Жаңалықтар
КӨЗДІҢ КӨРУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ? |
| Көру— адам баласына ең қажетті деген қасиеттердің бірі. Ол сізге мол білім мен жан-жағыңызды танып-білуіңізге көмектеседі, сондықтанда көз жанарын әрқашан күту керек. Бүгінде алыстан және жақыннан көру қабілеті нашар адамдарды көптеп кездестіріп жатамыз. Бірақ көздің көру қабілетін қалыпқа келтіретін бірқатар тәсілдер бар. 1. Тіпті сіз қазір көзілдірік тағып жүрсеңіз де, үнемі көз жаттығуларын жасап тұрыңыз. 2.20-30 секунд бойы көзіңізді ашып-жұмып көз жаттығуын жасаңыз.Көзіңізді жоғары және төменге көтеріп, түсіріңіз. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасап көріңіз. 3.Көзіңізбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салып көріңіз. 4. Үлкен саусағыңызға бірнеше секунд бойы қарап тұрыңызда, назарыңызды қолыңызға қатысы жоқ басқа бір затқа аударыңыз. Көзіңіздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталай беріңіз. 5. Өзіңіздің немесе өзгенің қолындағы затқа ұзақ қарап тұру да көмектеседі. Мысалы, қолыңыздағы қарандаштың алыстағанын және жақындағанын қарап тұру.... |
| Толығырақ... Оқылды: 604 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
ҚЫЗДАР КИІМІ. ШАЛБАРДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС? |
| Әйел затының киімдерінің бірі ол - шалбар .Оның түр- түрі бар.Алайда, бұл киімді дұрыс таңдамасаңыз, жараспай қалуы да ғажап емес.Шалбарды дұрыс таңдау үшін мына кеңестер артық болмас деген ойдамыз. Шалбардың балақ жағы кеңейтілген екі түрі бар.Тізеден бастап және саннан бастап кең тұрады.Алайда, бұл шалбар иығы кең адамдарға жарасады.Ал, орта жағы кеңейтілгенін яғни, банан шалбарды ұзын бойлы арық қыз келіншектер киіп, ал, толықша келген адамдар кеңейтілгенін шаровар деп аталатын шалбарды кисе болады.Себебі,шаровардың белі мен балағындағы артық енін резеңкемен жинақтап қояды.Ал, мұқият салынған қыры бар түзу ұзын классикалық шабар барлық нәзік жандыларға жарасады.Онсыз іскерлік костюмді елестету мүмкін емес.Сыбызғы шалбарлар-дене пішінін қайталайтын ұзын тар шалбарлар.Әйелдер және ерлер киімінің соңғы сән үлгілерінде сыбызғы шалбарлар қайтадан үздік орынға ие бола бастады. Шалбардың тік тігілгені дұрыс және тым қысып тұрмағаны да абзал.Тік сызығы бар классикалық шалбарлар с... |
| Толығырақ... Оқылды: 619 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
БЕЛБЕУ. ЕСКІ БЕЛДІКТІ ТАСТАУҒА АСЫҚПАҢЫЗ |
| Белбеу немесе белдік ер адамның, кейде әйел адамдардың сәндік бұйымына айналып жатады.Егер үйіңізде ескі белдіктердің түр-түрі болса оларды тастауға асықпаңыз.Белдіктерден өз қиялыңыздың шарықтау шегіне қарай түрлі әрі қызықты, сіз ойыңызға келмеген дүниелерді жасауға болады. Егер үйіңізде жуан белдіктер бар болса, одан перде жинағыш жасаңыз.Пердені моншақты әшекеймен жинау бір басқа да, белдікпен бүріп қою да үйіңізге ерекше сән мен үйлесім берері сөзсз. Сондай ақ, дастарханға қоятын майлықты да сәндеп жинап қойсаңыз болады. Кітап қоятын сөрені де белдіктен жасауға болады.Ол үшін кітапты қоятын ыңғайлы жерді таңдап алу керек.Қажетінше ескі белдікті бір біріне жалғап үйлесімін тапсаңыз болғаны. Үйдегі жиһаздардың тұтқасы әдетте ең бірінші істен шығатын бөлшек.Есесіне арнайы сатып алудан бұрын былғары белдіктен бірыңғай сәнді тұтқалар жасауға болады.Былғары белдіктің түсі жиһазыңызбен өте сәйкес келеді. Егер үйіңізде гүл отырғызылған гүлсауытыңыз қарапайым бөтел... |
| Толығырақ... Оқылды: 604 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.04.2019 |
ҚЫНАМЕНДЕ |
