Жаңалықтар
КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КІЛТІ – ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ |
| Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды. Жастар қоғамның қозғаушы күші, ең белсенді бөлігі, яғни жарқын болашақ кепілі, ал, болашақ бүгіннен басталады! Қазақстанды дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің арасына қосу біздің қолымызда және бізге артылған үміт пен сенім. «Жастық шағың – жарқын жаздың бейнесі, құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі», - деп Сәбит Мұқанов атамыз айтқандай, жастық шақ әрдайым қызғалдақ құлпыратын шақ. Бүгінгі жас ұрпақ, ел ертеңі – біздер. Біз – ертеңгі күні ел тағдырын ойлайтын осы жалындаған жастармыз. Ең алдымен біз білім алып, «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз», - деп қазақтың бас ақыны Абай айтқандай, еліміздің білім деңгейін биік шыңға көтеріп, қазақ елін әлемге одан ары мойындатсақ, бізден асқан бақытты мемлекет, қазақ елінен асқан бақытты халық болмас... Киелі Көксу ауданымызда да білімді әрі жалынды жастар аз емес. Сол жастар түрлі шыңдарды бағын... |
| Толығырақ... Оқылды: 1580 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 14.03.2019 |
ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ |
| Ақпан айының 14-17 аралығында оңтүстік астанамыз Алматы қаласында грек-рим күресінен 2002-2003жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Осы жарысқа Алматы облысы атынан Көксу ауданы БЖСМ-нің спортшысы Ерасыл Әбілқайыр қатысты. Жарысқа республикамыздың барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының спортшылары қатысты. Жарысқа қатысушылар саны 280-нен асты. Тепсе темір үзетін жас жігіттер боз кілемнің шаңын қақты. Екі күнге созылған жарыс өз мәресіне жетіп, жарыс нәтижесі де анықталды. Осы жарыста 71кг салмақ дәрежесі бойынша белдескен дарынды палуанымыз Ерасыл Әбілқайыр ақтық сынға жолдама алар кезде жеңіліс тапты. Қалған Жуаныш белдесулерінің барлығын жеңіп, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды. Еркін күрестен Алматы облысының чемпионаты Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында ақпан айының 12-15 аралығында еркін күрестен 2002-2003 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемп... |
| Толығырақ... Оқылды: 572 Санат: СПОРТ Уақыты: 06.03.2019 |
Мемлекет басшысының мәлімдемесі |
| Құрметті қазақстандықтар! Мен бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылдағалы отырмын. Өткен жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты болды. Бұл – әрине, жақсы кезең. Бірақ, бұл қазіргі уақыт талабы үшін жеткіліксіз. Мен ұсынған Үшінші жаңғыру және «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» құрылымдық реформаларды жедел жүзеге асыруға бағытталды. Бес институционалдық реформаның толық іске асырылуы шағын және орта бизнестің үлесін түбегейлі арттыруға және мемлекеттің экономикаға араласу үлесін төмендетуге, банктерді «тазартуға», соттарға және құқық қорғау жүйесіне деген сенімді арттыруға тиіс. Қабылданған заңдарға, Үкімет шешімдеріне қарамастан, экономиканың көптеген бағыттары бойынша оң өзгерістерге қол жеткізілмеді. Ішкі жалпы өнім негізінен шикізат ресурстары есебінен қамтамасыз етілді. Бірақ, Үкімет пен Ұлттық банк ел экономикасын сапалы дамытуға серпін беретін нақты құралдарды толыққанды жасап шығара алмады. Мемлекеттік б... |
| Толығырақ... Оқылды: 274 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 05.03.2019 |
Облыс чемпионы атанды |
