Жаңалықтар
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА ЖӘРДЕМДЕСКЕН АДАМДАР АҚШАЛАЙ КӨТЕРМЕЛЕНДІ |
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев Antikor Ortalygy алаңында өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдар қалай ынталандырылатыны туралы айтып берді. Жандос Жұмабаев бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жұмыстың пәрменді тетіктерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу болып табылатынын атап өтті. Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу: 1) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау; 2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру болып табылады; 3) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды. 2020 жылғы 15 ақпаннан бастап сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін сыйақының сараланған жүйесі жұмыс іст... |
Толығырақ... Оқылды: 1553 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2021 |
Қаржылық оңалту: «борышкерлерге берілген бір мүмкіндік» |
Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша оңалту рәсімінде 41 млрд.теңгеден астам жалпы берешегі бар 18 кәсіпорын бар, оның ішінде салықтар бойынша берешектері 1 млрд. теңгені құрайды. Дәл осындай, төлем қабілеті төмен, жұмысы тоқыру үстінде тұрған кәсіпорындардың екінші тынысын ашуға ықпал ету, ҚР қолданысындағы «оңалту және банкроттық туралы» заңнамасында қаржылық оңалту рәсімін іске асыру көзделген. Заң шеңберінде оңалту рәсімі – сот тәртібімен қолданылатын рәсім, оның аясында борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқару, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады. Оңалту рәсімін қолданудың ерекшелігі, оны енгізген сәттен бастап берешектің барлық түрлері бойынша, оның ішінде банктік қарыздар мен салықтар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептеу тоқтатылады. Яғни, кәсіпорынның барлық қолда бар берешегі бекітілген... |
Толығырақ... Оқылды: 1579 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.05.2021 |
Ұлттық халық санағы қалай өтеді? |
«ҚАЗАҚСТАНДА ӘР КІМ МАҢЫЗДЫ!» деген ұранмен ұлттық халық санағы өткізіледі.Қазақстан Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес 2021 жылғы халық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Ұлттық халық санағы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі осы жылы маусым айының 1 мен 30 аралығында өтеді. Бұл кезде интервьюерлер тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығады. Бұл кезеңде аудандастыруға дайындық жүргізіледі Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша халық санағының 1 кезеңін өткізу үшін 90 нұсқаушы-бақылаушы және 585 интервьюерлер лауазымына штаттан тыс қызметкерлермен келісім-шарт жасалып жұмысқа тартылып, олармен оқыту семинарлары өткізілді. Нұсқаушы-бақылаушылар 25 мамырдан бастап 8 шілдеге дейін 45 күн , ал интервьюерлер 1 нен -30 маусымға дейін 30 күн жұмыс істейді. Айта кетейік, ұлттық халық санағы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін, 45 күн онлайн форматта өтсе, ал интервьюерлер 1-30 қазан аралығында планшетпен аралай... |
Толығырақ... Оқылды: 1504 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.05.2021 |
«Өзін-өзі тану» пәнінің тәрбие саласына тигізер маңызы |
Мектеп – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. «Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы - қаһарман», осылай екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. «Бала тәрбиесі» киелі ұғым, онымен адам тағдыры шешіледі, ал білім тәрбие арқылы сіңеді. Егемен елдің келешегі – кемел біліммен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Өскелең елдің болашағы оның жас ұрпағының білімділігі мен тәрбиелілігімен өлшенетіні бүгінгі таңда ақиқатқа айналып отыр. Білім берумен қатар саналы тәрбие беру- қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Оқыту мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, тәрбие беру -баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Білімді жас ұрпақ тәрбиелеу тек қағидалармен шешілмейді. Мектеп қабырғасынан шыққан жас ұрпақ -білімді, мәдениетті, тәрбиелі болуы қажет, яғни мектептің өзі жекелей алғанда өзге білім ордалар... |
Толығырақ... Оқылды: 1723 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Өнер мен мәдениет егіз ұғым |
Қай кезеңде де қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр. Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Бір-бірінсіз жетімсіреп тұратындай. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы дәріптеліп, халықтың құлағына жетіп жатады. Осы орайда, төскейінде берекенің қазаны қайнаған, босағасына бақ пен береке ұялаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі саналған киелі Көксу жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту саласында атқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді. 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға аудандық Мәдениет және тілдер... |
