Жаңалықтар
Алматы облысында медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмысы тексерілді |
Сапалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты. Стационар жағдайында қызмет алушылардың жеке басына қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, қоғамда өзара әрекеттесу кезінде барлық жағынан қолдау сақталуы керек.Дәл осы міндеттердің мінсіз атқарылуын бақылау мақсатында мониторингтік топ құрылды. Аталған тексеру шаралары, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ағымдағы жылдың 26 ақпанында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын жүзеге асыруда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының шеңберінде жүзеге асырлды. Сәйкесінше, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарт адамдардың жағдайына мониторинг жүргізілді. Ағымдағы жылдың 17-21 мамыр аралығында Текелі қаласындағы «Шапағат» және «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мемлекеттік органдардың ма... |
Толығырақ... Оқылды: 1455 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.06.2021 |
Жетісулық жүйріктер Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды |
Алматы облысында ұлттық спорт түрлерінен 1607 секция жұмыс жасайды. Онда 55 мыңнан астам адам аталған спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл өз кезегінде облыс әкімдігінің тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесі. Бүгінде Жетісу жерінде, ұлттық спорт түрлерінен «Саят», «Сонар» халықаралық жарысы, ұлттық ат спорты түрлерінен «Жетісу жүйрігі», «Жетісу бөрісі», «Алтын сақа» «Ақбидай» ауыл ойындары сынды ірі жарыстары ұдайы ұйымдастырылады. Аймақта ұлттық спортты дамыту жұмыстары қарқынды. Айталық, қазірде Талдықорған қаласында және Қарасай ауданында ұлттық және ат спорты түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және Талғар ауданында ұлттық және ат спорт түрлерінен орталығы, Қапшағай қаласында ат спорты мектебі жұмыс жасауда. Бұл қатарда техникалық спорттыңда кенжелеп қалмағанын атап өткен жөн. Өңірде 250 адам техникалық спорт түрімен айналысады. Оған, парашюттық, автомоби... |
Толығырақ... Оқылды: 1479 Санат: СПОРТ Уақыты: 09.06.2021 |
«Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің белгісі» |
Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман - мақсатын, басқалармен байланыс-мұратын білдіретін белгі. Елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнді белгілері – Ту, Елтаңба, Әнұран. Қазақстан Республикасының №988-2007 мемлекеттік стандарты. Жалпы техникалық шарты атты құжат қабылданған болатын, бұл стандарт Мемлекеттік тудың дайындалуына, жалпы техникалық шарттарын белгілейді және мемлекеттік тудың символикасы элементтерінің бейнесі түсірілген материалдық объектіге таралады. Бұл стандарт Мемлекеттік туды дайындау және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға арналған. Мемлекеттiк Ту оның көлемiне қарамастан мемлекеттiк стандартқа сәйкес келуге тиiс. Аталмыш стандартқа сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен ауыстырылып, жойылады. Елтаңбаға қатысты да техникалық шарттары атты №989-2014 мемлекеттік стандартының жаңа редакциясы қабылдады. Мұнда, мемлекеттік Ел... |
Толығырақ... Оқылды: 1571 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
Панфилов ауданында Ту тұғыр орнатылды. |
ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні және ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығы қарсаңында Панфилов ауданының Тұрпан ауылында биіктігі 13 метрлік ту тұғыр орнатылды. Бұл аудан бойынша алғаш рет орнатылған ту тұғыр. Мемлекеттік Рәміздер күні қарсаңында ту тұғырды ауылдың белді азаматтары өз қаражаттарымен орнатқан. Сондай-ақ, іскер азаматтар ту тұғырдың дәл жанынан ауыл балаларына арнап, спорт залын салдыруда. "Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Әркім өз туған ауылын көркейтуі керек. Біз ауыл азаматтарымен бірлесіп, осы спорттық залды салып жатырмыз"-дейді жергілікті кәсіпкер Жалғас Алтынбеков." Бүгін Рәміздер күні қарсаңында осы ту тұғырды орнаттық. Спорт залдың жанында әдейі орнаттық.Себебі көк байрағымызды спортшыларымыз да желбіретеді. Көк байрағымыз әрқашан осылай желбіреуі тиіс. Әр ауылдың балалары елімен, байрағымен мақтануы керек"-деді қайырымды азамат. Көк байрақты ілу рәсімін жергілікті спортшы, грек-рим күресінен жасөспірімдер арасынан әлем және азия чемпионы Сабаз Бағдат жасап, ауыл ақсақ... |
Толығырақ... Оқылды: 1594 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
Жетісулықтар ҚР Мемлекеттік рәміздеріне деген сүйіспеншілігін шығармашылық тұрғыда ерекше білдірді |
Алматы облысында мемлекеттік рәміздер күніне орай 150-ден астам іс-шара өткізілді. Өңір тұрғындары түрлі акцияларда, флешмобтар мен байқауларда мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдіреді. Алматы облыстық басқармаларының қызметкерлері ҚР Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетіп, әнұранды орындады. Акцияға ересек қатысушылардан басқа балабақшалар мен мектеп қабырғасындағы бүлдіршіндер қатысты. Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетовтің айтуынша, мұндай патриоттық акцияны әсіресе жастар үшін өткізу өте маңызды. - Бұл іс-шара жас ұрпақтың Отанға, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген сүйіспеншілігі мен құрметін оятады. Ту, Елтаңба, Әнұран-біздің ортақ игілігіміз, болашаққа сенім ұялатады. Олар-қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың қайнар көздері. Біз мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, өскелең ұрпақты өз елінің тарихын, оның жеңістерін құрметтеуге және оларды мақтан етуге үйретуіміз керек, - деді өз сөзінде. Содан кейін облыстық басқармалардың бір... |
