Жаңалықтар

Үй шашылмау үшін не істеу керек?

Үй ішіндегі әрбір зат, әр киім маңызды сияқты және әрқайсысы әйтеуір бір күні қажет болып қалардай көрінеді. Осылайша жинала берген заттар үйдің тез шашылуына, артық заттардың көп болуына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде үй жинау процесін қиындатады. - Ешқашан «кәдесыйлар» сатып алмаңыз. Үйіңізде тым құрығанда бір жәшік бос тұруы қажет. Назар аударыңыз – тамақ ішетін үстелдің беті көріне ме? Сирек қолданатын асхана құралдарын тығып қойыңыз. Ескі газет пен журналдардан құтылыңыз, оларды екі айдан ұзақ сақтаудың қажеті жоқ, осы аралықта отбасыңыздың барлық мүшесі оларды оқып үлгереді. Үйіңізде әр зат үшін арнайы орын тағайындаңыз. Үй жинағанда артық зат көріп қалсаңыз, «Мына зат маған қандай пайда әкеледі?» деп өз-өзіңізден сұраңыз. Егер мардымды жауап таппасаңыз, аямай тастай салыңыз. Жатын бөлмедегі креслоны, ас үйдегі терезе алды тақтайды немесе ауыз бөлмедегі тумбочканы ескі-құсқы заттар жиналатын орын етпеңіз. Бөлмеден шыққанда жарықты...
Толығырақ... Оқылды: 603 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019

Үй жинағанда ұмытылатын 20 орын

Біз пәтеріміздегі терезе, есік пен еденді жиі жуамыз, тоңазытқыштың ішін реттейміз, ноутбук немесе планшеттің бетін сүртеміз, киімдерімізді жуамыз. Алайда, анда-санда сүртуді талап ететін орындар мен заттарды ұмытып кетіп жатамыз. Бұл орындарды да аптасына, айына немесе маусымда бір жуып, жинап тұруды ұмытпайық. 1. Кілемнің ішкі жағы. Кілемге терең сіңіп қалған шаңды кетіру үшін оны аударып, екінші жағын шаңсорғышпен тазалаңыз. 2. Жалюзи. Оларды материалына қарап тазалау қажет. Металл жалюзилерді жуғыш заттар қосып, сулы ысқышпен сүртуге болады. Ағаш жалюзилерді сулы ысқышпен сүртсеңіз жарайды. Мата жалюзилеріндегі шаңды микрофибрадан жасалған құрғақ майлықпен сүрткен жақсы. 3. Кір шуғыш машинаның есігі. Кір жуғыш машинаның қызметін қуана пайдалансақ та, оның өзіне көп көңіл бөле бермейміз. Ұзақ уақыт сүртілмеген кір жуғыш машинаның есігінде шаң баттасып, тіпті сүртуге де қиындық тудыруы мүмкін. 4. Кір жуғыш машинаның ұнтақ салатын қоймасы. Иә-иә, бұл жерді де ара-тұра сүрт...
Толығырақ... Оқылды: 483 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019

Бір күні Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)Айша анамыздың(Оған Алла разы болсын)қолынан күміс жүзіктерді көріп: Бұлар не? – деп ұнатпаған кейіп танытады. Оларды сіз үшін сәнденейін деп тақтым. Ал бұлардың зекетін төлеп пе едің? Айша анамыз(Оған Алла разы болсын)жауап қата алмай тұрып қалады. Өйткені аз мөлшердегі бұл жүзіктердің зекеті болмайтынын білетін. Сондай-ақ одан: «Мөрсіз бес күміс ақшадан аз нәрсенің зекеті берілмейді»1дегенді де естіген. Ал саусағындағы бұл жүзіктердің зекеті одан төмен еді. Дереу бойын жиып: Жоқ, - деп жауап берді. Жақындығын білдіріп, қасындағылардың да өзі секілді қарапайым өмір сүргенін қалаған Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірлік жолдасына: Тозақ ретінде бұл саған жеткілікті болар еді!2– деген сөздерді нәзік жүрегін тітіркендіріп, естен тандыра жаздады. Айша анамыз(Оған Алла разы болсын)сол күннен бастап аз да болса дүниелік нәрсені ертеңгі күніме керек б...
Толығырақ... Оқылды: 436 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019

