Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕМІН

Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлердің қатысуымен кәсіпкерлер Палатасы Жамбыл аудандық филиалының шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік кездесуі өтті. Бұл есеп беру кездесуіне Алматы облысы өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Салықова Римма Аждарқызы, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Абильшаиков Нариман Бақтыбайұлы, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Сұлтанбек Адлет Сұлтанбекұлы, Жамбыл ауданының әкімі Әлиев Бағдат Байшалұлы, Алматы облысы өңірлік кеңес мүшелері, аудан кәсіпкерлері, іскер әйелдер, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Әлиев бастаған меймандар ауданымыздың аяқ киім, киім және қолөнер туындыларын өндіріп жүрген кәсіпкерлердің көрмесімен танысып, оларға әкімдік тарапынан қандай да бір көмек керек болса қол ұ...
Толығырақ... Оқылды: 438 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.04.2019

Кәсіпкерлер жомарттығы: Алматы облысында көп балалы екі отбасы баспаналы болды

Алматы облысында жеке кәсіпкерлер көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды қуантуды жалғастыруда. Кербұлақ ауданында наурыз мерекесі қарсаңында бастау алған қайырымды іс-шара жалғасын тауып, тағы да көп балалы 2 бірдей отбасы үйлі болды. Баспананың бірін Қоғалы ауылдық округінің «Ақмарал» жеке шаруа қожалығының басшысы Бураханов Болат өз атынан жомарттық танытып, көп балалы ана Қыстаубаева Айнұрға 4 бөлмелі үй сыйлады. «Балаларымның арманы орындалды, біз үшін баспана басты мәселе ғой. Осы уақытқа дейін бес баламен үйсіз, пәтер ден пәтерге көшіп жүргенмін. Осындай жомарт жандардың жақсылығының арқасында, енді міне өзіміздің шаңырағымыз бар. Мен өте қуаныштымын», - дейді жаңа баспана иесі. Дәл осындай қуанышқа Көксу ауылының тұрғыны, алты бірдей баланың анасы Меруерт Доланбекова кенелді. «Абыхан» жеке шаруа қожалығының басшысы Серік Абықанов 4 бөлмелі үйді өзі сатып алып, анаға сыйға тартты. «Ауданымызда көп балалы аналар саны аз ем...
Толығырақ... Оқылды: 455 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.04.2019

Журналистерге арналған жаттығу залы ашылды

Талдықорғанда Журналистер үйінің төменгі қабатында заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, салауатты өмір салтын ұстанғысы келетіндер үшін жаттығу залы ашылды. Аталмыш нысан облыстық, ақпараттық-танымдық, отбасылық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерей тойына орай ашылып отыр. Салтанатты ашылу салтанатына қазақ телевизиясының майталман журналисі Тілеуқабыл Мыңжасар,Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің бас редакторлары Әміре Әрін, Атсалим Идигов қатысып, лентасын қиды. «Бүгін аспаннан шұға жауған күн болды. Неге десеңіз, Бұқаралық ақпарат құралының айдынындағы ақ кеме сияқты ғимаратымызда жаңа жаттығу залы берілді. Бұл деген журналистердің шабытына шабыт қосып, жұмыс сапасын ғана емес көлемінде арттыруға себебін тигізеді. Журналистер қауымы үшін осындай жақсылық жасаған облыс әкімі Амандық Баталовқа, ішкі саясат басқармасына алғыс білдіремін»,-деді «Жетісу» газетінің бас редакторы...
Толығырақ... Оқылды: 446 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.04.2019

«Head Play» ойыны білгірлерді анықтады

Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері «Head Play» зияткерлік ойынына қатысты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және ішкі саясат басқармасының ұйымдастырған ойын алаңында жергілікті мемлекеттік органдар қызметшілерінен құралған барлығы 18 топ болды. Қатысушыларға сәттілік тілегендепартамент басшысы Серікбай Нұрғисаев шараның негізгі мақсатына тоқталды. «Ойынның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, олардың интеллектуалдық деңгейін жетілдіру. Және билік құрылымдарының арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеру болып табылады»,- деді ол. Ойын барысында қызметшілер бір-бірінен асып түсуге тырысып бақты. Нәтижесінде, барлық топты жеңіп, өзгелерден оқ бойы озық көрінген «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы», «Табиғат» команда мүшелері I- орын...
Толығырақ... Оқылды: 270 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 12.04.2019

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАЦИЯ ЖӘНЕ ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ

Көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырған-ды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагаринның болғаны әрбір жанның жадына мықтап бекігені рас. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болып, сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылған еді. Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып белгіленді.1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды. 1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды. «Байқоңыр» ғар...
Толығырақ... Оқылды: 742 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 12.04.2019

ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Сәуір айының 9-ы күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мақсатында «Алматы облысы бойынша терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне және құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» атты лот аясында семинар өтті. Бұл жиынға ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті академиясының оқытушылары Болат Шоманов, Евгений Ли, аудандық мектеп оқытушылары мен ІІБ түгелдей қатысты. Семинардың басты мақсаты: террорлық әрекет кезіндегі іс-әрекеттер туралы мағлұмат беру. Осы туралы еліміздегі болып өткен террористтік жағдайларды видеоролик түрінде көрсетіп, қауіп деңгейлерін түсіндірді. Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себе...
Толығырақ... Оқылды: 531 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.04.2019

Алматы облысының «Үздік мемлекеттік қызметші 2019» атағына кім лайық?

Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауы өткізіледі. Биылғы жылы аталған байқау 2019 жылдың 5 сәуірінен басталды. Конкурсқа мемлекеттік қызметте бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы өңірлік комуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз–мәслихаты барысында баяндады. Байқау екі негізгі кезеңнен тұрады: І кезең – облыстық деңгейдегі конкурс, ІІ кезең – республикалық конкурстық комиссия өткізетін респ...
Толығырақ... Оқылды: 485 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 10.04.2019

Лучших фотографов наградили в Жетысу

В Доме журналистов города Талдыкорган подвели итоги фото-конкурса «Мой Жетысу», где наградили самых талантливых и креативных фотографов в области. На прием заявок от участников, организаторы выделили месяц времени, в период которого комиссией было утверждено 58 работ от 18 желающих. Претендентов было больше, однако некоторые были отсеяны. По словам организаторов и членов комиссии, эти работы не соответствовали требованиям конкурса. «Фото- конкурс «Мой Жетысу» проходил с 10 февраля по 10 марта текущего года. Организатором выступил «Союз фотографов и видеографов» региона, а огромную поддержку оказало управление внутренней политики Алматинской области. Пользуясь, случаем, хочется поблагодарить руководство управления внутренней политики и его команду, которые всегда оказывают помощь в проведении подобных мероприятий. По трем номинациям к нам поступило большое количество работ, поэтому по ним у нас 3 призовых места. Несмотря на то, что приняли уч...
Толығырақ... Оқылды: 398 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.04.2019

Талдықорғанда тағлымды кездесу өтті

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімгерлері Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Қалмаханбет Мұқаметқалимен кездесті. Қарымды қаламгермен жүздесуге «Журналистика» және «Екі шет тілі» мамандығының студенттері көптеп жиналды. Аталған шараны Алматы облысы ішкі саясат басқармасы мен Жетісу мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған. Мұндай тағлымды кездесу дәстүрлi түрде өткiзiлетіндігін атап өту керек. Түрлі басылымдарда жұмыс істеп, талай байқауларда топ жарып жүрген Қалмаханбет Мұқаметқали кездесу барысында студент қауымына «Тақырыптық журналистика және жаңа трендтер» тақырыбында әңгіме өрбітті. Оның айтуынша әр тілші азаматтық ұстанымын айқындап алуы керек. Әрі жазатын тақырыбына жаны қалап тұрса ғана қалам тербеуі қажет. Сонда ғана оқырман қызығып оқитын, көрермен сү...
Толығырақ... Оқылды: 433 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 10.04.2019

Алматы облысында жыл басынан бері 14 адамның құқығы қорғалған

Бүгінгі таңда азаматтар мен қоғамның қажеттіліктеріне бағытталған мемлекеттік аппарат құру – ел дамуындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Қолданыстағы заңнаманың бұзушылықтарын төмендету, кәсіби деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметке халықтың сенімін арттыру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне келіп түскен арыздарға тұрақты түрде мониторинг жасалынады. 2018 жылы жеке және заңды тұлғалардан 1001 өтініш келіп түскен, барлық өтініштер тіркеуден өтіп және заңға сәйкес бірде-бір өтініштердің қарау мерзімдері бұзылмай, жауаптары қайтарылған. Сондай-ақ, «Бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау» атты жобасына сәйкес, Департаментпен кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде. Кеңсеге кәсіпкерлерден келіп түскен 42 өтінімнің, 40 кәсіпкерлеріне құқықтық-кеңес берілді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қабылданған өтініштер саны 219, өтініштерді қарау нәтижесі бойынша келесі шаралар қабыл...
Толығырақ... Оқылды: 427 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.