Жаңалықтар
"Бәсіре атау" бүгінде қалай аталады? |
| Қазақта сәби дүниеге келген күннен бастап оның әрбір қадамы назардан тыс қалмай, түрлі салт-дәстүрмен және ырымдармен аталып отыратын.Сондай салттың бірі - бәсіре атау. Тарихқа үңілсек, қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атап бергенбәсіремен байланысты болады деп саналған. "Ұл бала дүниеге келгенде дәл сол мезетте төлдеген құлынды бәсіре деп атайды. Бәсіре ат 4-5 жастағы балаға беріледі. Ол барынша жүйрік, мықты болуы қажет. Көбіне бәсірені баланың өз ата-анасы, нағашылары сыйлайды. Ал бала өз кезегінде оны күтіп, бағып, үй шаруасына бейімделеді. Осыдан бала еңбекқор және ер мінезді болып өседі деген түсінік болған Тарихи мәліметтерге қарағанда, бәсіре атаудың мақсаты - баланы жастайынан еңбекке баулу. Еншісіне тиген тайды баптап-өсіру бала үшін де қызықты болған. Сыйға тартқан бәсіресі өсіп келе жатқанбаланы болашаққа, жақсы күндерге апаратын көлігі, қанаты болсын деп ырымдаған. Алайда бүгінде көбіне төркіндеп барған қыздың сәбиіне нағашы жұрт... |
| Толығырақ... Оқылды: 572 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
«Көгентүп» салтын ұмытпадыңыз ба? |
| «Мың шақырым жол бір қадамнан басталады» дейді данагөй халқымыз.Қолға ұстауға жарап қалған сәбиінің бірінші рет қонаққа барғанына да дәл біздің қазақтай мән беріп қуанатын халық жоқ шығар. Баланы көтеріп жақын ағайын-туыстың, құда-жегжаттың үйіне барғанда көңіл жетер жақын адамдары «бірінші рет үйге келді» деп «көгентүп» беретін болған. «Көгентүп» дегеніміз – балаға берілетін қозы-лақ, бұзау немесе құлын. «Көген» деп төлдің мойнынабайлайтын жіпті айтады, яғни «көгентүп» – балаға «көгеннің түбі болсын», «алғашқы малы болсын» деген ниетпен берілетін малдың төлі. Мұның өзі – келген жақтың қозы-лағының жоқтығынан емес, баланың бірінші рет қонаққа келгенін ескеру, оның алғашқы қадамына «өмірі берекелі болсын», «малды болып жүрсін» деп ниет білдіру. Бір жағынан, ағайын-туыс арасындағы татулық пен сыйластықты одан әрі қоюлата түсу, татулықты бекіту. Баласын... |
| Толығырақ... Оқылды: 550 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
"ТОБЫҚ ТЫҒУ" ҚАЗІР БАР МА? |
| «Тобық тығу» «Қазақ дәстүрінде қыз бен жігіттің тобық алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі жастың өздері ғана түсінетін бір терең сыр бар» (І. Есенберлин). Бұл – серттесіп ойнаудың бір түрі. Мысалы, жігіт пен қыз тобық тығып алатын сағатқа немесе қалы кілем беруге серттеседі. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе тобықты тығуға алған жігіт кез келген уақытта, кез келген жерде «тобығымды бер» дегенде қолына ұстата беруі қажет. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса – ұтылғаны. Ол уәде бойынша серттескен затын беруі керек. Тобықты тығуға жігіттер де қатыса алады. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бір сөзділікке тәрбиелейді. Мұның арты қыз бен жігіттің сүйіспеншілігіне, қосылуына жалғасады. Тобық тығуда қызықты оқиғалар да кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысында бір жігіт сүйген қызына тобық ұсынған. Бірақ жігіт көп ұзамай Ұлы Отан соғысына аттанады. Үйіне «хабар-ошарсыз кетті» деген хат ке... |
| Толығырақ... Оқылды: 781 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
ҚЫЗОЙНАҚ САЛТЫН БІЛЕСІЗ БЕ? |
| Қызойнақ – тұрмысқа шығатын қыз құрбыларымен оңаша бас қосатын кеш. Сөйтіп босаға аттағалы тұрған бойжеткен балалық шағымен, тентектігімен, еркелігімен қоштасады-мыс. Құрбылар сырласып, әңгімелесетін көрінеді. Бұл кеш таңға дейін жалғасып, таңертең бірін-бірі қимай тарқасады екен. Ал, бүгінгі таңда бұл дәстүр "девичник" деп аталып кеткен... |
| Толығырақ... Оқылды: 548 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
БІЗ ШАНШАР ДӘСТҮРІ |
| Еліміздің өткеніне бойлап, тарихына көз жіберсек, көптеген тағылымды, ғибратты, үлгі-өнегеге толы салт-дәстүрлермен таныса түсеміз. Олардың бірі қолданыста болса, бірі шығып қалған, ал енді бірі мүлде ұмыт болған. Бірі білсе, бірі біле бермейтін, қолданыста мүлде жоқ, тарихи ұғымға айналған салтымыздың бірі – біз шаншар. Деректерге сүйенсек, кең байтақ жеріміздің оңтүстік, шығыс жақтарында «жаушы» орнына «біз шаншар» салты жүрген. Ол салт бойынша, ауылдың үлкен ақсақалдары бір топ болып жиналып, бойжеткені бар үйге құдайы қонақ болып барады. Түс кезінде барған қонақтар қандай шаруамен келгенін айтпайды. Ауыл-аймақ амандығын, ел, жер жайын әңгіме етіп, түнеп, ертеңгісін түскі уақытта ләм деместен аттанып кетеді. Әдеп бойынша, ол кезеңде қонақтар шайын ішіп, өз сыбағасын жеген соң, баратын жері, ауылы алыс болмаса, түнемей, қайтып кетеді. Сондықтан да бұлайша келіп, үн-түнсіз, бұйымтайын айтпай кеткен қонақтан соң, үй иелері яғни отағасы мен анасы мұның сыры... |
| Толығырақ... Оқылды: 809 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019 |
21 мамыр |
