Жаңалықтар
Тәуелсіздік ұландары ұясынан ұшты |
Бұл күн мектеп түлектері үшін тарихи күн. Биыл тұңғыш рет төртінші тоқсанды қашықтан оқып, соңғы қоңыраусыз аттестат алды. Бұл оқушы өміріндегі ең ерекше сәт болса да, карантин талабын бұзбау міндет. Маусым айының 14- ші жұлдызында Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебінің жас түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік ұландары» деген атаумен мектеп аумағында, көгілдір аспан астында ұйымдастырылды. Бұл жай ғана аттестат алып мектеппен қоштасу шарасы ғана емес, он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарының инемен құдық қазғандай еңбектерінің ақталған күні болып есте қалды. Биыл 50 оқушы мектепті тәмамдаса оның екеуі «Алтын белгі» иегерлері. Мектеп оқушыларының білім деңгейін анықтайтын республикалық, облыстық, аудандық білім сайыстары мен пән олимпиадаларында жеткен жетістіктерін жас түлектерді ортаға шақырып мадақтағанда мектеп ұстаздары мен ата- аналардың көз... |
Толығырақ... Оқылды: 1766 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.06.2021 |
БАЛА ШАҚТАН - БОЛАШАҚҚА |
«Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Бүгінге баға беру үшін өткенге көз жүгірткен артық болмас. Өз заманында қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Шоқан Уәлихановтың «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген нақыл сөзінің ақиқатына қазіргі таңда көзіміз жетіп отыр. Соңғы 30 жылда еліміздегі білім беру саласында үлкен өзгерістер орын алғаны белгілі. Оны, әрине, тәуелсіздік алуымызбен байланыстырамыз. Мақсатымыз айқын – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, оңтайлы әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті азамат тәрбиелеу. Сондай-ақ, білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам... |
Толығырақ... Оқылды: 1800 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.06.2021 |
Мені іздесе жас ұрпақ, жырларымнан табады |
Жыр алыбы Жамбыл бастаған халық ақындарының көшіне көз жібергенде солардың бел ортасында көзге түсетін ақын-Қалқа Жапсарбаев. Қалқа –көпқырлы ақын. Оны халқына алғаш танытқан айтыстары болды. Айтыс ақынға болашақта абырой әперетін, бағы мен бақытын көтеретін өнер деп ұққан Қалқа атамыз әр айтысқа жауапты қарап,халық көңіліндегі сөзді айта білуге тырысқан. Оған ақынның ертеректегі Нұрбала, Құрама, Үмбетәлі, Иманжан, Қуаттармен айтыстары дәлел. Қ.Жапсарбаев еңбек майданында болсын, жыр-айтыс додасында болсын қанжардай жарқылдап, тіліп түсер өткірлігімен халық ілтипатына бөленді. Өзінің замандастары К.Әзірбаев, Ү.Кәрібаев, Е.Қандеков, Қ. Терібаев сынды ақындармен айтысқа түскен. Ол кейінірек «Қамбар батыр», «Қыз Жібек» жырларын халыққа ұсынып, жыршы атана жүріп, ертегі-аңыздарды өзі де дастанға айналдыруға ден қойған. Қалқаның ақындығына сазгерлігі үндескен және әншілігін елге қатар танытқан өлеңі-«Қалқа» және «Қалқаның жайқоңыры».... |
Толығырақ... Оқылды: 1764 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 17.06.2021 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗЕКТІ МУРАЛДАР САЛЫНДЫ |
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының орталық көшелеріндегі көпқабатты үйлердің қасбетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар салынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар дұрыс мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға, дұрыс әрекеттерді жасауға шақырады. Муралдардың негізгі тақырыбы ретінде ұлы тұлғалардың бейнелері мен парасаттылыққа, әділеттілікке және патриотизмге шақыратын сөздері мен ойлары алынған. Мәселен, жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың «Шешен кісі сөз бастар, адал кісі – ел бастар!» сияқты қанатты сөздері мен көркем бейнесі бейнеленген. Сонымен қатар, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына және көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың құрметіне ұлы тұлғалардың бейнелері мен адалдық пен адамгершілік қасиеттерді сақтауға шақырған сөздері мен ойлары қаланың орталық көшелерінде салынды. Бұл муралдар парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің жаңа әдісі. Жұмыстың авторы – суретші Александр Романов. Сыбайлас жемқорлыққа қар... |
Толығырақ... Оқылды: 1801 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.06.2021 |
#ANTIKOR.LIVE: ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ АРҚЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын iске асыру шеңберiнде, 2021 жылғы 16 маусымда «AntikorLIVE» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба бойынша «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиал директоры Қазбек Шакишев тiкелей эфирге қатысып, «Жобалық менеджмент арқылы сыбайлас жемқорлықты жою» тақырыбында әңгіме өрбітті. Тікелей эфир аясында комплаенс қызметінің тиімділігі, ISO 37001 стандартын енгізу туралы атқарылған жұмыстар, мемлекеттік қызметкерлерді даярлау туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, эфир аясында Қазбек Шакишев эфир аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың табысты шетелдік практикалары туралы және Академия филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтып берді. Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемесі арқылы көре аласыз: https://www.facebook.com/antico... |
Толығырақ... Оқылды: 1687 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.06.2021 |
Әкімшілік айыппұлдар бойынша туындайтын өзекті мәселелер туралы |
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті айыппұлдарды төлеу, олар бойынша мәліметтерді алу, есепке алу мерзімдері мен олардың сақталуы, шағымдану тәртібі және тағы басқа мәселелер бойынша азаматтар тарапынан туындайтын бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді. Бірінші - Әкімшілік құқық бұзушылық үшін, оның ішінде Сергек камерасы немесе планшет арқылы салынған айыппұлды қалай төлеуге болады? Жауап: Айыппұлды Egov.kz «электрондық үкімет» порталында онлайн режимде төлеуге болады. Ол үшін «Көлік және коммуникация» бөлімін, «Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды іздеу және төлеу» қызметін таңдау қажет. Бұл ретте электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті және Сіз өзіңізге қатысты ақпаратты ғана ала аласыз (басқа ЖСН көрсету мүмкін емес). Сонымен қатар айыппұлды банктерде және онлайн-банкинг ресурстарында төлеуге болады. Екінші - Азамат айыппұлды банкте төледі, бірақ еgov.kz/qamqor.go... |
Толығырақ... Оқылды: 1595 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021 |
Бизнесті тексеруге қатысты мораторийдің бұзылуы туралы |
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шағын және микро кәсіпкерлікті тексеруге 3 жылдық мораторий қолданылады. Оған халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға жаппай қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе заңдылықты жоюға және т.б. негіздерге бағытталған тексерулер кірмейді. Мысалы, адамдардың улануы, өрт, жалақы төлемеу жағдайында жүргізілетін тексерулер осы мораторийдің қоладанысына жатпайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Комитет) өзінің қадағалау қызметі шеңберінде осындай тексерулердің есебін ғана жүргізіп қоймай, оларды тағайындаудың заңдылығын да тексереді. Талдау көрсеткендей, мораторий және қолданыстағы карантиндік шектеулер 2020 жылы бизнеске қатысты тексерулер санының 5 есе төмендеуіне ықпал етті. Егер 2019 жылы кәсіпкерлер 128 мың рет тексерістен өтсе, 2020 жылы тексерістер саны 27 мыңнан асты, ағымдағы жылдың 5 айында 5 мыңды құрады. Сонымен қатар, ағымдағы жылды... |
Толығырақ... Оқылды: 1552 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021 |
Алматы облысы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанында медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу жұмыстарының қорытындысы |
Алматы облысында тіркелген халық саны - 2 100 382 тұрғын, оның ішінде 739 335 балалар. Барлығы – 82 денсаулық сақтау субьектісі бар, оның ішінде: 32 медициналық ұйым стационарлық көмек көрсетсе, 43 - і стационарды алмастыратын көмек; 38- ауыл тұрғындарына арнайы медициналық көмекті стационарлық және стационаралмастыратын жағдайда көрсетеді; 51 медициналық мекеме реабилитациялық және қалпына келтіру қызметін жүзеге асыруда.Жаңадан келісім шартқа отырған медициналық ұйым саны -10. Олар: ШЖҚ «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы»МКК, ЖШС «Алтын-Фарма», ЖШС Центр семейной медицины Нурадина Досжанова, ЖШС "Talgar Clinic", ЖШС«Ғылыми тәжірибелік медициналық орталық», ЖШС «Жана Жарык Глазная клиника доктора Кравцова», ЖШС «Офтальмологическая клиника «Көзқарас-Алматы», ЖШС "SPORT MEDICINE AND REHABILITATION CENTER "PRO SPORT", РГУ «Военный лазарет п. Сарыозек», ЖШС «NONA INVEST&... |
Толығырақ... Оқылды: 1550 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021 |
Жетісу өлкесінің тарихы топтасқан кітаптың тұсауы кесілді |
Ұлы даланың рухани байлығымен қайта қауыштыратын, қоғамдық санада ұлттық мұраны жаңғыртуға ықпал ететін кезекті қазына оқырман қауымға жол тартты. Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «История цивилизации непокорной степи» кітабының тұсауы кесілді. Аталмыш туынды 4 томға негізделген. Мұнда тасын түрсең, тарихы сөйлейтін Жетісу өлкесінің өткені қамтылған. Кітапты жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының Академигі, профессор, тарих ғылымдарының докторы, мәдениет қайраткері Гүлнар Абдуллақызы. Туындының бірінші томы «Таста қалған тарих» деп аталады. Бұл бөлімде тас дәуірінен бастап, осы заманға дейінгі қоныстар, қорымдар, ертедегі қалашықтар туралы мәліметтер жазылған. Ақпараттардың барлығы Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласын қамтиды. Сондай-ақ, әрбір ауылдық округтердің өзіне тән сыры мен бұқара білуі тиіс шежірелері айшықталған. Екінші кітап, «Дала тарихы» деген ат... |
Толығырақ... Оқылды: 1547 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021 |
Әлеуметтік мәні бар ауруларымен ауратын науқастарға қандай медициналық көмек көрсетіледі? |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтардан сұрақтар жиі түседі. Осыған байланысты Қор осы пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі туралы толық түсініктеме дайындады. Әлеуметтік мәні бар аурулар дегеніміз не? Бұл аурулар қоғамда кең таралуына байланысты халықтың ең көп өлімі мен мүгедектігін тудыратын аурулардың қатарына жатады. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінде оларды диагностикалау мен емдеуге үлкен мән беріледі. Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың бекітілген тізбесіне төмендегілер кірді: - Туберкулез - Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру) - Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы - Қатерлі ісіктер - Қант диабеті - Психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулар) - Балалардың церебралды сал ауруы - Жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай) - Ревматизм - Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы - Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары - Орталық жүйке ж... |
Толығырақ... Оқылды: 1551 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021 |