Жаңалықтар

Қайғырма!

Қайғырма! Өйткені, ауру айығады, қасірет ұмытылады, күнә кешіріледі. Қарыз өтеледі, тұтқын босатылады, кеткен адам келеді, күнәһар тәубе жасайды, кедей байиды. Қайғырма! Қара бұлттың қалай сейілетінін, қараңғылықтың ағарып, шығып кететінін, құйынның басылатынын көрмегенсің бе? Ендеше, сенің көріп жатқан қиындықтарың – жеңілдікке, тіршілігің – тұрақтылыққа, болашағың – жақсылыққа ұласады. Қайғырма! Қызған күннің ыстығын көлеңке басады, шөлді мұздай, мөлдір су қандырады, аштықты жұмсақ, ыстық нан тойғызады, ұйқысыздық шаршауын тәтті ұйқы қандырады, дерт күйзелісі сауығумен кетеді. Жаратылыстың қиындығын жаратушысы шешеді. Ендеше, сен аз ғана күт! Қайғырма! Себебі бұйырған,тағдырдағы бар нәрсенің сөзсіз болатынына, дәрігерлер басын шайқап, данышпандар әлсізденіп, ғұламалар тұрып қалып, ақындар бір-бірінен сұрасып таңданысқан. Қайғырма! Себебі, сен егер қайғы-қасіретке жүрегіңнен орын берер болсаң, үздік дәрігерлер мен олардың берген кеңестері, дәрі-дәрме...
Толығырақ... Оқылды: 580 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.04.2019

1 минутта жасалатын 10 жақсы амал

1. Алланы дәріптеу Алла Тағаланың адам баласына нәсіп еткен шексіз нығметтері үшін Алланы дәріптеуге 1 минут уақытыңызды жұмсаңыз. Бір минуттың ішінде 100 мәрте«СубханАллахи уа бихамдихи» деп зікір айтуға болады.Алла Елшісі (ﷺ) кімде-кім күніне 100 рет осы зікірді айтатын болса, оның күнәсі теңіздің көбігіндей көп болса да кешірілетіндігін айтқан болатын. 2. «Әл-Фатиха» сүресін оқу Бір минуттың ішінде «әл-Фатиха» сүресін 3 рет айтып шығуға болады. Осы сүрені оқыған мүмінге 600-ден артық жақсы амал жасағандай болып жазылады. 3. Алладан кешірім сұрау Жасаған қателік, кемшілік, күнәларымыз үшін Алладан кешірім сұрап, тәубемізге келу – ешқашан кеш болмайды. Алла Тағаланың кешірім беруін тілеп, бір минутта«Астағфирулла» зікірін қанша рет айта алсаңыз, сонша рет айтыңыз. Алладан жиі кешірім сұрау – екі дүниеде де пайда әкелетін амал. 4.Құранның үштен бірі Бір минутта «Ықылас» сүресін шамамен 20 рет о...
Толығырақ... Оқылды: 606 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.04.2019

22 сәуір – халықаралық жер күні

Халықаралық Жер күні 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді. Бас Ассамблеяның 63-інші сессиясының төрағасы Мигель д'Эското Брокманның атап өтуінше, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады. Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды.
Толығырақ... Оқылды: 735 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.04.2019

Әміре Әрін: Журналистика-қоғамды дамытуға қызмет ететін мамандық

Журналистика мамандарын дайындау, журналистика кадрларын іріктеу, оларға бағыт-бағдар беру, біз секілді ардагер журналистердің басты борышы. Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде «Workshop» өткізу дәстүрге айналды. Сол дәстүрлі кездесу бүгінде өз жалғасын тауып, «Жетісу» газетінің бас редакторы, ҚР Құрметті журналисі Әміре Әрін Жетісу Мемлекеттік университетінің «журналистика» мамандығының білімгерлерімен тағлымды кездесу өткізді. Жастар жылы аясындағы жылы жүздесуде қазақтың көрнекті ақыны газеттің облыстағы беделі туралы салиқалы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ басылымның бағыт-бағдары, халыққа қызықты топтамалар жайында ой қозғап, өзінің журналистика саласында жинаған тәжірибиелерімен бөлісті. «Қазақстан журналистикасы әлем деңгейінде алғанда жақсы дамып келе жатыр, тәуелсіздіктің одан әрі дамып, бүкіл әлемге танылған уақытта журналистиканың өрісі ерекше дамып отыр. Демек журналистика биіктеген сайын кадрларда өсу керек. Яғни,...
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 19.04.2019

Құлаққапты қолдану есту қабілетін нашарлататыны рас па?

Үлкен қала тұрғындары 75% уақытын құлаққаппен өткізеді. Олар метро, автобуста музыка тыңдайды, кеңсе қызметкерлері артық шудан қашу үшін немесе өзге әріптестеріне кедергі келтірмеу құлаққапты қолданады. Жұмыстан соң құлаққапсыз жаттығу залына бармайды. Күні бойы құлаққапты қолданғанымызбен, оның зияны жайында сөреге қойып жатып ойланамыз. Дыбыстың қандай түрі есту қабілетін бұзады? 2015 жылы Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) 1,1 миллион жас музыканы өздерінің құрылғылары арқылы қатты тыңдайтындықтан, есту қабілетін бұзуы мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы орташа және жоғары табысты елдерге жүргізген сараптама бойынша, 12 жас пен 35 жас аралығындағы тұрғындардың 50%-ы өздерінің смартфондары мен плеерлерінің әсерінен естіу қабілеттерінің нашарлағанын алға тарса, 40% тұрғын себебін кешкі бар, концерт пен спорт алаңдарының шулы аймақтарымен байланыстырған. Дыбыс қай кезде қауіпті болады? Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша, 8 с...
Толығырақ... Оқылды: 548 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.04.2019

Қасиетті Құранның «әл-Хамду лиллаһ» (Аллаға мақтау болсын) сөзімен басталуының өзіндік мәні бар екені ақиқат. Сондай-ақ, Күнделікті бес уақыт намазымызбен қатар әрдайым қасиетті Құранды оқыған сайын беташар ретінде басталатын «Фатиха» сүресінің алғашқы сөзі болған «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен бастаймыз. Құранға зер салған әрбір жанның санасына Хақтан түскен осы бір мағыналы Ұлы кітап (Құран) неге «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен басталып тұр, мұның адам баласы үшін көрсетер бағыт-бағдары қандай? деген сұрақтардың туындауы әбден мүмкін. Адам баласы өзін жоқтан бар етіп, күллі жаратылысты игілігіне тарту еткен Жаратушы Иесіне рахметін «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен жеткізеді. Күллі жаратылыс да өз тілімен Жаратушы Хақты «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен ұлықтайды, шүкірін білдіреді. Демек, «әл-Хамду лиллаһ» сөзі саналы адамға өзіне берілген сансыз нығметтердің Иесі болған әлемдердің Раббысын сүюді, сол нығметтер үшін қарызда...
Толығырақ... Оқылды: 658 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.04.2019

1. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты - ақыл... 2. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. 3. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек. 4. Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек. Харкет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап сөйлемек 5. Атымды адам қойған соң, Қайтып надан болайын 6. Бес нәрсеге асық бол... Талап еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой - Бес асыл іс көнесеңіз. 7. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. 8. Жас уақытта көңіл - гүл. 9. Жастықтың аты арындап, Тас қияға өрледің. 10. Жастықтың оты жалындап, Жас жүректе жанған шақ. Талаптың аты арындап, Әр қиянға салған шақ. 11. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ. 12. Жастықта бір күлгенің мың қаралық. 13. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. 14. Егер ісім өнсін десең - ретін тап. 15. Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. 16. Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық. 17. Ж...
Толығырақ... Оқылды: 637 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.04.2019

Бүгінгі таңда қоғамда талақ-ажырасу күйзелтуші дертке айналып отыр. Өйткені, статистика мәліметіне жүгінетін болсақ, ажырасушылар саны жылдықүйленгендер санының 35 % - інен астамын құрап отыр. Әйел талақ мәселесінде әлсіз орынды ұстанады. Себебі, көбінісе талақтың шешімі оның қолында емес, бірақ талаққа себеп болатын істерді басағасынан алыстату оның қолынан келетін іс. Жаңадан тұрмысқа шыққан келіншектер мен тұрмыстық өмірінде көптеген проблемаларға душар болып жүрген әйелдерге талақтан аулақ болып, жанұясын қорғау үшін, талаққа себепші болатын он жеті істі сыбырлап айтпақпыз. 1.Жанұяның негізгі тірегі - әйел мен күйеу арасындағы сыйластық, бала – шағасы. Сондықтан әйелдің үйіне, бала шағасына көңіл аудармауы, тек өзінің қарабасын ойлауы, талаққа себепші болады. 2.Кейде әйелдер үйіне, бала-шағаларына қарауға қолы тимей кетеді. Ол сұлулығын сақтау үшін сәнденуге ерекше көңіл бөліп, шаштаразға, киім дүкендеріне, сән салондарына барумен айналысып, қолы тимей, үйін қараусыз...
Толығырақ... Оқылды: 535 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.04.2019

Корея Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапарымен келеді

Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келмек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді. Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.
Толығырақ... Оқылды: 448 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.04.2019

19 СӘУІР ҚАНДАЙ КҮН???

Қазақстанда ұлттық орман егу күні Бүкілқазақстандық экологиялық акция «Тұрақты даму» Жер қорының бастамасымен алғаш рет 2014 жылдың 19 сәуірінде өтті. Оның мақсаты - ормандарды сақтап, қалпына келтіру, қалаларды жасыл желекпен көркейту, орман байлығын сақтап, көбейту ісіне қоғамның қызығушылығын арттыру, Қазақстан ормандарын қалпына келтіру жобаларына ресурстар тарту.
Толығырақ... Оқылды: 674 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.