Жаңалықтар

Көксу ауданының әкімі референдумда дауыс берді

Бүгін республикалық референдум аясында Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов өз таңдауын жасады. Аудан басшысы дауыс беру учаскесіне келіп, тіркеуден өтіп, бюллетень алып, дауыс берді. Әкім референдумның ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырды. –Референдум – еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды саяси науқан. Әрбір азаматтың пікірі мен таңдауы маңызды. Сондықтан барша тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге шақырамын, – деді аудан әкімі. Бүгінде Көксу ауданы бойынша барлық дауыс беру учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеуде. Таңғы сағат 07:00-ден бастап аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Дауыс беру учаскелерінде барлық қажетті жағдай жасалып, комиссия мүшелері мен бақылаушылар жұмыс жүргізуде. Референдум науқаны аудан бойынша ұйымдасқан түрде өтуде.
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2026

«Дауыс беру керуені» — Көксу ауданының көшелерінде жүруде

Көксуауданының тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақыру мақсатында аудан бойынша «Дауыс беру керуені» атты ақпараттық акция басталды. Акция аясында арнайы безендірілген автомобиль аудан көшелерін, ауылдарды және шалғайдағы елді мекендерді аралап, тұрғындарды дауыс беру учаскелеріне шақыруда. Көлікке «Дауыс бер!», «Болашағыңды өзің ал!» және «Сенің дауысың — елдің тағдыры!» деген ұрандар жазылған. Керуен жолындағы ауылдарда тоқтап, тұрғындарға сайлау күні, дауыс беру орындары, сондай-ақ учаскеге бару тәртібі туралы толық ақпарат беруде. Ерекше назар — алыс және қол жеткізу қиын мекендерге аударылған. «Бұл акцияның мақсаты — дауыс беруге ынталы болу. Əрбір азаматтың дауысы елімізің болашағын анықтайды. Керуен барлық ауылдарды аралап, тұрғындарды тікелей шақырады». — Көксу аудандық сайлау комиссиясының өкілі Автокеруен жұмысы сайлау күніне дейін үздіксіз жалғасады. Ауданның барлық ауы...
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Әр азаматтың дауысы маңызды

Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумға барлық санаттағы азаматтар белсенді қатысуда. Солардың қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, дауыс беруге келуде. Балпық би ауылындағы №234 сайлау учаскесіне келген аудан тұрғыны Доланбаев Серикжан Улдаханович референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың дауысы маңызды. – «Бүгін мен де өз азаматтық борышымды орындап, дауыс беруге келдім. Мұндай маңызды күнде шет қалмай, өз пікірімді білдіруді дұрыс деп санаймын. Әр азамат ел болашағына бейжай қарамауы керек», – дейді ол. №234 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған. Арнайы пандустар орнатылып, учаске қызметкерлері сайлаушыларға қажетті көмектерін көрсетуде. Жалпы, Көксу ауданында референдум күні дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытуда.
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2026

Ғасыр жасаған қария дауыс берді

Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда тұрғындардың белсенділігі ерекше байқалуда. Соның жарқын үлгісінің бірі – 100 жасқа келген қария, аудан тұрғыны Таиров Меграли Аббасовичтің дауыс беруі. Ғасыр жасаған ақсақал Балпық би ауылындағы №241 сайлау учаскесіне келіп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады. Құрметті қарияның учаскеге келуі жиналған тұрғындарға ерекше әсер сыйлап, жас буынға үлгі болды. Ақсақалдың айтуынша, ел тағдырына қатысты маңызды сәттерде әрбір азамат өз дауысын беріп, қоғамдық өмірге бейжай қарамауы керек. – «Біз талай кезеңді бастан өткердік. Бүгінгі бейбіт өмір – үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан елдің болашағы үшін дауыс беру – әр азаматтың міндеті», – дейді Меграли Аббасович. №241 сайлау учаскесінің мүшелері де ғасыр жасаған қарияға ерекше құрмет көрсетіп, оның референдумға қатысуы жастарға үлкен өнеге екенін атап өтті. Жалпы, Көксу ауданында референдум күні дауыс беру үдерісі жоғары деңгейд...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2026

Аудан тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысуда

Бүгін аудан бойынша референдумға арналған дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, өз жұмысын бастады. Қазіргі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша аудан тұрғындары учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Таңертеңнен бастап-ақ сайлаушылардың белсенділігі байқалады. Әсіресе, зейнеткерлер мен еңбек ұжымдарының өкілдері ерте келіп, азаматтық міндеттерін орындауда. Дауыс беру учаскелерінде барлық ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай жүргізіліп, комиссия мүшелері сайлаушыларды тіркеу және түсіндіру жұмыстарын атқаруда. Учаскелерде бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жұмыс істеуде. Сонымен қатар, кейбір учаскелерде келушілерге арналған фотозоналар қойылып, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Жалпы алғанда, аудан бойынша референдумға қатысу белсенді өтіп, тұрғындар ел болашағына қатысты маңызды науқанға жауапкершілікпен қатысуда.
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Батыр ана ел болашағы үшін дауыс берді

Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумға аудан тұрғындары белсенді қатысуда. Солардың қатарында көпбалалы ана, «Батыр ана» иегері де өз таңдауын жасап, дауыс беру учаскесіне келді. Балпық би ауылындағы №233 сайлау учаскесіне келген батыр ана алдымен комиссия мүшелерімен амандасып, белгіленген тәртіп бойынша дауыс берді. Ол бұл маңызды саяси науқанға қатысуды әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті. — «Бүгін ел болашағына қатысты маңызды күн. Біз өсіп келе жатқан ұрпақтың жарқын болашағы үшін өз таңдауымызды жасауымыз керек. Сондықтан әрбір азамат дауыс беруге келіп, өз пікірін білдіруі тиіс деп ойлаймын», — деді батыр ана. Көпбалалы ана ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне, елдің тұрақтылығы мен дамуына бейжай қарамайтынын жеткізді. Оның айтуынша, бірлік пен татулық — еліміздің ең үлкен құндылығы. Жалпы, Көксу ауданында референдум күні дауыс беру үдерісі тыныш әрі ұйымшыл жағдайда өтуде. Тұрғындар өз азаматтық белсен...
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2026

Көксу ауданындағы республикалық референдум

15 наурыз 2026 жыл, Жетісу облысы, Көксу ауданы– Бүгін, 15 наурызда, Қазақстан Республикасы үшін тарихи маңызы бар республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл маңызды саяси науқанға Жетісу облысының Көксу ауданының тұрғындары да белсенді қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосуда. Ауданның барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, азаматтардың еркін таңдау жасауына барлық жағдай жасалған. Таңертеңгі сағат 7:00-ден бастап Көксу ауданының орталығы Балпық би кентіндегі және Мұқаншы, Ақтекше, Мұқыры сияқты ірі ауылдардағы сайлау учаскелерінде азаматтардың қарасы қалың болды. Зейнеткерлерден бастап жастарға дейін, әрбір тұрғын өз азаматтық борышын өтеуге асығып, референдумның ел дамуындағы маңыздылығын терең түсінетіндерін көрсетті. Учаскелердегі атмосфера тыныш, ұйымшыл және мерекелік көңіл-күйде өтті. Қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, сайлаушыларғаыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Көксу ауданындағы сайлау учаскелері Наурыз мерекесіне орай безендірілді

Бүгін, еліміз үшін маңызды референдум күні, Көксу ауданындағы барлық сайлау учаскелері Наурыз мерекесінің жарқын баннерлерімен безендіріліп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл бастама дауыс беру процесіне ұлттық рух пен бірліктің символын қосып, азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған. Аудандық сайлау комиссиясының хабарлауынша, барлық 36 сайлау учаскесінде «Наурыз» мерекесінің тақырыбында арнайы баннерлер ілінді. Оларда қазақтың ұлттық ою-өрнектері, көктемгі гүлдер мен жаңарудың нышандары бейнеленген. Бұл безендіру сайлау учаскелерінің ішкі және сыртқы көрінісін айтарлықтай жақсартып, келушілерге жылы әрі мейірімді атмосфера қалыптастырды. «Бүгінгі референдум – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам. Осы күнді Наурыз мерекесімен ұштастыру арқылы біз халқымыздың бірлігін, жаңаруға деген ұмтылысын және жарқын болашаққа деген сенімін көрсеткіміз келді», – деді аудандық сайлау комиссиясының төрағасыБайгабулов Нұрлан Сейлханұлы. &l...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Елдің Тәуелсіздігін, Егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғау – Тоқаев Конституция жобасындағы өзгермейтін қағидаттары туралы

Президент Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді деп атап өтті. Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар. Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты дамуына негіз қалайтын саяси тұғыры десек, қателеспейміз. Қ.К.Тоқаев: «Барша азаматқа, әсіресе, жас отандастарымызға қарата арнайы үндеу жасағым келеді. Жаңа Конституция жобасы, ең алдымен, Сіздерге арналған. Сіздерге референдумда дауыс беріп, Отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екеніңізді білдіретін орайлы мүмкіндік берілді. Басқаша айтқанда, Сіздер Ата заңға үлес қосқан азаматтар ретінде ел тарихына өз есімдеріңізді жазып қалдыра аласыздар. Біраз уақыт өткен соң, өмір көріп, есейген шағыңызда: «Мен азаматтық парызымды орындадым. Елімнің жаңа Ата заң...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2026

Ваш выбор не просто галочка в бюллетене, а веское слово за Народную Конституцию – Токаев обратился к молодежи

Президент отметил, что Новая Конституция по своему смысловому наполнению носит поистине народный характер, этот важнейший документ поставлен на службу нашему народу и, прежде всего, подрастающему поколению и молодежи. Новая Конституция – это по сути жизненный путеводитель в руках молодых граждан, которым предстоит строить и защищать нашу страну в надвигающуюся эпоху больших перемен. Поэтому не будет преувеличением сказать, что данная Конституция – это политическая платформа устойчивого развития Казахстана на десятилетия вперед. Токаев К.К.: «Хочу обратиться ко всем гражданам, особенно к молодым соотечественникам. Данный проект Новой Конституции адресован, прежде всего, вам. Вы получили редкий шанс отдать свой голос на референдуме и, тем самым, стать сопричастными к судьбе нашей Родины, к великому делу. Другими словами, вы сможете вписать свое имя в историю Казахстана как творцы его Основного закона. Спустя много лет, уже умудренные жизненным опытом,...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.