Жаңалықтар
Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады |
| KAZENERGY қауымдастығы алаңында жанар-жағармай нарығындағы баға қалыптастырудың өзекті мәселелері мен алдағы қадамдарына арналған кездесу өтті. Талқылауға сарапшылар, салалық қауымдастықтар, нарықтың түрлі сегменттерінің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және мемлекеттік органдар қатысты. Негізгі назар АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын реттеу мәселелеріне аударылды. Нарық қатысушылары қолданыстағы баға шектеулері өндірістік, логистикалық және операциялық шығындардың өсуімен қатар барлық қатысушыларға қосымша жүктеме түсіріп, жалпы саланың тұрақтылығына кері әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ макроэкономикалық факторлардың ықпалы және реттеу шарттарының өзгеруі мұнай өнімдерінің өзіндік құны мен жеткізу тізбегінің жұмыс істеуіне әсер ететіні ерекше айтылды. Сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың пікірінше, нарықтық факторларды елемеу және көрші елдермен баға айырмашылығының айтарлықтай болуы «сұр» экспортқа жағдай жасайды. Яғни арзан отын... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.03.2026 |
Жетісудағы цифрлы Наурыз: роботтармен, дрондармен және ЖИ-мен бірге өткізілген мереке |
| Жетісу облысында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтілді. Мерекелік шаралар өңірдің барлық аудан-қалаларын қамтыды. Талдықорған қаласындағы мерекеде Конституция ауылы мен биыл мерейтойлық жылы аталып өтілетін тарихи тұлғаларға арналған киіз үйлер сап түзді. Тағы бір атап өтерлік ерекшелігі сол, цифрлық киіз үй құрылып, заманауи технологиялық алаңда талдықорғандықтар мен қала қонақтары өңірде жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалармен, жаңа шешімдермен танысты. Келушілерді мерекемен жасанды интеллект арқылы адаммен нақты уақыт режимінде байланыс орната алатын заманауи гуманоид робот құттықтады. Сонымен қатар робот Қара жорға биін билеп, тамашалаушыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Тағы бір жаңашылдықты атап өтсек, осы күні дрон арқылы бауырсақ жеткізілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорған қаласында «Жастар» саябағы маңында «Наурыз ауылы» атты ұлттық нақыштағы киіз үйлер қалашығы бой көтерді. «Қош келдің, құтты Наурызым&r... |
| Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.03.2026 |
Цифровой Наурыз в Жетісу: праздник с роботами, дронами и ИИ |
| В области Жетісу широко отметили Наурыз мейрамы. Праздничные мероприятия охватили все района и города региона. В Талдыкоргане развернули юрточный городок, посвященный Конституции и чествованию исторических личностей, юбилеи которых отмечаются в этом году. Еще одной особенностью празднования стала установка юрты инноваций – цифровой технологической площадки, где жители и гости города смогли ознакомиться с современными цифровыми решениями и проектами, реализуемыми в области. Посетителей с праздником Наурыз поздравлял современный робот-гуманоид, способный взаимодействовать с людьми с помощью искусственного интеллекта в режиме реального времени. Еще одним цифровым сюрпризом стало исполнение роботом национального танца «Қара жорға» и демонстрация дрона, осуществившего доставку бауырсаков, - сообщает пресс-служба акима области Жетісу. В Талдыкоргане стилизованный юрточный городок развернулся на территории близ парка «Жастар». В праздничном мероприятии «... |
| Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.03.2026 |
Республикалық референдум бойынша Көксу ауданындағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын тоқтатты. |
| Бүгін аудан тұрғындары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтті. Қоғамдық бақылаушылар мен комиссия мүшелері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарды. Көксулықтарға азаматтық белсенділігі мен ел тағдырына бейжай қарамай қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. |
| Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында облыстық «Көшбасшы» байқауының жеңімпаздары – жас Жангабыловтар отбасы да бар. Жас отбасы сайлау учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға қатысып, өз дауыстарын берді. Олар мұндай маңызды күні әр азаматтың азаматтық белсенділік танытуы маңызды екенін атап өтті. – «Бүгін біз үшін маңызды күн. Елдің дамуы мен болашағы үшін әр азамат өз таңдауын жасап, қоғам өміріне белсенді араласуы керек деп ойлаймыз», – дейді Жангабыловтар отбасы. Жас әрі белсенді отбасының референдумға қатысуы жастарға үлгі болып, қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің арта түскенін көрсетеді. Жалпы, Көксу ауданында референдум күні дауыс беру үдерісі тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өтіп, тұрғындар белсенділік танытуда. |
| Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2026 |
