Жаңалықтар
Коронавирус (әңгіме) |
| Академик Қалтай Қарабалин аяқ астынан ауырып қалды. Ол көп шәкірт тәрбиелеген белгілі микробиолог еді. Дене қызуы көтеріліп, бойы ауыр тартты. Тамақ жұтуы қиындады. Тоқсанға келген жасы бар. Кемпірі жедел-жәрдем шақырды. Дәрігерлер келді де Қалтайдың ыстығын өлшеді. Ыстығы 38-ден асты. Бұл дәрігерлерді аяқ астынан әбігерге түсірді. 5-10 минут өтпей Төтенше жағдай қызметкерлері де келіп жетті. Дезинфекция жасалды. Бәрінің беттерінде маска бар. Шұғыл түрде қан алып, «тергей» бастады. -Үйге кім келді, кім кетті? Шетелге барып келген ешкім жоқ па? Сұрақ үстіне сұрақ қойылып жатыр. -Шырақтарым, қорықпаңдар, менің өзім де дәрігермін, ангинам бар еді. Сол ғой ыстығымды көтерген, - деді Қалтай дәрігер мен Төтенше жағдай қызметкерлеріне. – Неменеге қару асынып жүрсіңдер? Бұл сендер ойлаған коронавирус емес... -Сонда не? -Бұл іріңді ангина. Кемпірдің айқайына қарамай тоңазытқыштан алып айран ішіп едім. Өзіме де обал жоқ. Басқа түк те емес. -Жоқ, академик болсаңыз, академ... |
| Толығырақ... Оқылды: 86 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 09.07.2020 |
«ТӘРТІПКЕ БАС ИГЕН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ, ТӘРТІПСІЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ» |
| Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл объективтік құбылыс. Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Аптаның алғашқы күндерінен бастап елімізде және ауданымызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері және СЭС - тен құралған мобильдік топтың мүшелері бірлесіп рейд жүргізді. Жалпы тексеріс барысында 8 нысан... |
| Толығырақ... Оқылды: 1927 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.07.2020 |
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі |
| Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр. Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті, бірқатар елдерде карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді. Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты. Бұл – өте қауіпт... |
| Толығырақ... Оқылды: 66 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 09.07.2020 |
Балабақшаға кезек нөмірін қарау |
| Бүгінгі #oqy&toqy айдарын қазіргі кезде сұраныстағы қызмет түріне арнамақпыз. Маусым айынан бастап, балабақшаға жасы жеткен бүлдіршіндерге жолдама беріліп жатқаны мәлім. Нәтижесінде біраз баланың кезектегі саны алға жылжып келеді. Ондай болса, бүгін балабақша кезегін онлайн қарап үйренейік. |
| Толығырақ... Оқылды: 285 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2020 |
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА |
| 2020 жылғы 12 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындауға байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы келесіні xабарлайды: 1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлауы және жариялауы, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына мына мекен-жай бойынша ұсынуы тиіс: Нұр-сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, электрондық мекен-жайы: v.zheksembekova@election.gov.kz, a.khusainova@election.gov.kz. 2. Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды. 3.... |
| Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.07.2020 |
Туылған күніңмен Нұр-Сұлтан!!! |
| «Астана – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі». Егер біз бабаларымыздың қанымен келген тәтті сыйымыз тәуелсіздікті ұлы жетістігіміз деп есептесек, елордамыз соның ең асқақ жемісі. Ол –Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы. Ол –отанымыздың жүрегі, бейбіт елдің баға жетпес байлығы. Астана күніне орай құттықтауларды қабыл алыңыздар! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұрғаны айдан анық. Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар. Астана дегенде кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, бойымызды тәтті сезім билейді. Гүлдей бер, жайнай бер, елімнің бас қаласы Астана! Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өзі... |
| Толығырақ... Оқылды: 271 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.07.2020 |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды |
| Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар шет мемлекеттер мен еліміздің жетекші университеттерінің құрметті профессоры және докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығ... |
| Толығырақ... Оқылды: 252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.07.2020 |
Елбасы- тарихтың ауқымды тұлғасы |
| Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қазіргі әлемдік тарихтың ауқымды тұлғасы. Ол бүкіл елдер қоғамдастығына мемлекеттің бейбіт, ядролық қарусыз саясаты туралы мәлімдей отырып, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығара алды. Тәуелсіздік жылдары Елбасының басшылығымен экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық ойлауы, тарих барысы мен көреген, сенімді саясаты Қазақстанның көпэтносты негізінде тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, оны әлемнің прогрессивті ойлайтын саясаткерлері қатарына көтерді. Бүгінгі таңда Қазақстанда құрылған қоғамдық бейбітшілік пен келісім үлгісінің бірегейлігі туралы бүкіл әлемде, оны "Қазақстан жолы" немесе "Назарбаев моделі" деп атайды. Бұл тәжірибе бүкіл әлемнің саясаткерлері мен ғалымдарының қызығушылығын тудырады. Қазақстан Президентінің идеялары мен бастамалары терең зерттеулердің мәніне айналуда, олар туралы жетекші бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ әлемдік державалардың көшбасшылары айта... |
| Толығырақ... Оқылды: 246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.07.2020 |
Елбасы мен Елорда егіз ұғым |
| Елбасы мен Елорда егіз ұғым. Осыдан жиырма алты жыл бұрын жұдырықтай жұмылған қазақ баласы Арқа төрінде Астана атты шаңырақты төбеге көтеріп, бір-бір уық болып қадалған еді. Айналасы жиырма алты жылдың ішінде әлем таныған шаһар ерекше құлпырып, ажарлана түсті. Ал, бүгін кешегі жас, бүгінде бас қалаға айналған Астана Нұр- Сұлтанға айналып, Елбасымен бірге жасап келеді. Елбасының «Біз Астананың әр кірпішін бірге қаладық, әр талын бірге отырғыздық, отаншыл, мемлекетшіл әрбір азамат осы қаланың өркендеуіне, гүлденуіне қолынан келгенінше үлес қосты, ендеше елордамызды бүкіл Қазақстан болып тұрғыздық» дегені бар. Шындығында, Отанымыздың жүрегі Еуразияның нақ ортасында, Сарыарқаның төрінде, Есілдің жағасында орналасқан дегендеріміз құр сөз емес, шындыққа айналды. Ол тарихымызда алғаш рет тек өзіміздің ұлттық мүддемізден шыға отырып қабылданған шешім болды. «Астана батыс пен шығысты жалғаған шаһарға, тәуелсіздікпен еншілес, егіз ұғымға, әлемдік саясатта қадамы құтты қала... |
| Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.07.2020 |
ХҚО-лар карантин кезінде жұмысын жалғастырады |
| ХҚО-лар карантин кезінде жұмысын жалғастырады ХҚО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті. Азаматтарды дүрбелеңге берілмеуге шақырамыз. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданып, фронт-офис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған. Бүгінде облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және кейбір аудан ХҚО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек «қағаз» қызметтер (100-ден... |
| Толығырақ... Оқылды: 239 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2020 |