| 21 мамыр - елімізде шығармашылық адамдарының мәртебесін айқындайтын, маңызы ерекше Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл атаулы күн 2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген болатын. Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты. Құрметті мәдениет, өнер саласының қызметкерлері! Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер! Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстанның, Мәңгілік Елдің келешегін кемел, болашағын жарқын ететін, ұлттық бірегейлігімізді танытуға үлес қосатын жақсы күн болсын дегіміз келеді. Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұл... |
| Толығырақ... Оқылды: 606 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.05.2019 |
Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін ала алмайды |
| Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу және емтихан бөлімін жояды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл бөлімнің функциялары барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-лар қарайтын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі. Қазір арнайы ХҚКО-ларда көлікті тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және автокөліктерге мемлекеттік нөмір алуға құжат қабылданады. Ал полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінен теориялық және практикалық емтихандарды қабылдайды. Сондай-ақ олар азаматтар мен көлікті іздестіру базасынан тексереді, шектеулердің бар-жоғын және құжаттардың шынайылығын анықтайды. 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және практикалық емтихандарды ХҚКО қызметкерлері қабылдайды. "Көлік құралдарын тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты полицей салықтық, кедендік және басқа билік органдарының деректер базасынан қашықтан тексереді. Яғни жүргізуші куәліктер... |
| Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.05.2019 |
20 мамыр қандай күн? |
| Дүниежүзілік метрология күні Бұл күн өркениетті елдердің бәрінде арнайы түрде аталып өтіледі. Атап айтқанда түрлі кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер түрінде көрініс тауып, әр ел өздерінің метрология саласында жүргізген жұмыстарының қорытындысын шығарады. Сондай-ақ өзара тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды деген мәселелер талқыға түсіп отырады. Метрология (грек тілінде metron - өлшем және logos - сөз, ілім) - өлшеу туралы өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөніндегі ғылым. Метрологияның күрт дамуына 1975 жылы Метрикалық конвенциясының (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі метрология физика, химия т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірбиенің жоғарғы дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернияларындағы т... |
| Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 20.05.2019 |
Азаматтарға арналған үкімет «100 нақыт қадам – Ұлт жоспарының» 100-ші қадамын толық орындады |
| «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы 3 жылда 10 млн астам қызмет көрсетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Цифрлық сауаттылықты арттыру заман талабы. Осыған байланысты, Талдықорғанда Цифрлық үлгіде халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет етуде. Онда мемлекеттік қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылады. «Бүгінде біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін барынша қолайлы жағдай жасап, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкіндіктерін қолданудамыз. Онда тұрғындарды оқыту сыныптары мен өз-өзіне қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған. Азаматтар бұл жерде электронды үкімет порталымен өз бетінше жұмыс істеуді үйрене алады. Портал арқылы тұрғындар электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегіне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы керек», – дейді Азаматтарға арналған үкіме... |
| Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 17.05.2019 |
Тони Меммел: Мені бір адам ғана тыңдаса да ол үшін ән айтуға дайынмын |
| Танымал американдық әнші, бірнеше әннің авторы, композитор Тони Меммел мен оның тобы Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін концерт өткізді. Тони Меммел сол білексіз дүниеге келген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі. Алайдатағдыр тауқыметіне бой алдырмай, алға қарай ұмытылып гитарада ойнауды үйренген. Тіпті, 2013 жылы Wisconsin Area Music Industry премясының бас жүлдегері атанған. Тони Меммел 1986 жылы Техас штатының Нэшвилл қаласында дүниеге келген. Балалық шағынан шығармашылыққа жақын болған ол, 12 жасында гитараға деген ықыласы артады. Алайда ата-анасының оған гитара әперуге мүмкіндіктері болмағанына қарамастан Тони Меммел өз арманына шектеу қоймаған. Талпынысының арқасында гитараны теренінен зерттеп, жинаған қаржысына алынған гитарада ойнауды өз еркімен үйренген. Бүгінде танымал музыкант 160-тан астам ән мен 6 альбомның авторы. Оның өмірге деген құштарлығы, талпынысы мен табандылығы тағдырдың жазуымен мүмкіндігі шектеулі жан атанғандар үшін үлгі бола... |
| Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 17.05.2019 |