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары дауыс берді |
| Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда аудан тұрғындары белсенділік танытуда. Солардың қатарында аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары – Әділқожаевтар отбасы да бар. Аталған отбасы Жамбыл ауылының №258 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Әулеттің үлкендері де, жас буын өкілдері де бүгінгі маңызды саяси науқанға қатысуды азаматтық парыз деп санайтындарын жеткізді. Отбасы мүшелерінің айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде әрбір азамат өз дауысын беріп, қоғам өміріне белсенді араласуы тиіс. Әділқожаевтар отбасының дауыс беруге бірге келуі – отбасы бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі. |
| Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының 18:00-дегі түсіндірмесі |
| Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Көксу ауданында референдум аясындағы дауыс беру үдерісі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Аудан аумағындағы барлық сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, тұрғындар белсенді түрде өз таңдауларын жасауда. Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының айтуынша, күні бойы аудан тұрғындары жоғары белсенділік танытып, дауыс беру учаскелеріне келіп азаматтық борыштарын орындауда. Барлық учаскелерде байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, дауыс беру үдерісінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуі қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, егде жастағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі уақытқа дейін заң бұзушылықтар мен шағымдар тіркелген жоқ. Дауыс беру учаскелері кешкі уақытқа дейін жұмысын жалғастырады. Жалпы, Көксу ауданында референдум тыныш әрі ұйымшыл жағдайда өтіп, тұрғындар өз азаматтық белсенділіктерін көрсетуде. |
| Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
Әр дауыс – ел болашағына үлес |
| Көксу ауданында республикалық референдумға әр жас санатының азаматтары белсенді қатысуда. Солардың қатарында өз өмір тәжірибесімен бөлісіп жүрген зейнеткерлер де бар, олардың әрқайсысы еліміздің болашағына деген қамқорлығын көрсетіп, сайлау учаскесіне келуде. Алғабас ауылдық округі, №233 сайлау учаскесінде өз азаматтық борышын орындаған Оразбаева Тоғжан Кабдолдановна дауыс берді. Ол үшін бұл тек таңдау емес, болашаққа деген сенім мен жауапкершіліктің көрінісі. – «Мен бүгін өз ойымды білдіру үшін келдім. Елдің тағдырына қатысты шешімдерде шет қалмау – әр азаматтың парызы», – дейді зейнеткер. Сайлау учаскесінде барлық жағдай жасалған, қызметкерлер әр сайлаушыға көңіл бөліп, қажетті көмектерін көрсетуде. Әрбір дауыс – ел тағдырына қосылған ұшан-теңіз үлес. |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
Көпбалалы ана өз таңдауын жасады |
| Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда тұрғындар белсенділік танытып, дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында көпбалалы ана, алты баланың анасы, оның ішінде үшемдерді тәрбиелеп отырған Әскербек Ардагүл де бар. Ол сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосты. Көпбалалы ана үшін бүгінгі күннің маңызы ерекше екенін атап өтті. – «Біз болашақты балаларымыз үшін құрып жатырмыз. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, елдің дамуына бейжай қарамауы керек деп ойлаймын», – дейді Әскербек Ардагүл. Учаскеге келген тұрғындар көпбалалы ананың белсенділігін жоғары бағалап, оның бұл қадамы жастарға үлгі екенін айтты. Жалпы, Көксу ауданында референдум күні дауыс беру үдерісі тыныш әрі ұйымшыл жағдайда өтуде. Аудан тұрғындары белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде. |
| Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының 13:00-дегі түсіндірмесі |
| Сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Көксу ауданында референдум аясындағы дауыс беру үдерісі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Аудан аумағындағы барлық сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, дауыс беру заң талаптарына сәйкес жүргізілуде. Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасының айтуынша, аудан тұрғындары таңғы уақыттан бастап белсенділік танытып, учаскелерге келіп өз таңдауларын жасауда. Барлық учаскелерде бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, дауыс берудің ашық әрі әділ өтуіне жағдай жасалған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен егде жастағы сайлаушыларға қолайлы жағдайлар қарастырылған. Қазіргі уақытқа дейін қандай да бір заң бұзушылықтар мен шағымдар тіркелген жоқ. Дауыс беру үдерісі жалғасуда. Көксу ауданының тұрғындары ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық белсенділіктерін көрсетуде. |
| Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026 |
