Жаңалықтар

Алматы облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз жұмысын қорытындылады

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Нариман Ботанов мекеменің жылдық жұмыс нәтижесін жария етті– деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыста 268 аудиторлық тексеру өткізген. Оның ішінде 248 жоспардан тыс, 20-сы жоспарланған шаралар. Тексеріс кезінде анықталған қаржылық бұзушылықтар көлемі 18 269 648,2 мың теңгені құраса, ал процедуралық бұзушылықтар 20 397 712,4 мың теңге болған. - Департаменттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және мемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру. Мұндай тексерулер жыл сайын жүйелі түрде жүргізіледі, - дейді Н.Ботанов. Сондай-ақ, жасалған аудиторлық іс - шаралардың нәтижесінде, аудит объектілерінің 97 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, 57 - ескерту, 36 - сөгіс, 2-қатаң сөгіс, 2 қызметкер жұмыстан босатылды. Және де есептік кезеңде мемлекеттік орга...
Толығырақ... Оқылды: 745 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2018

Волейболдан «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі өтуде.

Бүгін Талдықорғанда волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі басталды. Аталмыш, додаға Қазақстан, Монғолия, Өзбекстан, Қырғыстан, Татарстан, Польша, Ресей және тағы да басқа республикаларының командалары қатысуда – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Турнирдің салтанатты ашылуында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықаралық турнирге келген қонақтарға өзінің жылы лебізін білдірді. — Құрметті, турнирге қатысушылар, жер жаннаты атанған Жетісу өлкесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі «Жетісу кубогы» турниріне арнайы келген командалардың ішінде атақты ойыншылар – еңбек сіңірген спорт шеберлері, волейбол ойынының өрісін кеңейтуге көп еңбек сіңірген азаматтар бар. Олар-бірнеше буын спортшылар үшін үлгі болған кәсіби мамандар. Сондықтан бұл турнирді өткізу елімізде, соның ішінде облысымызда волейболды дамытуға жасалған жақсы бір қадам деуге болады. Бәріңізге бұл турнирде жақсы ойын, сәттілік пен жеңіс тілейм...
Толығырақ... Оқылды: 438 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.12.2018

Алматы облысында мигранттарға құқықтық қолдау көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде

Алматы облысында «Талдықорған аймақтық әйелдер қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдаумен осал мигранттарды өңірлік және жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан қорғау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Науқанның осы облыста ауқымды өткізілуі,Қазақстанда статистикалық мәліметтерге сәйкес, шетелдік мигранттарды барынша тартатын 5 өңірге кіруі болып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында белгілі болды. Аталмыш шара, Халықаралық көші-қон ұйымы және Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен жасалған. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастау алған түсіндіру жұмыстарына - ХКҰ, көші-қон қызметкерлері, Алматы облысының ІІД ұйымдасқан қылмыстық бөлімінің қызметкерлері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбек этномәдени бірлестігі және БАҚ өкілдері тартылған. Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық үйлестірушісі Светлана Жасымбекованың айтуын...
Толығырақ... Оқылды: 478 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.11.2018

ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХПЕН ТАНЫСУ

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өткен тарихымыздың жарқын келбеті деп білемін. Себебі, бүгіннің өткенсіз, болашақтың бүгінсіз айнасы бұлыңғыр. Біз жаһандану заманына өзіміздің тарихымызбен енуіміз керек. Ал, сол түпкі тарих тағылымын Елбасы кезек-кезегімен атап өтті. Қазақ халқының танымдық мұрасы, салт-дәстүрі мен өзіндік әдет-ғұрпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық шежіресі – баға жетпес асыл қазына. Сол қазынаны ұмытпау әрі дәріптеу – жастардың үлесінде. Алғашқы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауында Ұлы дала төсінде пайда болған мәдениет, атқа міну дәстүрі, аң стилі, Алтын адам жайында айтып, біраз бағдарламалар мен жобаларды ұсынды. Сол Ұлы даланың жеті қырының ең алғашқысы ретінде, қазақ халқының жеті қазынасының бірі – жылқыны дәріптегені көп нәрсені аңғартады. қазақ ауыз әдебиетінде жылқы туралы «Құлын – тайға жеткізер, тай – құнанға жеткізер, құнан – атқа жеткізер, ат – м...
Толығырақ... Оқылды: 597 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.11.2018

ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ФУТБОЛ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: - «Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек»,- деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында Елбасы Жолдауы жүзеге асырылып, түрлі шаралар атқарылып, жалғасын табуда. Соның бірі – спортты дамыту мақсатында Еңбекшіқазақ орта мектебінде қазан айының 27-і күні ұлағатты ұстаз Сапарбек Байтайұлы Асқаровты еске алуға арналған қыздар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған еске алу турниріне аудан мектептері арасынан іріктеу кезеңінен өтіп финалдық кезеңге жолдама алған 5 команда өзара мықтыны анықтады. Ұстаздық жолын осы мектепте дене тәрбиесі пәніні...
Толығырақ... Оқылды: 712 Санат: СПОРТ Уақыты: 09.11.2018