«Адамдарға қажетті өмір сабақтары қандай?»,- деген сұраққа бір Данышпан адам төмендегідей жауап берген екен: *Адамдар біліп жүрсін, ешкімді өздерін жақсы көруге мәжбүрлей алмайды, қолдарынан бар келетіні өзін басқалар үшін сүйікті ету. *Адамдар өздерін басқалармен салыстырмауды үйренсін. *Төзімділік танытып, кешіруді үйренсін. Бар болғаны бірнеше минуттың ішінде жақын адамдарының жанына ауыр жара салатындарын білсін, ал содан кейін оны жазуға көптеген жылдар қажет. *Ең бай адам дүние-мүлкі көп адам емес, азға қанағат еткен адам екенін білсін. *Адамдар өздерін қатты жақсы көретін адамдар бар екенін білсін, бірақ олар өз сезімдерін қалай жеткізуді білмейді. *Екі адам бір затты көре алатынын білсін, бірақ олар оны әр түрлі пішінде көреді. *Адамдардың бірі басқаны кешіре алатынын білсін, ол уақытта оның өзі басқаның кешіріміне мұқтаж. *Адамдарды балалық шақ ығыр етеді, олар есеюге асығады, кейін қайтадан балалық шағын сағынады. *Адамдар дүние байлығын...
Толығырақ... Оқылды: 576 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019

ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ БИІНІҢ АЙТҚАНДАРЫ

Қара сөздің парқын білген қазақ нақыл сөзге кенде емес. Тарихтың тарам-тарам жолдарында өткеннен із болып сақталған ұлы сөздер бүгіндері әр қазақтың жүрегінде болуға тиіс. Шешендік пен даналық - жұмыр басты пенденің бәрінің бірдей бойына дари бермейтін дарын. Осындай ғажайып дарын иелері ел басына күн туған шақта шашыраған қазақты бір тудың астына жинап, есігі мен бесігін түзейтін ерлеріне ерен сөз айтты. Қасиетті сөздің қадірін ұғынған жан үшін олар тек сөз ғана айтпады. Олар алтыннан да құны жоғары, оты сөнбес ғұмырлық нақыл айтты. Шешендер мен билердің ішінде үш жүздің үш биін бөле жарып алуды көздеп отырмыз. Олар қаны да, жаны да бір қазақтың басын қоспақ болды. Ендеше, бабаларымыздың артына қандай ұлы сөз қалдырғанын біле жүрейік. Төле бидің айтқандары: Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол. Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол. Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол. Ақты ақ деп бағала, Қараны қара деп қарала, Өзегің талса, өзен...
Толығырақ... Оқылды: 2452 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019

Рамазан

1.Айналаңыздағы мұқтаж-ау деген бір адамды таңдап, соған ізгілікке толы, жанын жылытатын хат жазыңыз; 2.Ұзақ уақыт бойы сөйлеспеген ескі досыңызды кешіріп, онымен татуласыңыз; 3. Көршіңізге бір жақсылық істеу (тамақ дайындап апару, шәйға шақыру, ауланы тазалау...); 4. Өзіңіздің ең сүйікті асыңызды әзірлеп, өзіңіз жемей, сонымен кедей адамды тамақтандырыңыз; 5.Мешіттердің біріне Құран апарып қойыңыз (Оны оқыған әр адамның сауабы сізге жазылады); 6. Өзіңіз танитын барлық өмірден өткен адамдарды тізіп жазып, солар үшін шын жүректен дұға жасаңыз. Өзіңіз дүниеден қайтқанда адамдардың сіздің артыңыздан қандай дұға жасағанын қалайтын болсаңыз, сіздің бұл дұғаңыз да сондай болсын; 7.Маңайыңыздан аль - Фатиха сүресін білмейтін бір баланы тауып, үйретіңіз. Ол бала өмірінің соңына дейін әр оқыған сайын сізге сауап жазылады; 8. Жаңа хадис үйреніп, оны ұстануға тырысыңыз.; 9. Құраннан қысқа сүре жаттап, оның тәпсірін оқып, маңайыңыздағы бір адамға айтып беріңіз; 10. Өзіңі...
Толығырақ... Оқылды: 528 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019

