Жаңалықтар

Жемқорлықпен күресуді өзіңнен баста

«Жетісу – адалдық алаңы» жобасының мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың билік органдарына деген сенімін арттыру. Бүгінде бұл кеңседе 5 қызметкер жұмыс істеуде. Жетекшісі – «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының бірінші орынбасары Аманжол ЖАЗЫҚБАЕВ. Ашылғанына бірнеше ай болса да, орталықтың жеткен жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Бұл жөнінде А.Тоқтарұлы сұхбат барысында өзі баяндап берді. - «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысын бастағалы 3 айдан астам уақыт өтіпті. Бүгінге дейін жеткен жетістіктеріңіз қандай? - Жобалық кеңсе 2018 жылдың 26 желтоқсанында ресми түрде ашылды. Сол уақыттан бері жоба аясында 48 кездесу ұйымдастырылды. Нақтыласақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне Whitebook-қа енгізуге бағытталған жобалар ұсынылды. Аталған жобалардың өңірімізде бесеуі жүзеге асса, төртеуінің қ...
Толығырақ... Оқылды: 509 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

Алматы облысында су тасқынының алдын алу шаралары өтуде

Алматы облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қатаң бақылауда. Осы бағытта, төтенше жағдай қызметі, азаматтық қорғаныс және жергілік әкімдік бірлесіп, біршама жұмыс атқарған. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департаменті мамандары баспасөз -мәслихаты барысында мәлімдеді. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары аясында 2285 шақырым арық, 2156 шақырым канал, 100 мың текше метр қар елді мекендер аумағынан шығарылып, 5 мың шақырым арық іші қоқыс, топырақтан аршылған. Сонымен қатар, су өткізу құрылғылары да тазаланды. Күннің күрт жылынуымен өңірде өрт қауіптілігі де арта түскен. Көктем маусымы басталысымен облыс көлемінде құрғақ шөптің өртенуіне қатысты 300- ден аса жағдай тіркелген. Қызыл жалын 500 гектар аумақты шарпыған. ТЖД қызметкерлері су тасқының алдын алумен қоса, жазғы шомылу маусымына да қызу дайындық жүргізіп жатыр. Айта кетейік, өткен жылы 60 адам суға батып кеткен. Оның 15-і кәмәлет жасына толмаған жасөспірімдер. Қайғылы жағдай шомылуға рұқсат етілмеген жерлер...
Толығырақ... Оқылды: 530 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

Жол полицейлері дабыл қағуда: Алматы облысында жол көлік оқиғасының саны артты

Алматы облысында жыл басынан үлкенді-кішілі жолдарда тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 512-ге жетіп, өлім жағдайы көбейген. Жол үстінде 100 адам қайғылы қазаға ұшыраса, 700-ден астам жолаушы түрлі жарақаттар алған, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбековтың айтуынша, тіркелген жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің жауапсыздығынан болып отыр. «Алматы облысына қарасты Алматы-Талдықорған, Алматы-Тараз, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралдарында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелуде. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда жол үстінде көз жұмған жандар саны өкінішке орай, 53 пайызға артты. Қайғылы жағдайдың басты себебтерінің бірі жылдамтықты асыру және мас күйінде көлік айдау. Осы жағдайға байланысты барлық көлік жүргізушілеріне және жолаушыларға дабыл қағамыз. Жол үстінде барынша мұқият және жауапкершілікті болыңыздар, - дейді ол. Жол-көлік оқиғаларының 73...
Толығырақ... Оқылды: 452 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй салынады

Алматы облысының Текелі қаласында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнайы 40 пәтерлі тұрғын үй салынбақ. Аталмыш тұрғын үй құрылысы осы жылдың маусым айында басталып, 6 айға созылады, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 40 отбасыға есептелген бұл жобаның сметалық құжаты өткен жылы дайындалған. Бүгін де мемлекеттік сараптамадан оң баға алып, керекті қаражат бөлінді. «Қазіргі таңда қалада көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға көп көңіл бөлінуде. Қалада 415 көпбалалы және 197 тұрмысы төмен отбасы тіркелген. Жақында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады », - дейді қала әкімі Бахтияр Өнербаев. Айта кету керек, дәл осындай 40 пәтерлі 2 тұрғын үйдің сметалық құжаттары дайын, енді мемлекеттік сараптамадан өтсе, келесі жылы тағы да 80 отбасы үйлі болады. Меруерт МАХМҰТЖАН
Толығырақ... Оқылды: 579 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

«Үндеуге-қолдау»

