Жаңалықтар
Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді. |
Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Күн мен түн теңеліп, Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда нөмірі 419 сайлау учаскесіне келушілерге бір топ азаматтар ән мен жырдан шашу шашты. Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді. Олардың қатарында 35 жастағы Байзақов Ұлан бар. Ол соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша түйені асырау оңай іс емес, ал осындай қос өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет дейді. Аптаның демалыс күндері орталық саябақтарға шығарып, балаларға қуаныш сыйлау ол үшін үлкен бақыт. Ал қызмет көрсетіп тапқан қаражатын түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсайды. #ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау |
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова таңғы 7:00 де өз таңдауын жасады. |
Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова таңғы 7:00 де өз таңдауын жасады. 12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада ең бірінші болып дауыс береді. “Мен референдумда президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергем. Бүгін міне тағы да келдім. Бұл менің парызым. Әркім осылай таңдау жасау керек. Елдің ертеңі жастар. Жасым 101-ге келді. Сондықтанжасымды берсін” деп кейуана батасын берді. Сайлау учаскесі ең бірінші болып дауыс берген әжеге құрмет көрсетіп, сыйлық жасады. |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Өз таңдауыңды жаса! Сделай свой выбор! |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2023 |
Сайлаушылар тізімдеріне енгізу |
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2023 |
Сайлаушылар тізімдеріндегі өзіңіз туралы деректерді қалай тексеруге болады? |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.03.2023 |
Сайлау науқанының кезеңдері |
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.03.2023 |
Тәртіп бар жерде бірлік бар |
Көптен бері ойымда жүрген бір мәселенің ҚР Президентінің аузымен айтылуы мені қуантты. Ол бізге ең алдымен заң үстемдігі қажет деді, иә, заң сақталса, азаматтық жауапкершілік жоғары болса, қоғамдық тәртіп болады. Тәртіп бар жерде бірлік бар, бірлік бар жерде тірлік бар, тірлік бар жерде ел дамиды. |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2023 |
Исламды дәріптеу аса маңызды |
Бүгінгі Мемлекет басшысы өткізген кеңесте менің түйген ойым халқымыздың дүние таңымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми теориялық негізін дамыту қажет деген ой-тұжырымының астында үлкен мағына жатыр. |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2023 |
Заңды талап деп түсінемін! |
Бүгін 13 наурыз кні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әкімдермен және мемлекеттік органдардық басшыларымен өткізілген кеңес әлеуметтік желілерде және БАҚ-да жарияланды. Кеңес отырысында көтерілген мәселелер қоғамның назарын аударды және уақыт талабына сай мәселе деп қабылдадық. Атап айтсам, маған ерекше ұнағаны Мемлекет басшысының соңғы кезде бір аймаққа ған белігілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналды. Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеу керек деп атап өтті. Мемлекет басшысының осы ұстанымы өте орынды, заңды талап деп түсінемін. |
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.03.2023 |
«Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы» |
«Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы» Қазақстан – демократиялық мемлекет. Ал, мемлекет болса, тәуелсіз биіктің саяси ұйымы, қоғамды ортақ мүддеге біріктіре отырып, біртұтас етуші институт. Біз тәуелсіз, реформалары орныққан дамушы елміз, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында айтып өткендей «Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» атты басты формуланы ұстанатын боламыз. Саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайды бірқалыпты ұстау оңайға түспейді, оны айтпасада белгілі. Ел болашағы - мықты басшы, тату халық, білімді ұрпақ, жалынды жас, орныққан реформа арқылы көрінеді. Дамыған, дамушы елдер қатарында болу үшін, мемлекет әлеуметтік-саяси жүйесін бірқалыпта ұстап отыруы қажет. Ел ішінде жүргізілетін жаңа бағыт, мемлекетке қаншама өзгешілік алып келеді. Қазақстан Тәуелсіздігіне 31 жыл, осы жылдар аралығында халыққа Президент Жолдауында ел ертеңі үшін қаншама жаңа реформалар қабылданды. Жаңа реформа «Әділетті мемлек... |
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.03.2023 |