Жаңалықтар

ЖҰМА СҰХБАТЫ:

Өтірік айтқан адамнан періштелер алыстайды Әбул Фазл Мұса Изники хазреттері Осман Империясындағы үлкен әулие және ғұламалардың бірі. Изникте туылды, туылған күні белгісіз. 838 (м.1434) жылы қайтыс болды. Бір сұхбатында былай деген: Өтірік айту – күнәлардың ең жаманы, кемшіліктердің ең нашары, жүректі қарайтатын барлық жамандықтардың басы. Өтірік айту – пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ең жақтырмайтын қасиет. Періште өтірік айтқан адамнан, өтірігі себебімен шыққан сасық иістен жиіркеніп бір шақырымға алыстайды. Баланы «Жылама, саған пәлен нәрсе алып беремін» деп алдамау керек. Егер алып бермесең, бұл сөзің өтірік болып жазылады. Бір нәрсені айтып бергенде, хабарлағанда түшкіруді ниғмет деп білу керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам бір хадис шәрифте «Сөйлескенде түшкіру сөзінің рас екенін көрсететін ең әділ куәгер» деді. Адамның үш жерде өтірік айтуына рұқсат берілген. Біріншісі, соғыста өтірік айту. Өйткені, соғыс айла орны. Екінші...
Толығырақ... Оқылды: 803 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 05.04.2019

Жол полицейлері дабыл қағуда: Алматы облысында жол көлік оқиғасының саны артты

Алматы облысында жыл басынан үлкенді-кішілі жолдарда тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 512-ге жетіп, өлім жағдайы көбейген. Жол үстінде 100 адам қайғылы қазаға ұшыраса, 700-ден астам жолаушы түрлі жарақаттар алған, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбековтың айтуынша, тіркелген жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің жауапсыздығынан болып отыр. «Алматы облысына қарасты Алматы-Талдықорған, Алматы-Тараз, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралдарында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелуде. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда жол үстінде көз жұмған жандар саны өкінішке орай, 53 пайызға артты. Қайғылы жағдайдың басты себебтерінің бірі жылдамтықты асыру және мас күйінде көлік айдау. Осы жағдайға байланысты барлық көлік жүргізушілеріне және жолаушыларға дабыл қағамыз. Жол үстінде барынша мұқият және жауапкершілікті болыңыздар, - дейді ол. Жол-көлік оқиғаларыны...
Толығырақ... Оқылды: 371 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2019

Жер жаннаты Жетісу - «7-20-25» бағдарламасының алтын бесігі

«Баспана» ипотекалық ұйымының есебі бойынша Алматы облысының «7-20-25» ипотекалық кредиттеу бағдарламасының көшбасшысына айналуға барлық мүмкіндігі бар. Өңірдегі жағымды экономикалық өзгерістер, тиімді логистикалық және өндірістік жобалар, тұрғындар табыстарының өсуі облыстың «7-20-25» бағдарламасына арналған тұрғын үй құрылысын жандандыруына қолайлы жағдай жасап отыр. "7-20-25" – Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама Елбасының Жолдауында айтылған «Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру мақсатында әзірленді. Бағдарламаның атауы оның негізгі талаптарын айқындайды. 7 – бұл ипотекалық кредит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме. Ол түпкілікті болып табылады және өзгермейді. Қарыз алушы ешқандай комиссиялық ақыларды төлемейді және қосымша шығындарды көтермейді. 20 – бұл пайыз түрінде көрсетілген бастапқы жарна. 25 – бұ...
Толығырақ... Оқылды: 524 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2019

5 сәуір қандай күн?

Көші-қон полициясының күні 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың болу тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді.Заңсыз көші-қонмен, Қазақстанға шетел азаматтарының келу фактілерінің бұзылуымен күресу үшін 2002 жылдың сәуір айында «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі взводы құрылды. Корей елінде ағаш отырғызу күні Бұл шара Корей жерінде ормандарды қайта қалпына келтіру мақсатында Пак Чжон Хи басшылығымен қолға алынған болатын. 1960 жылдан бастап, 2005 жылға дейін бұл күн мемлекеттік мерекелердің бірі болып, ресми түрде бүкіл елде демалыс жарияланатын. Қазір демалыс берілмесе де, ескі дәстүр өз жалғасын табуда. Бұл күні Оңтүстік Ко...
Толығырақ... Оқылды: 573 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 05.04.2019

Алматы облысында атом электр станциясын салу жоспарланып отыр

Қазақстанда атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен аулында салынуы мүмкін. Ауыл Алматыдан 300 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев парламент сенатының кулуарында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz. Вице-министрдің сөзінше, атом электр станциясын салу туралы нақты шешім әзірге қабылданбаған. Алайда станция салынатын аумақ белгіленіпті. «Біз бұл мәселені зерттеуді жалғастырамыз. Алайда атом электр станциясын салу туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Алматы облысындағы Үлкен аулынан аумақ белгіленді», - дейді Мырзағалиев. Сонымен қатар ол Қазақстан үшін барынша сай келетін технологияны таңдау керектігін атап өтті. Үлкен аулы Балқаш көлінің маңында орналасқан. Айта кетсек, Қазақтан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуше барған еді. Путин Тоқаевпен жүргізген келіссөздерін қорытындылай келе атом электр станциясы жайлы сөз қозғады. Ресей президентінің сөзінше...
Толығырақ... Оқылды: 482 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.04.2019

КӨРКЕМ МІНЕЗ – ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Ислам – әдептілік және жақсы мінез діні. Пайғамбарымыз бірде «Жақсы мінездерді толықтыру үшін, жақсы мінездерді дүниеге жаю үшін жіберілдім.» десе, тағы да «Сендердің иман жағынан кәміл болғандарың мінезі жақсы болып, адамдарға жақсылық жасағандарың» деп тіпті иманды да мінезбен және адамдарға пайдалы болумен өлшеген. Көркем мінез Аллаһ тағаланың құзырындағы Жәннат нығметтеріне ашылып құйылған жүректің есігі болса, жаман мінез тозақ отына ашылған есік. Аллаһ Елшісі бірде:(с.ғ.с) «Сірке су балды бұзатын секілді, жаман мінез адамды бұзады» деген. Жақсы мінезге жаратқан Аллаһты және оның жаратушыларын қош көріп, олардан келген қиындықтарға сабыр етуді айтамыз. Жақсы мінезділік –Аллаһ тағаладан разы болу деген сөз. Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім» деп өзінің ұлық мұратын паш етеді. Осылайша ол Ислам діні негізінде адамзаттың бақытына баланған игі жақсылықтың бірі көркем мінез екендігін...
Толығырақ... Оқылды: 1011 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.04.2019

ИСЛАМНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы. Қазіргі таңда, біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі балалардың көбеюі елімізді алаңдататыны белгілі. Мүмкіндігі шектеулі жандар – тағдырдың тауқыметімен арпалысып жүрген, аялы алақан мен мейірімді жүрекке зәру жандар. Кемтарлықтың қыл бұғауын мойнына ерте ілген жандардың біздің қоғамымызда алатын орны ерекше. Ал, осындай жандарға көңіл бөлу, жанашырлық таныту – бұл ұлы іс. Өткен аптада, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, Мәмбет ауылы «Динара» мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып ақ дастархан жайылды. Сол ауылдың үлкенді-кішілі қонақтары шақырылып, ән айтылып, би де биленді. Аруна Балабекова, Бағжанар Рысб...
Толығырақ... Оқылды: 583 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.04.2019

АЙБЫНЫМЫЗДЫ АСЫРҒАН БАЛУАН

Қазақ күресі – әлемдегі ең әдемі күрес. Егер қазақ күресінің тарихын қазсаңыз, оның түбін сонау ғұндардан, кейінгі қазақтың эпостық жырларынан табасыз. Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерінде жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізілді. Бұрын қазақша күрес «Күш атасын танымайды» деген түсінікпен салмағына, дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Тіпті, ағасы мен інісі күресіп қалатын кезі де болған. Сондай-ақ, күрестің белгілі бір жүйеге түскен белдесу ережесі де болмаған. Күреске түскендер үлкен-кішілігіне қарамай, қайсысы күшті болса, сол жеңіске жеткен. Жиын-тойларда ғана күш сынасып қоймай, кім жеңеді деп егеске түскен екі балуан кездескен жерде ат үстінен түсе қалып, белдесе кететін болған. Ел ішінде атақтары жайылған Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар т.б. осындай алып балуандар болды. Қазақ күресі 1928 жылға дейін «қазақша күрес» деп аталып келген. Негізі, күрестің «белде...
Толығырақ... Оқылды: 580 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.04.2019

4 сәуір қандай күн?

Сенегал Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1960 жылғы сәуірдің 4-де Франция Сенегалға Франция қауымдастығы шеңберінде өкілділік берді. Осы жылғы тамыздың 20-да Сенегал Тәуелсіздігін жариялады. Сенегал Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында Мавританиямен, шығысында Малимен, оңтүстігінде Гвинея Республикасымен, Гвинея-Бисаумен шектеседі. Батысы Атлант мұхитымен шайылады. Әкімшілік жағынан 10 облысқа бөлінеді. Астанасы - Дакар қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі.Веб-бағдарламашылар күні. Испаниядағы баскілердің ұлттық мейрамы. Баскілер - Францияда, Аргентинада, Бразилияда, Мексикада тұратын халықтар, Үлкен еуропа нәсіліне жатады. Испан, француз, баск тілдерінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Бұл халықтардың арғы тектері - васкон, вардул, каристи тайпалары. Мина қауіпсіздігі және минаны залалсыздандыруға қатысты көмектің халықаралық күні. 2006 жылдан бастап Бірікк...
Толығырақ... Оқылды: 546 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.04.2019

Дүниежүзілік сауық кеші күні

Бұл күнді құру идеясы алғаш рет америкалық жазушы Ванна Бонтаның «Ұшу» романында айтылған. Роман 1995 жылы жарыққа шыққан, оның соңы 2000 жылдың 3 сәуіріне дейін уақыттың кері есептелуімен аяқталған. 1996 жылдың 3 сәуірінде алғашқы Дүниежүзілік сауық кеші күні аталып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.