Жаңалықтар
Пациенттің құқықтары: әр азамат нені білуі тиіс? |
| Әрбір қазақстандық өз медициналық құқықтарын білуі маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс азаматтарға медициналық көмек алу құқығына кепілдік береді. Бұл дегеніміз – әрбір азамат тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қызметтерге қол жеткізе алады деген сөз. Пациенттердің құқықтары жөнінде Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Арман Жансеңгіров пен Талдықорған қаласы №2 қалалық емханасының директоры Гүлнафис Жүсіпалиева толығырақ айтып берді. Азамат өзіне ыңғайлы емхананы және учаскелік дәрігерін еркін таңдай алады, ал жедел жәрдем қызметі еліміздің барлық өңірінде тегін көрсетіледі. Скринингтік тексерулер мен профилактикалық қарап-тексерулер де мемлекет есебінен жүргізіледі. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар паци... |
| Толығырақ... Оқылды: 243 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.10.2025 |
Жетісу облысында мектеп асханаларына қоғамдық бақылау күшейтілді |
| Жетісу облысында мектептердегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік желілерде сын пікірлер көбейді. Кейбір асханаларда тағамнан құрт табылған жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыған байланысты облыстық Білім басқармасы мен «AMANAT» партиясы бірлесіп, қоғамдық мониторинг жүргізуді бастады. Бірқатар білім ұйымдарында орын алған мәселеге байланысты Жетісу облыстық мәслихатының төрайымы Гүлнәр Тойлыбаева пікір білдіріп, санитарлық бақылаудың әлсіздігін атап өтті. «Бұл оқиғалар балалардың денсаулығына қауіп төндіреді. Кәсіпкерлердің жауапсыздығы мен тиісті бақылаудың жеткіліксіздігі осындай жағдайларға әкеліп отыр. Кінәлі мердігерлер мен жауапты тұлғалар анықталып, тиісті шаралар қолданылуы тиіс», – деді ол. Жетісу облыстық мәслихаты депутаттары бұл мәселені өз бақылауына алып жергілікті білім басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының жұмысын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының бастамасымен қоғамдық мо... |
| Толығырақ... Оқылды: 168 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.10.2025 |
КӨКСУ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ |
| Жылыту маусымының басталуына байланысты Көксу ауданында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндіру және алдын алу шаралары қарқын алуда. Қазіргі таңда қатты отынмен жылытылатын жеке тұрғын үйлерге көміртегі тотығын (иіс газы) анықтайтын арнайы иіс сезгіш құралдар (датчиктер) орнатылуда. Бұл құрылғылар улы газдың таралуын дер кезінде анықтап, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, көміртегі тотығы – түссіз әрі иіссіз, өте қауіпті у, ол тыныс алу жолдары арқылы ағзаға еніп, ауыр зардаптарға, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан мұндай улы газды тек арнайы құрылғылардың көмегімен ғана анықтау мүмкін. Аудан бойынша бұл құрылғылар әлеуметтік осал топтарға жататын, көпбалалы, жалғызбасты аналар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұратын отбасылардың үйлеріне орнатылып жатыр. Мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрттің және уланудың алдын алу. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті әкімдік... |
| Толығырақ... Оқылды: 180 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.10.2025 |
Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі ашылды |
| Мәскеудің Третьяков галереясында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі әзірлеген «Қазақстан өнерінің жауһарлары» атты көрме ашылды. Іс-шара Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының мәдени күндері аясында өтіп жатыр. Салтанатты рәсімге ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация қатысты. «Ресейдегі Қазақстанның мәдени күндері – екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңі, үздіксіз дипломатиялық диалогтың жемісі. Бұл ауқымды жоба Мәскеудің жетекші мәдениет алаңдарын қамтып, Қазақстанның заманауи мәдени жетістіктерінің кең палитрасын – театр мен музыкадан бастап, кино және бейнелеу өнеріне дейін ұсынады. Кейінгі 34 жылда Мәскеуде қазақ суретшілерінің көрмесі алғаш рет өтіп отыр. Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің картиналары «Крымский вал» галереясында ең соңғы рет 1991 жылдың тамызында қойылған еді. Сондықтан бүгінгі экспозицияны біз Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени... |
| Толығырақ... Оқылды: 169 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.10.2025 |
Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда |
| Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның төртінші отырысы өтті. Іс-шараға екі елдің мәдениет министрлері – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен РФ Мәдениет министрі Ольга Любимова төрағалық етті. Сондай-ақ жиынға екі ел делегациялары қатысты. Кездесу барысында Аида Балаева елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. «Жалпы, әріптестерімізбен бірлесе әзірлеп, жүзеге асырып жатқан жобаларымыз біздің ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық байланыстарының дамуына тікелей ықпал етіп жатыр», – деді Аида Балаева. Министрлер өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған кең ауқымды мәселелерді талқылады. «Алда көп жоспар бар. Бұл жобалардың жүзеге асуы екі елді бұрынғыдан да жақындастырып, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсетініне с... |
| Толығырақ... Оқылды: 109 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.10.2025 |
БАСЫМДЫҚ НӘТИЖЕГЕ БЕРІЛЕДІ: ЕЛІМІЗДЕ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫ ТҮРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ БЕКІТІЛДІ |
| Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімін бекітті. Оған Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарының бағдарламасына енген 65 спорт түрі, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері енгізілді. Аталған спорт түрлерін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен басым тәртіппен жүргізіледі. Қаражат спорт резервін даярлауға, спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына, оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шаралар өткізуге, спорт инфрақұрылымын күтіп-ұстауға және дамытуға бағытталады. 65 жоғары жетістіктер спорты түрінің ішінен 46-сы басымдыққа ие деп белгіленді. Олардың қатарында 11 ұлттық спорт түрі бар. Іріктеу жұмыстары Қазақстан ұлттық құрамаларының Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Азия пара ойындарында көрсеткен нәтижелеріне қарап жасалды. Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енбеген спорт түрлері бұқаралық спорт қағидаты бойынша дамытылады. Жергілікті атқарушы о... |
| Толығырақ... Оқылды: 133 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.10.2025 |
Талдықорғанда Мансап орталығы 1551 тұрғынды жұмыспен қамтуға көмектесті |
| 2025 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау жөніндегі мемлекеттік жобаларды іске асыру аясында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жылдық жоспар 80 адамды құраса, бүгінгі күнге дейін 71 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Жастар практикасы» шеңберінде 342 жас маманды бағыттау жоспарланып, жыл басынан бері 279 түлек жұмысқа орналасты. «Қоғамдық жұмыстар» жобасы аясында жылдық жоспар 890 адамды құрағанымен, іс жүзінде түрлі ұйымдарға 1176 адам жолданып, жоспар артығымен орындалды. «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы бойынша жоспарланған 59 адамның орнына 63 азамат жұмыспен қамтылды. «Ұрпақтар келісімі» жобасы шеңберіндегі 4 адамға арналған жоспар толықтай іске асырылды. Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған квота бойынша 2025 жылға жоспарланған 48 адамның барлығы жұмысқ... |
| Толығырақ... Оқылды: 169 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.10.2025 |
Жетісуда футболдан «Әуесқойлар лигасы» өтеді |
| Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бүкіл ел бойынша жас футбол таланттарын анықтап, оларды кәсіби спортқа тартуға бағытталған әлеуметтік маңызы зор «Әуесқойлар лигасы» атты ауқымды жобаны қолға алды. Аталған бастама кәсіби мансапқа ұмтылған жастар мен футбол әуесқойлары үшін барлық өңірлерді қамтитын маңызды платформаға айналды. Жоба биыл көктемде бастау алды. Жарыстарға республикадағы 20 өңірден 268 команда қатысып, шамамен 5 мың футболшыны қамтыды. Аралық кезеңдерде ел бойынша 1 500-ден астам матч өткізілді. Бұл көрсеткіш жобаның ауқымдылығын және маңыздылығын айқын дәлелдейді. Финалдық ойындар 2025 жылғы 1-8 қазан аралығында Талдықорған қаласы мен Көксу ауданында өтеді. Финалға жолдама алған 500-ден астам үздік ойыншы өз өңірін таныстырып, кәсіби футбол клубтарының назарын аударуға мүмкіндік алады. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі - аймақтық таланттарды ұлттық чемпионатқа дайындау және кәсіби клубтарға өтуге жол ашу. Сонымен қатар, үздік командалар мен ойыншылард... |
| Толығырақ... Оқылды: 134 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.10.2025 |
Жетісу облысында тұмауға қарсы екпе басталды |
| Өңірде «Тұмауға қарсы егілейік» акциясы жүріп жатыр. Қазірдің өзінде екі мыңнан астам тұрғын вакцина алды. Биыл облысқа 82 мың доза «Гриппол плюс» вакцинасы жеткізілді. Бұл халықтың шамамен 12 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Вакцинация 449 егу пунктінде жүргізілуде. Алдымен қауіпті топтағы азаматтар қамтылады: балалар үйлері мен қарттар интернаттарының тұрғындары, жиі ауыратын балалар, созылмалы аурулары бар ересектер, медицина қызметкерлері, жүктіліктің 2-3 триместріндегі әйелдер. Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Асхат Чарапиев «Уақтылы вакцина алу – тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы» дейді. Вакцинация арнайы егу кабинеттерінде, азаматтың денсаулығы бағаланған соң жасалады. Тұмаудан қорғану тек екпемен шектелмейді. Арнайы емес алдын алу шараларын ұмытпайық, - дейді Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Жунусова. Атап айтсақ, дәрумендер қабылдау, дұрыс әрі... |
| Толығырақ... Оқылды: 117 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.10.2025 |
Жетісу облысында тұтынушыларға 41 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды |
| Облыста тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге 643 азаматтың өтініші тіркелген. Оның ішінде 138-іне құқықтық көмек көрсетіліп, 368-іне ақпараттық түсініктеме берілді. 162 рет мемлекеттік бақылау жүргізілген. Ал сотқа 31 тұтынушының шағымы жеткен. Нәтижесінде тұтынушыларға қайтарылған қаражаттың жалпы көлемі 41 млн теңгеден асты. Шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда, электрондық сауда, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, тұрмыстық қызметтер және туристік қызметтер салаларынан түскен. Жыл басынан 12 профилактикалық тексеру барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны заңсыз көтеру фактілері анықталды. Бұзушылықтар үшін 99 кәсіпкерге ескерту жасалды. Сонымен қатар, бірқатар субъектілерге жалпы көлемі 674 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша да жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәт... |
| Толығырақ... Оқылды: 108 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.10.2025 |
