Жаңалықтар
БИЫЛ АЛАКӨЛГЕ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛЕДІ ДЕП КҮТІЛУДЕ |
Әлемде дамуы жағынан дес бермей келе жатқан ауқымы кең саланың бірі – туризм. Алакөл ауданы осы саланы қалыптастыруға және дамытуға географиялық картасы да, орналасу аумағы да, табиғаты да сай келеді. Арысы мұнаймен, құмды даламен сабақтасатын, берісі Арқа, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларымен шектесетін елдің орталығы да, солтүстігі де ең керемет байлыққа толы. Орманды алқаптарды да кездестіруге болады. Айдынды көл мен өзеңі, мөлдір бұлағы толастамайтын, табиғатымен ерекеше. Жалпы, Алакөл республикамыздағы тұйықталған көлдердің ішіндегі суы терең жалғыз көл. Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының шегінде орналасқан Алакөл солтүстік шығысында Балқаш-Алакөл ойпатындағы Жоңғар Алатауының шығыс жоталары мен Тарбағатай жоталарының арасында жатыр. Көркі көз тартар аймақ жанға жайлы, демалысқа таптырмас жер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да отандық туризм саласын дамыту туралы кеңінен тоқталып өткен өткен болатын. Осы ретте, Алакөл ауда... |
Толығырақ... Оқылды: 1390 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Әкімді сайлай білген жұрттың кетіруге де құқығы болады – Ауыт Мұқибек |
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заңға қол қойды. Осыған орай танымал ақын, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек пікір білдіріп, сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деп жазу өте дұрыс бастама екенін айтады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Жалпы, реформаның қарапайым аты - қозғалыс немесе әрекет. Қозғалыс пен әрекет бар жерде даму мен кері кету болады. Президент шешімдеріне аздап көңілі толмайтындар бар шығар. Қоғам болған соң, ол – заңды құбылыс. Ал, қате, дұрыс емес деген ешкім жоқ. Соның бірі – осы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына енгізіліп жатқан толықтырулар – ауыл әкімдерін сайлау, сайлау босағасын бес пайызға түсіру және сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын!» деп жаз... |
Толығырақ... Оқылды: 1417 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2021 |
Алматы облысының прокурорлары қылмыстық процестің үш буынды моделінің жұмыс істеу қағидаларын түсіндірді |
Қылмыстық процестің үш буынды моделі барлық дамыған елдерде қолданысқа енген құқық қорғау саласындағы жүйе. Аталған үш буынды құрушы – полиция, прокуратура және сот. Бұл құрам қылмыстық процеске жауап береді. Үш буынды жүйенің әр кезеңі іс сотқа жолданбас бұрын өтуі қажет сүзгі ретінде қызмет етеді. «Үш буынды модельге көшу сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәсілдері мен прокурорлардың да, тергеушілердің де ұйымдастырушылық тұрғыдан дағдыларын өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты Бас прокуратура барлық сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен бірлесіп қылмыстық процестің үш буынды моделіне кезең-кезеңімен «жеңіл» ауысуды бастап кетті»,- Қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары Жандос Ысқақов. Үш буынды модельдеу прокурордың қылмыстық істі тергеп-тексерудегі жауапкершілік жүгін екі есе арттыра отырып, оның шешімі қылмыстық процестегі басты шешімнің бірі болатынын айқындап берген. Енді күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралауды белгілеу,... |
Толығырақ... Оқылды: 1458 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2021 |
Аймақтық су айдындарында жыл басынан бері 14 адам суға кеткен |
Жаздың ыстық күнінде адамдар өзендер мен көлдерге асығады. Салқын суға шомылу, ыстық құмда қыздырыну, көл немесе өзен жағасында серуендеу өте пайдалы. Мұндай демалыс кезінде су тек дос ғана емес, ол үлкен қауіп төндіретінін әрдайым есте ұстау керек. Тіпті тыныш су беті, айқын қауіпсіздікке қарамастан, қауіп-қатерге толы. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ғана облыстың су айдындарында 14 адам суға кетті (2020 жылы — 7 адам), оның ішінде 5 бала (2020 жылы — 2), 27 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала. Шомылу кезіндегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі-қауіпті жете бағаламау және қиын жағдайдан шыға алмау. Көбінесе адам жүзе алмағаны үшін емес, дүрбелеңге түскендіктен батып кетеді. Көбінесе қайғылы жағдайға мас болу, алыс қашықтыққа жүзу, дауыл ауа-райында шомылу, гипотермия, бұлшықет құрысуы, үрленетін жүзу құралдарының жарылуы, бала күтімінің болмауы, биіктіктен секіру сияқты себептер себеп болады. Судағы қауіпсіздікті медициналық пункт пен құтқару құралдары бар арнайы жа... |
Толығырақ... Оқылды: 1503 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2021 |
Жастар-ел болашағы |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асатын жобаларға бөлінген қаржы көлемі 76 млн. теңгеге дейін жетіп отыр. 2020 жылы бұл сома 31 млн. теңгені құраған болатын. Қыруар қаржыға ауыз толтырып айтарлық 6 жоба іске асырылуда. Азаматтардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында, жастар үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе жұмыс атқарып отырған мекеме, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы болып табылады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Жетісу өлкесінде 1541 түлек, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім мекемесін тәмәмдапты. Дәл осындай, тар әлемнен даңғыл жол іздеп жүрген бозбала мен бойжеткендерге қолдау көрсету үшін «JAS QADAM» балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасын жүзеге асыру қолға алынды. Аталған бастама текті халқымыздың "жетім көрсең, жебей жүр" деген тәмсілін басшылыққа алып жасалғандығын атап өткен жөн. "Болашақ - жастардың қолында" дегенді ескерген... |
Толығырақ... Оқылды: 1548 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2021 |
2021 жылдың мамыр айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша түскен жарналар 1,7 млрд. теңгені құрады |
2021 жылдың мамыр айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгені құрады. Республика бойынша мамыр айында түскен жарналар сомасы (2021 жылғы 01-31 мамыр аралығында) 43,9 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, мамыр айында Алматы облысы бойынша 839,7 млн. теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 879,6 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы |
Толығырақ... Оқылды: 1527 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2021 |
Алматы облысында коммуналдық кәсіпорындар мен әскери бөлімдер «Ashyq» жобасымен жұмыс істейді |
Алматы облысында бірқатар коммуналдық мемлекеттік ұйымдар мен әскери бөлімдер қызметінде «Ashyq» жобасын енгізді. Мекемелер сандық жобаның ерікті қатысушылары болып табылады. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді. QR алған мемлекеттік кәсіпорындар арасында Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КМК, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімі» РММ, Іле ауданындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімі» РММ, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ. Облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Әсет Шаяхметовтың айтуынша, жобаға мәдениет және туризм нысандары белсенді түрде қосылуда. Қосымша бойынша Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы, Өтенай ауылының Мәдениет үйі, «Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ және басқалары жұмыс істейді. Жоба іске қосылған сәттен бастап өңірде... |
Толығырақ... Оқылды: 1637 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2021 |
Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне 24 адам іріктелді |
«Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резервіне іріктеу 2021 жылғы 1 наурызда басталып, 30 сәуірде аяқталды. 1-12 наурыз аралығында тіркеуден өткен қатысушылардан жалпы 1873 өтінім келіп түсті. Президенттік кадр резервінің тәжірибесін ескере отырып, үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Олар тест тапсырып, сарапшылармен сұхбаттасты. Қорытынды кезеңде үміткерлерді арнайы комиссия іріктеді, оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, HR-мамандар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі мен басқармасының мүшелері кірді. Нәтижесінде Алматы облысы бойынша «Дарындылар пулына» 24 адам қабылданды. «Дарындылар пулы» жобасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады, Мемлекеттік корпорацияда жұмыс істейтін қызметкерлердің жартысынан көбі жастар. Бұл жоба – ел жастарына қоғамдық жән... |
Толығырақ... Оқылды: 1615 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2021 |
Бала қауіпсіздігін сақтау - баршаға ортақ міндет |
«Бала тәрбиесі - мемлекеттің негізгі міндеті». Ежелгі грек философы Платонның қанатты сөзі ҚР «Бала құқығын қорғау туралы» Заңның 24-бабында айқын көрсетілген. Бас құжатта «ата-ана немесе басқа да заңды өкілдер баланың жан-жақты дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын жасауға, баланы дұрыс тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға міндетті»,-деп жазылған. Қазіргі кезде ұрпақтың келешегінің кемел болуы үшін тек білім-ғылыммен айналысуына жағдай жасап қана қоймай, олардың жеке бас қауіпсіздігі басты назарға алынған. Соның айқын дәлелі, Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды жүргізуі. Жыл басынан бері, департаментке балаларға қатысты 72 оқиға тіркелген, оның 45-і әлеуметтік желі арқылы келіп түскен. Департамент тарапынан 27 оқиға анықталып, шешімін тапқан болатын. Бұл өз кезегінде бала құқығын... |
Толығырақ... Оқылды: 1584 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2021 |
Құрметті отандастар! |
Қасым-Жомарт Тоқаев: тарих сабағынан сабақ алып, осындай қайғылы оқиғалардың ешқашан қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Мемлекет басшысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жасады, деп хабарлайды "Jetisý Media" Ақордаға сілтеме жасап. Құрметті отандастар! Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін Кеңес Одағы дәуіріндегі миллиондаған азаматтың тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді. Еліміздің аумағында он бір еңбекпен түзеу лагері болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қасірет мекені КАРЛАГ пен АЛЖИР-де тоталитарлық жүйенің шексіз қатігездігін үнемі еске салып тұратын тарихи мемориалды кешендер ашылды. Зұлмат заманда тұтас халықтар қудалауға түсті. Туған жерінен зорлықпен көшірілген бес миллионға жуық адам қасиетті... |
Толығырақ... Оқылды: 1550 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2021 |