| Қазақтың көне дәстүрлерінің бірі қынаменде туралы түрлі мағлұмат бар. Бірінде қынаменде - ұлттық ойын-сауық кеші. Күйеу жігіт қалыңдық отауына немесе қыз жеңгесінің үйіне жолдастарымен алғаш келген күні өтеді, шығыста Қынаменде кеші күйеу қалыңдықпен кездескен күннің ертеңінде де өткізіледі. Қынаменде кешіне қатысушы қыз-келіншектер қызыл-жасыл киініп, тырнақтарын бояйтын болған делінеді. Енді бірінде құда түсіп, уәде пісіп, қалыңмал төлеген соң, күйеу жігіт атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы "қынаменде" деп аталады делінген. Бұл дәстүрдің ең басты мақсаты екі ауылды жақын қылу, достық орнату, дала халқына тән әзіл-оспақ, көрген жұртты күлдіретін театрландырылған юмордың бір түрі сияқты болған екен |
| Толығырақ... Оқылды: 781 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
ҚАЗАН ШЕГЕЛЕУ ДӘСТҮРІ |
| Қазақ халқы ежелден-ақ қонақжайлығымен ерекшеленген. Тарихқа үңілсек, ұлттың бұл қасиеті көптеген ғасыр бойы қалыптасқан. Бұл халқымыздың кеңпейілдігін, адамгершілігін және адамдардың бір-бірімен өзара сыйластығын көрсетеді. Қазақта қонақ күтуге қатысты көне дәстүрлердің бірі қазан шегелеу деп аталады екен. Яғни бір-бірінің үйіне барғанда "осы үйдің қазанын шегелей келдік" деген. Осылайша, қонақжай халық бір-бірін күтіп, келген қонаққа дастарқан жайған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Археология және этнология кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы Ибадуллаева Зылиха Өмірбекқызының айтуы бойынша: «"Қазан шегелеу дәстүрі - құрбы-құрдастар, тамырлар, абысын-ажын арасында өтетін салт-дәстүрдің бірі. Бұл бір жағынан қазақ қоғамындағы қонақжайлықты білдіретін ұғым. Себебі қазан шегелеу дәстүрінде, яғни құдайы қонақ болып келген кісіге ас, тағам беріп, сый-сыяпатпен шығарып салу дәстүрі жатыр", - дейді. Тарихи мәліметтерге сүйенсек... |
| Толығырақ... Оқылды: 810 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
БАЙҒАЗЫ |
| Байғазы – жасөспірім балалар жаңа киім кигенде орындалатын салт. Яғни, балалардың үлкендер тарапынан алатын сыйы. Аяғын басып ауыл үйлерін еркін аралауға жарап қалған бүлдіршіндерді жаңа киім киген күні «байғазыңды алып қайт» деп көрші-көлемнің, бірге отырған туыс-туаған, жақындарының үйіне жүгіртіп жібереді. Алақайлап қуанған бала ол үйлерге барып жаңа киімінің жарастығын көрсетеді. Балалар өздерінің неге келгенін: Киімімді көріңіз, Етегіме төгіңіз. Барар жерім әлі көп, Байғазымды беріңіз! – деген секілді тақпақ арқылы білтіреді. Ондайда үй ішінде үлкендер отырса баланың бас-аяғына түгел қарап шығып «тууу, недеген әйбәт жарасқан!», «күтіп ки», «құп жарасқан екен!» деген сияқты жақсы лебіздер білдіреді. Сонымен бірге баланың жаңа киіміне байғазы ретінде қолда бар теңге, тана, маржандар тағып береді.Ол бір жағынан қолдан тіккен киімге әсемдік берсе, енді бір жағынан кем жерлерін толықтау мақсатында қадалады. Өйткені, көшпел... |
| Толығырақ... Оқылды: 585 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
Кемпір өлді |
| Қазақ халқында бұрынға заманнан қазіргі уақытқа дейін сақталған дәстүрлер өте көп. Сақталған дәстүрлердің ішіне «үйлену той», «беташар», «қыз ұзату» «той», «шілдехана», «көкпар», «тұсаукесер», «сүндет той» және де т.б дәстүрлер кіреді. Және біздің халықта сақталған, бірақ ұмытылып бара жатқан дәстүрлер бар. Ол дәстүрглерге «құрсақ той» және «ат тергеу» дәстүрлерін қосса болады. Өкінішке орай мүлдем сақталмай қалған дәстүрлер де бар. Сақталмай қалған дәстүрлердің ішіне «кемпір өлді» деген дәстүр кіреді. Үйленердің алдында жігіт бір қызды алу үшін, біраз кәделерді орындау керек. Кәде деген міндетті түрді орын алатын ғұрыптық және дәстүрлік жиынтықтар атауы. Үйлену кәделеріне «ат байлар», «төсек салар», «сүт ақы», «балдыз көрімдік», «отау жабар», «қол ұстар» және т.б кәделер кіреді.... |
