Жаңалықтар

Жетісуда 75 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы вакцина салдырды

Елімізде қыркүйектен бастап тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Облыс бойынша маусымдық тұмауға қарсы екпені бүгінгі күнге 75 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді. Тұмау – әлемде кең таралған, вируспен шақырылатын жіті респираторлық вирустық инфекция. Жұқпаның алдын алудың ең тиімді шарасы – тұрғындарды иммундаумен қамту. Сондықтан да аурудың алдын алу үшін екпе алудың маңызы зор. Айта кетейік, Жетісу облысы бойынша 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусымының 40-43 апта аралығында ЖРВИ-дің 15 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде сырқаттанған 14 жасқа дейінгі балалар 66%. Ал зертханалық жолмен расталған тұмау жұқпаның 1 жағдайы ересектер арасында анықталды. Мамандар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сырқаттанушылық...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.11.2024

Құландар елі: Жетісуда экологиялық туризмді дамытуға арналған ауқымды фестиваль өтті

Жетісу облысында Қызыл кітапқа кірген құландарға арналған бірегей фестиваль екінші жыл қатарынан өтуде. Жануарлар популяциясының көп бөлігі осы аймаққа тиесілі, яғни 3600-дей құлан Кербұлақ ауданының «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінің аумағын мекен етеді. Туристер жыл сайын осы әсем жаратылысты көруге мұнда арнайы келеді. Жыл басынан бері саябаққа 24 мың адам табан тіреген, соның 7 мыңы – Үндістан, Қытай, Корея, Франция, Германия және ТМД елдерінен келген шетелдік туристер, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл іс-шараның бастамашылары мен ұйымдастырушылары - Ұлттық парк басшылығы, облыс әкімдігі және «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы. Биылғы жылы фестиваль саябақтың тағы бір табиғи тылсымы – Айғайқұмның жанында өтті. 10-12 мың жыл бұрын пайда болған ұзындығы 3 км, биіктігі 150 метр бұл құм тау саябақтың айрықша белгісі іспеттес, Жетісу өлкесінің табиғи кереметтерінің бірі. Фестивальда ниет білдірушілер марафон...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.11.2024

Жетісудың шекаралық Панфилов ауданында 1200 орынды алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді

Бүгін Жетісу облысының Панфилов ауданы Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мектептің ашылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар, аудан жұртшылығы қатысты. - Бұл – Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған облысымыздағы алғашқы білім ошағы. Панфилов ауданы – облыстағы оқушы саны көп аудандардың бірі. Жаңадан пайдалануға беріліп отырған бұл мектепке Жаркент қаласының бала саны көп 9 мектебінен 1100 жуық бала қабылданып отыр. Осындай замануи мектепте біліммен сусындайтын оқушылар облысымыздан топ жарып шығатынына сенімім зор. Мектеп ұстаздарына еліміздің болашақ білімді, еңбекқор патриоттарын тәрбиелеу жолында сәттілік тілеймін!- деді Д. Есдәулетов. Жаңа да жайлы мектептің ашылғанына ата-аналар да қуанышты....
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.11.2024

Жастар арасындағы төбелестің алдын алу

Келешектің кілтін қолға алатын жас ұрпақтың тәлімі мен тәрбиесі, талғамы мен тәртібі қай дәуірде де басты мәселе болып келген. Ол бүгінде де күн тәртібінен түскен емес. Бала – қай дәуірде де бала. Әсіресе, теледидар мен көшенің теріс тәрбиесі кең құлаш жайып тұрған қазіргі дәуірде жастардың ауыл-ауыл, көше-көше болып, бір-біріне күш көрсетуі, төбелесуі, зорлық танытуы жасырын емес. Жалпы топтық төбелестің топтық төбелес жастар мәселесінің көптігін білдіреді. Мәселен, бос уақытты тиімді пайдаланбау, спорттық, өнер үйірмелерінің жүйесіз жұмысы, жасөспірімдерге арналған жобалардың аздығы секілді шикіліктің шеті шыққан. Яғни, қолы бос, айналысатын жұмысы жоқ жас төбелеске, бос жиынға әуес келеді. Сол себепті жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізу жұмысын үйлестіру, мектептегі тәрбие сағаттарын жүйелеуге бағытталған шаралар назарға алыну қажеті сөзсіз. Сонда ғана жастардың өмірі мен болашағына бағыт сілтеуге болады. Гульжан Орынбайқызы
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024

суицид барысы бойынша жастар арасында ақпараттық талдау

Қоғамнан көретін қысым, отбасылық кикілжің, күнделікті ата-анадан таяқ жеу сияқты іс – әрекеттер. Нәтижесінде бала өз өміріне балта шабу, аталған қиындықтардан құтылудың ең оңай жолы деп ойлайды. Суицидке апаратын бұданда басқа бірнеше негізгі себептері бар: Тұқым қуалау.Атадан балаға беріп кететін мұра секілді, суицидта тұқым арқылы, қан арқылы берілетіні дәлелденген. Отбасыңыздың, жақындарыңыздың арасында көп жылдар бұрын бұл нәрсе болған болса, кейін сіздің балаларыңыздан өз – өзіне қол жұмсау белгілерін байқасаңыз таң қалмаңыз. Алдын алып, өмірімен қоштасуына жол бермеңіз. Оқыс әрекет – психикалық жарақат.Тәрбие тал бесіктен басталады. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген мақалдар бекер айтылмаса керек. Бала өзінің ұясында қанатын қатайтып, жылу мен мейірімге зәру болады. Ал қазіргі көптеген отбасылар керісінше баланың көзінше ұрысып, керісіп тіпті төбелесіп те жатады. Не болмаса балаға жекіп, «бәле болдың» деген сияқты ауыр сөздер айты...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024

Нашақорлықсыз болашақ

Елімізде де, бүкіл әлемде де алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына қауіп төндіреді. Нашақорлық – есірткіге немесе психотроптық затқа тәуелділіктен туындаған ауру. Есірткіні қолдану нәтижесінде психикалық және физикалық тәуелділік қалыптасады. Тәуелділіктің қалыптасу жылдамдығы және оның ауырлығы әр түрлі болуы мүмкін. Яғни жасына, қолдану жиілігіне, ағзаның ерекшеліктеріне әсер етеді. Психикалық тәуелділіктің жағдайы адамның есірткінің көмегімен ішкі тепе-теңдікке қол жеткізгісі келетіндігінде және есірткінің әсерін қайта-қайта сезінуге тырысатындығында көрінеді. Есірткіні сатумен айналысу – қылмыс. Есірткі заттарын қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Нашақорлық өте қорқынышты ауру. Себебі есірткіге әуес адам келесі дозаға ақша іздеп, ұрлыққа, алдауға баруы мүмкін. Осындай қысқа сәт үшін ол саналы түрде, өзін өмірдің барлық қуаныштарынан айырад...
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 04.11.2024

Демалыстағы демалыс

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Айнабұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының Мереке Қырықбай және №12 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекмұрат Баяхметұлының ұйымдастырумен “Тазалық – денсаулық кепілі”атты баскетбол ойынынан оқуышлар арасында жарыс ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты: Жасөспірімдерді демалыс уақытында бос уақыттарын ұялы телефонда өткізбей, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жоспарланды. — Оқушылардың белсенділігі өте жоғары. Спортқа деген ынта-жігерлері басым. Жалпы, жарыс жоғары дәрежеде өткізілді. Алдағы уақытта әлі де үлкен жарыстар болады деп үміттенеміз–дейді, №12 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекмұрат Баяхметұлы. Сонымен қатар, спорт пен тазалық денсалықтың басты кепілі болғандықтан тазалық пен спортты егіз ұғым ретінде қарастыруымыз керек. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды. Өз тілшіміз
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.10.2024

Жетісудағы Ақсу және Көксу қант зауыттарына бүгінге 352 мың тонна қант қызылшасы қабылданды

Биыл Жетісу облысында 13700 гектарға қант қызылшасы егілсе, одан жалпы 615 мың тонна қызылша жиналады деп күтілуде. Қазіргі уақытта 8 600 гектардан 403 мың тонна жиналды, бұл жалпы себілген көлемнің 63 %. Бүгінгі күнге соның 352 мың тоннасы Ақсу және Көксу қант зауыттарына өткізілді. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Брифинг барысында Н. Кененбаев журналистерге облыстағы қант қызылшасын жинау және өнімді зауыттарға өткізу мәселелеріне қатысты кеңінен баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінгі күні 13700 гектар қызылша алқабының қалған 5100 гектарында тәтті түбір жинау жұмыстары қарқынды жүруде. Гектар өнімділігі биыл 472 центнерден айналып отыр. Бұл – жақсы көрсеткіш. Облыстағы екі зауыттың қуаттылығы 700 мың тонна өнім өңдеуге жетеді. Бүгінгі күні бұл кәсіпорындарға облыс шаруашылықта...
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.10.2024

Жетісу облысында жасөспірімдер арасында 7 суицид жағдайы тіркелді

Бүгінде жасөспірім қыздар мен ұлдар көз жұмуының себептері арасында суицид әрдайым басты орындардың бірінде. Жыл басынан Жетісу облысында 101 суицид жағдайы тіркелді. Оның ішінде аяқталған суицидтің 7 фактісі, 6 әрекет жасау фактісі тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Мадина Турдашева мәлімдеді. Маманның айтуынша, кәмелетке толмаған жастардың психикалық денсаулығындағы мәселелерді тудырушы фактор ретінде депрессия, мазасыздық, буллинг, мінез-құлық мәселелері мен өз-өзіне зақым келтіру. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы екінші өзекті мәселе ерте жүктіліктің алдын алу. Талдықорған қаласында кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің 16 жағдайы тіркелді. Суицидтің алдын алу үшін дәрігерлер мен психологтар, соның ішінде суицидология және психиатрия мамандары суицидтік ойлар мен әрекеттерге тап болған жасөспірімдермен жұмыс жасайды. Жастар денсаулық орталығында жасөспірімдер әлеуметтік...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.10.2024

Мектептерде қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Жыл басынан аудандық, қалалық басқармалары прокуратура органдарымен бірлесіп 187 мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, барлығынан бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов мәлімдеді. Тексеру барысында асханаларда ас блогы қызметкерлерінде медициналық кітапша болмаған. Азық-түлікті сақтау шарттары бұзылған, шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмаған, қоймадағы бақылау-өлшеу аспаптары жоқ, рұқсат етілмеген өнімдер: дәмдеуіштер, қоспалар, қуырылған бәліш қолданылған. Нәтижесінде прокуратура органдарының ұсыныстары бойынша 50 әкімшілік айыппұл жазылып, 2 жарым миллион теңгеге жуық қаражат салынды. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауына байланысты 7 материал сотқа жіберілді. Мектеп асханаларында күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе...
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.10.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.