Иманды күшейту үшін

Иманды күшейтетін көп нәрсе бар. Бұлардан бірнешеуін білдірейік: 1)Жақсы мінезді болу. 2)Үнемі Алла Тағаланы еске алу. 3)Ықыласты болу. 4)Жомарт болу. 5)Өз еркінде болмай үлкен бәлелерге тап болу. (Салих адамдар үшін) 6)Харамдардан қашу. 7)Күпірге түсуден қатты қорқу. 8)Жақсы көретін адамын Аллаһ үшін жақсы көру, Жаман көретін адамын Аллаһ үшін жаман көру. 9)Салих (сенімді) болу. 10) Намазға қатты мән беру. Бұл тақырыптағы хадис шәрифтерде былай делінеді: «Иманы еңқуатты мұсылман жақсы мінезді болғаны. Адамдар жанына оңай жақындай алады, келіп, кетушілері көп болады. Барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады. Айналасындағылармен сиыса алмайтын адамда қайыр болмайды.»(Табарани) «Қайда болса да Алла Тағаланы ұмытпайтын адамның иманы қуатты.»(Бәйһақи) «Алла үшін жасаған істерінде жазғырылудан қорқпайтын, амалы ықыласты болатын, екі істің бірі ахыретке, бірі дүниеге пайдалы болса, ахыретке пайдалы болғанын таң...
Толығырақ... Оқылды: 608 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019

Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз

1."Адамның негізгі міндеті күнелту емес, өмір сүру" Джек Лондон 2. "Ешқашан уақыт жоқ деп айтпаңыздаршы. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Томас Джефферсон, Пастера, Хелен Келлер, Альберт Эйнштейндерде қанша уақыт болса, біздерге де бірдей уақыт берілген!" Джексон Браун 3. "Біз қол жетпесті қуып жүріп, мүмкін емес нәрсені жасап шығамыз" Роберт Ардри 4. "Егер кім де кім эрудициясы мен білімділігін басқалардан артық көріп, мұрын шүйірсе, ойлау дәрежесінің төменгі деңгейде болғаны" Эрнест Хемингуэй 5. "Менің ең сенімді алты қызметкерім бар. Олардың алдында міндетім зор. Олардың аттары: Кім? Неге? Қашан? Не? Қайда? және Қалай?" Редьярд Киплинг 6. "Сіздің өміріңіздің ең жақсы жылы – өз мәселелеріңіздің тек өзіңізге ғана тиесілі екенін мойындау. Сіз оған бола анаңызды, экологияны не президентті кінәламаңыз. Өз тағдырыңызды өзіңіз басқарып отырғаныңызды түсіне біліңіз" Альберт Эллис 7. "А...
Толығырақ... Оқылды: 598 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019

16 сәуір – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЦИРК КҮНІ

Жыл сайын сәуірдің үшінші сенбісінде атап өтіледі. 2009 жылы Еуропалық цирк қауымдастығы мен Дүниежүзілік цирк федерациясы бұл мерекені құруға бастамашылық еткен. Ол кезде бүгінде 21 цирк кіретін Еуропалық цирк қауымдастығының президенті Урс Пилс пен ханшайым Стефания барлық циркке Халықаралық цирк күнін жыл сайын мерекелеу бастамасын қолдауды ұсынды. Содан бері көптеген елдерде жылда атап өтіледі.
Толығырақ... Оқылды: 663 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.04.2019

Райымбек ауданында үлкен спорт кешені салынады

Алматы облысының Райымбек ауданында аумағы 4069,72 шаршы метр болатын заманауи әрі үлкен спорттың кешеннің құрылыс жұмыстары басталды, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Аудан әкімі Жолан Омаровтыңтың айтуынша, аталмыш спорттық сауықтыру нысанына мемлекет тарапынан 1 млрд. 110,4 миллион теңге бөлінген. Халықтың денсаулығын жақсарту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға мемлекет көп көңіл бөлуде. Біздің ауданға берілгегн игі қуаныштың құрылысын «ФУД-МС» ЖШС өз қолына алып отыр. Нарынқол ауылының орталығында бой көтерін ғимараттың құрылысы 15 айда салынып бетеді,- дейді ол. Бiр мезетте 300-ден аса жасөспiрiмді шыңдайтын спорттық кешенде он шақты үйірме болады. Атап айтқанда, волейбол, баскетбол, жеңiл атлетика, гимнастика, теннис, минифутболға арналған жарық залдар мен күрес пен бокс бөлмелерi де бар. Айта кету керек, спорт сарайының капсуласын сәуір айының 18 күні Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өзі келіп қоймақ.
Толығырақ... Оқылды: 466 Санат: СПОРТ Уақыты: 15.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.