| Толығырақ... Оқылды: 874 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 25.04.2019 |
ҚМДБ жасанды кірпік пен тырнақты харам деген пәтуа шығарды |
| Қазіргі таңда көптеген мұсылман әйелдердің жасанды кірпік пен тырнақ жалғауы әдетке айналуда. Ислам шариғатында тырнақ жалғау былай тұрсын тырнақты өсірудің өзі күнә, деп жазады fatua.kz. Сахаба Әнас ибн Малик: «Бізге мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық және әурет түктерін жұлуды қырық күннен асырмау бұйырылды», – деген. «Раддул мұхтар» кітабында: «Ең дұрысы апта сайын тырнақты алу, мұртты қысқарту, әурет түгін қыру, денесін жуу керек. Болмаса, бұл істер 15 күнде жасалуы тиіс. Қырық күннен асыру – күнә», – делінген. Ал бет әлпеті отқа күйіп, кірпігі жойылып, көріксіз жағдайға дұшар болса немесе ауруға шалдығып, кірпіктері түсіп қалса, сондай-ақ тырнақтары түбімен алынып кетсе, осы сынды зәрулік жағдайларда жасанды кірпік және тырнақ жалғауға рұқсат етіледі. Шариғатымыз адамның ағзасында қандай да бір ақау, науқастық пайда болса, оның емделу жолын қарастыруды міндеттейді. Алайда, кірпікті немесе тырнақты жәй сәндік... |
| Толығырақ... Оқылды: 475 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 25.04.2019 |
Облыс орталығы Талдықорған қаласында Кёкушинкай каратэден "Жас жауынгер" турнирі өтті |
| "Турнирге Талдықорған қаласы, Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарының ұландары қатысты. Жүлделі орын алған спортшы ұл-қыздар мамыр айында өтетін аймақтық турнирге жолдама алды. Облыс намысын қорғауы үшін жаттығуды күшейтетін боламыз",- деді Бүкіл қазақстандық Кёкушинкай каратэ ұйымының Алматы облысындағы жетекшісі Сания Қасабаева. Жетісуда өтетін аймақтық турнирге Алматы және Шымкент қалалары мен Жамбыл, Қарағанды облыстарының спортшылары келеді деп күтілуде. 190 қатысушы бақ сынаған жарыста жалпыкомандалық есепте Үштөбе қаласындағы "Панда" клубы бас жүлдені иеленді. |
| Толығырақ... Оқылды: 549 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.04.2019 |
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН ТЕСТ ТАПСЫРДЫ |
| Nur Otan партиясының құрылтайынан соң Қасым-Жомарт Тоқаев орталық сайлау комиссиясына барып, кандидат ретінде құжаттарын өткізді. КЕЙІН лингвистикалық комиссияның алдында мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Жазба жұмысының тақырыбы – Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері болды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тақырыпта 2 беттік шығарма жазып шыққан. Комиссия мүшелері шығармадан бірде-бір қате таппағанын айтады. Содан соң президенттікке үміткер Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" кітабынан үзіндіні мәнерлеп оқып берді. Комиссия мүшелері Тоқаевтың дауыс ырғағы мен оқу мәнерін жоғары бағалады. Соңында Тоқаев әлемдік саясаттағы Қазақстанның орны тақырыбында сөз сөйледі. Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, президенттің сөзін бәрі ұйып тыңдаған. Өйткені, Тоқаев сыртқы саясаттың нағыз маманы. Үш кезеңнен де мүдірмеген Қасым-Жомарт Тоқаевты лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді толық меңгерген деген шешім шығарды. |
| Толығырақ... Оқылды: 515 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.04.2019 |