АЛҒАБАС ТӨРІНДЕ – КӨКПАР

Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі және бірегейі. Бұл ойын түрінің теңдессіз екендігін әлем халқы мойындап отыр. «Көкпар» ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Ұлттық ойындарымызды халық арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ойынның техникасы мен шеберлігін игеруге жастарымыздың қызығушылығын ояту мақсатында, өткен аптада Алғабас ауылдық округі аппаратының ұйымдастыруымен жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі – көкпар ойыны өтті. Ер жігіттің ат құлағында ойнайтын шеберлігі, ептілігі мен күш-қайраты сыналатын осынау ұлттық ойын түріне Кербұлақ, Ескелді, Көксу аудандарының шабандоздары мен 70-тен аса жүйрік ат қатысты. Алғашқы салымға 25 мың теңге қаржылай және 1 қой тігілді.Ойын басында Алғабас ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Дәурен Молдағали спорт- сүйер қауымға тілегін жеткізді : «Қадірменді ауылдастар! Елбасымыз Нұ...
Толығырақ... Оқылды: 785 Санат: СПОРТ Уақыты: 02.11.2018

ҚАЙТА ЖАҢАРҒАН СПОРТ АЛАҢЫ

Қазан айының 26 жұлдызы аудан орталығында заманауи тұрғыда жабдықталған, толығымен күрделі жөндеуден өткен Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның тұсауы кесілді. Шараға Б. Оңғаров ағамыздың жары Тұрсынхан Оңғарова мен облыстық спорт басқармасының басшысы, Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және Атланта Олимпиадасының жүлдегері Мәулен Мамыров, аудан ақсақалдары және тұрғындары арнайы келіп қатысты. Дәл осы бір айтулы күнде мерекелік шараны салтанатты түрде аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы ашып, барша аудан тұрғындарын ортақ қуаныштары – стадионның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. - Қадірлі халайық!Құрметті спорт сүйер қауым! Бүгінгі күн аудан өмірінің тарих беттеріне алтын әріппен жазылатын қуанышты сәт. Себебі, біздер үлкен қуаныштың куәсі болғалы отырмыз. Аудан орталығында заманауи тұрғыда жабдықталған, толығымен күрделі жөндеуден өткен Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның тұсауы кесілуде. Баршаға белгілі, спорт пен дене тәрбиесін дамыту...
Толығырақ... Оқылды: 631 Санат: СПОРТ Уақыты: 02.11.2018

ОЛЖАМЕН ОРАЛҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ

Жүйріктерін орғытқан, Қиялардан қарғытқан, Қызыл болат кім екен? Атта жерде ойнаған, Көздері оттай жайнаған, Бұлар кімнің ұлы екен? Жасасын қызыл болаттар, Біздің темір қанаттар, Еңбегі мәңгі өлмейтін. «Спорт деген бекзада өнері екені анық. Бақ пен баптың сыналар шағында ел намысын жоғары ұстап жеңіс тұғырына көтерілгенде қуанбайтын жан жоқ шығар. Дәл осындай жұлдызды шақта, байра-ғымыз көкке өрлегенде күллі әлем алдында дәрежеміздің көтерілетіні сөзсіз. 17 қазан - Көксу ауданы үшін қуанышқа толы күн болды. Жақында Латвия Республикасының Даугавпилс қаласындағы ардагерлер арасында гір спортынан әлем чемпионаты болып өтті. Әлемнің 31 елінен 700 спортшы қатысқан жарыста жерлесіміз Жұмахан Күзбаев қазақ елінің намысын қорғап, байрағын көкке көтеріп, елге жеңіспен оралды. Жер шарының ең мықты гір көтерушілері жиналған Латвиядағы әлемдік чемпионатта көксулық тарланымыз қалың спортшылардың арасында топ жарды. 60-64 жас аралығында өнер көрсеткен Жұмахан ағамыз бойында рух пен...
Толығырақ... Оқылды: 587 Санат: СПОРТ Уақыты: 18.10.2018

Қолды болған 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды

Қолды болған 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды Ағымдағы жылдың 8 айының қорытынсыды бойынша 1394 пара беру және алу фактілері тіркеліп, мемлекет қазынасына 7,7 млрд теңге қайтарылды. Құқық бұзушылықтың басым бөлігі Қостанай мен Түркістан облыстарында болып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев баяндады. «Мемлекеттік қызмет институтын жетілдіру, оның ішінде, әрбір мемлекеттік қызметшінің бәсекеге қабілеттігін арттыру және құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін нығайту бұл Агенттіктің басты мақсаттарының бірі. Агенттікпен жүйелі түрде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүзеге асырылып, Әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдердің қызметін үйлестіру жүргізіліп келеді. 2018 жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен 728 тексеру жүргізілді. Бұ...
Толығырақ... Оқылды: 488 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2018

Алматы облысы ІІД ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті

Жиналысқа Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының бөлім басшысының орынбасары Қ.К. Жиенбаев, Алматы облысы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары О. Океев және Талдықорған қаласының ІІД қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің арасында заң бұзушылықтардың алдын алу және нақты шаралар қабылдау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды. Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының бөлім басшысының орынбасары Қ.К. Жиенбаев өз сөзінде: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тек құқық қорғау функциясына ие болғанына қарамастан, заң бұзушылықты болдырмау үшін мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы насихаттауды жүзеге асырамыз. Мұндай жұмыстан кейін күтілетін нәтижелер жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және басшылық тарапы...
Толығырақ... Оқылды: 737 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.08.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.