Жаңалықтар
5 сәуір қандай күн? |
| Көші-қон полициясының күні 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың болу тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді.Заңсыз көші-қонмен, Қазақстанға шетел азаматтарының келу фактілерінің бұзылуымен күресу үшін 2002 жылдың сәуір айында «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі взводы құрылды. Корей елінде ағаш отырғызу күні Бұл шара Корей жерінде ормандарды қайта қалпына келтіру мақсатында Пак Чжон Хи басшылығымен қолға алынған болатын. 1960 жылдан бастап, 2005 жылға дейін бұл күн мемлекеттік мерекелердің бірі болып, ресми түрде бүкіл елде демалыс жарияланатын. Қазір демалыс берілмесе де, ескі дәстүр өз жалғасын табуда. Бұл күні Оңтүстік Ко... |
| Толығырақ... Оқылды: 663 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 05.04.2019 |
Алматы облысында атом электр станциясын салу жоспарланып отыр |
| Қазақстанда атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен аулында салынуы мүмкін. Ауыл Алматыдан 300 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев парламент сенатының кулуарында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz. Вице-министрдің сөзінше, атом электр станциясын салу туралы нақты шешім әзірге қабылданбаған. Алайда станция салынатын аумақ белгіленіпті. «Біз бұл мәселені зерттеуді жалғастырамыз. Алайда атом электр станциясын салу туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Алматы облысындағы Үлкен аулынан аумақ белгіленді», - дейді Мырзағалиев. Сонымен қатар ол Қазақстан үшін барынша сай келетін технологияны таңдау керектігін атап өтті. Үлкен аулы Балқаш көлінің маңында орналасқан. Айта кетсек, Қазақтан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуше барған еді. Путин Тоқаевпен жүргізген келіссөздерін қорытындылай келе атом электр станциясы жайлы сөз қозғады. Ресей президентінің сөзінше... |
| Толығырақ... Оқылды: 539 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.04.2019 |
КӨРКЕМ МІНЕЗ – ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ |
| Ислам – әдептілік және жақсы мінез діні. Пайғамбарымыз бірде «Жақсы мінездерді толықтыру үшін, жақсы мінездерді дүниеге жаю үшін жіберілдім.» десе, тағы да «Сендердің иман жағынан кәміл болғандарың мінезі жақсы болып, адамдарға жақсылық жасағандарың» деп тіпті иманды да мінезбен және адамдарға пайдалы болумен өлшеген. Көркем мінез Аллаһ тағаланың құзырындағы Жәннат нығметтеріне ашылып құйылған жүректің есігі болса, жаман мінез тозақ отына ашылған есік. Аллаһ Елшісі бірде:(с.ғ.с) «Сірке су балды бұзатын секілді, жаман мінез адамды бұзады» деген. Жақсы мінезге жаратқан Аллаһты және оның жаратушыларын қош көріп, олардан келген қиындықтарға сабыр етуді айтамыз. Жақсы мінезділік –Аллаһ тағаладан разы болу деген сөз. Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім» деп өзінің ұлық мұратын паш етеді. Осылайша ол Ислам діні негізінде адамзаттың бақытына баланған игі жақсылықтың бірі көркем мінез екендігін... |
| Толығырақ... Оқылды: 1100 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.04.2019 |
ИСЛАМНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ |
| Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы. Қазіргі таңда, біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі балалардың көбеюі елімізді алаңдататыны белгілі. Мүмкіндігі шектеулі жандар – тағдырдың тауқыметімен арпалысып жүрген, аялы алақан мен мейірімді жүрекке зәру жандар. Кемтарлықтың қыл бұғауын мойнына ерте ілген жандардың біздің қоғамымызда алатын орны ерекше. Ал, осындай жандарға көңіл бөлу, жанашырлық таныту – бұл ұлы іс. Өткен аптада, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, Мәмбет ауылы «Динара» мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып ақ дастархан жайылды. Сол ауылдың үлкенді-кішілі қонақтары шақырылып, ән айтылып, би де биленді. Аруна Балабекова, Бағжанар Рысб... |
| Толығырақ... Оқылды: 653 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.04.2019 |
АЙБЫНЫМЫЗДЫ АСЫРҒАН БАЛУАН |
| Қазақ күресі – әлемдегі ең әдемі күрес. Егер қазақ күресінің тарихын қазсаңыз, оның түбін сонау ғұндардан, кейінгі қазақтың эпостық жырларынан табасыз. Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерінде жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізілді. Бұрын қазақша күрес «Күш атасын танымайды» деген түсінікпен салмағына, дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Тіпті, ағасы мен інісі күресіп қалатын кезі де болған. Сондай-ақ, күрестің белгілі бір жүйеге түскен белдесу ережесі де болмаған. Күреске түскендер үлкен-кішілігіне қарамай, қайсысы күшті болса, сол жеңіске жеткен. Жиын-тойларда ғана күш сынасып қоймай, кім жеңеді деп егеске түскен екі балуан кездескен жерде ат үстінен түсе қалып, белдесе кететін болған. Ел ішінде атақтары жайылған Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар т.б. осындай алып балуандар болды. Қазақ күресі 1928 жылға дейін «қазақша күрес» деп аталып келген. Негізі, күрестің «белде... |
| Толығырақ... Оқылды: 699 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.04.2019 |
Кәсіпкерлермен бейресми кездесу |
| Аудан әкімі Алмас Әділ «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасының өңірлік өкілдерімен кездесті. Бұл кездесу ашық әрі бейресми форматта өтті. Сәуір айының 2-сі күні аудан орталығына өңірлік палатаның өкілдері келді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер палатасының Алматы облысы бойынша кеңес төрайымы Римма Салықова, кеңес мүшелері Бақыт Шалбаев, Жанатбек Сарғалдақов, Алматы облысы бойынша әкімшілік кедергілерді азайту бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Әділет Сұлтанбек және аудандық кәсіркерлер қатысты. Өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықова күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып, аудан әкімі Алмас Қабдулұлына бизнес өкілдерімен қолжетімді және етене жақын жұмыс істеу форматын қалыптастырғаны үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде аудан басшысы аудандағы жетістіктер бизнестің қарқынды дамуымен тығыз байланысты екендігін және өнеркәсіп бойынша жоспарларымен бөлісті. «Өнеркәсіп саласы бойынша былтырғы жылы 17 млрд 133 млн теңгенің өнімін алдық. Осының барлы... |
| Толығырақ... Оқылды: 407 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 04.04.2019 |
4 сәуір қандай күн? |
| Сенегал Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1960 жылғы сәуірдің 4-де Франция Сенегалға Франция қауымдастығы шеңберінде өкілділік берді. Осы жылғы тамыздың 20-да Сенегал Тәуелсіздігін жариялады. Сенегал Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында Мавританиямен, шығысында Малимен, оңтүстігінде Гвинея Республикасымен, Гвинея-Бисаумен шектеседі. Батысы Атлант мұхитымен шайылады. Әкімшілік жағынан 10 облысқа бөлінеді. Астанасы - Дакар қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі.Веб-бағдарламашылар күні. Испаниядағы баскілердің ұлттық мейрамы. Баскілер - Францияда, Аргентинада, Бразилияда, Мексикада тұратын халықтар, Үлкен еуропа нәсіліне жатады. Испан, француз, баск тілдерінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Бұл халықтардың арғы тектері - васкон, вардул, каристи тайпалары. Мина қауіпсіздігі және минаны залалсыздандыруға қатысты көмектің халықаралық күні. 2006 жылдан бастап Бірікк... |
| Толығырақ... Оқылды: 674 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.04.2019 |
Дүниежүзілік сауық кеші күні |
| Бұл күнді құру идеясы алғаш рет америкалық жазушы Ванна Бонтаның «Ұшу» романында айтылған. Роман 1995 жылы жарыққа шыққан, оның соңы 2000 жылдың 3 сәуіріне дейін уақыттың кері есептелуімен аяқталған. 1996 жылдың 3 сәуірінде алғашқы Дүниежүзілік сауық кеші күні аталып өтті. |
| Толығырақ... Оқылды: 516 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.04.2019 |
Штрих-код пайда болған күн |
| 1973 жылы дәл осы күні IBM компаниясы штрихтап кодтау әмбебап технологиясын ұсынды. Штрих-код - әртүрлі қашықтықтағы және әртүрлі жуандықтағы жолақтардан тұратын компьютерлік есептеу түрі. Жолақтар арасындағы комбинация белгілі бір сандарға сәйкес келеді. 0-ден 9-ға дейінгі сандар екі немесе үш нұсқамен (сет) беріледі. Алғаш рет штрих-код Wrigley's сағызына қойылған. |
| Толығырақ... Оқылды: 576 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.04.2019 |
Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй салынады |
| Алматы облысының Текелі қаласында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнайы 40 пәтерлі тұрғын үй салынбақ. Аталмыш тұрғын үй құрылысы осы жылдың маусым айында басталып, 6 айға созылады, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 40 отбасыға есептелген бұл жобаның сметалық құжаты өткен жылы дайындалған. Бүгін де мемлекеттік сараптамадан оң баға алып, керекті қаражат бөлінді. «Қазіргі таңда қалада көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға көп көңіл бөлінуде. Қалада 415 көпбалалы және 197 тұрмысы төмен отбасы тіркелген. Жақында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады », - дейді қала әкімі Бахтияр Өнербаев. Айта кету керек, дәл осындай 40 пәтерлі 2 тұрғын үйдің сметалық құжаттары дайын, енді мемлекеттік сараптамадан өтсе, келесі жылы тағы да 80 отбасы үйлі болады. Меруерт МАХМҰТЖАН |
| Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.04.2019 |
