Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІН (МКАБЖ) ЕНГІЗУ БАСТАЛДЫ |
Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру туралы тапсырмасы шеңберінде Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін (МКАБЖ) енгізу басталды. ✅Мемлекет басшысының көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте осы тапсырманы орындау мәселелері қаралды. Saqtandyrý ақпараттық жүйесіне интеграцияланған жаңа цифрлық құрал ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығын, сапасын бақылауды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді. ????Ағымдағы жылдың наурыз айында Бірыңғай төлем жүйесін пилоттық іске асыру Ақмола облысының медициналық ұйымдарында басталды. 1 шілдеден бастап жаңа жүйе еліміздің барлық медициналық ұйымдарында енгізілетін болады. ➡️Жаңа цифрлық жүйе мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: ????көрсетілген медициналық көмектің дұрыстығын дербестендірілген есепке алу және түпкілікті бақылау негізінд... |
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2025 |
Жетісу облысындағы газдандыру деңгейі 56,5% |
Жетісу облысында кешенді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Өңірлік схемаға сәйкес, 2030 жылға дейін 192 елді мекен газбен қамтылуы тиіс. Қазіргі таңда облыстағы 63 елді мекенге газ тартылып, 392 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. Оның ішінде 30 елді мекен өткен жылы газдандырылды. Нәтижесінде облыстағы газдандыру деңгейі 56,5%-ға жетті. Биылғы жылы тағы 63 елді мекенді газбен қамту жоспарланып отыр. Аймақ үшін маңызды жобалардың бірі – «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы. Бұл жоба Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етеді. |
Толығырақ... Оқылды: 103 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025 |
Текелідегі құтқару: тұрғынның қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекеті жас жігіттің өмірін сақтап қалды |
31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған. Кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғыны «Жетісу Резорт» кешенінің маңында танысы Тимурдың көлігін байқап қалады. Онымен амандаспақ болып ішке кіргенде, оны таба алмайды. Телефон соққанымен, жауап ала алмайды. Алаңдаған ер адам іздеу жұмыстарын бастап, жертөлеге түседі. Сол жерде Тимурдың телефонын, кілтін және киімдерін көріп, әрі қарай өтіп, оны бояу қалдықтары бар кеңістіктің ішінде ес-түссіз жатқан жерінен табады. Уақытты босқа өткізбей, ер адам көшеге жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан патрульдік полиция көлігін байқап, көмекке шақырады. Көмекке бірден капитан Азамат Қазыбаев пен Елдар Амангельдин, және аға лейтенант Жанатбек Ахметов келген. Полицейлер жедел әрекет етіп, зардап шеккен азаматты сыртқа шығарып,... |
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025 |
Жетісу облысында 328 мың қорап заңсыз темекі өнімдері анықталды |
Жетісу облысында салық органдары заңсыз темекі өнімдерінің айналымын анықтау бойынша тұрақты түрде тексерулер жүргізуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 591 мың қорап таңбалаусыз темекі тәркіленді. Ал 2025 жылдың басынан бері тағы 328 мың қорап заңсыз өнім анықталды. Бұл деректер мәселенің өзектілігін көрсетеді, алайда оны шешу мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде. Цифрлық таңбалау процесі өндіруші немесе импорттаушының әрбір қорапқа Data Matrix бірегей кодын енгізуін, тауарды жүйеге тіркеуді және 2D-сканерлер немесе Naqty Sauda қосымшасы арқылы сату кезінде бақылауды қамтиды. Бұл контрафактілік өнімдердің нарыққа шығуын болдырмауға және жеткізу тізбегінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Таңбалау ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар қарастырылған: - Жеке тұлғаларға – 50 АЕК, - Шағын бизнеске – 150 АЕК, - Орта бизнеске – 200 АЕК, - Ірі бизнеске – 500 АЕК, тауарды тәркілеу және лицензиядан айыру мүмкіндігімен. Егер таңбалауды өндіруш... |
Толығырақ... Оқылды: 91 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025 |
Биапа театры 50 жылдық мерейтойын атап өтпек |
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театы 50 жылдық мерейтойын тойламақ. Осы уақыт ішінде өнер ошағы Қазақстанның мәдени мұрасының маңызды бөлігіне айналып, ұлттық театрдың дамуына елеулі үлес қосты. Мерейтойлық уақыт оның тарихындағы маңызды кезеңді айқындап, шығармашылық ұжымның жетістіктері мен сахналық шеберлік дәстүрлерінің жалғасын көрсетеді. Осы атаулы күнге орай бірқатар маңызды шаралар жоспарланған: • III Халықаралық BIKEN FEST театр фестивалі; • Театр ардагерлерінің мерейтойлық апталығы; • Көрнекті өнер қайраткерлерін марапаттау; • Қызылордада өтетін I Халықаралық «Сырдың Сәбирасы» театр фестиваліне қатысу, бұл шара Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық драма театрының 90 жылдығына арналады. Мерейтойлық жылдың басты оқиғаларының бірі – театрдың Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне академиялық мәртебе беру туралы өтініш жасауы. Бұл қадам театрдың жоғары деңгейін рас... |
Толығырақ... Оқылды: 96 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025 |
Жетісуда қант қызылшасының егіс көлемі 1,5 мың гектарға қысқарады |
Биыл Жетісу облысында қант қызылшасының егіс алаңы 12,2 мың гектарды алып отыр. Екі қант зауытының өндірістік қуаттылығына байланысты егіс көлемі 1,5 мың гектарға қысқартылмақ. Осы көлемде егілген дақылдан шамамен 550 мың тонна тәтті түбір жинау жоспарлануда. Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиковтің айтуынша, алдағы екі жыл ішінде Текелі қаласында жаңа қант зауытын салу жоспарланған. Бұл тәтті түбірдің егіс көлемін ұлғайтып, аймақтағы қант өндірісін арттыруға мүмкіндік бермек. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері егістік алқаптардың өнімділігін арттыру және топырақтағы ылғалды сақтау мақсатында агротехникалық шараларды жүзеге асыруда. Көктемгі егіс жұмыстарының үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету үшін фермерлерді ресурстық қамтамасыз ету бойынша шаралар көзделген. Атап айтқанда, 5,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, ал қажетті минералды тыңайтқыштардың көлемі 58,8 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ,... |
Толығырақ... Оқылды: 74 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025 |
Хабарлама |
2025жылдыңсәуірайының09-шы жұлдызында сағат 12.00-де Аудан әкімшілігінің мәжіліс залындаЖШС «Жеті-Нар» Кредиттік серіктестігі»-нің жалпы жиналысы болатынын хабарлайды. Күн тәртібінде: 1.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің 2024жылы жасалған жұмысыныңтәуелсіз аудиттік тексерісі бойынша КС қаржы шаруашылық қызметінің қортындысын бекіту. Баяндамашы: Демеубаева Н. А. және ревизор Абибеков Б. 2.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің құрамында болған өзгерістермен таныстыру, 3.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің ішкі нормативтік құжаттарын бекіту, 4.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің ревизорын қайта сайлау, 5.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің басқарма мүшелері мәжілісініңқайта сайлау, 6.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің штаттық лауазымдарды бекіту, 7.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің қызметкерлердің жалақысын бекіту, 8.ЖШС «Жеті-Нар»КС-нің2025жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту. Күн тәртібіне және жиналыс өткізу мәселеріне қатысты сұрақтармен,... |
Толығырақ... Оқылды: 74 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025 |
⚡️Қарызсыз қоғам: Қаржылық сауаттылық пен тәуелсіздікке бағыт |
????Жетісу облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы бүгінде қарқынды түрде жүзеге асырылып, аймақтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен септігін тигізуде. ????Жоба азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесуге бағытталған. Былтыр 7 мыңнан астам Жетісулық оқудан өтті. Олардың қатарында зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, курсанттар және басқа да әлеуметтік топ өкілдері бар. ????Қазіргі таңда Панфилов және Ескелді аудандарының шалғай ауылдарында 90 күннен астам қарызы бар тұрғындар қамтылып, оларға қаржылық сауаттылық бойынша бағыт-бағдар берілуде. Сонымен қатар, кезең-кезіңімен барлық аудандар және шалғай ауылдар қамтылатын болады. ✅Қатысушылар үшін қаржылық аспектілерді жақсы түсінуге көмектесетін семинарлар, тренингтер және жеке кеңестер өткізіледі. Биыл тағы 10 мың Жетісулыты оқыту жоспарланып отыр. Тікелей семинарлардан басқа, qogamfin.kz онлайн платформасында кең... |
Толығырақ... Оқылды: 88 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.03.2025 |
ЖЕТІСУДА МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚҰРУ КЕЗІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді. Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Сағабүйен балалар саз мектебі» МКҚ монополияға қарсы органның келісімінсіз құрылғаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады. Анықталған бұзушылыққа байланысты Департамент жіберілген сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқама шығарды. Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды. |
Толығырақ... Оқылды: 125 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.03.2025 |
2025 жылы Жетісу облысында 6 сауда нысанын жаңарту жоспарлануда |
2025 жылы Жетісу облысында сауда нарықтарын жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында алты сауда нысанын жаңарту жоспарланған. Жұмыстар Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі бекіткен Жол картасына сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта құрылыс және жобалау жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстардың аясында жұмыс жобалары әзірленіп, эскиздер жасалып, жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Жаңғырту процесін бақылау мақсатында Сауда министрлігі 2025 жылғы наурызда барлық өңірдегі нарықтарды аралау кестесін бекітті. Заңнамаға сәйкес, еліміздегі барлық сауда нарықтары жаңғырту жұмыстарын 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқтауы тиіс. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл талаптарды орындамаған нарық иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бір жыл ішінде қайталанған заң бұзушылық үшін 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған, бұл қазіргі кезде 98 300 теңгеге тең. |
Толығырақ... Оқылды: 178 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.03.2025 |