Жаңалықтар
Көксу аудандық мәдениет қызметкерлері ән шашуын шашты. |
Көксу ауданындағы №235 сайлау учаскесінің алдына "Ұлыстың ұлы" күні наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда сайлау учаскесіне келушілерге Көксу аудандық мәдениет қызметкерлері ән шашуын шашты. |
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
"Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" қағидаты толық іске асады. |
Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" қағидаты толық іске асады. Көксу ауданының “Құрметті азаматы” атағының иегері Болат Жұмаханұлы |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
ЖЕТІСУДА КӨКПАРШЫЛАР СӘЙГҮЛІКТЕРІМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ |
Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылының көкпаршылары атпен №147 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Өз таңдауын жасауға ат ауыздығымен алысқан 20-дан астам көкпаршы келді. Көкпаршы Қайрат Тоғысбаев: «Жылқы десе елеңдемейтін қазақ жоқ. Біз көкпаршылар атынан жастарға үлгі болсын деп сайлауға ерекше, дәстүрлі түрде жылқымен келдік. Еліміз үшін аса маңызды саяси науқанда әр адамның дауысы маңызды», - деп сайлауға қатысушыларға ұлттық рух сыйлады. Аттың құлағында ойнайтын азаматтар жұртшылықты дауыс беруге шақырды. «Жаңаталап ауылындағы сайлау учаскесінде 1000-ға жуық дауыс беруші бар. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі өз таңдауын жасады. Барлығы әділ өтіп жатыр, ешқандай тәртіпбұзушылық болған жоқ», - дейді сайлау учаскесінің төрағасы Шолпан Арпабаева. |
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Көпбалалы отбасы үшем ұлдарымен бірге келіп дауыс берді |
Алдабергенов ауылында тұратын Имангабуловтар отбасы № 110 сайлау учаскесіне үшем ұлдарымен бірге келіп, дауыс берді. Бес баланың анасы Маржан Имангабулова бірде-бір сайлаудан қалып көрген жоқпын дегенді алға тартады. Тіпті балаларын да белсенді болуға үндеп, оларға үлгі көрсетіп келеді. Бүгінде сайлау учаскесіне екі жастан асқан үшем ұлдарын – Ернұр, Бекнұр, Алинұрмен бірге келіпті. «Сайлау учаскесіне ерте келіп, өз таңдауымызды жасадық. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмай саяси науқанға қатысуға тиістіміз. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жиі көңіл бөлінеді. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен таңдау жасадық», - дейді ауыл тұрғыны Маржан. |
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
ҚҰМАЙ ТАЗЫ – ТҮЗ ЫРЫСЫ! |
Саятшы жігіт саятшылық құрып жүрген жерінен келіп, ел болашағы үшін дауыс берді. Саятшы, атбегі Тайбосынов Қуаныш Наурызбекұлы Қоянкөздегі №198 сайлау учаскесінде Жаңа Қазақстан үшін өз таңдауын жасады. Атадан қалған кәсіпті жоғалтпай, бала кезінен айналысып келеді. Бойындағы жеті қазынаның бірі саналатын қазақы тазыларға деген қызығушылығы ерекше екенін жасырмады. Қазір 2 құмай тазысы бар. Сайлау учаскесіне «Лашын» және «Сұнқар» деген тазыларын ала келіпті. |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
#Сайлау #19наурыз #ӨзТаңдауыңдыЖаса |
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанға ауданымыздағы Дәнеш Рақышев атындағы халық театрының ұжымы ұлттық үлгіде қатысып, аудан тұрғындарына әр адамның таңдауы маңызды екенін айтып өтті. #Сайлау #19наурыз #ӨзТаңдауыңдыЖаса |
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
ҮШТӨБЕДЕ ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРДЫ ТЕГІН ТАСЫМАЛДАУДА |
Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында «Алло такси» қызметінің жүргізушілері жолаушыларды тегін тасымалдауда. Ауданда мұндай игілікті іс саяси науқандарда тұрақты ұйымдастырылады. Ақысыз қызмет көрсетіп жүрген такси жүргізушілері бүгінгі өтіп жатқан саяси науқан ел азаматтары үшін маңызды екенін айтып, қала тұрғындарының барынша сайлауда дауыс бергендерін қалайды. «Саяси науқандарда такси қарапайым халықты тегін тасымалдайды. Жол бойында тұрған адамдарды алып кетіп жатқан жомарт жандарға алғысымызды білдіреміз», - дейді қала тұрғыны Жадыра Ахметова. Таңмен таласып, тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін тасымалдаған «Алло» такси қызметі 1 сағат ішінде 50-ден астам тапсырыс қабылдады. |
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Жетісу облысында бір отбасының 12 мүшесі дауыс берді |
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылының Рысқұловтар әулеті бүгін түгелдей өз таңдауларын жасаған. Келіні, күйеу балаларымен немерелерін ерте келген 88 жастағы қария бүгінгі күннің ерекшелішін атап өтті. «Біздің отбасы осындай сайлауларда ешқашан қалыс қалмаған. Әркез балаларыма дауыстың маңыздылығын айтып отырамын», - деді әулет басшысы. |
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
БАЛЫҚШЫЛАР ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ. |
Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округінің тұрғындары Ариновтар әулеті жолдасы Аринов Мұхамедияр мен Аринова Қайынжамалдың балалары және немерелері ата кәсібіне айналған балық шаруашылығымен айналысып келеді. Балықшылар әулеті сайлауда өз учаскілеріне барып, таңдауларын жасап, дауыс берді. Отбасы мүшелері осыған дейін 6 рет сайлауға қатысып, өз белсенділіктерін танытуда. Президент Жолдауындағы саяси реформаларды қолдап, елімізде әділетті қоғам орнату үшін қабылданған шараларға ыстық ықыласын білдіре отырып: «Дауыс беру- әр адамның азаматтық борышы. Біз отбасымызбен таңертен ерте сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін дауыс береміз. Біз үшін сайлау- дамудың тұрақтылығы. Әрқашан оң дамуды қолдаймыз. Өз дауысымызды лайықты кандидаттар мен партияларға бердік.»- деді. |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Роженицы активно голосуют на выборах в Коксуском районе |
Избирательный участок организовали и в родильном доме села Балпык би. С раннего утра здесь веет патриотизмом. Роженицы одни за другим спешили отдать голоса за своего фаворита. День выборов в стенах роддома встретила и Ажар Ердембекова. Новоиспеченная мама родила своего первенца два дня назад. - Прежде всего я голосую за будущее своего ребенка. Я верю в будущее нашей страны. Никогда не думала, что в столь важный день для страны я буду в роддоме. Спасибо, что и позаботились и о нас, роженицах. Участвовать в выборах я считаю своим гражданским долгом, - говорит она. |
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |