Жаңалықтар
Биыл 30 күн ауыз бекітеміз |
| Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айы. Биылғы жылы Рамазан айы мамырдың 6-нан бастау алады. Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлымәлімдеді. Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту - ораза боп саналады. Рамазандағы ауыз бекітуислам дінініңбес парызының бірі боп табылып, бүкіл әлем мұсылмандарымен жыл сайын орындалып отырады. Бұл парыздың маңыздылығы соншалық, кейде ауыз бекіту амалын Рамазан деп атауға дейін барады. Бірақ Рамадан - ай аты болса, ауыз бекіту парызы - қазақша ораза (арабшасаум) деп аталады. 5 мамырдан бастап барлық мешіттерде Тарауих намазы оқылады. Биылғы жылдың оразасы 30 күн болады. Еске салсақ, бірнеше жыл қатарынан Рамазан айы 29 күнге толып келген. Мамандар мұны дін ғалымдарының айдың толығуын зерттеп шығарған пәтуәсі деп түсіндірді. Сондай-ақ, 2019 жылы бүкіл орта Азия бойынша Рамазан бір күнде басталып, бір күнде... |
| Толығырақ... Оқылды: 490 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 02.05.2019 |
Жетісулық кәсіпкерлер 6 бірдей көп балалы және аз қамтылған отбасыға үй сыйлады |
| Алматы облысы, Алакөл ауданында «1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында кәсіпкерлер бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, 6 аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тұрғын үй кілттері табысталды. Бүгінде қоғамда қайырымды игі іс жасап, қол ұшын созар жомарт азаматтар саны көбейіп келеді. Солардың бірі Екпінді ауылдық округінде орналасқан «Майқынов Е» ШҚ басшысы Майқынов Ермек Серікбайұлы «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана Сартбаева Қарақатқа 7 бөлмелі үйді сыйға тартты. «Ауданымызда көпбалалы аналар саны аз емес. Солардың бірі алты баланың анасына үйдің кілтін табыстап отырмын. Ауданымызда басталған мұндай қайырымдылықтар әрі қарай жалғасын тауып, қазақтың әрбір батыр аналарының көңілі тоқ болсын», - дейді жеке кәсіпкер. Дәл осындай қуанышқа Қабанбай ауылының тұрғындары, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған Старченко Зоя Сергеевна мен көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері Ақшолақова... |
| Толығырақ... Оқылды: 422 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.05.2019 |
ПІТІР САДАҚА |
| Пітір сөзі (араб тілінде)–«жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған. Пітір садақасы–күнделікті қолданылатын негізгі қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшеріндегі (85 г. алтын немесе құнына тең) байлыққа ие адамға уәжіп садақа. Ол һижреттің екінші жылы, Рамазан оразасы парыз етілген жылы уәжіп етілді. Пітір садақасы Ораза айт күні таң атысымен уәжіп болғанымен, бірнеше күн, тіпті бірнеше ай немесе жыл бұрын б... |
| Толығырақ... Оқылды: 680 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 30.04.2019 |
Қапшағайда алғаш рет Дене шынықтыру сауықтыру кешені бой көтермек |
| Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы негізінде Қапшағайда алғаш рет Дене шынықтыру сауықтыру кешені салынады. Медігер компания - «BI Urban Construction». Бүгінгі күнде жобалау – сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір. Аталмыш нысан қаланың орталық саябағына қарасты «Демалыс» аумағында тұрғызылады. Жалпы алатын жер көлемі 1,8556 га. Екі қабаттан тұратын ғимаратта халықтың емін-еркін спорттың кез келген түрімен шұғылдануына барлық мүмкіндіктер қарастырылмақ. Нақты атап айтар болсақ, мысалы бірінші қабатында келушілердің киім ілу орыны, ер және әйел адамдарына жекелеген жуыну бөлмелері, көпшіліктің төлем жүргізуі, медициналық бөлімше, боксқа, күресуге арналған жаттығу жерлері мен волейбол,баскетбол,теннис, футбол ойнауға қажетті залдарда ойластырылған. Ал, екінші бөлігінде әкімшілік бөлмелері, конференц және жиналыс залдары, 32 орынға арналған тамақтану мен шахмат ойын алаңы, қол шаю сынды қа... |
| Толығырақ... Оқылды: 418 Санат: СПОРТ Уақыты: 29.04.2019 |
От ауызды, орақ тілді ақындар Жетісу жерінде қайырымды концерт берді |
| Қасиетінен нәр алған, Топырағынан жаралған. Армысың, қайран Жетісу, Алыптар шыққан ауылдан,-деп домбырасын күмбірлеткен айтыс өнерінің жүйріктері Жетісу төрінде ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен республикалық жоба «Ұлы Дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты концерт берді. Ұлттық өнерді дәріптеу, айтысты аңсаған көрермендердерге рухани азық беру мақсатында ұйымдастырылған концерттің шымылдығын Айнұр Тұрсынбаева ашты. Балғынбек балан келіп тұр, Намысты қолдан бермеген. Жандарбек жарық жұлдыз ғой, Маңдайда бағы сөнбеген. Сарадай қызын келіп тұр, Ел-жұртын жырмен тербеген. Ай менен Нұрдан жаралған, Аққуын едім мен деген, Төртеу болып жүрсе, төрт ақын, Төрт құбыласы тең деген. Маңдайдағы біткен бақ шығар, Бізде де арман жоқ шығар Көктемнің күні қауышқан, Сіздердей текті елменен ,-деп жырынан шашу шашты. Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысова концерттік көрініспен яғни, сыңсу әні мен қыз ұзатса, «Елордада... |
