік кәсіпкерге дауыс бер! |
| Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне кандидаттарды сайлау басталды. Әуелі өңірлік кеңестің атқаратын міндеті мен мақсаттарына тоқталып өтсек. Өңірлік кеңес аймақтағы палатаның бақылаушы органы болып табылады және бизнес субъектілерінен , делегаттардан сонымен қатар, қауымдастық өкілдерінен құралады. Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендету және нығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі. Өңірлік кеңеске мүше болғысы келетін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек: · Қазақстан Республикасының азаматы болу; · Өңірдің әлеуметтік-қоғамдық қызметінде белсенді қатысушы болу; · Кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу; · Аймақта көпке танымал болу; · Кәсіпкерлер арасында жән... |
| Толығырақ... Оқылды: 279 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2020 |
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР |
| Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау шараларын көрсету тәртібін бекіту туралы Ағымдағы жылғы 3 тамыздан бастап қатаң шектеу карантиндік шараларының ұзартылуына байланысты ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қызметі шектеулі, тыйым салынған немесе карантиндік шараларды енгізу нәтижесінде тоқтатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ШОК) қолдаудың қосымша шараларын бекітті. ШОК субъектілері үшін банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша 2020 жылғы 3 тамыздан 1 қазанға дейін 60 күнге кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. ШОК субъектілерінің банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін беру үшін кредиттік ұйым шешімді қарыз алушының өтініші негізінде және қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құжаттарды беруін талап етпей қабылдайды. Кредиттік ұйымдардың қарыз алушылардың өтіні... |
| Толығырақ... Оқылды: 235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2020 |
Алматы облысында аурудың өсу қарқыны 1.1% құрайды |
| Коронавирус инфекциясы тарағаннан бастап бірқатар салалардың жұмысы тоқтады. Оған себеп, аталған кеселмен күресте қабылданған шаралар болып отыр. Баршаға белгілі Алматы облысы бойынша карантиндік шаралар күшейтілген болатын. Оның нәтижесі де жаман емес. Бүгінгі күні Алматы облысында 44512 расталған COVID-19 жағдайы тіркелген. Соңғы аптада аурудың өсу қарқыны 1.1% құрады. Дегенмен қойылған қатаң талаптар мен шығарылған қаулыға қарамастан, тұрғындар карантин режимін бұзып әкімшілік құқықтың 425-бабын бұзған. 3-ші тамыз күні қабылданған №23-ші қаулыға сәйкес: -Қоғамдық тамақтану нысандары мейрамхана, дәмханалар, банкет залдары, донер, бар сондай-ақ ашық ауадағы жазғы алаңдардың жұмыстары; - Облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыс аумағынан тыс жолаушыларды автотасымалдауды жүзеге асыратын автовокзал жұмысы және елді мекендер ішіндегі қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылды. - Жабық азық-түлік және барлық азық-түлікті емес ашық және жабық базарлардың жұмысы да шегері... |
| Толығырақ... Оқылды: 265 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2020 |
Бүгінгі танда Алматы облысы бойынша респираторлық ауру белгілері бар, Сovid-19, пневмониямен ауыратын немесе күдікті пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 391 мобильді бригада белсенді жұмыс істейді. |
| Жедел медициналық қызметке түсетін үлкен жүктемеге байланысты COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді бақылау үшін, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін және асқынулардың алдын алу үшін стационарда емделіп шыққан пациенттерді бақылау үшін шілде айында 391 мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылды. Бұдан басқа да, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді. Мобильді бригадалардың жұмысын Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы жергілікті аймақтарда ұйымдастырды, қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. Бригадалардың саны - бес мың адамға бір мобильді бригада есебінен анықталады. Халыққа мобильді бригадалардың қызметі тегін көрсетіледі. Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және медбике, қажет болған жағдайда бейінді маман кіреді. Мобильді бригадалар халыққа мынадай қызметтер көрсетеді: пациентті алғашқы тексеру, ауырлық дәрежесін бағалау; COVID-19... |
| Толығырақ... Оқылды: 216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2020 |
Тұрғын үй көмегін тағайындау |
| Эльмира НАО: Құрметті оқырман, бүгінгі #oqy&toqy айдарын «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметіне арнамақпыз. |
| Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.08.2020 |
Құрбан айт мерекесіне орай Алматы облысының 11 мыңнан астам отбасына ет таратылды |