| Жуырда Талдықорған қаласында облыс оқушыларының IX қысқы спартакиадалық бағдарламасы бойынша қыздар арасында футзалдан жарыс өткізілді. Осындай дәстүрлі жарысқа біздің ауданның құрама командасы қатысты. Ауданымыздың құрама командасының сапында, аудандық спартакиадалық жарыста ең үздік деп танылған Жетіжал, Н.Алдабергенов, Еңбекшіқазақ, Ж.Егінбаев атындағы орта мектептерінің және Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары өнер көрсетті. Біздің команда топтық ойындарында өз қарсыластарын 12:0, 9:1, 7:0, 2:0 есебінде жеңіп, финалдық ойында Талғар қаласының командасын 8:2 есебімен ұтып, чемпион атанды. Осылайша біздің ауданның құрама командасы наурыз айының 1-7 аралығында Көкшетау қаласында өтетін оқушылардың республикалық жарысында Алматы облысының намысын қорғайтын болады. Қанат ӘБДІЛДАНОВ, білім бөлімінің әдіскері |
| Толығырақ... Оқылды: 508 Санат: СПОРТ Уақыты: 01.03.2019 |
Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді |
| 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап,коммуналдық қызметтерді төмендету шаралары туралы әрбір тұтынушыға кеңінен түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстары басталған болатын. Сол мақсатта Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті - түбіртектерді, төлем құжаттарын алу және басқа да қоғамдық маңызы бар нарықтардың субьектілерімен тұтынушыларды хабардар етті, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Төмендетілген тариф төңірегінде кеңінен баяндайтын болсақ, олар: cумен жабдықтау, су тарту, электр энергиясы, жылумен және газбен қамтамасыз сияқты қызмет түрлерінде өзгеріс орын алды. Айталық, сумен жабдықтау кызметінің 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі соммасы 67,6 теңгені болса, 1 қаңтардан бастап, ол көрсеткіш 9,3%-ға азаяды яғни, 61,37 теңгені құрайтын болады. Жылу бағасы қосымша құн салығымен есептегенде 1 гекокалориясына – 2771 теңгеден 2513 теңгеге азайып отыр. Ыстық судың 1 текше метрі 208 теңгеден – 186 теңге 78 тиынға аза... |
| Толығырақ... Оқылды: 258 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 28.02.2019 |
Қысқы көпсайыс – 2019 |
| «Спорт – денсаулық кепілі» демекші, әрбір адамның спортпен шұғылдануы денсаулығына өте маңызды. Ал, денсаулық –адамның ең басты байлығы. «Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала» -, деп Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау аясында, 2019 жылдың 16 ақпан күні Мұқыры ауылдық тау бөктерінде аудандық «Қысқы көпсайыс – 2019» бұқаралық – спорттық жарысы өтті. Бұл сайысқа аудан ішіндегі барлық мекеме-бөлімдер қатысты. Қысқы көпсайыс аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халеловтың сөзінен бастау алды: “Елбасымыз Қазақстан xалқына арналған барлық Жолдауларында, еліміздің болашақ дамуының басты бағыттарының ішінде жастардың білім алуына, дене шынықтыру мен спорт саласына ерекше назар аударып, спортты өркендету, салауатты өмір салтын ұстану, адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы – денсаулық сақтау саласы мен күнделікті өмірдің негізгі бір бөлшегі. Дені сау ұлт бәсекеге қашанда қабілетті... |
| Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.02.2019 |
Қазақстан халқына ЦЭТТ не береді? |
| Цифрлық телехабар таратуға көшу бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға болып табылады. Аналогты телехабар таратуды өшірудің халық үшін ең басты артықшылықтарының бірі, бұл – республиканың бүкіл халқына қолжетімді телеарналар санының көбеюі. Егер бұрын ең шалғай ауылдардың тұрғындары құлақтары бар үй антеннасының көмегімен 4-5 телеарна сигналын қабылдаған болса, енді цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу қорытындылары бойынша оларға 15 шақты телеарна қолжетімді болмақ. Бұл ретте барлық телеарналардың кескіні мен дыбысы цифрлық сапада және қандай да бір бөгет-бөгеуілдерсіз көрсетілетінін атап өткен дұрыс. Цифрлық эфирлік телехабар таратуға қосылу үшін абоненттерге аз ғана тырысса жетіп жатыр, біріншіден, олар өздерінің теледидары DVB-T2 стандартын қолдай ма, жоқ па, соны тексеріп алулары керек, теледидарлары қажетті стандартты қолдайтын жағдайда оларға дециметрлік антенна сатып алып, оны теледидарға жалғау ғана қалады. Егер теледидарлары DVB-T2 стандартын қолдамайтын болса, сап... |