| Толығырақ... Оқылды: 307 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 29.04.2019 |
2019 жылы Қадір түні қашан болады? |
| 2019 жылы 6 мамырда басталатын және 4 маусымда аяқталатын мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде ерекше түн болады. Ежелгі заманнан бері бұл кезең барлық мұсылмандар үшін ең маңызды болып саналады. Мұсылмандардың осы уақытта жасаған амалдары мыңдаған айлар бойы жасаған әрекеттеріне қарағанда маңызды. Сондай-ақ, адамдар осы түнде Жаратушыға сыйынған мұсылмандарға періштелер амандасады деп сенеді. Бұл қасиетті тағдыр түні Рамазан айының соңғы 10 күніне, яғни 27-ші күнге түседі. Ал 2019 жылы Қадір түні 1 маусымға келіп тұр. Дегенмен, оның нақты қай түн екенін тек Жаратушы ғана біледі. Мүмкін, ол адамдар тек бір түн ғана дұға етіп, сол түнде ғана күнәһар ойлар мен әрекеттерден аулақ болып және жақсылық істеуге тырыспасын деп, жасырылған шығар. Сондай-ақ, кейбір белгілі ғалымдардың да: «Адам әр жылдың түнінде Ләйләт-ул-Қадір түнін іздеуі керек» деуі тегін емес. Бұл түн ерекше. Оны кейбір белгілерімен ерекшелендіріп, айыруға болады. Бұл тыныш түнде жауын-шашы... |
| Толығырақ... Оқылды: 662 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
Мінездегі аурулардан құтылу (Шәкәрім ілімінен) |
| 1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК] 2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. [АМАНАТШЫЛДЫҚ] 3. Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді (Мұстафа Махмуд). [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК] 4. Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын. [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК] 5. Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламал... |
| Толығырақ... Оқылды: 535 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері екі айда 8 бірдей көп балалы отбасыға үй сыйлаған |
| Бүгін Алматы облысы Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері тағы да екі отбасыға баспана сыйлады. Жаңа шаңырақ иелерінің екеуіде жалғыз басты аналар. Бірі 3 кішкентайды, екіншісі 7 бірдей баланы бағып отыр. Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, 7 баланың анасы Мейрамгүл Бәйсеитоваға, осы ауылда орналасқан "Сарыбұлақ" шаруа қожалығының басшылары 4 бөлмелі үйді сатып әперген. «Осы күнге дейін 7 баламен баспанасыз, жалдамалы пәтерде тұрдым. Екі балам оқу оқиды, 5 балам мектепте. Жалғыз өзімнің қолымнан келгенінше тырмысып, балаларымды жеткізіп келемін. Ендігі өзіміздің үйіміз бар. Бұл біз үшін үлкен көмек болды. Қожалық басшылығына алғысым шексіз »,- дейді көп баланы батыр ана көзіне жас алып. Сонымен қатар, Алтынемел ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің бас директоры Халық Оңғарұлы, Сембай Гүлсанат есімді жалғыз басты ананы үш бөлмелі кең үйге кіргізді. « 6 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтерде тұрдым. Кіші балам енді ғана 3-ке толды, екі балам мектепте... |
| Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.04.2019 |
Һәкім Абайдан қалған өсиет |
| 1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. 2. Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта. 3. Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! 4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. 5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. 6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес. 7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың. 8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?.. 9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. 10. Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің. 11. Қайғысыздың бәрі асау. 12. Өлейін деп өлмейді өлерік жан. 13. Распенен таласпа. 14 Қайғы келсе қарсы тұр,... |
| Толығырақ... Оқылды: 595 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 26.04.2019 |
ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ? |
| Бірқатар халықтар үшін құрма қасиетті тағам болып саналады. Бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады.Дәрігерлер, тіпті, тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді. Сонымен құрма несімен пайдалы? Қалыпты жүрек жұмысы Құрма құрамында калий мөлшері өте көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жүрек аурулары мен талмасының алдын алады. Сау бауыр Құрмалар бауырды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ цирроздың пайда болу қатерін төмендетеді. Бауыр фиброзы симптомдарын жеңілдетеді. Көру қабілеті жақсарады Құрмалар көз жанарының көру қабілетін жақсартуға қабілетті (тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі, құрамында А дәруменінің мөлшері көп. Сергектік Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны 3 құрма жесеңіз бір күнге жетерлік энергия аласыз. Ас қорыту Құрма — бұл асқазан функцияс... |
| Толығырақ... Оқылды: 523 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
