Жаңалықтар

Тәңір сыйы - Тәуелсіздік!

Міне биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік– еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғанымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті. Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздер дүниеге келген сәт - ерекше орын алады. Содан бері міне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне 29 жыл. Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат , Ол- мемлекеттік рәміздердің тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дарытуға қызмет етеді. Осы орайда Елбасымыздың мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі. Мұндағы мақсаты - көтерген туы мен елтаңбасының, а...
Толығырақ... Оқылды: 1570 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.06.2021

ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ ТӨРЕЛЕГІ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Заман ағымына қарай еліміздің сот саласы ақпараттық технологиялардың көмегімен жұмыс жасауға көшті. Қазіргі карантиндік шектеулер кезеңінде де сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялар өзінің тиімділігін көрсетуде. Соның нәтижесінде халықпен кері байланыс орнату денгейі көтереліп, жұмыс сапасы арта түсті. Осы орайда күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайтары, халыққа қолжетімді «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сотқа шақыру қазағы», «SMS-хабарлама», «Дыбыс-бейнеге жазу» жүйелері халыққа электронды қызметті тиімді көрсетіп отыр. «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот құжаттардын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін ішінара алуға, «Талдау» Форумына (сот практикасын қорыту) ауысуға болады. Одан бө...
Толығырақ... Оқылды: 1506 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021

«Электрондық мемлекеттік қызметтер»

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігіне тоқталды. Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде қадау-қадау тапсырма жүктеді. Олардың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін. Яғни ендігі жерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде тікелей халыққа арналуы тиіс. Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемле...
Толығырақ... Оқылды: 1457 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021

МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР

Ауыр қылмыстардың бірі - мал ұрлығы. Мал шаруашылығы қашанда қазақ халқының негізгі тіршілік көзі болып табылған. Еліміздің бірқатар елді-аймақтарында жері шұрайлы, шаруашылық жүргізуге қолайлы жерлерде мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар құрылып, саны артуда. Қазіргі таңда мемлекет мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл болып отыр, оның бірден-бір көрсеткіші мемлекеттен субсидиялар беру арқылы шаруаларды мал асырауға ынталандырып, мал санын көбейтуде. Әрине, мал шаруашылығымен айналысу оңай кәсіп емес. Малға жазғы жайылымы, су табу, ала жаздай жем-шөбін дайындау, қыс азабын айтпағанда, тұрақты малшы табудың өзі үлкен мәселе және тағы басқа қиындықтарды бастан өткеріп жүрген шаруаға мал ұрлығы тағы қосылады. «Мал ашуы – жан ашуы» деп бекер айтылмаса керек, мал ұрлығының көбеюі шаруалардың жан ашуын тудыратыны хақ. Сондықтан, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тікелей бастамасымен, мал ұрлығын тоқтату мақсатында, мал ұрлығына қатысты жауаптылықты қатаңдату жөнінд...
Толығырақ... Оқылды: 1451 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021

САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ

Қазір жаз мезгілі. Ал жаздың сәні – суға түсу. Күннің ыстығында бір сергіп, суға шомылған жақсы-ақ! Алайда, суға түсудің соңы қайғылы жағдайға душар ететінін қаперден шығармау керек. Мәселен, биыл өңірде ата-ана бақылауынсыз қалған бір бала тілсіз жаудың құрбаны болды. Жиырма сегізінші мамыр күні Көксу бекетінде бір үйдің 5 жасар кенжесінің суға кеткені естіген адамды есеңгіретті. Тапа-тал түсте ата-аналарынан ойнауға кеттік деп сұранып шыққан бір үйдің төрт баласы судың жағалауында ойнаған. Осылайша оқыс оқиға орын алып үйдің кенжесі өзенге батып, ажал құшты. Артынан інісін құтқармақ болып он жасар ағасы суға секірген. Алайда, қаршадай бала тілсіз жауға қарсы тұра алмады. Өкініштісі туған інісі көз алдында көз жұмды. Оқиға куәгерлерінің шақыруымен құтқарушылар кешікпей жеткенімен, балдырғанды құтқарып қалу мүмкін болмады. Байқасаңыз, оқиға өзенге жақын орналасқан ауылда болған. Оның үстіне, балалар бақылаусыз жүрген. Орын алған оқиғаларда бала қауіпсіздігі туралы қанша...
Толығырақ... Оқылды: 1471 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

Жастар – бұл егемен еліміздің мызғымас іргетасын қалауда ерекше серпін берер, ел болашағын уыстарында ұстаған толқын. Мемлекеттің қарышты дамуы, жалындап жануы тікелей жастардың дарын-дағдысымен, талап-талпынысымен сабақтасып жатыр. Тәуелсіздік құрдастары болып отырған кейінгі толқын өкілдерінің бүгінгі белсенділігі жаһандық бәсекелестіктегі бәсіміздің басым түсуіне түрткі болары да сөзсіз. Осы ретте ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Балпық би ауылындағы М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақта, экономикалық-әлеуметтік дамуына әр сала бойынша елеулі үлес қосып жүрген жастармен кездесу өткізілді. Шараға: Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Қисметов, Көксу аудандық пробация бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Саят Жолдыбаев, Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбаев қатысып жастармен ашық сұхбат жүргізді, және шара соңында аудандақ кітапхана «Өркендеп нығая бер Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесін ұсынды. Жалын мен...
Толығырақ... Оқылды: 1468 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.06.2021