| Толығырақ... Оқылды: 294 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 21.02.2019 |
Кербұлақ ауданының өнеркәсіп көлемі 100,8 пайызды көрсетті |
| Өткен жыл барша Кербұлақ ауданының тұрғындары үшін табысты жыл болып, экономикалық және әлеуметтік салаларында, бірқатар маңызды іс-шаралар атқарылды. 2018 жылды қорытындай келе экономиканың барлық салаларында өсім қарқыны тұрақты және табысты болды.Толығырық тоқтала өтсек, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 млрд 889 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,8 пайыз болды, -деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Кербұлақ ауданының әкімінің айтуынша, өңірде өнген жұмыстар легі көңіл көншітерліктей болған. Нақтырақ айтар болсақ, әлеуметтік-экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту, шағын және орта бизнесті дамыту және т.б тапсырмалар турасында жұмыстар атқарылған. «Өткен жылды қорытындылай келгенде, ауылшаруашылық өнімдері 33 млрд. 38 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,3 % болды. Ағымдағы жылдың есебіндегі 25 мың гектар алқапқа, күздік бидай себіліп, жоспар 100 пайызға орындалды. Бүгінгі таңда ауданда 8 ауылшаруашылығы коопе... |
| Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 16.02.2019 |
Жарыс өз мәресіне жетті |
| ҚАЗАҚ КҮРЕСІ Алматы облысының спорт басқармасы 2019 жылды қазақтың ұлттық ойын қазақ күресінен бастады. Қаңтар айының 11-14 күндері аралығында Талдықорған қаласында 2002-2003, 2004-2005 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Көксу ауданының БЖСМ командасы қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, абыроймен оралды. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында Аяжан Мұқтарғали 48 кг салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарын таза жеңіп, чемпион атанды. Ал, Бағжан Ауданбек 70 кг, Кәусәр Мейрамбек 63 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІ орынға ие болды. Ұлдар арасында Еркебұлан Тұрғанбай 46 кг, Алтынбек Қоғайбек 81 кг ІІІ орынды жеңіп алды. Жарысқа балуан ұл-қыздарды дайындаған БЖСМ жаттықтырушылары Алдаберген Сиражанов, Қазбек Нұртілеуов. ДЗЮДО Қаңтар айының 15-19 күндері аралығында Талдықорған қаласында 2004-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдо күресінен «Қысқы демалыс» атты дәстүрлі Республикалық ашық турнир өтті. Бұл жарысқа республи... |
| Толығырақ... Оқылды: 733 Санат: СПОРТ Уақыты: 08.02.2019 |
КӨҢІЛДЕН ШЫҚҚАН КЕЗДЕСУ |
| «Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» демекші, бір аптаға дерлік уақытқа созылған округтер және аудан әкімінің 2018 жылды қорытындылаған есептік кездесулердің соңғысы, яғни аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының есеп беру жиыны дәл ақпан айының бірінші жұлдызында аудандық Мәдениет үйінде өтті. Бұл есептік кездесуге Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов арнайы қатысты. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мекемелер басшылары мен аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметкерлері, ауданның мәслихат депутаттары мен ардагерлер ұйымы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Алдыменен, облыс басшысы ауданның тыныс-тіршілігінің бейнесін айшықтаған көрмені тамашалаған соң, ауданның мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өтті. Мінберге шыққан аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айтып, биылғы... |
| Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 08.02.2019 |