Толығырақ... Оқылды: 1544 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
«Өркен» спорт мектебінде 800 жеткіншек жаттығады |
1983 жылы іргетасы қаланған «Өркен» спорт мектебінде 37 жаттықтырушы еңбек етеді. Олардың 7-і жоғары дәрежелі, 2- I дәрежелі, 17-II санаттағы бапкерлер. Тағы екеуі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Білікті мамандардың қол астында жаттығатын бала саны 800-ден асады. Салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ, аталған мекемеде спорттың 10 түрімен шұғылданады. Мектепте спорттық гимнастика, ауыр атлетика, бокс, дзюдо, грек-рим күресімен шұғылдануға арналған арнайы залдар жасақталған. Сондай-ақ, ұзындығы 25 метр болатын 6 жолаққа бөлінген бассейн де жұмыс жасайды. Жаттығудан кейін, ретке келу үшін барлық залдарда себезгі қондырғылары және массаж, дәрігерлік бақылау кабинеті бар. «Залдар тегістей спорттық жабдықтармен, құрал-саймандармен жабдықталған және спорт залдарына кварц шамдары орнатылған, бұл оқу процесіне спорттың сан алуан түрі бойынша оқу бағдарламаларын игеруге мүмкіндік береді», - дейді ««Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры Рамиль Мұратов. Осы жылд... |
Толығырақ... Оқылды: 1519 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2021 |
ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ КЕЛУ - ОҚУШЫНЫҢ ӨЗ ЕРКІ |
Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың өтініштері бойынша оқушылар 26 мамырдан 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алатынын мәлім етті. Бұл, әсіресе үлгерімі нашар оқушыларға жақсы мүмкіндік. Мамырдың 26 күні жазғы мектептер осылайша қашықтан оқыту кезінде оқу үлгерімі нашарлағандарға олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік беруде. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-ана алдымен өтініш жазуы керек. Сабақ оқуға ниет білдірген барлық бала қатыса алады. Тегін оқуда үлгерімі төмен балаларға басты назар аударылады. Жазғы мектепте сабақтар санитарлық талаптарға сай өтеді. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. Олар мектепке еркін киініп келе алады. «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетіжал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналар өтініші негі... |
Толығырақ... Оқылды: 1726 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Ұрпақтан айырылып қалмайық |
Бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын ең басты мәселенің бірі ана тіліміздің жағдайы, келешегі, тағдыры екені күмәнсіз. Осы тұрғыдан келгенде өткендегі мынадай бір тарих еріксіз еске түседі. 1986 жылдың күзінде, ол кезде республикалық «Жалын» баспасының директоры едім, Орталық партия комитеті шақырып алып, менің республикалық «Казкнига» кітап саудасы бірлестігіне басшы болып баруым қажет екенін айтты. «Қазақша шығатын кітаптардың тиражы, таралымы мандымай, өспей қойды, соны жолға қою керек» деген тапсырма берілді маған. Келген бойда жағдайды зерттеп қарасам, әсіресе солтүстік облыстардағы кітап саудасы мекемелерін басқаратын адамдардың да, қызметшілерінің де барлығы түгел орыстар, өзге ұлт өкілдері екен. Қайсыбір кітап саудасы мекемелерінде қазақша білетін бір адам да болмай шықты. Баспалардан келесі жылдың тақырыптық жоспарына енген кітаптардың тиражы «Казкнигада» күзде бекітілетін. Оны «тиражирование», «тираждау комиссияс... |
Толығырақ... Оқылды: 1693 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Ұдайы жұмыстар атқарылуда |
Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау – арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең алдымен бұған парақорлық жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. «Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарының сақталуы жөніндегі жұмыстар қатаң бақылауға алынып, жемқорлыққа қа... |
Толығырақ... Оқылды: 1637 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Аңшылық - қазақтың байырғы кәсібі |
Аңшылық-саятшылық – қазақтың байырғы да қосалқы кәсібінің, сондай-ақ көшпелілер үшін күнкөрістің әрі көңіл көтерудің бір саласы. Аңшылықтың бейнеті, еңбек шығыны аз, бірақ табысы құнды – бағалы аң терісі, еті, қауырсыны, мамығы – қай-қайсысы да адамдардың қажетіне жараған. Иә, мұның бәрі жалпы ата-бабамыздың көшпелі өмірінің ажырамас бөлшегіндей дүние. Алайда кейінгі уақытта аңшылықты кәсіп қылғандардың қарасы азайып барады. Бұл да заманның озығы не тозығы шығар? Бүгінде мылтық асынып, ит жүгіртіп, құс салатын аңшылық пен саятшылық кәсіптен гөрі спорттық мағынаға ауысқандай. Әлеуметтік желіден ит жарыстырып, төбелестіріп немесе қыран құсты аңға салудан жарысқан жаңалықтар бірен-саран болса да ұшырасып жатады. Енді бірі дала аңын қызық үшін баудай қырып, онымен бірге суретке түсіп жатады. Табыс үшін ақбөкендерді аяусыз атып жатқандар қаншама? Иә, бұл бөлек әңгіме. Біздің жазбағымыз аңшылықты ата жолымен ұстап келе жатқан азаматтар туралы болма... |
Толығырақ... Оқылды: 1612 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 03.06.2021 |