«Тарихи сәтке куә болып отырған, тәуелсіз елдің жастарымыз. Біз Елбасының салған даңғыл жолымен келеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде айтқандай, жастарға үлкен сенім артты. Сондықтан біз, жастар бұл жолды әрі қарай жалғастырамыз. Елімізді дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Қазір Астананың атауын өзгерту туралы халық көп пікір білдіруде, соған қарамастан, біз Нұр-Сұлтан атауы да болашақта жаңа бренд болып қалыптасатынына сенімдіміз». Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуі жариялап, кезектен тыс Президенттік сайлау қашан өтетінін мәлімдегендігі біз үшін көптен күткен жаңалықтардың бірі болды. Біз Елбасыныңсара жолыменжүреміз.Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығыретінде мемлекетіміздің іргесімығым.Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек. Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп,алға басу үшін,әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерділайықты жүзеге асыру үшінбізге айқындық қажет. Оның үст...
Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Қымбатты Отандастар! Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам. Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң...
Толығырақ... Оқылды: 474 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

СЕКЕНБАЙ ШЕҢГЕЛБАЕВ, Облыстық мәслихат депутаты: 9 маусымда елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналар арқылы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндеу жариялады. Президент мемлекет үшін маңызы зор науқанға бір кісідей қатысуға шақырды. Кандидаттар тізімінде жаңа саяси тұлғалар болғандықтан, ол халықтың дана шешім қабылдайтынына сенім білдірді. Байқап қарасақ, бүгінде билік халыққа етене жақындады. Ел-жұрттың мұң-мұқтажы айрықша назарға алынып, тұрмыстың түйткілдер кешенді түрде шешілуге бет бұрды. Нақты іс-шаралар тиянақты жүргізіле бастады. Сайлаудың қойылған уақытынан ерте болатыны саясаттың бір салқын соққан лебі сияқты. Себебі, қоғамды дамытуға серпінді қадамның бірі – сайлау. Мемлекетімізде халық таңдап алған басшы болса, батыл қадамдар жасауға жол ашылары айқын. Қазіргідей әлемнің алмағайып кезеңінде жайбарақаттыққа жол беруге болмайды. Еліміз дамудың сапалық жаңа деңгейіне көтерілген кезеңде бәрінен бұрын ең қымба...
Толығырақ... Оқылды: 460 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялады. Үндеуді басынан аяғына дейін мұқият қарап, тыңдадым. Бірақ, ҚР Президенті сайлауының неліктен уақытанан бұрын өтейін деп жатқандығын өз басым түсінбедім десем де болады. Мүмкін халықтың алаңдауын басып, келер жылды күттірмей тізігінді нақты бір адамға беру үшін қабылданған шешім шығар. Қандай шешім қабылданса да халықтың игілігі мен тыныштығы үшін болса деген ойдамын. Сайлау Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев айтқандай әділ, әрі ашық түрде өткізілсе нұр үстіне нұр болады. Бұл менің зайырлы-демократиялық мемлекеттің азаматшасы ретінде айтқан жеке пікірім, өз ойым. Әлия ИМАНЖАНТЕГІ.
Толығырақ... Оқылды: 540 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019

ӘЛДИБЕК ДОСЫМБЕКОВ: «9 сәуір күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдындағы өзінің алғашқы Үндеуін жария етті. Еліміздің президентін анықтайтын сайлаудың осы жылдың 9 маусымында өтетіндігін мәлімдеді. Бұл біздер үшін үлкен жаңалық дер едім. Қазақстан халықаралық жүйеде өзінің лайықты орнын бекемдеген мемлекет. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Өткен айдағы болып өткен оқиғаларға сүйенер болсақ, қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Бәріне белгілі, жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысқан болатын. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтпақшы, алдағы сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтетініне сенімдімін. Бұл жолғы мерзімінен бұрынғы сайлау толығымен заң аясында өтеді және елдегі әлеуметтік, саяси, рухани салаларды тиімді дамытуға әсер етеді. Тез өзгеріп, мың құбылып тұрған заманда ішкі және сыртқы саясатты ұстап тұру үшін елдің басшысы қажеті екені сөзсіз. Бұ...
Толығырақ... Оқылды: 491 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019

Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен ертеңі

Елімізде саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрғындардың жат діни ағымдарға бет бұруына, әлемдік жаһандану үдерісі мен шиеленісу процестерінің артуына жол бермеу, террорлық әрекеттердің алдын алу және халықаралық қатынастарды үйлесімді ету бүгінгі таңдағы маңызды мәселе. Осы маселелер бойынша жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары «Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен болашағы», «Бір белдеу-бір жол» стратегиялық жобасы және Қазақстан, «Исламдағы әлеуметтік және саяси өзгерістер» тақырыбында семинар-лекция өткізді. Дәріс сабақтарын еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих ғылымдарының докторы «Қытайтану» кафедрасының профессоры Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы және филология ғылымдарының докторы «Таяу шығыс және Оңтүст...
Толығырақ... Оқылды: 417 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.