| Пандемияға байланысты биыл Алматы облысының тұрғындары Құрбан айт мерекесін жаңа ережелер бойынша атап өтті. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Оразбаевтің бастамасы бойынша қасиетті мұсылман мейрамына дайындық әдеттегіден ертерек басталды. Биыл карантиндік шараларға сәйкес және қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, Талдықорғанда арнайы бөлінген жерде 1 түйе, 56 ірі қара, 611 ұсақ мүйізді ірі қара құрбндыққа шалынды. Ал автоволонтерлер 5531 мұқтаж, көп балалы отбасыларға, туа біткен аурулары бар адамдарға, қарт адамдар мен ауруханаларға ет жеткізді",- деді Ардақ Оразбаев. 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Алматы облысы бойынша 1 түйе, 145 бас ірі қара және 3409 бас ұсақ мал құрбан болды. Ал 400-ге жуық еріктілер мен автоволонтерлер 11 225 мұқтаж отбасына ет жеткізді. Мысалы, онлайн өтінім арқылы Алакөл ауданы бойынша барлығы 17 ірі қара және 530 ұсақ мал құрбан болды. Ал ет 1064 мұқтаж отбасына таратылды. Кербұлақ ауданында "Майтөбе ет" ЖШС... |
| Толығырақ... Оқылды: 223 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.08.2020 |
Құрметті көксулықтар! |
| Барша мұсылман қауымының ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын! Ізгілік пен мейірімді, қайырым мен қанағатты арттырып, ізгі амалды тоғыстыратын мерейлі мерекені ауызбіршілікпен өткізу дәстүрге айналған. Алайда, биыл бүкіл әлемде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты көптеген игі шараларлардан бас тартып, кейбірі кейінге шегеріліп жатқаны баршаңызға белгілі. Өкінішке қарай, қасиетті Құрбан айт күні ағайынды аралап, айттауға мүмкіндік болмай тұр. Індеттің ілмегінен сақ болу үшін әркім өз отбасында ғана болуға шақырамын. Құрбан шалып, ізгі амал жасаймын деген азаматтарымызға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қашықтықтан құрбан шалу жобасын ұсынып отыр. Ұлы ғибадатқа ниет еткен кез-келген азамат qurban2020.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, құрбан шалуға болады. Құрметті жерлестер! Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты және қабылданған карантиндік шектеулерді ескере отырып, түсіністікпен қабылдауларың... |
| Толығырақ... Оқылды: 216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.07.2020 |
COVID-19: Әбігерге толы әлем |
| АҚШ-та 100 мың адам COVID-19-ға қарсы вакцина шығару үшін клиникалық тәжірибеден өтуге пейілді екенін білдірді. АҚШ Ұлттық аллергиялық және инфекциялық аурулар институтының директоры Энтони Фаучидің айтуынша, бүгінде 30 мың америкалық игілікті іске іріктеліп алынған. Алайда, зерттеу барысында әлі де ондаған мың ерікті қажет болуы мүмкін. * * * Новосібір мемлекеттік университетінің ғалымдары COVID-19-ды 40 секунд ішінде жоятын әдіс тапқанын хабарлады. Фотодинамикалық терапияда зерттеу жүргізген ғалымдар лазер қуатының аз мөлшерімен дәрілік фотосенсибилизаторлардың мардымсыз бөлігіне тәжірибе жүргізген уақытта, қас қағымда SARS-CoV-2 вирусты суспензиясының белсенділігі мүлде жойылған. Ғалымдар фотодинамикалық терапия көмегімен коронавирусты емдеуге болатынына көз жеткізгендерін айтады. Медицинада ФДТ саласында зерттеулер бұрын да нәтижелі болғанын айта кеткен жөн. Мәселен, АҚШ ғалымдары ағзадағы өзге жасушаларға кері әсерін тигізбестен, тек обыр жасушаларының көзін осы әдіспен құртқан... |
| Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 30.07.2020 |
«Коронавирустан сақтайды»: Құйрық май ем бола ма, әлде шөп пе? |
| Соңғы кездері «коронавирустан емдейді» деген сөзді жиі еститін болдық. Әрине, әңгіме жаппай вакцина турасында емес. Оның үстіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаға адамдар тек 2021 жылдың бірінші жартысынан кейін ғана қол жеткізе бастайтынын айтқан болатын. Алайда, пандемия басталғалы бері ел арасында иттің, борсықтың майы, адыраспан, зімбір, ақжелкек сынды түрлі өсімдіктердің емдік қасиетінің коронавирус инфекциясымен байланысты ақпараттың тарауына не себеп? Саралап көрсек. Әлемнің бірқатар елін шарпып үлгерген коронавирус індеті Қазақстанда енді-енді анықтала бастаған кезде, халық инфекция жұқтырып алмас үшін жаппай сарымсақ пен пияз тұтына бастаған еді. Бұл табиғи антисептиктің микробқа қарсы қасиеттеріне қарамастан, коронавируспен күресте оның тиімділігі дәлелденбеген. Сарымсақ тұндырмасын тіпті сау адамның өзі күнделікті қабылдаса, гипертония немесе гипотензия (қан қысымының жоғарылауы/төмендеуі), жүрек тұсындағы ауы... |
| Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 30.07.2020 |
Құрбан айт |
| Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті Көксу ауданының тұрғындары! Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді. Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды. «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейр... |
| Толығырақ... Оқылды: 296 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 30.07.2020 |
