Жаңалықтар
Елбасының ерен еңбегі |
| БЕЙСЕНОВ МӘЛІК АМАНБАЙҰЛЫ: «Дүние есігін жаңа ашқан сәби ана сүтінен қуат, ана тілінен нәр алып өссе, біздің мемлекетіміз тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтан қуат алды. Елбасы Отаның тыныш, бейбіт ел болып, берекесі тасып, әлемге үлгі болу үшін жанын сарп қылып, еңбек етті. Қазір қарап тұрсақ, өзге алпауыт мемлекеттермен тереземіз тең. «Бақ тағатты ерге ғана тұрмақ» дегендей, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман, соны тілеп, бірлік үшін ерінбей еңбек еткен, ырыс-ынтымақты қадірлеген елге ғана келмек, сонда ғана тұрақтап қалмақ. Ал, осы ырыс-ынтымақ Елбасының арқасы. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұл күнде Қазақстан халықаралық саяси үнқатысудың бейбіт отанына, алтын көпіріне айналды. Халқымыздың қанындағы көп асыл қасиеттің бірі ақ көңілімен дос құшағын айқара аша білуі. Соның арқасында қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Елбасы сөзімен айтсақ, әр республиканың ұлттар достығы... |
| Толығырақ... Оқылды: 588 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
Үндеуге қолдау |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков: "19 наурыз - қазақтың тарихындағы алтын әріптермен жазылған күн болып қалмақ. Мемлекет басшысы 19 жылдың 19 наурызында Астана уақыты сағат 19:00-де лауазымын тоқтатты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «өкілеттілігімді тоқтатамын» дегені әрине баршамыздың көңілімізге кірбің түсірді. Дегенмен, Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы шешімі Елбасына деген құрметті арттыра түскендей. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - біздің бірінші тұңғыш Елбасымыз! ҚР Сенат басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа салиқалы сындарлы саяси жол болсын дейміз! Әлі талай сараптама жасалар! Бірақ ең бастысы еліміздің бірлігі, ынтымағы арта берсін! Ең маңызды айта кетерім, әрбір адам бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығының белгісі". |
| Толығырақ... Оқылды: 599 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
ЖЫЛУ ДА, УЛЫ ГАЗ ДА ПЕШТЕН ШЫҒАДЫ |
| Жұма күні аудандық «Төтенше жағдайлар бөлімінің» ұйымдастыруымен аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті. Жиын барысында «Төтенше жағдайлар бөлімінің» бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қуаныш Абдураимов сөз алып, баяндама жасады: - Сіздерді бүгінгі брифингке аудан аумағында өрттердің жағдайы туралы және жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу бойынша өткізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарын ақпараттандыру үшін шақырып отырмыз. Брифингті өткізудің мақсаты: жылыту маусымы кезеңінде көмірқышқыл газымен уланудың алдын-алу, сұйық және қатты отынмен жанатын пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын тұрғындарға жеткізу. Көксу ауданының «Төтенше жағдайлар бөлімімен» аудан аумағында болып жатқан өрттермен байланысты жағдай жете талданды. Бөлім қызметкерлерімен өрттің ал... |
| Толығырақ... Оқылды: 375 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.03.2019 |
«ҚҰТТЫ МЕКЕН» БОЙЫНША ҚҰТТЫ ЖҰМЫС |
| Бәрімізге белгілі, Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде еліміздің әл-ауқатын одан әрі дамыту мәселесі бойынша бірқатар жобаларды нақтылаған болатын. Соның ішінде, «Құтты мекен» бағдарламасы ауылдарды дамытуға арналған бастамалардың бірі. «Ауыл және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған «Құтты мекен» жаңа жобасын ұсынамын. Жоба жұмысын іске асыруды алдымен партияға тапсырамын. Мұндағы басты мақсат - болашағы бар ауылдарды сақтап қалу. Егер жоба сәтті жүзеге асырылса 7,5 мың елді мекен тұрғындарының жағдайын ілгерілету мүмкіндігі туады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Елбасының бастамаларын әрдайым орындап жүрген аудандық жолдар бөлімі осы жолы да «Құтты мекен» бағдарламасын қолдап, ауыл дамуына өз үлестерін қосып келеді. Өткен 2018 жылы аудан бойынша бірқатар істер атқарылып, ауданымыздың жолдарына сән кіргендей болды. Нақтылайтын болсақ, ауданның ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жасалынды, яғни, Балпық б... |
| Толығырақ... Оқылды: 557 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.03.2019 |
ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ... |
| «Жастар – біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз» Н.Ә.НАЗАРБАЕВ Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда, шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы мерекеде, яғни, наурыздың 14-і көрісу күнінде Еңбекші ауылдық округіне қарасты Зылиха Тамшыбай атындағы шағын орталығы бар орта мектебінің мәжіліс залында «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты жастармен кездесу кеші өтті. Аталған кездесуге облыс пен ауданымызға еңбегі сіңген мемлекеттік қызметкерлер, ардагер ұстаздар, талай-талай биік белестерді бағындырған өнер майталмандары мен ауданның Құрметті азаматтары қатысты. Атап айтсақ, қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған майталман әртіс, ҚР «Мәдениет қайраткері», Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімға... |
| Толығырақ... Оқылды: 760 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 20.03.2019 |
МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ |
| Аудан мәслихатының кезектен тыс 44-ші сессиясының отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев, аудан мәслихатының депутаттары, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Амангелді Қалдыбек және бөлім, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – ауданның «2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» №40-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Осы жөнінде және ауылдық округтердің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы баяндама жасау үшін, сөз кезегі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Серік Нұрмұхамбетовқа берілді. - Құрметті депутаттар! 2019 жылға арналған аудан бюджеті туралы өткен Қоғамдық кеңесте айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Жалпы, әр функционалдық топтар бойынша қысқаша айтар болсақ, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 6-функционалдық топ бойынша ауданның жұмыспен қамту орталығының ақпараттық насихаттық жұмыстарын жүргізуге 19,0 мың теңге қарас... |
| Толығырақ... Оқылды: 387 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.03.2019 |
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді аралауды жалғастыруда |
| Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және волонтерлермен бірлесіп халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуға бағытталған жеке секторды аралау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Облыс тұрғындарына пешті орнату және пайдалану жөніндегі негізгі талаптар жеткізіледі. Жылыту кезеңі басталғаннан бері 215 мыңнан астам тұрғын үй тексерілді, 277 мың адамды қамти отырып, пештерді, газ жабдығын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылады. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жыл басынан бері тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың үйлерінде 249 иісті газ датчигі орнатылды. Жеке сектор тұрғындарын оқыту өрттің пайда болуының алдын алудың маңызды мезеті болып табылады, сондықтан ТЖД қызметкерлері жылыту кезеңінің соңына дейін осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Алматы облысы ТЖД жылыту маусымы кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады: - барлық... |
| Толығырақ... Оқылды: 433 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2019 |
ҚОҒАМ ТАЛАБЫ – ТӘРТІП |
| Ауылдың тазалығына, көркейіп гүлденуіне атсалысу, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық орындарда этиканы сақтау, жеке тұлғаларды тиіспеу, ортақ пайдалану орындарын, яғни, саябақтарды, скверлерді ластамау және қоғамдық тәртіпті, адамдардың тыныштығын бұзбау мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Мұқаншы ауылдық округінде «Қоғам талабы- тәртіп» атты «Жалын» студенттік жасағымен акция өтті. Шараға «Жастар ресурстық орталығының» маманы Берік Юсупбаев, «Жалын» студенттік жасағы, Мұқаншы ауылдық округінің әдіскер-нұсқаушысы Абзал Сатаев қатысты. Акция барысында Мұқаншы ауылдық округіне қарасты Көксу бекетіндегі қоғамдық орындарды, орталық көшелерді, дүкендерді аралап, ауыл келбетіне нұқсан келтіріп, қоғамдық тәртіпті сақтамай, құқық бұзушылықтарға жол бергендерге арнайы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, яғни қоғамдық орындарда этиканы сақтау, тұрғын жайларды қорлау, төңірегіндегіле... |
| Толығырақ... Оқылды: 651 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 14.03.2019 |
Мемлекеттік жәрдемақы кімдерге берілмек? |
| Елбасының 27 ақпанда “Нұр Отан” партиясының 18- кезекті съезінде берген тапсырмасы бойынша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақының көлемін ұлғайту жөнінде аудан бойынша түсіндіру жұмыстары басталды. Осыған орай, ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Шаяхметова мен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Руслан Байменов Айнабұлақ, Алғабас және Мұқыры ауылдарын аралады. Әлеуметтік көмек алу үшін жалғыз төлқұжат жеткілікті. Тұрғылықты жерінде тіркеліп, арнайы комиссияның тексерісінен өткен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар жәрдемақыға ие бола алады. Алайда отбасылық табыс мұқият есептеледі. Мәселен, жанұяда жұмыс істеп отырған адамдардың табысына ауылдық жерде мал асырап отырған отбасылардың мал саны түгел есептеліп қосылады. Осы аталған табыс көздерінің қосындысын сол жанұядағы адамдардың санына шаққанда белгіленген 20789 теңгеден аспауы керек. Ескере кететін... |
| Толығырақ... Оқылды: 480 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.03.2019 |
БАСПАНА АЛУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ |
| Бәріңізге белгілі, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа Үндеуін жолдаған болатын. Онда ұлт көшбасшысы: «Бірден айтайын, бүгін айтылатын ұсыныстың бәрі – есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба. Мен, өркендеген Қазақстан ең алдымен, мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын. Сол себепті, біз бүгін жаңа, ауқымды әлеуметтік жобаларға жол ашамыз», – деп мемлекеттің әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайын екендігін айтты. Оның ішінде халыққа қуаныш сыйлаған жағымды жаңалығы - бес әлеуметтік бастаманың біріншісі – әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру болды. Осы орайда, мемлекет басшысы «7-20-25» бағдарламасын ұсынды. Түсінгенімізше, бұл бағдарламаның негізі ипотекалық несиенің жыл... |
| Толығырақ... Оқылды: 331 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 14.03.2019 |