Қос жеңіске қол жеткіздік

Қазіргі кездегі пандемияға байланысты көптеген байқаулар, жарыстар онлайн бойынша ұйымдастыруда. Жуырда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс оқушылары арасында әскери-спорттық «Сардар» олимпиадасы және «Айбын» сайысы офлайн бойынша өткізілді. Бұл екі байқауда Талдықорған қаласындағы №7 Ушинский атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылды. «Сардар» олимпиадасы бойынша аудан намысын Жамбыл, Ж. Егінбаев, Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектеп оқушылары қорғап қайтты. Бұл олимпиада да оқушылар, АӘТД, математика, физика, тарих пәндері бойынша тест тапсырып, келесі күні 100, 3000м жүгіру, кермеге тартылу, қаруды шашып, қайта жинау түрлері бойынша күш сынасты. Барлығы 52 оқушы қатысқан осындай олимпиаданың қорытындысы бойынша Жамбыл атындағы орта мектеп оқушысы Иемберген Айбек жалпы қорытындыда жүлделі 2 орынды иеленсе, Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектеп оқушысы Құрманов Медеубай қаруды шашып жинау номинациясында 1 орынды жеңіп алды. Әскери...
Толығырақ... Оқылды: 1369 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021

КАРАНТИНДЕГІ БІРЫҢҒАЙ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ

Расында, осы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрынғылардан басқарақ. Өйткені өзгеріс көп. Осы ретте биылғы түлектер мен олардың ата-анасына емтихан ережесі жайлы нақтырақ айтып өткенді жөн көріп отырмыз. Мысалы 2021 жылдан бастап оқушылар ҰБТ-ны бір емес, екі рет тапсыра алады. Сонымен қатар, осы жылы тұңғыш рет компьютер алдында отырып жауап береді. Биыл электронды форматта өтетін тестілеу 10 сәуір мен 30 маусым аралығында өтеді. Бұл - грантқа үміткер болу үшін тапсыратын сынақтың мерзімі. Бұл жолы оқушылардың алдына бұрынғыдай кітапша таратылып, кейіннен дұрыс нұсқаны жауап парағына белгілемейді. Электронды форматта өтетін сынақтың артықшылығы да сол — алдыңғы сұраққа қайта оралып, жауабына күмәнданса, өзгерте алады. Сақтап, тестілеу аяқталған соң әлгі өзгертілген нұсқа белгіленеді. Бұрын көпшілігі қобалжығаннан қате нұсқаны бояп қоятын болса, енді ондай жағдай болмауға тиіс. Түлектердің ішінде жаратылыстану-математика бағытында тапсыратындарға 240 минут, яғни 4 сағат беріледі....
Толығырақ... Оқылды: 1406 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.06.2021

ҚАЗАНДАҒЫ ОҚИҒАДАН КЕЙІНГІ ОЙ

«Тәрбие басы – тал бесік» деген нақыл сөз бар. Біздің ата-бабаларымыз осындай қағиданы ұстанып, дала заңымен даналарды шығарды. Бес қаруын асынып жүрсе де, адам түгіл айуанға да тектен тек қастық қылмады. Не деген текті еді. Тектілігінен тепкі көрмеді. Сол асылдардың сынығы жоғалған жоқ, оны жоғалтуға біздің еш қақымыз жоқ. Өйткені, біз – ұрпақ тәрбиесімен айналысып, ұлағатты ұл, ибалы қыз өсіріп отырған қасиетті де мәртебелі, киелі орданың қызметшілеріміз. Менің бұлай ой толғауыма жақында орын алған Қазан қаласындағы қайғылы оқиға себеп. Ел іргесінің амандығы, ел ішінің тыныштығы сәт сайынғы жүрегіміздің лүпілінде тұр. Қазан қаласындағы мектепте болған жағдай білім ордасында қызмет еткен соң бізді алаңдатпай қоймайды. Ең ауыры – сол білім ордасының түлегі өзінің алтын ұя мектебіне төрт жылдан соң қарумен кіріп, оқушылар мен ұстазды қанға бөктірді. Бұған төрткүл дүние дүр сілкінді. Мейлі ол басқа мемлекетте болып жатса да, адамзаттың бәрі бірдей. Сондық...
Толығырақ... Оқылды: 1393 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.06.2021

«Өркен» спорт мектебінде 800 жеткіншек жаттығады

1983 жылы іргетасы қаланған «Өркен» спорт мектебінде 37 жаттықтырушы еңбек етеді. Олардың 7-і жоғары дәрежелі, 2- I дәрежелі, 17-II санаттағы бапкерлер. Тағы екеуі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Білікті мамандар жаттықтырдыың қол астында жаттығатын бала саны 800-ден асады. Салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ, аталған мекемеде спорттың 10 түрімен шұғылданады. Мектепте спорттық гимнастика, ауыр атлетика, бокс, дзюдо, грек-рим күресімен шұғылдануға арналған арнайы залдар жасақталған. Сондай-ақ, ұзындығы 25 метр болатын 6 жолаққа бөлінген бассейн де жұмыс жасайды. Жаттығудан кейін, ретке келу үшін барлық залдарда себезгі қондырғылары және массаж, дәрігерлік бақылау кабинеті бар. «Залдар тегістей спорттық жабдықтармен, құрал-саймандармен жабдықталған және спорт залдарына кварц шамдары орнатылған, бұл оқу процесіне спорттың сан алуан түрі бойынша оқу бағдарламаларын игеруге мүмкіндік береді», - дейді ««Өркен» балалар мен жасөспірімдер сп...
Толығырақ... Оқылды: 1406 Санат: СПОРТ Уақыты: 03.06.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.