Толығырақ... Оқылды: 1676 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ |
Отбасы қай заманда да дені сау қоғамның және мықты мемлекеттің негізі болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырда қазақстандық тату отбасында патриотизм, еңбексүйгіштік, жаңа қоғам құру құндылықтарымен тәрбиеленген тұтас буын өсіп келеді. Қазақстанның болашағы өзара сыйластық пен татулыққа ұйыған. Жақындарына жанашырлық жасаумен бірге өзгелерге көмегін аямайтын, әркім өзінің сүйікті ісімен айналысатын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан бірлік пен келісім құндылықтары сақталған отбасы деп сеніммен айта аламын. Еліміздің тірегі болған осынау құндылықтар әрдайым біздің байлығымыз болып қала бермек. Сексен жыл! Бар болғаны сексен-ақ жыл. Бір ғасырды шаршысына толтыру үшін әлі де жиырма жыл керек. Бірақ сол сексен жылдың өзіне қанша ғасырдың тақиясына тар келмейтіндей мәнді мазмұн сыйып тұр. Ақ жаулықты анамыздың мерейтойында айтылар лебізді мұндай әдетпен бастауым тіпті де тегін емес. Шынында да, есептесек осындай уақытты есептейік. Осыдан тұп-тура сексен жыл бұрын 17-мамырда Жарлы... |
Толығырақ... Оқылды: 1630 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Мемлекет көмегімен кәсіп ашты |
Көксу ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмысы қарқынды. 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арнайы мемлекеттік грант та қарастырылған. Осы уақыт ішінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 297 адам өз кәсібін ашып үлгерген. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа қатысып, өз кәсібін бастаған жандардың бірі - Жандос Қанабатыров. -Мен бұған дейін шекара қызметіндегі әскери адам болған едім. Қазіргі уақытта запастағы аға лейтенантпын. Алакөл ауданында, Павлодар, Алматы, Қостанай, Қызылорда қалаларында қызмет еттім. Алайда, берекенің бастауы ауыл деген тоқтамға келіп, 2013 жылдың қазанында Балпық би ауылына келіп, осында нәпақамды табуға бел будым. Алғашында ата-анамның шаруаларына көмектесіп жүрдім. Кейін келе, мал шаруашылығына бір жола кірісіп кеттім. Осы салаға мемлекеттен қолдау кө... |
Толығырақ... Оқылды: 1607 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Мемлекеттік қызмет көрсету - басты міндетіміз |
Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда. «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет. Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның і... |
Толығырақ... Оқылды: 1496 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
1 маусым балаларды қорғау күні |
Балаларды қорғау күні, жаздың бірінші күні, ең көне халықаралық мерекелердің бірі, 1950 жылдан бастап бүкіл әлемде атап өтіледі. Оны өткізу туралы шешімді Халықаралық демократиялық әйелдер Федерациясы 1949 жылдың қарашасында арнайы сессияда қабылдады. БҰҰ бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады. Халықаралық балаларды қорғау күні-бұл, ең алдымен, ересектерге балалардың өмірге, пікір және дін бостандығына, білім алуға, демалуға және бос уақытқа, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғауға, адамгершілік және әділ қоғам қалыптастыру үшін қажетті жағдай ретінде балалар еңбегін қанаудан қорғауға құқықтарын сақтау қажеттілігі туралы ескерту. 1959 жылы БҰҰ Бала құқықтары декларациясын қабылдады, оған ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметтерді, үкіметтік емес ұйымдарды балалардың құқықтары мен бостандықтарын тануға және оларды орындауға ұмтылуға шақыратын мақалалар... |
Толығырақ... Оқылды: 1611 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Бала — көңілдің гүлі көздің нұры |
Қоғам болып қолпаштап, ата-ана болып әлпештеп жүрген аяулы балапандар - адамзаттың болашағы, өмірдің жалғасы, елдің ертеңі. Олар – тыныштық пен мейірімнің символы. Сондықтан олардың бақытты болуы үшін аянбау асыл іс. Сондықтанда жыл он екі айдан жанға жайлы жаз маусымының 1 – күнін Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде қарсы аламыз. Бұл күн тарихына қысқаша тоқталып өтетін болсақ, 1949 жылы Парижде әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы болып, онда балалар бақыты, әлем тыныштығы жайында талқыланады. Себебі екінші дүние жүзілік соғыстан соң балалар денсаулығы алаңдатарлық мәселелердің бірі болған. Соғыстан соң қараусыз қалған балалардың көз жасы мен зары әлем жұртшылығы назарын еріксіз өзіне аударған болатын. Сөйтіп 1950 жылдан бастап – 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіле бастады. Содан кейі, 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы балалар құқықтары туралы Конвенция қабылданып, Бұл құжатқа бүкіл әлем балаларын қорғау туралы заң мен жобал... |
Толығырақ... Оқылды: 1511 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |