Жаңалықтар
Жетісу облысындағы жастар арасында нашақорлыққа қарсы іс-шаралар кешені ұйымдастырылуда |
Жастардың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді. Өйткені әлеуметтік желілерден алынған, сүзгіден өтпеген ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа оң әсерімен қатар қауіп-қатер де төндіріп отырғаны жасырын емес. Сондай жағымсыз әдеттердің бірі - нашақорлық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында есірткі қылмысын еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде атап өтіп, әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізіп, жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Осы мақсатта 2024 жылдың 11-18 қараша күндері аралығында «Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен облыстың 8 аудан 2 қаласында мектептерде оқитын жоғары сынып оқушыларыменақпараттық кездесулер ұйымдастырылды. Онда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік пен ескірткі қолданудың жастардың... |
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2024 |
ЖЕТІСУДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ КЕЛІСІМІНСІЗ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚҰРУ КЕЗІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттің кәсіпкерлік ортада болуының орындылығын анықтау мақсатында талдау жүргізді. Осы талдауды жүргізу барысында «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылындағы «Балдәурен» балалар шығармашылық орталығы» МКҚК (бұдан әрі - Кәсіпорын) монополияға қарсы органнан Кәсіпорынды құруға келісім алмағандығы анықталды. Осыған байланысты Департамент Кәсіпорынға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды. Қазіргі уақытта Департаменттің нұсқамасы орындалды. Анықтама* ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 192 - бабының 4-тармағына сәйкес, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыз... |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2024 |
Алаяқтық құрбаны болмаңыз – қырағы болыңыз! |
Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда алаяқтық мүлікке бағытталған ең көп таралған қылмыстардың бірі болып табылады. Спикер атап өткендей, интернет-алаяқтық, мобильді төлемдерді бұзу және жалған банктік карталарды қолдану арқылы ақша ұрлау – кең тараған қылмыс түрлеріне айналды. Қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, клиенттердің деректеріне қол жеткізу және ақшалай қаражатты басқа шоттарға аударту мақсатында әртүрлі айла-тәсілдер қолдануда. «Мысал ретінде алаяқтар күдікті операциялар туралы хабарлап, қаражатты «сақтандыру шотына» аударуды ұсынады. Сонымен қатар, олар инвестициялық жобалар, спорттық ойындар және қайырымдылық бастамалары арқылы азаматтарды адастыруда. Мұндай әрекеттерден көптеген адамдар за... |
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2024 |
Жетісу облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту |
Облыс аумағында 1046 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер, теннис корттары және шаңғы базалары бар. Ауылдық жерлерде 700 елді мекен спорт нысандарын қолдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дидар Орынтай айтты. Спорт залдарының тапшылығын жою үшін 9 жаңа нысанның құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы Орталық стадионның қайта жөндеу жұмыстары аяқталып, бірнеше ауданда спорт кешендері мен волейбол орталығы салынды. Ұлттық спорт түрлері мен инклюзивті бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінуде: мүмкіндігі шектеулі жандардың 13,3%-ы спортпен белсенді айналысады. «2025 жылға арналған жоспарларға Текелі қаласындағы шаңғы-биатлон кешені мен ауылдық аймақтардағы спорттық нысандардың құрылысы кіреді. Жас спортшыларды қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда», – деп атап өтті спикер. |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2024 |
Жетісу аумағында жолдардағы қауіпсіздікті арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде |
Жыл басынан бері 49 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Алайда осы шараларға қарамастан, жыл басынан бері 596 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 120 адам қайтыс болып, 876 адам жарақат алды. Ең қауіпті жол «Алматы-Өскемен» автожолында өткен жылмен салыстырғанда қаза тапқандар саны 11-ден 16-ға дейін өсті. Жетісу облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметовтің айтуынша, алдағы уақытта полиция жасырын патрульдеу жұмыстарын бастайды. Осы мақсатта келесі аптадан бастап кезекшілікке шығатын үш автомобиль дайындалуда. Жасырын патрульдік автомобильдерді алдыңғы және артқы көк нөмірлерден тануға болады, олардың төбесінде жарық сигналдары мен «Полиция» логотипі болмайды. |
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2024 |
Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде |
Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде, жедел штаб күнделікті өңірде қабылданып жатқан қант қызылшасы көлемін назарда ұстап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиков мәлімдеді. Қазіргі уақытта 13,7 мың гектар қант қызылшасы алқабының 10,9 мың гектары жиналып, одан 526 мың тонна өнім алынды. Гектар өнімділігі 484,5 центнерден айналды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары және өңірдегі аграрлық сектордың тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Жиналған өнімді өңдеу үшін облыстың екі негізгі қант зауытына – Көксу және Ақсу зауыттарына жеткізілуде. Бүгінгі күнге дейін зауыттарға 421,3 мың тонна өнім жеткізілді, оның ішінде: Көксу қант зауыты – 200,6 мың тонна, Ақсу қант зауыты – 220,7 мың тонна қабылдады. Өнімді қабылдау және өңдеуге байланысты логистиканы үздіксіз ұйымдастыру және жедел шешімдер қабылдау мақсатында өңірде... |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.11.2024 |
Жетісу облысында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда |
Басты мақсат 5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күніне орай үздік еріктілерді марапаттау, ынталандыру және жеткен жетістіктерін халыққа жариялау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Шараны ұйымдастырушылар Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы. Байқауға өтінімдерді қабылдау 7-15 қараша күндері аралығында жүргізіледі. Құжаттарды электронды және баспа нұсқада Js.jastar@mail.ru эл.поштасы, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев № 47 көшесінде орналасқан «Жетісу жастары» орталығына өткізу қажет. Сыйлыққа облыстың белсенді волонтерлері мен ұйымдары 10 номинация бойынша қатыса алады. Атап айтсақ, «Birgemiz: Bilim», «Birgemiz: Saulyq», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Birgemiz: Asyl mura», «Birgemiz: Ayala», «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Umit», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Qamqor», «Үздік волонтерлік ұйым»,... |
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.11.2024 |
«Бала мінез құлқының бұзылуы» |
Ағымдағы жылдың 07 қараша күні, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп оқушылар арасында «Бала мінез құлқының бұзылуы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылылардың арасында психологиялық тренингтер жүргізіліп, оқушыларға өздері қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың тағдыры осы өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру. Шара 6 сынып оқушылары арасында өтті. Шараға жалпы 25 оқушы қатысты. Жасөспірімдік кезең-алуан түрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Себебі, күнделікті өмірде дау-дамайдың көптігі, олардың көңіл-күйінің тұрақсыздығы, қоғамға ашықтан-ашық наразылық білдіруі, ата-ананың қамқорлығын қабылдамауы. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024 |
Жетісу облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жұмыстары жүргізілуде |
Жетісу облысында жыл басынан мал ұрлаудың 80 фактісі тіркелді. Оның ішінде полиция қызметкерлерімен 46 қылмыс ашылып, ұрлыққа қатысы бар 25 күдікті тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мади Бағдат баяндады. 21 қылмыспен жәбірленушіге ұрланған малдары қайтарылып, күдіктімен татуласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. 12 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жедел іздестіру іс-шаралар нәтижесінде ұрланған 259 бас малдың 153-і табылып, мал иелеріне қайтарылды. Атап өтейік, бүгінде 2023-2024 жылдарға арналған мал ұрлығының алдын алу тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Спикер өз сөзінде малдың барлық түрлерін міндетті түрде чиптеу мәселесін де атап өтті. Чиппен белгілеу мал басын 100% есепке алуға, олардың жай-күйін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Одан бөл... |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024 |
Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданудың ерекшеліктері мен шарттары |
Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану тәртібі қаралды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364-ке дейін кеңейтілді. Бұл режимді жылдық табысы 600 мың АЕК-тен аспайтын және жұмыскерлер саны 200 адамға дейінгі бекітілген тізбеге кіретін қызметті жүргізетін салық төлеушілер қолдана алады. Бөлшек салық үшін арнайы салық режимі ҚР Салық кодексінің 687-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жеке түр ретінде енгізілді және шағын бизнес субъектілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнайы салық режимінен ерекшеленеді. Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімінің басшысы Ринат Жамаубаев атап өткендей, жаңадан құрылғандарды қоспағанда, салық төлеушілер белгіленген шарттарды сақтай отырып, бөлшек салықтың арнайы салық режиміне - жалпы белгіленген салық салу тәртібінен немесе өзге де арнайы салық режимінен ауысуға құқылы. |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024 |