Жаңалықтар
Алматы облысында мигранттарға құқықтық қолдау көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде |
| Алматы облысында «Талдықорған аймақтық әйелдер қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдаумен осал мигранттарды өңірлік және жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан қорғау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Науқанның осы облыста ауқымды өткізілуі,Қазақстанда статистикалық мәліметтерге сәйкес, шетелдік мигранттарды барынша тартатын 5 өңірге кіруі болып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында белгілі болды. Аталмыш шара, Халықаралық көші-қон ұйымы және Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен жасалған. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастау алған түсіндіру жұмыстарына - ХКҰ, көші-қон қызметкерлері, Алматы облысының ІІД ұйымдасқан қылмыстық бөлімінің қызметкерлері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Өзбек этномәдени бірлестігі және БАҚ өкілдері тартылған. Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық үйлестірушісі Светлана Жасымбекованың айтуын... |
| Толығырақ... Оқылды: 530 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.11.2018 |
ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХПЕН ТАНЫСУ |
| Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өткен тарихымыздың жарқын келбеті деп білемін. Себебі, бүгіннің өткенсіз, болашақтың бүгінсіз айнасы бұлыңғыр. Біз жаһандану заманына өзіміздің тарихымызбен енуіміз керек. Ал, сол түпкі тарих тағылымын Елбасы кезек-кезегімен атап өтті. Қазақ халқының танымдық мұрасы, салт-дәстүрі мен өзіндік әдет-ғұрпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық шежіресі – баға жетпес асыл қазына. Сол қазынаны ұмытпау әрі дәріптеу – жастардың үлесінде. Алғашқы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауында Ұлы дала төсінде пайда болған мәдениет, атқа міну дәстүрі, аң стилі, Алтын адам жайында айтып, біраз бағдарламалар мен жобаларды ұсынды. Сол Ұлы даланың жеті қырының ең алғашқысы ретінде, қазақ халқының жеті қазынасының бірі – жылқыны дәріптегені көп нәрсені аңғартады. қазақ ауыз әдебиетінде жылқы туралы «Құлын – тайға жеткізер, тай – құнанға жеткізер, құнан – атқа жеткізер, ат – м... |
| Толығырақ... Оқылды: 661 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.11.2018 |
ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ФУТБОЛ |
| Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: - «Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек»,- деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында Елбасы Жолдауы жүзеге асырылып, түрлі шаралар атқарылып, жалғасын табуда. Соның бірі – спортты дамыту мақсатында Еңбекшіқазақ орта мектебінде қазан айының 27-і күні ұлағатты ұстаз Сапарбек Байтайұлы Асқаровты еске алуға арналған қыздар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған еске алу турниріне аудан мектептері арасынан іріктеу кезеңінен өтіп финалдық кезеңге жолдама алған 5 команда өзара мықтыны анықтады. Ұстаздық жолын осы мектепте дене тәрбиесі пәніні... |
| Толығырақ... Оқылды: 764 Санат: СПОРТ Уақыты: 09.11.2018 |
АЛҒАБАС ТӨРІНДЕ – КӨКПАР |
| Көкпар – қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі және бірегейі. Бұл ойын түрінің теңдессіз екендігін әлем халқы мойындап отыр. «Көкпар» ойыны жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Ұлттық ойындарымызды халық арасында кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ойынның техникасы мен шеберлігін игеруге жастарымыздың қызығушылығын ояту мақсатында, өткен аптада Алғабас ауылдық округі аппаратының ұйымдастыруымен жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі – көкпар ойыны өтті. Ер жігіттің ат құлағында ойнайтын шеберлігі, ептілігі мен күш-қайраты сыналатын осынау ұлттық ойын түріне Кербұлақ, Ескелді, Көксу аудандарының шабандоздары мен 70-тен аса жүйрік ат қатысты. Алғашқы салымға 25 мың теңге қаржылай және 1 қой тігілді.Ойын басында Алғабас ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Дәурен Молдағали спорт- сүйер қауымға тілегін жеткізді : «Қадірменді ауылдастар! Елбасымыз Нұ... |
| Толығырақ... Оқылды: 865 Санат: СПОРТ Уақыты: 02.11.2018 |
ҚАЙТА ЖАҢАРҒАН СПОРТ АЛАҢЫ |
| Қазан айының 26 жұлдызы аудан орталығында заманауи тұрғыда жабдықталған, толығымен күрделі жөндеуден өткен Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның тұсауы кесілді. Шараға Б. Оңғаров ағамыздың жары Тұрсынхан Оңғарова мен облыстық спорт басқармасының басшысы, Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және Атланта Олимпиадасының жүлдегері Мәулен Мамыров, аудан ақсақалдары және тұрғындары арнайы келіп қатысты. Дәл осы бір айтулы күнде мерекелік шараны салтанатты түрде аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы ашып, барша аудан тұрғындарын ортақ қуаныштары – стадионның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. - Қадірлі халайық!Құрметті спорт сүйер қауым! Бүгінгі күн аудан өмірінің тарих беттеріне алтын әріппен жазылатын қуанышты сәт. Себебі, біздер үлкен қуаныштың куәсі болғалы отырмыз. Аудан орталығында заманауи тұрғыда жабдықталған, толығымен күрделі жөндеуден өткен Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадионның тұсауы кесілуде. Баршаға белгілі, спорт пен дене тәрбиесін дамыту... |
| Толығырақ... Оқылды: 705 Санат: СПОРТ Уақыты: 02.11.2018 |
ОЛЖАМЕН ОРАЛҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ |
| Жүйріктерін орғытқан, Қиялардан қарғытқан, Қызыл болат кім екен? Атта жерде ойнаған, Көздері оттай жайнаған, Бұлар кімнің ұлы екен? Жасасын қызыл болаттар, Біздің темір қанаттар, Еңбегі мәңгі өлмейтін. «Спорт деген бекзада өнері екені анық. Бақ пен баптың сыналар шағында ел намысын жоғары ұстап жеңіс тұғырына көтерілгенде қуанбайтын жан жоқ шығар. Дәл осындай жұлдызды шақта, байра-ғымыз көкке өрлегенде күллі әлем алдында дәрежеміздің көтерілетіні сөзсіз. 17 қазан - Көксу ауданы үшін қуанышқа толы күн болды. Жақында Латвия Республикасының Даугавпилс қаласындағы ардагерлер арасында гір спортынан әлем чемпионаты болып өтті. Әлемнің 31 елінен 700 спортшы қатысқан жарыста жерлесіміз Жұмахан Күзбаев қазақ елінің намысын қорғап, байрағын көкке көтеріп, елге жеңіспен оралды. Жер шарының ең мықты гір көтерушілері жиналған Латвиядағы әлемдік чемпионатта көксулық тарланымыз қалың спортшылардың арасында топ жарды. 60-64 жас аралығында өнер көрсеткен Жұмахан ағамыз бойында рух пен... |
| Толығырақ... Оқылды: 665 Санат: СПОРТ Уақыты: 18.10.2018 |
Қолды болған 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды |
| Қолды болған 7,7 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды Ағымдағы жылдың 8 айының қорытынсыды бойынша 1394 пара беру және алу фактілері тіркеліп, мемлекет қазынасына 7,7 млрд теңге қайтарылды. Құқық бұзушылықтың басым бөлігі Қостанай мен Түркістан облыстарында болып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев баяндады. «Мемлекеттік қызмет институтын жетілдіру, оның ішінде, әрбір мемлекеттік қызметшінің бәсекеге қабілеттігін арттыру және құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін нығайту бұл Агенттіктің басты мақсаттарының бірі. Агенттікпен жүйелі түрде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүзеге асырылып, Әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдердің қызметін үйлестіру жүргізіліп келеді. 2018 жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен 728 тексеру жүргізілді. Бұ... |
| Толығырақ... Оқылды: 593 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2018 |
Алматы облысы ІІД ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті |
| Жиналысқа Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының бөлім басшысының орынбасары Қ.К. Жиенбаев, Алматы облысы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары О. Океев және Талдықорған қаласының ІІД қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің арасында заң бұзушылықтардың алдын алу және нақты шаралар қабылдау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды. Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының бөлім басшысының орынбасары Қ.К. Жиенбаев өз сөзінде: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тек құқық қорғау функциясына ие болғанына қарамастан, заң бұзушылықты болдырмау үшін мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы насихаттауды жүзеге асырамыз. Мұндай жұмыстан кейін күтілетін нәтижелер жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және басшылық тарапы... |
| Толығырақ... Оқылды: 794 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.08.2018 |
«Хан тәңірі медиа экспедициясы» аяқталды. |
| Экспедиция мүшелері шыңға шыға алды ма? Қандай қиындықтарға кезікті? Осы сұрақтардың бәріне Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі жанындағы брифингте жауап берілді. Экспедиция Алматы облысы әкімдігімен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Естеріңізге сала кетсек, экспедиция құрамында қазақстандық актерлер Әнуар Нұрпейісов, Айсұлу Әзімбаева, National Geografic ұйымдастырған «Әлемнің 100 кереметі» атты халықаралық фотофестивальдің қатысушысы, фотограф Александр Кузнецов және Жетісу географиялық қауымдастығының басшысы Әнуар Демегенов тау шыңына бірнеше апта бойы шығуға талпынған. Әнуар Нұрппейісовтың айтуынша тауға шығу оңай емес. Шыңды бағындыру барысында бірнеше рет басын қатерге де тігіпті. - Хан тәңірін мен ешқашан ұмытпаймын. Себебі, бұл сапарды басқаларымен салыстыруға мүлде келмейді. «Таудан тек тау ғана күшті» деген сөзді мен толығымен растаймын. Өз басым 5500 метрлік биіктікті ғана бағындыра алды... |
| Толығырақ... Оқылды: 1099 Санат: СПОРТ Уақыты: 07.08.2018 |
ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН |
| Еліміз үшін ең басты құндылық – адам өмірі болса, олардың қауіпсіздігін сақтау аса маңызды жұмыс. Осы орайда, Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында, «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 30-шы қадамы бойынша шілденің алғашқы аптасы үш бірдей ауылда учаскелік полиция пункті ашылды. Біріншісі Қабылиса, екіншісі Алғабас, үшіншісі Мұқыры ауылдық округінде. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы, аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Рамиль Гимадиев, жергілікті полиция қызметінің басшысы Батырхан Имандосов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбеков және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты жиын барысында сөз алған Алмас Қабдулұлы «Елімізде ішкі тұрақтылықтың, тыныштықтың сақталуы - полиция қызметкерлерінің жұмысына байланысты. Олар кез келген уақытта адам өмірі мен қауіпсіздігі үшін күреседі. Елбасымыз тәртіп сақшылары туралы «Полицейлер – бұл азаматтардың құқығын және бостандығын қорғ... |
| Толығырақ... Оқылды: 672 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2018 |
